Семья indd


«Фонетико-фонематикалы бзылыстар»–



Pdf көрінісі
бет6/52
Дата05.12.2022
өлшемі1.23 Mb.
#466528
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
балам сөйлесін десеңіз

«Фонетико-фонематикалы бзылыстар»–
Фонетико- фонематические нарушения – ФФН»
Сөйлеудегі дыбыс айту процесінің бұзылуы, яғни дыбысты айту 
мен оны қабылдаудағы қиындықтар. Жалпы сөйлеу тілі тежелуі 
бар балаларда үнемі дыбыс айтудың бұзылысы, фонематикалық 
естудің дамымауы, сөздік қоры мен грамматикалық қатардың 
қалыптасуының артта қалуы айқын көрінеді. Нәресте өзін 
қоршаған ортасынан алғаш сөздер мен дыбыстарды естіп, 
олардың қайталануы нәтижесінде есіне сақтайды, біртіндеп 
оларды қайталап айтуды үйренеді. Мұның барлығы сөйлеуге 
дейінгі дайындық болып табылады. Егер баланың ерте жасынан- 
ақ оған қоршаған ортасындағы заттарды жиі, әрі дұрыс айтса, 
оның дыбыстарды естіп, санасына сіңіруі жылдам жүзеге асады. 
Дыбыстарды дұрыс айтпауы салдарынан сөзі ұғынықсыз 
болып, басқалардың түсінуін талап еткен бала не ашушаң, 
не бойында комплекстер пайда бола бастайды. Мұның себебі 
органикалық жағдайда (жақ орналасуының өзгеруі, тіл асты 
жүгенінің (уздечка ) қысқа болуы, тілдің жалпақ, қалыңдығы 
т.б), функционалдық жағдайда (отбасындағы ахуал (шектен тыс 
өбектеу), дұрыс сөйлемейтін қатарластарына еліктеу, «табиғи» 
сөйлесу ортасының шектелуі).
Қате айтылатын дыбыстар:

Сигматизм – с,з,ц, және ш,ж,ч,щ

Ротоцизм – р дыбысы


15
14

Ламбдацизм – л дыбысы

Қазақша дыбыстар- ң,қ,ұ 
Жалпы дыбыстарды дұрыс айтпау 5 жасқа дейін байқалады. 
Сондықтан мұндай дыбыстарды 4-5 жасқа толғанда ғана түзеткен 
абзал.
Дизартрия
Бұл ауыз қуысының органикалық бұзылыстары кезінде болады
яғни оған дыбыстардың бұрмалануы, сөйлеу жылдамдығының 
өзгеруі, тыныс алуының бұзылуы тән. Дизартриясы бар балалар 
клиникалық- психологиялық сипаттамасы бойынша 4 түрлі 
деңгейде сипатталады:

І деңгей – жеңіл түрі, сөйлеу тілінің бұзылысы тек арнайы 
тексеру барысында ғана анықталады;

ІІ деңгей – сөздері түсінікті, бірақ дыбыс айту бұзылыстары 
айқын байқалады;

ІІІ деңгей – баланың сөзі тек жақындарына ғана ұғынықты, 
басқалары түсіне бермейді; 

ІV деңгей – сөйлеу тілі мүлдем жоқ, тіпті жақындары 
да түсіне бермейді (анартрия)
Сөйлеумен қатар, жазуға да кері әсерін тигізіп, адам сөзін 
түсінуді қиындатады. Егер баладан: 

Дыбыстың дыбысталуын айта алмауын;

Дауыстың ырғағының бұзылуын;

Сөйлеу ритмінің жоқтығын;

Интонацияны коя алмауын байқасаңыз маманға міндетті 
түрде жүгіну керек. Дизартрияны түзету логопедтің үлкен 
біліктілігін қажет етеді. Түзету жұмыстарына логопедиялық 
массажды қосқан жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет