Семья indd



Pdf көрінісі
бет8/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

Еліктеуді дамыту. Нәресте өз ортасын ересекке еліктеу арқылы 
таниды. Әр заттың қызметімен танысады – қасықпен тамақ жеуді, 
қалақпен құм қазуды, қарындашпен сурет салуды. Ал біз балаға 
қуыршақты ұйықтатуды, кубиктерден қамал салуды, машинаны 
жіппен сүйреуді үйретеміз. Демек, бала көрген әрекеттерін 
қайталайды. Сөйлеуді де дәл осылай үйренеді.
Баланы қарым-қатынас жасауда ым-ишараны қолданудан 
сөз бен буындарды қолдануға көшуге ынталандыру.1 жас 2 
айдан аса былдыр сөздерді белсенді қолданып, оларды айтуына 
ынталандыру қажет. Жиі еститін дыбыстар, буындар мен сөздерге 
еліктеуді жетілдіру, таңдану, қуаныш, наразылық, өкіну сынды 
эмоциялармен таныстыру (ням-ням, ав-ав, мяу, су, уф (ыстық) 
т.с.с). Сөздік қорын туыс адамдардың аттарын (ата, әже, әке, 
ана, аға т.б.), таныс заттар мен ойыншықтарды (орындық, қасық, 
гүл, аю, қуыршақ т.б), кейбір тағам түрлерін (сүт, нан, ботқа), 
қимылдарды (кел, ал, ібер т.б) білдіретін сөздермен толықтыру.
Бір жарым жастан аса таныс заттарды (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ) 
түсіне, өлшеміне, пішініне қарамастан тауып, атай білуіне үйрету. 
«Мынау не?», «Ол қайтеді?» сұрақтарына, ересектердің сөздерін 
тыңдауға, жеңіл тапсырмаларды орындай білуіне, рұқсат сөздерін 
түсініп, дұрыс әрекет жасауды сізге еліктеу арқылы тәрбиелеу.
2 жасқа қарай екі сөзден құралған сөйлемдерді айта білуіне 
ынталандыру. Ересектердің сөйлеген сөздеріне еліктеп жеке сөздер 
мен тіркестерді жаңғырта білу, ән, тақпақтарды тыңдай отырып, 
жекелеген сөздерді дауыстап және әндетіп айтуға қызықтыру 
керек. Заттар мен іс-әрекеттерді білдіретін жаңа сөздерді енгізу, 
былдыр сөздер мен дыбыстарға еліктеуді біртіндеп тілдік формамен 
алмастыру, пассив сөздік қордағы сөздерді қолдануға үйрету. 
Қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және тілектерін 
білдіруге қажетті сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, ары тұр), 


21
20
кейбір еңбек әрекеттерін (жинау, жуу, сүрту) дұрыс жеткізе 
білуді қалыптастыру. Яғни заттар мен әрекеттерді жеке сөздермен 
және екі сөзден тұратын сөйлемдермен айтуға ынталандыру 
керек. Диалогты тілді дамытуға әсер ететін қарым-қатынас 
жағдаяттарын құру, баланы түрлі себептермен ересектерге және 
балаларға өтінішін білдіруге ынталандыру, сұрақтар қоя білу, 
өз тілектерін, өтініштерін білдіре алуын қалыптастыру кезеңі 
басталады. Баланың ана тілінде сөйлемді дұрыс құрастыруын 
үйретіп, оны түзеп отыру, дыбыстарды дұрыс айтуға мүмкіндік 
туғызу. Дауысты а, у, и, о және дауыссыз м, б, п, т, д, н дыбыстарын 
анық айта білуге үйретуді жалғастыру.
2 жастан аса бала еліктеу негізінде:

Заттар мен жануарлардың аттарын, олардың қимылдарын;

Заттардың белгілерін, күйін, орналасқан орнын;

Жақын адамдарының туыстық атауларын;

Ересектерді мұқият тыңдау, өзін бөлек ортада дұрыс ұстау 
нұсқаулықтарын орындауын;

Сюжетті суреттер бойынша үлкендердің шағын әңгімелерін 
түсінуді;

Ересектердің сөздеріне еліктеп, кейбір еңбек әрекеттерін 
дұрыс атап, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты ретке 
келтіріп және тілектерін білдіруге байланысты сөздерді қолдануды;

Сын есімдерді (үлкен, кіші, жақсы, жаман, дәмді) өз бетінше 
қолдана білуді;

Өтінішін сөзбен немесе сөз тіркестерімен білдіруді, тап-
сырманы мұқият тыңдап, басқа адамға жеткізуді білуі тиіс.
3–4 жастағы балалардың дамуында да еліктеудің маңызы зор. 
Олар үшін:

Сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтуға әзірлігін дамыту;

Сөздік қорын әңгімелесу арқылы, танымын кеңейту арқылы 
толықтыру;
- Ана тілінің грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын 
қалыптастыру; 

Өз ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе білу дағдыларын 
қалыптастыру;

Баланың қызығушылығын халық ауыз әдебиетіне қарай 
баулу;

Қарым- қатынас мәдениетінің қарапайым дағдыларын 
дамыту;

Байланыстырып сөйлеуге, яғни ойды тыңдап, оны түсіну, 
әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзін 
қызықтырған сұрақтарды сұрауға үйрету қажет;

Ересектің көмегімен сурет бойынша екі-үш сөзден тұратын 
қысқаша әңгіме құрау;

Барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтуды 
үйрете аласыз.
Еліктеу арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, 
өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады. Бала – сіздің 
айнаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет