7
6
айтылуы мүмкін. 4 жастағы бала өз тілінде жай және күрделі
сөйлемдерді қолданады, ал 5 жасында қосымша сұрақтарсыз
тыңдаған әңгіменің мазмұнын өз бетімен айтып бере алады.
Мектеп жасындағы кезеңде
бала сөйлеу тілін саналы
түрде игереді. Сөйлеу тілінің бір түрі – жазбаша сөйлеу тілін
меңгере бастайды. Бұл кезде дыбыстарды анық айту, оларды
ажырата білгенін қадағалау ата-ана үшін үлкен жауапкершілік.
Себебі дыбысты дұрыс айта алмаған бала, жазу кезінде дәл
сол қатесімен жазып қоюы мүмкін. Мысалы: «ж» дыбысын
«з» дыбысына алмастыру кезінде: «жаңбыр»- «заңбыр», ал
дыбысты дұрыс қабылдай алмағанда «батпақ»- «патпақ» т.с.с.
қателер жіберуі мүмкін.
«СӨЙЛЕСЕ БІЛУ ДЕ ӨНЕР»
Нәрестемізді көргенде, оны құшақтап иіскегенде, сөйлескенде
тіліміздің бұратылып, онымен бала тілінде сөйлеуге еніп кетеміз.
Ересек адаммен сөйлескендей сөйлесу әрине қиын. Осыдан
кейін балаға «няня»-лық сөйлеу мәнерін өзіміз үйретеміз:
«бах», « ням-ням», «пи-пи» .
Мұндай
сөйлеу балаға зиян емес, тіпті керек. Бірақ әр
нәрсенің өз уақыты болады. Баламен 2 жастан аса дұрыс
сөйлесуге көшкен абзал.
Ақпарат алмасу – сөйлеу қабілетінің негізгі функциясы. Бала
өздігінен, ересектің ықпалынсыз сөйлеуді үйрене алмайды.
Егер баланың ата-анасы біршама ойын түрлерін үйреніп, оны
күнделікті баласымен ойнаса, тіл қатып сөйлессе, кішкентайдың
тілдік жетілуі еш қиындықсыз дами алады (әрине, егер ішкі
факторларда ақау болмаса). Баланың барлық психикалық
процестерінің дамуы, яғни қабылдауы, есте сақтауы, қабілеті,
қиялы – сөйлеу арқылы өрбиді. Сәбиіміздің әлемді тануы, оны
қабылдауы,
мінез-құлқының қалыптасып, оны басқара білуі
– дәл осы сөйлеу қабілетінің уақытымен жетілуінде жатыр.
1 жасқа дейін балада ойлау қабілеті мен сөйлеуі екеуі екі
бөлек дамиды, бірақ 2 жасқа қарай екі қабілеттің бір-бірінсіз
дамуы қиынға соғады. Балада тілдік дамуы әлі жетілмеген
кезде, қоршаған ортасын сезім мүшелері (көру, есту, дәм
сезу, сипап сезу) арқылы таниды. Тек сөйлеу арқылы ғана
оқиғаны көз алдына елестетіп, әлемді тануы толыққанды
жүзеге асады.
Баланың мінез-құлқын басқара алуы ата-анасының
нұсқаулығын орындағанда дами бастайды. Яғни, бүгін
ересектің айтқан тапсырмасын (мысалы: ойыншықты жолдан
алып қой) орындаса, ертең өз қажеттіліктерін ішкі сөйлеуі
арқылы саналы орындай алады.
Дәл алғашқы үш жылда
баланың барлық психикалық
процестері қарқынды дамиды. Сол себепті баланың дамуына
ертерек ден қойса, үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Әдемі сөйлеу, сөздік қорының мол болуы, ойын тиянақты
жеткізе алуы – бұл туа біткен қабілет емес, ол ата-ананың,
9
8
жақын туыстарының бала дамуындағы үлесі. Егер нәрестемен
ерінбей сөйлессе, кітап оқып берсе, эмоциясын қолпаштап
отырса, заттардың қызметтерімен таныстырып отырса,
баланың интеллект деңгейіне қарамастан, ол 3
жасқа дейін
жетік сөйлей алады.
Баланың сөйлеу қабілетіндегі ауытқуларды уақытында
анықтау үшін, олардың сөйлеу дағдыларының қалыпты даму
заңдылықтарын білу қажет. Балалар алғашқы сөздерін өмірінің
1-ші жылының соңында айта бастайды, алайда сөйлеу аппараты
балаларда бұдан ертерек, өмірінің алғашқы айларынан бастап
жаттыға береді, сондықтан бір жасқа дейінгі мерзім сөйлеу
қабілетінің даму жолында дайындық кезеңі болып табылады.
Сөйлеуге дейінгі реакциялардың біртіндеп дамуы:1,5-3 айда
уілдеу, гуілдеу; 4-6 айда «сыбызғы» (әртүрлі дыбыстар тізбегі);
6-7 айда былдырлау; 8-11 айда былдыр сөздерді айту пайда
болады.
Өмірінің алғашқы жылында баланың сөйлеу аппараты
дыбыстар шығаруға дайындалады. Аталған сөйлеу реакциялары
балалар үшін ерекше ойын ретінде қабылданады, сәби ұзақ
минут ішінде бір
дыбысты қайта-қайта қайталап, содан ләззат
алады, осылайша ол сөйлеу дыбыстарының артикуляциясына
жаттығады. Жаттығу кезінде сөздің мағынасын ұғыну қабілеті
де бірге қалыптаса бастайды.
1,5-2 жасқа дейін сөйлеу қабілеті дамуының маңызды
көрсеткіші–сөз айта алу ғана емес, сол сөздің мағынасын
түсіну болып табылады. Бала ересек адамдарды мұқият және
қызыға тыңдай алуы, өзіне айтылған сөзді түсінуі керек,
көптеген заттардың атауларын біліп, қарапайым тұрмыстық
жұмсау мен сұрауларды орындай алуы тиіс. Өмірінің екінші
жылында бала сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, сөйлесе
алады, қысқа сөйлем құрауға ынталанады. 1,5-2 жаста екі
сөзден
тұратын сөйлемдерді айта алса, 2-2,5 жаста үш сөзден
тұратын сөйлемдер пайда болады. Бала 3-4 жасында 4 немесе
одан да көп сөзден тұратын сөйлемдер айта алады.
1 жастан 3 жасқа дейін қалыпты дамуда баланың сөздік
қоры 800-1000 сөзден тұрады. Берілген кестеде әр жасқа сай
сөздік даму нормативтері көрсетілген. Бұл көрсеткіштер
шамалап көрсетілген, әр баланың дамуы әртүрлі.
Достарыңызбен бөлісу: