Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен магистранттың өзіндік жұмысы (ожмөЖ) 45 сағат МӨЖ 45 сағат


Ч. Дарвиннің колдан және табиғи сұрыптау туралы ілімдері



бет5/8
Дата22.02.2016
өлшемі0.69 Mb.
#452
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

Ч. Дарвиннің колдан және табиғи сұрыптау туралы ілімдері

1. Ч. Дарвиннің колдан және табиғи сұрыптау туралы ілімдері

2. Әдістемелік және санасыз сұрыптау

3. Тіршілік үшін күрес формалары.


1.Дарвин адам үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің соншама алуан түрлілігін ата тегі жабайы түрлердің біреуін немесе бірнешеуін әр бағытта, өз қалауынша өзгерте отырып, жасады деп түсіндірді. Мысалы, асыранды тауықтың барлық қолтұқымдары қазіргі кезде Үндістанда, Шри Ланка және Зоңд аралдарында мекендейтін жабайы банкив тауығынан шыққан . Адам түрлі бағытта сұрыптау жұмыстарын жүргізе отырып, үй хайуанаттарының жұмыртқа салғыш, етті, әсемдік, т. б. қолтұқымдарын шығарады. Сол сияқты көгершіндердің барлық түрі Жерорта теңізі жағалауындағы тік жартастарда және Англияның солтүстігі мен Норвегияда таралған жабайы көк кептерден шыққан,| асыранды шошқалар жабайы шошқалардан, ал ірі қара қолтұқымдары XVII ғасырда жойылып біткен жабайы күдірден шыққан деп есептеледі. Ассирияда, біздің заманымыздан 1000 жыл бұрын, күдір үи хайуанаттары қатарында болған. Табиғаттағы күдір XVII ғ. дейін өмір сүріп келді, бұлардың ең соңғысы 1627 жылы Польшада жойылған.

Бақша орамжапырағы іріктемелері Еуропаның Табиғи сұрыпталудын, алғы шарттары. Ч. Дарвин табиғи сұрыпталу принципін сипаттауда оның негізгі екі алғы шартын атап керсеткен. Олар: біріншіден, барлық тірі ағзаларға тән қасиет — даралардың тұқым қуалайтын гетерогендігі, екіншіден, көбею қарқындылығының жоғары болуы.

Барлық прпуляцияларда даралар бір-бірімен тұқым қуалау ерекшеліктерімен ажыратылатыны белгілі. Ол ерекшеліктер мутациялық өзгерістердің пайда болуымен және генотипте гендердің «жаңа үйлесімдер түзілуімен түсіндіріледі. Осы себептерге байланысты, прруляция дараларында тұқым қуалайтын гетерогендік қасиет қалыптасады. Бұл қасиет табиғи сұрыпталудың ең алғашқы аса маңызды алғы шарттары бслып табылады. Табиғи сұрыпталудын, алғы шарттары. Ч. Дарвин табиғи сұрыпталу принципін сипаттауда оның негізгі екі алғы шартын атап керсеткен. Олар: біріншіден, барлық тірі ағзаларға тән қасиет — даралардың тұқым қуалайтын гетерогендігі, екіншіден, көбею қарқындылығының жоғары болуы.

Барлық прпуляцияларда даралар бір-бірімен тұқым қуалау ерекшеліктерімен ажыратылатыны белгілі. Ол ерекшеліктер мутациялық өзгерістердің пайда болуымен және генотипте гендердің «жаңа үйлесімдер түзілуімен түсіндіріледі. Осы себептерге байланысты, прруляция дараларында тұқым қуалайтын гетерогендік қасиет қалыптасады. Бұл қасиет табиғи сұрыпталудың ең алғашқы аса маңызды алғы шарттары бслып табылады.



Табиғи сұрыпталудын, алғы шарттары. Ч. Дарвин табиғи сұрыпталу принципін сипаттауда оның негізгі екі алғы шартын атап керсеткен. Олар: біріншіден, барлық тірі ағзаларға тән қасиет — даралардың тұқым қуалайтын гетерогендігі, екіншіден, көбею қарқындылығының жоғары болуы.

Барлық прпуляцияларда даралар бір-бірімен тұқым қуалау ерекшеліктерімен ажыратылатыны белгілі. Ол ерекшеліктер мутациялық өзгерістердің пайда болуымен және генотипте гендердің «жаңа үйлесімдер түзілуімен түсіндіріледі. Осы себептерге байланысты, прруляция дараларында тұқым қуалайтын гетерогендік қасиет қалыптасады. Бұл қасиет табиғи сұрыпталудың ең алғашқы аса маңызды алғы шарттары бслып табылады.

Табиғи сұрыпталудың келесі алғы шарты ағзалардың көбею қарқындылығының өте жоғары болуы, соған байланысты түр ішіндегі даралар санының шамадан тыс артуы. Жоғарыда айтылғандай кез келген ағза жұбы өте көп ұрпақ қалдыруға қабілетті келеді. Мысалы, бір аналық майшабақ жыл сайын 40 мыңға жуық уылдырық шашса, бекіре балығы — 2 млн, жасыл бақа — 10 мыңға жуық уылдырық шашады. Торғайдың бір жұбы-ның үрпағы 10 жылдың ішінде 2000 млрд-қа жетіп, балдырлардың кейбір түрлері 24,5 тәулік ішінде жер бетін 16 км қалыңдықпен жабатын ұрпақ бере алады. Бірақ, табиғатта дәл осылай кебею байқалмайды. Демек, ағзалардың шамадан тыс көбейіп кетуін реттеп отыратын белгілі бір табиғи күш бар деген сөз. Дарвин ол күшті тіршілік ушін күрес деп атады.

2. Әдістемелік және санасыз сұрыптау

Қолдан сұрыптаудың екі формасы бар: 1. Санасыз сұрыптау — адамзат тарихында мыңдаған жылдардан бері жүргізіліп келеді. Мұнда адам алдына тұқым немесе іріктеме шығарамын деген мақсат қоймай, еш жоспарсыз тек жануарлардың етті немесе сүтті, өсімдіктердің жақсы өсіп, мол түсім беретін дараларын сақтап қалады. Тіпті ертедегі жабайы адамдар да аштық кезінде тұқымдыққа ең пайдалы жануарлар мен өсімдіктерді қалдырып, құны төмендерін

бірден пайдаланып отырған. Міне, осылай, күні бүгінге дейін жануарлар мен өсімдіктердің аса бағалы, жоғары өнімділері сақталып келді.



2. Әдістемелік сұрыптау, оның ерекшелігі сұрыптаушы алдына белгілі бір пайдалы белгілері мен қасиеттері бар тұқым және іріктеме шығаруды мақсат етіп қойып, сұрыптауға тиімді әдістерді қолдана отырып, көздеген нәтижеге жетеді. Қолдан сұрыптау арқылы көптеген бағалы формалар алыңды. Мысалы, полинезияның бір ғана аралында нан ағашының 24 түрі және сонша банан түрлері егіледі. Қытайда бамбуктың 63 іріктемесі егіледі. Жер жүзінде жүзімнің 1000-ға жуық іріктемесі, 400-ге жуық ірі қара тұқымы, 250-ге жуық қойдың, 350-ден артық иттің, 150-дей кеп-тердің, т. б. тұқымдары бар.

Асыранды қойдың ата тегінің бірі — Корсика аралында мекендейтін еуропалық муфлон, одан солтүстіктің келте құйрық қойлары шыққан, мұның түр тармақтарынан аргал және копетдаг биязы жүнді қойлары шығарылды. Кейбір авторлардың пікірі бойынша орта Азиялық түраргалдар құйрықты қойлардың ата тегі болып есептеледі. Қазір бір ғана қойдың тұқымынан әдістемелік сұрыпталудың барысында мақсатқа сәйкестендіріле отырып, алынған алуан түрлі тұқымдарының бар екенін іс жүзінде көрсетіп отыр.

Біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын жылқы өсіру басталған. Орта Азияда жылқыны соғыс жорықтарында, күйме арбаларға жегіп пайдалану кеңінен қолданылған болатын. Жылқының жа-байы ата тегі Еуропа мен Азияның Солтүстік далалық өңірлеріңде кең таралған. Осы жылқылардың тұқымын қолға үйретіп, әдістемелік сұрыптаудың барысында жүк жылқылары, пони қолтұқымдары алынды.

Осы келтірілген деректерге сай қолдан сұрыптауды жануарлар мен өсімдіктердің адамға пайдалы жаңа түрлерін жасайтын шығармашылық әрекет деп қарау керек. Себебі ата тегі ортақ жабайы ағзалардан шыққан тұқымдар мен іріктемелер және штаммдар адамның әрекеті нәтижесінде шаруашылық мақсатқа немесе басқа да талаптарға сәйкес түрліше бағытта дамиды. Олар алуан түрлі жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болып, бірте-бірте ата тегіне және өзара ұқсамайтын жаңа формаларға айналады. Олай болса, адам баласының көздеген мақсатына, талабына сай жануарлардың жаңа тұқымдарын, өсімдіктердің жаңа іріктемелерін және ұсақ ағзалардың жаңа штаммдарьн шығаруда қолдан сұрыптау негізгі қозғаушы күш болып табылады.Дарвиннің қолдан сұрыптау жөніндегі ілімі сұрыптауға теориялық негіз бола отырып, табиғаттағы сұрыпталу әрекетінің нәтижесінде жүріп жатқан форма немесе түр түзілудің себептерін түсінуге мүмкіндік берді.

3. Тіршілік үшін күрес.

Тіршілік үшін күрес даралардың айналада орта жағдайларымен, яғни оның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым-қатынасы болып табылады. Дарвин тіршілік үшін күрестің үш формасын атап көрсеткен, олар: түр ішілік, түраралық және бейорганикалық табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күрес.



Тіршілік үшін түр ішілік күрес бір популяциядағы даралар арасында жүреді. Оларга біркелкі қорек заттары, жалпы мекен ету ортасы және басқа да тіршілік жағдайлары (су, жарық, қорек, жылу) қажет болғандықтан, популяция даралары бір-бірімен жарысып қана қоймай, шиеленісе күреске түседі. Мысалы, әр түрлі жастағы қарағай арасыңцағы жарық үшін күрес; бір түрге жататын құстар арасындағы ұя салатын жер үшін бәсеке: жыртқыштардың бір-бірімен жемтігі үшін қақтығысы, т. б.

Популяциядағы даралар санының шамадан тыс артып кетуі қорек үшін күресті одан әрі шиеленістіре түседі. Мүндай жағдайда кейбір балықтар өздерінің итшабақтарымен қоректенсе, шағалалар өз балапандарын жеп қояды, ал сарышымшық балапандарын ұясына таптап тастайды. Табиғатта көбінесе дараларды шығынға ұшыратып, популяция сан мөлшерін кемітетін індет болып тұрады. Көптеген жануарлар тіршілігінде өз популяциясындағы даралар арасынца қақтығысты болдырмауға жәрдемдесетін бірқатар бейімділіктер де болады. Мысалы, аю, құндыз, қасқыр өздерінің азықтық үлескілерінің шекарасьн белгілеп қояды, ал басқа жануарлар бөтен үлескінің шекарасьш бұзбауға тырысады.



Тіршілік үшін түраралық күрес әр түрге жататын даралар арасында байқалады. Егер бір туысқа жататын түрлер ұқсас экологиялық жағдайда тіршілік ететін болса, онда түраралық күрес аса шиеленіскен күйде жүреді. Мысалы, егістіктерде арамшөптер қаптап шығып, ылғал мен қоректік заттарды мол пайдаланғандықтан мәдени өсімдіктердің өсуі баяулайды. Сондай-ақ бір түрдің даралары екінші түр дараларын біржақты пайдаланып, тіпті жойып жібереді. Мысалы, жыртқыштар мен шөпқоректі жануарлар, балықтар мен планктон арасыңдағы тіршілік үшін күрес.

Бір түрдің дараларының өздеріне зиянын да, пайдасын да тигізбей екінші түр даралары тіршілігіне жағдай туғызады. Мысалы, қой мен ірі қара түрлі өсімдік тұқымдары мен жемістерін жүніне жабыстырып жан-жаққа таратады.



Тіршілік үшін бейорганикалық табиғаттың қолайсыз жағдайларымен күрес, әсіресе ылғалы мол немесе ауа райы құрғақ аудандарда, сол сияқты жазы ыстық немесе қысы аса суық жерлерде айқын керінеді. Эволюция барысында түрлі қолайсыз жағдайларда тіршілік етіп, өз ұрпақтарын қалдыруға мүмкіндік беретін алуан түрлі бейімділік белгілер қалыптасады. Мысалы, аңызақ желді арал өсімдіктері жер бетіне төселіп өседі, ал бунақденелілер күшті жетілген қанатты немесе қанатсыз болып келеді. Шөлді жерлердегі өсімдіктердің тамыр жүйесі 10—15 м тереңдікке жететін ұзын, жапырақтары күшті тілімделіп немесе тікенекке айналады, ал жануарлары суды аз жұмсауға бейім келеді. Түйе өркешіндегі қорға жиналған майдың ьдырауы нәтижесінде бөлінетін суды пайдаланады.
№17,18 Дәріс

1. Түр. Түрге сипаттама



2.Түр белгілері немесе критерийлері.

3. Популяция



1.Түр тұжырымының тарихы. Аристотель өз заманында "түр" деген терминді ұқсас жануарларды сипаттау үшін пайдаланған. Д. Рей (1686) мен К. Линнейдің (1751—1762) еңбектерінен кейін-ақ түр биологияда негізгі түсінік ретінде қолдау тауып, жан-жақты пайдалана бастады. Алайда, түр эволюциялық әрекеттің өзіндік сипаты бар негізгі кезеңі екені жайлы көзқарас бірден қалыптасқан жоқ. Өткен тарауларда айтылып кеткендей, түрдің тұрақтылығы, езгермейтіні жөнінде алғашқы пайда болған креационистік идеялар кейін келе Ж. Бюффон бастаған түрдің өзгергіштігін қуаттайтьн трансформизммен ұштасты. Ж. Б. Ламарк табиғаттағы кез келген өзгерістер түр түзілуге себеп болады дей отырып, тіпті түрдің ақиқат барлығын жоққа шығарды. Ч. Дарвин табиғатта түрдің ақиқат растап, олардың үнемі өзгеріп отыратыны жөніyде пікір айтты. Бірақ Дарвиннің бұл айтылған дұрыс пікірі түр ішіңде жүретін генетикалық әрекеттердің ғылыми мағлүматтарымен жеткілікті дәлелденбегендіктен, кейбір зерттеушілер түрдің бар екеніне күмәнданды.

XX ғасырдың басында түрдің морфологиялық біртұтастығы жайлы тұжырым өзгере бастады. Жануарлар мен өсімдіктерді жіктеудегі негізгі бөлінбейтін бірлік географиялық нәсіл (түр тар-мағы) болып есептелді. Олай болса, түрді осындай кептеген географиялық нәсілдердің тобы деп қарап, оны қос атпен атаудың орнына үш атпен атау ұйғарылды.

Түр туралы көзқарастардың қалыптасуындағы келесі маңызды кезең XX ғасырдың 30-жылдарында генетика ғылымының кең етек алып дамуымен тікелей байланысты болды. Ресейде академик Н. И. Вавилов АҚШ-та Дж. Клаузен бастаған дарынды генетиктердің жұмыстарының нәтижесінде түр мәселесінің дұрыс шешілуіне мүмкіндік туды. Түр енді күрделі генетикалық жүйе деп есептелд. Бір түрдің дараларына жалпы генофонд тән және олар оқшауланған күйде болуына байланысты басқа түрдің дараларымен араласу мүмкіңдігі (гендердің алмасуы) жоқ. Бұл — түрдің биологиялық тұжырымы. Түрге — тіршілік ету және құрылыс ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі түр тармақтары мен популяция топтары енеді. Ол топтың өкілдері өзара шағылысып, өсімтал ұрпақ қалдыра алады. Міне, түрді осылай түсінудің нәтижесінде түрдің қазіргі политиптік тұжырымы қалыптасты.

Түрге деген түсінікке тұжырымдама. Табиғатта түрлер саны орасан көп. Ең соңғы мәліметтер бойынша жануарлардың 1,2 миллион және өсімдіктердің 500 мың түрі ғылыми түрде сипат-талған. Жаңа түрлердің анықталуы, оларды сипаттау үздіксіз жүріп жататын әрекет. Түр жер бетінде (класс, тұқымдас немесе туыс бойьнша) біркелкі бөлінбеген. Кейбір туыс немесе тұқымдастарда түрлердің саны айтарлықтай көп болса, ал жоғары таксономиялық топтарда керісінше шамалы ғана түрлер болуы мүмкін. Мысалы, жорғалаушылар класының алғашқы кесірткелер (Ргозигіа) класс тармаеында гаттерия деп аталатын бір еана тур бар, ал сол кластың басқа класс тармағына жататын бірнеше мыңдаған түрлері белгілі. Түр — эволюция әрекетінің сапалы кезеңі.

Түр деп морфофизиологиялық ерекшеліктері ұқсас, бір-бірімен еркін шағылыса алатын және жалпы ареалы бар популяциялар жүйесін қүрайтын даралар жиынтығын айтады. Әрине, бұл түжы-рымдама әлі де болса толықтыруды қажет етеді. Өйткені түрлердің басым көпшілігі политипті, яғни қүрамьндағы даралардың көптеген морфофизиологиялық белгілері бойынша алуан түрлі топтан (кейде, тармақтардан) тұрады. Сол сияқты жер бетінде анықталмаған белгісіз түрлер әлі де болса өте көп. Ендеше оларды тауып, толық сипаттау үшін бұл тұжырымдаманың талаптары жеткіліксіз болуы мүмкін. Шын мәнісінде табиғатта түрлер айтарлықтай біркелкі емес, олардың арасында не морфологиялық, не физиологиялық белгілері немесе географиялық таралуы бойынша айырмашылық болады. Қорыта айтқанда, түрдің ең маңызды белгісі — оның эвалюциялық тағдырының тәуелсіздігін қамтамасыз ететін табиғи жағдайлардағы генетикалық тұрақтылығы.

2.Түр белгілері немесе критерийлері. Табиғатта түрлер көптеген белгілері мен қасиеттері арқылы ажыратылатыны айтылды. Оны критерийлер деп атайды. Түрге бірнеше критерий тән.

Морфологиялық критерий — бір түрге жататын даралардың ішкі және сыртқы белгілерінің ұқсастығын керсетеді. Бұл критерийдің көмегімен бір түрге жататын дараларды анықтауға және туыстық жақындығы жоқ түрлерді ажыратуға болады. Бірақ табиғатта бір-бірінен оқшауланған және өзара шағылыспайтын түрлер морфологиялық жағынан ұқсас болып келеді. Бұл — түр қосарлары. Мысалы, осы күнге дейін бір ғана түр деп есептеліп келген безгек масасының алты түр — қосары табылды. Олар кейбір аудандарда адам қанын сорып қоректенсе, ал басқа бір аудандарда жануарлар қанымен қоректенеді; сондай-ақ олардың кейбіреулері тұзды суларда, ал екінші біреулері, тұщы суда көбейеді. Сыртқы құрылысына қарағанда оларды ажырату қиын. Әзірше айырмашылық тек жұмыртқаларының құрылысы мен саны және жұлдызқүрт қылшықтарының бунақталу ерекшелігінде. Демек, түрді анықтау үшін тек морфологиялық критерий жеткіліксіздік жасайды.

Физиологиялық — биохимиялық критерий — зерттелетін органикалық форманың өзіңдік ерекше қасиеттерін анықтау үшін оған жан-жақты талдау жүргізуді керек етеді. Түрлердін, алуан түрлі болуы олардың химиялық құрылымдарының әр түрлі болуынан. Өйткені әр түрдің жеке топтарында өздеріне ғана тән жоғары молекулалық органикалық қосылыстар синтезделеді. Мысалы, алқа тұқымдасы, күрделі гүлділер, лала гүлділер және орхидея тұқымдастарына жататын кейбір өсімдік түрлері бір-бірінен алколоидтарды түзу және жинау қабілеті бойынша ажыратылады. Сол сияқты бұршақ тұқымдастарының кейбір жақын түрлері азотты түрлі тәсілмен жинай алады.

Соңғы кездегі молекулалық биология саласьндағы зерттеулер туыстық жақындығы бар түрлерде кейбір арнайы қызмет атқаратын ақуыздың (мысалы, гемоглобиннің) құрылымында ұқсастық болатынын дәлелдеді. Инсулин ақуызы тек желілерден ғана табылған. Ол өзара жалғасқан екі (А және В) тізбектен тұрады. Сүтқоректілердің алты түр өкілдерінің алынған инсулин молекуласындағы аминқышқылдардың орналасу реті В тізбегінде бірдей, ал айырмашылық тек А тізбегінің кішкене бір бөлігіңде ғана екені анықталды. Дәл осындай нәтиже әр түрге жататын жануарлардың ДНҚ — молекуласындағы нуклеотидтердің орналасу ретін зерттеу барысында алынды. Алайда физиологиялық — биохимиялық критерий түрді толық сипаттай алмайды, өйткені кейбір туыстық қатынасы жоқ ағзаларда бірдей аминқышқылддрдың биосинтезі де ұқсас жүреді. Керісінше, бір-біріне жақын жануар түрлерінде лизин аминқышқылы әр түрлі жолмен синтезделеді.

Генетикалық критерий — түрді жер бетінде тірі ағзалар тіршілігінің жалпы көрінісі және эволюциялық әрекеттің сапалы кезеңі ретінде сипаттайды. Түрге тән негізгі критерий оның гене-тикалық біртұтастығы болып табылады. Түрдің біртұтастығы шағылысу нәтижесіңде популяциялардағы айырмашылықтарды жоюға негізделген. Жеке популяциялар мен түр тармақтары бір-бірінен қаншалықты оқшауланғанымен де олардың арасында әрдайым генетикалық ақпарат ағымы болып тұрады. Өйткені бір түрдің әр түрлі популяциясындағы даралар өзара шағылысып, есімтал ұрпақ бере алады. Соның нәтижесіңде гендер бір популяциядан екінші популяцияға өтіп, жаңа үйлесімдер түзеді. Бірақ әрқилы тосқауылдың болуы себепті гендердің бір түрден екінші түрге өтуі мүмкін емес. Өте сирек, қандай да бір жағдайларға байланысты түраралық шағылысу бола қалса, одан тіршілік ете алатын ұрпақ алынбайды. Ендеше түр — өз алдына біртұтас генетикалық жүйе.

Экологиялық-географиялық критерий — түрдің тіршілік ету ареалын анықтайды. Ареалдың көлемі, пішіні және биосферадағы орналасуы түрге тән маңызды белгілер. Нақтылы бір ареалды мекендей отырып, түр тірі және өлі табиғат жағдайларымен тығыз байланыста болады. Бір туысқа жататын түрлердің ареалдары мүлдем оқшау болуы немесе бір-біріне жанасып, іргелес жатуы да, тіпті тұтасып та кетуі мүмкін. Оқшау ареалдары бар түрлер аллопатриялық турлер деп, ал іргелес немесе тұтас ареалдағы түрлер симпатриялық турлер деп аталады. Аллопатриялық түрлерге австриялық тотылардың төрт түрі керсетілген. Бұлар кейбір морфологиялық белгілері жөнінен, әсіресе реңі мен қауырсындарына қарап, оңай ажыратылады.

Симпатриялық түрлерге мысал ретінде орталық Еуропа өңірінде кездесетін сарғалдақ түрлерін алуға болады. Олардың әрқайсысы әр түрлі экологиялық жағдайларға бейімделе өскен.

Мұны олардың сабағы мен жапырақтарының құрылсынан байқай аламыз. Алайда басқа критерийлер сияқты экологиялық-географиялық критерий де салыстырмалы сипатта болады. Өйткені табиғатта көптеген жақын, туыстас түрлер бірлескен ареалдарды мекендейді.

Түрдің өзіндік ерекшелігін анықтап, ажырату үшін бір ғана критериймен шектелу жеткіліксіз. Сондықтан осы келтірілген барлық критерийлер жиынтығы түр туралы дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

3. Популяция

Популяция туралы түсінік. Табиғатта кез келген жануар, өсімдік немесе ұсақ ағза түрлерінің даралары өз ареалының келеміндегі аймақты толық иемденбей, тек тіршілігіне қолайлы белгілі үлескілерді ғана мекендейді. Мысалы, бір түрге жататын бунакденелілердің ағаш жапырақтарымен қоректенетін даралары орман алқаптарында ғана, ал шөптекті өсімдіктермен қоректенетін даралары шалғьндық үлескілерде мекендейді. Сол себепті түрдің даралары өз аймағының көлемінде түрлі тіршілік жағдайларына байланысты жиілігі әр түрлі топтар құрып бытырап кетеді. Олай болса, мүңдай жекеленген табиғи топтар популяцияларды түзеді.

Популяция дегеніміз — эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, ез алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын, еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы.

Бұл анықтамадан популяцияны тіршілік әрекеттері эволюциялық заңдылықтарға сай жүретін даралардың ең кіші қарапайым тобы деп түсінуге болады. Ал, табиғатта кездесетін шағын ұрпақтар тобыңда, мысалы, "тұқымтоп", "панмиксиялық бірлестіктер", сондай-ақ кішігірім жай топтасуларда немесе жеке дараларда өзіне тән эволюциялық әрекеттер байқалмайды. Өйткені эволюция келемінде олар аз уақыт аралығында ғана тіршілік етуіне байланысты эволюциялық өзгерістерге ұшырап үлгермей, жойылып кетеді.

Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді. Сонымен қатар популяция ішіндегі жынысы әр түрлі даралардың бір-бірімен кездесу мүмкіндігі де едәуір жоғары болады.

Популяциялардың араласып кетуіне көптеген кедергілер: тау, өзен, теңіз, құм, т. б. биологиялық кедергілер — жануарлардың ұя, ін салу мерзімдері мен шағылысу кезіндегі мінез-қылық ерекшеліктері, ал өсімдіктерде — гүлдеу, тозаңдану кезіндегі және аталық пен аналық құрылысындағы ерекшеліктер болып табылады. Популяция — эволюцияның негізгі өлшем бірлігі. Себебі барлық бастапқы эволюциялық әрекеттер популяция ішінде жүреді.

Мәдени өсімдік іріктемелері, үй хайуанаттарының қолтұқымдары және ұсақ ағзалардың штамдары — адамның қолымен жасалған популяциялар
№19,20 Дәріс

Табиғи сұрыптаудың формалары

1.Қозғаушы сұрыпталу.

2.Тұрақтандырушы сұрыпталу

3. Жыныстық сұрыпталу

Табиғи сұрыпталу туралы түсінік генетиканың дамуымен И. И. Шмальгаузен, С. С. Четвериков пен басқа ғалымдардың еңбектері арқасында кеңейді және тереңдетілді.

Қазіргі заманғы көзқарастарға сүйеніп, табиғи сұрыпталуды қарастырайық. Сұрыпталудың әсері жекелеген особьты, сондай-ақ біртұтас популяцияларды қамтуы мүмкін. Қалай болғанда да сұрыпталу тіршілік ету жағдайларына ең жақсы бейімделген организмдерді қалдырады. Табиғи сұрыпталу факторлары сыртқы орта жағдайлары болып табылады, осы жағдайларға байланысты сұрыпталу әр түрлі бағыттарда әсер етеді және түрлі эволюциялық нәтижелерге алып келеді. Табиғи сұрыпталудың бірнеше формалары бар.

Қозғаушы сұрыпталу. Табиғи сұрыпталудың қозғаушы формасы белгінің немесе қасиетінің орташа мәнінің жылжуын қамтамасыз етеді, осылайша жаңа жағдайға сәйкестілігін жоғалтқан ескі орта нормасының орнына жаңа орташа норманың пайда болуына алып келеді.

Алдыңғы параграфтарда ақ қайың мүр көбелегімен мысалдар келтірілген болатын. Бұл көбелектің қоңыр түсті мутантының таралуы — қозғаушы сұрыптаудың нәтижесі. Жануарларда улы химикаттарға төзімділіктің пайда болуы тірі қалуға көмектесетін белгінің пайдасына шешілетіндігі, қозғаушы сұрыпталудың өте көрнекті мысалы бола алады. Сүр егеуқұйрықтардың арасында қан кетуді туғызатын уға төзімділік қасиеті кең тарады. Қазір егеуқүйрықтар осы умен уландырылған қармақ жемді өзіне ешбір зиян келтірмей жеп тастайды. Осыған ұқсас нәтижеге ауыл шаруашылығында «зиянды» насекомдармен күресте улы химикаттарды пайдалануда алып келді. Умен әсер еткенде тек оған кездейсоқ төзімді болған особьтар ғана тірі қалады. Бұл особьтар көбеюде артықшылыққа ие, соның арқасында төзімділік қасиеті таралып, осы түрдің особьтары арасында басым бола бастайды. Сонымен, сыртқы орта жағдайлары өзгерген кезде белгілі бір түр ішінде жаңа белгілердің таралуында басты рөлді табиғи сұрыпталудың қозғаушы формасы атқарады.

Белгінің өзгеруі оның күшеюіне, жақсы көрінуіне, сондай-ақ әлсіреуіне, тіпті толық жоғалуына қарай да жүреді. Қозғаушы сұрыптау әсерінің нәтижесі болып табылатын белгінің жоғалуына мысалдар ретінде жер астында тіршілік ететін көртышқанның немесе үңгірде тіршілік ететін жануарлар көздерінің редукциясын, құстар мен насекомдардың кейбір түрлерінде қанаттардың жойылуын, паразит-өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтарының редукциясын, таспа құрттарда асқорыту жүйесінің редукциясын және көптеген т.б. құбылыстарды келтіруге болады.

Табиғи сұрыпталудың рөлі организмдердің тіршілік ету қабілетін немесе бәсекеге түсе алу қасиетін төмендететін жекелеген белгілерді шығарып тастаумен шектелмейді. Сұрыптау сансыз көп кездейсоқ ауытқуларды біртіндеп жинап, интеграциялап эволюцияның бағытын анықтайды. Есте сақтайтынтын жәйт, іс жүзінде табиғатта сұрыпталу жекелеген белгілерді емес, біртұтас фенотиптерді, яғни белгілердің бүкіл комплексін, ал бұл осы организмге тән гендердіц белгілі бір комбинацияларын сақтайды деген сөз.

Сұрыпталуды мүсіншінің жұмысымен салыстыруға болады. Мүсінші формасы жоқ мәрмәр кесегінен өзінің барлық бөліктерінің үйлесімділігімен таң қалдыратын туынды жасаған сияқты, сұрыпталу бейімделу белгілері мен түрлерді жасайды, көбеюі әлсіз особьтарды, басқаша айтсақ, әлсіз гендер комбинацияларын алып тастайды. Осылайша, табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі туралы айтуға болады, өйткені оның әсері организмдердің жаңа түрлері мен тіршіліктің жаңа формаларының пайда болуына алып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет