Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет13/16
Дата17.06.2016
өлшемі1.74 Mb.
#142608
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Бақылау сұрақтары:

1. Биосфера деген не?

2. Тірі организімдер қандай түрлерге бөлінеді?

3. Биосфераның жоғарғы және төменгі шекаралары қалай белгіленеді?

4. Биоценоз деген не?

5.Тірі организмдердің сан алуандығын немен дәлелдеуге болады?

6.Биогеография ғылымы нені зерттейді?

7.Биоценозда өсімдік неліктен жетекші орын алады?

42- сабақ

Тақырыбы: Тірі организмдердің таралу заңдылықтары және жер қабықтарына әсері

Жоспар:

1. Тірі организмдердің таралу заңдылықтары.

2. Организмдердің атмосфераға әсері.

3. Организмдердің гидросфераға әсері.

4. Организмдердің литосфераға әсері.

5. Организмдердің әрекетінен топырақтың пайда болуы.



Сабақтың мақсаты: Тірі организмдердің таралу заңдылықтары мен жер қабықтарына әсерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Тірі организмдердің таралу заңдылықтары. Өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің, сондай-ақ олардың бірлестіктері - биоценоз да рдың географиялық таралу заңдылықтарын биогеография ғылымы зерттейді.

Биоценоз жүздеген, тіпті мыңдаған түрлерден тұруы мүмкін. Әдетте құрлықтағы биоценоздың жалпы сипатын өсімдік анықтайды.

Өсімдік жер бетінде түгелдей таралған. Тек өсімдік қана күн сәулесінің қуатын сіңіре отырып, көмірқышқыл газы, су және минералдық заттардан органикалық заттар құрай алады. Өсімдіксіз биосфераның басқа құрамдас бөліктері, яғни жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік ете алмас еді.

Кез келген биоценоздағы өсімдік қорегінің байлығы жануарлар дүниесінің де бай болуына жағдай жасайды. Өсімдіктің жер бетінде белгілі бір заңдылыққа сәйкес келетіндігі бірден көзге түседі. Өсімдік полярлық аймақтарда түр жағынан да, сан жағынан да аз, экватор маңында өте қалың және сан алуан.

Өсімдіктер мен жануарлардың таралуы көптеген жағдайларға, солардын ішінде, өсіресе климатқа (жылу мен ылғалдың таралуына) байланысты. Олар құрлықта климаттың өзгеруіне сәйкес, экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді.

Тауларда топырақ, өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесі биіктік белдеулерге сәйкес өзгереді. Бұл өзгеріс биіктіктің артуына қарай жазықтағы сияқты жылу мен ылғал мөлшерінін өзгеріп отыруына сәйкес келеді.

2.Ғалымдар Жер жеке планета ретінде бұдан 5 миллиард жыл бұрын жаратылған деп есептейді. Біздің планетамыз өзінің осы даму тарихында 2 кезенңен өткен. Олар: тіршілікке дейінгі кезең және тіршілік шыққаннан кейінгі кезең. Жердегі алғашқы өте қарапайым организмдер 3 миллиард жыл бұрын пайда болған. Тірі организмдер жер қабықтарының яғни атмосфераның, гидросфераның және литосфераның беткі қабатын алғашқы қалпынан өзгерткен.

Организмдердің атмосфераға әсері. Жер атмосферасының


қазіргі жай-күйі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесінде
қалыптасқан. Ауаның құрамындағы оттегі түгелдей өсімдіктердің күн қуатының күшімен көмірқышқыл газды ыдыратуының нәтижесінде пайда болған. Ғалымдар қазіргі кезде атмосферадағы бар оттегі қорын жасыл өсімдіктер 10000 жылда-ақ бөліп шығара алатындығын есептеген. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеймей, бірқалыпты қалуы оның
екінші жағынан жануарлардың тыныс алуына, жануға және басқа да құбылыстарға жұмсалуына байланысты.

Өсімдіктер ауаға оттегін шығарса, керісінше, жануарлар оттегін жұтып, көмірқышқыл газын бөледі. Өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік әрекетінің арқасында ауаның газ құрамы реттеліп отырады.



3.Организмдердің гидросфераға әсері. Атмосфера сияқты гидросфера да организмдердің тіршілік әрекетімен тығыз байланысты. Организмдер ұдайы суды бойына тартады және өзінен бөліп шығарады. Өсіресе өсімдік суды бойынан өте көп мөлшерде өткізеді. Тек қана орман өсімдігінің үлесіне жыл сайын бүкіл құрлықтан буланатын судың 10%-ы тиеді.

Тірі организмдер Жердегі бүкіл суды 2 млн жылда денесінен өткізіп шығаратыны есептелінген. Бұл жағдай - тіршілік пайда бол­ғаннан бері табиғаттағы су бірнеше қайтара жаңарудан өтті деген сөз.

Организмдердің тіршілік әрекетінің өнімдері және органикалық шірінді калдықтар құрлыктағы судың құрамына өсерін тигізеді. Организмдермен Дүниежүзілік мүхиттың түз құрамы байланысты. Мүхиттарға кальций тұзы өзен суы арқылы барады. Түздың бұл түрі қазіргі кезде мұхитта қанша болса, әр 15 мың жылда сонша мөлшерде қосылып отыратындығы есептелінген. Бірақ оның мұхит суындағы мөлшері көбеймей, ұдайы бір қалыпта сақталады. Оған себеп -кальцийді мұхит суында тіршілік ететін жануарлар өте көп мөлшерде бойына сіңіреді. Кальций жануарлардың қаңқалары мен сауыттарын түзеді. Олардың калдыктары мұхиттар мен теңіздердің түбіне шөгіп, қалыңдығы бірнеше километрге баратын әктас қабаттарын құрайды.

4. Организмдердің литосфераға әсері. Организмдердің литосфераға әсері екі түрлі жағдайда анық байкалады. Біріншіден, организм қалдықтарынан тау жыныстарының органикалық деп аталатын ерекше тобы құралады. Олар өздеріңе жақсы таныс әктас, ұлутас, тас көмір, шымтезек, жанар тақтатас, мұнай және т.б. (өсімдік қалдықтары қайсыларында жақсы көрінеді?).

Екіншіден, организмдер тау жыныстарының үгілуіне үлкен үлес қосады (органикалык үгілу қалай жүреді?). Тасқа жабысып өскен қына оның бетін қопсытады. Ағаштың тамыры тау жыныстарының жарығына сыналай кіріп, кеңейтеді. Ін қазатын жануарлар жердің беткі қабатын үңгіп, аударыстырады.



5. Организмдердің әрекетінен топырақтың пайда болуы. Литосфераның беткі атмосферамен жанасатын жұқа қабатында топырақ түзіледіі Топырақ - тірі (органикалық) және өлі (бейорганикалық) табиғаттың өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын ерекше табиғи дене (топырақтың тау жынысынан айырмасы неде?).

Топырақ жердің ең беткі, өте жұқа (2-3 м) қыртысындағы тау жыныстарының организмдердің әсерінен өзгеруі нәтижесінде пайда болады. Тау жыныстарының бетінде өсімдік өсуіне қажетті жағдайды бәрінен бұрын микроорганизмдер дайындайды. Қопсыған тау жыныстарын онан әрі өсімдік тамыры бүзады. Одан бөлінген қышқылдар тау жыныстарын химиялық өзгеріске ұшыратады. Оны жер қыртысында тіршілік ететін жануарлар қопсытады, аударып, төңкерістіреді. Соның нәтижесінде топыраққа ауа мен судың сіңуіне колайлы жағдай туады. Жерде қалған өсімдік қалдықтары мен жануарлардың өлекселерін микроорганизмдер (бактериялар мен саңырауқұлақшалар) үгіп, ыдыратады.

Органикалық қалдықтардың ыдырауы нәтижесінде топырақтың қарашірік қабаты түзіледі. Ол - топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіші. Құрамында қарашірігі көп топырақтың құнарлығы да жоғары болады.

Жер бетінде топырақ түрлерінің таралуы климат жағдайларымен тығыз байланысты. Өсімдік сияқты топырақ жамылғысы да экватордан полюстерге қарай зоналар бойынша өзгереді, тауларда биіктік белдеулерге сәйкес таралады. Топырақ түрлерінің таралуы арнаулы топырақ картасында түрлі түсті бояулармен көрсетіледі.

Топырақтың жеке түрлерінің ішіндегі ең құнарлысы - қаратопырақ. Топырақтың бұл түрі қоңыржай белдеудегі далаларда шөп өсімдігінің астында түзіледі. Шөп жыл сайын өсіп жетіліп, қурап, қар астында қалған қалдықтары шіріп, үгіледі, Сондықтан даланың топырағы қарашірікке бай, қалың келеді. Даладан солтүстіктегі орман зонасында ағаш өсімдігінен жер бетіне қалдық аз түседі. Оның үстіне жауын-шашын мол жауатындықтан, артық ылғал топырақтың жоғарғы қабаттарын шайып отырады да қарашірік аз қалады. Одан солтүстікке таман, полярлық аймақта әрі қыска, әрі салқын болып келетін жаз мезгілінде өсімдік қалдықтары шіріп үлгірмей, көбінесе бітеу күйінде қалып, шымтезекке айналады.

Даладан оңтүстікке қарай ылғал құрт азаятындықтан, өсімдік сирек өседі де, топырақ бетінде аз қалады. Оның үстіне құрғақ климат жағдайында өсімдік қалдықтары түгелдей дерлік қурап, ұшып кетеді. Сондықтан топыраққа қарашірік аз қосылады. Оңтүстікке қарай топырақтың түсі бозаң тарта беретіні содан.



Бақылау сұрақтары:

1.Өсімдіктер мен жануарлардың жазықтарда зоналар бойынша, тауларда биіктік белдеулері бойынша таралуының басты себебі неде?

2. Атмосфераның газ құрамын реттеуде организмдер қандай қызмет атқарады.

3. Фотосинтез деген не?

4.Организмдердің гидросфераға әсері қандай?

5. Организмдер литосфераның беткі қабатын қалай өзгертеді?

6. Топырақ калай түзіледі?
IVтарау. Географиялық қабық

43- сабақ



Тақырыбы: Географиялық қабық –Жердің ерекше, кешенді қабығы. Географиялық белдеулер мен зоналар. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер

Жоспар:

1.Жер қабықтарының өзара әрекеттесуі.

2.Табиғат компоненттері, табиғат кешені.

3.Жер шарының географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінуі.

4.Экваторлық белдеуі.

5.Субэкваторлық бклдеуі.



Сабақтың мақсаты:Географиялық қабық және географиялық белдеулер мен зоналарды қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Жер қабықтарының өзара әрекеттесуі. Географиялық қабық. Жердің сыртын қоршаган қабықтары, яғни атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера өзара тығыз байланыста дамитындығын байқадық. Оларда құрайтын газ, сұйық және қатты күйдегі заттар бірінен біріне өтіп, арласып жатады. Соның нәтижесінде Жер қабықтары жанасатын өңірінде бір-бірімен үздіксіксз әрекетте болады мәселен Атмосфера мен биосфераны ара қатынасын зер салып байқайық.Ауа – жер бетіндегі бүкіл тіршілік үшін қажетті шарт. Ауадуғы оттегімен жануарлар тыныстайды, көмірқышқыл газды өсімдіктербойына сіңіріп, зат түзеді. Екінші жақтан, атмосфераның газ құрамы организмдердің тіршілігімен тікелей байланысты ( ауадағы оттегі қалай пайда болатының естеріңе түсіріңдер).

Тірі организмдер литосфераның беткі қабатын күрделі өзгерістерге ұшыратады. Олар тау жыныстарының үгілуіне қатынасады. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары жер қыртысындағы органикалық тау жыныстарын түзеді. Өз кезегінде литосфералық заттар организмдердің денесін құрайды. Организмдер үшін литосфераның беткі қабаты тіршілік ортасы болып табылады.

Атмосфера мен литосфера тағыз байланысты жағдайда болады. Атмосфера жер бетіне түскен күн сәулелерінен жылынатынын білесіндер. Одан тропосферадағы ауа температурасының биіктік бойынша өзгеру заңдылығы туады. Жер бетінен көтерілген шаң-тозаң ауаның мөлдірлігіне, сол арқылы атмосфераның жер бетіне таяу қабатының жылыну жағдайына ықпал жасайды. Ауаға көтерілген ұсақ түйіршіктердің төңірегіне су булары қоюланып, бұлт үйіріледі, т.с.с.

Біз жоғарыда әр түрлі жер қабықтарының арасындағы әрекеттестікті саралап қарастырдық. Шынында мұндай байланыстар тек екі жақты ғана емес, көп жақты түрде жүреді.

Атмосфера, литосфера және гидросфераның тоғысың, бір-біріне әсер етүінің нәтижесінде Жердің ерекше қабығы – географиялық қабық түзілді. Географиялық қабық Жерде тіршіліктің пайда болуына және дамуына қажетті жағдай тудырды. Жердің дамуының қазіргі кезеңінде тіршілік және биосфера қабығын құрайтын дәрежеге жетті.

Сонымен, географиядық қабыққа литосфераның басқа қабықтардың әсерінен өзгерген жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі қабаты, бүкіл гидросфера және биосфера жатады.

Географиялық қабыққа тән болып келетін бірнеше ерекшелік бар. Олар төмендегіше.

Жер қабықтарының әрқайсысы бір ғана заттан (атмосфера – ауадан, гидросфера – судан, литосфера –тау жыныстарынан, биосфера – тірі организмдерден) тұрады.

Организмдер тек қана географиялық қабықта тіршілік етеді. Атмосфераның жоғарғы қабаты мен литосфераның терең қойнауына тіршілік таралмайды.

Жерге күн сәулесімен келетін жылу түгелдей дерлік географиялық қабыққа шоғырланады. Оған жылу мөлшерінің белдеулер түрінде тараулы сипатты. Атмосфераның жоғарғы қабатында немесе литосфераның терең бөлігінде жылу бүлайша белдеулік заңдылықпен таралмайды.

Географиялық қабық құрамды болғанымен, біртұтас дүние. Оның құрамына кіретін Жер қабықтарының бірінің өзгерісі басқаларының да өзгерісін тудырады. Мысалы, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы және дамуы атмосфера, гидросфера және литосфераға қандай өзгерістер енгізгенін сендер білесіндер.

2. Табиғат компоненттері. Табиғат кешені. Географиялық қабық тау жыныстарынан, ауадан, судан, топырақтан, өсімдіктер мен жануарлардан тұрады. Географиялық қабықтың бұл құрамдас бөліктері табиғат компоненттері немесе географиялық компонеттер деп, аталады (латынша компонент - құраушы).

Кез келген аумақтын табиғат компонеттерінің жиынтығы біртұтас жүйе құрайды. Ол жүйе табиғат кешені немесе географиялық кешен деп аталады.

Табиғат кешенін құрайтын жеке компоненттер бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың біреуінің өзгерісі міндетті түрде басқаларының өзгерісін туғызады.

Жер шарындағы ең үлкен табиғат кешені (ең күрделі жүйе) – географиялық қабық. Географиялық қабық бірінен-бірі туындайтын табиғат кешендері жійесінен тұрады.

Жер бетіндегі географйялық қабықтан кейінгі табиғат кешені – материк пен мұхит.

Мұхитқа құятын сансыз коп өзендер құрлықтан өзімен бірге орасан зор көлемде тау жыныстарын ағызып аып барады (таулар қалай аласаратынын естеріңе түсіріңдер ) . Сондай-ақ мұхиттан құрлыққа қарай соғатын желдер бұлыт пен жауын-шашын алып келеді ( Жер шарындағы су айналымы қалай жүреді?). Құрлық пен мұхиттың арасындағы осындай зат алмасуы оларды біртұтас планеталық гегографиялық жүйеге біріктіреді. Мұхит беті бірсындырғы болып келетіндіктен, сырт көзге ол әрі қарай табиғат кешендеріне бөлінбейтін сияқты болып көрінеді. Бірақ олай емес. Мұхит суының температурасы, тұздылығы өсімдіктері мен жануарлары, микроорганизімері әр аймақта әрқалай. Бұл мұхит бетінің жер-жерінде табиғат кешендерін бөлуге мүмкіндік береді.

Мұхитқа қараганда құрлық бетіндегі табиғат табиғат кешендері айқын көрінеді.

Құрлық табиғат аймақтарына, аймақтар онан әрі кіші бөліктерге бөлінеді. Табиғат аймақтарының мысалы – Батыс Сібір жазығы, Сарыарқа, Тянь-Шань, Шағын табиғат кешендері: өзен жайылмасы, тоғай, өкл жағасы, сай және т.с.с.

Жер шарының географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінуі. Жер шарында климат жағдайларының экватордан полюстерге қарай өзгеруі бүкіл табиғат кешенінің ендік зоналар бойынша өзгерісін тудырады. Зоналық зандылық – табиғат кешенінің барлық компоненттеріне тән құбылыс.

3.Табиғат кешендерінің ендік бойынша өзгеруінен географиялық қабық географиялық белдеулер мен зоналарға бөлінеді( Қосарбеттегі «Геогафиялық белдеулер мен зоналар» картасын қара).

Географиялық белдеулер климаттық белдеулерге сәйкес келеді және солардың атымен аталады. Әр географиялық белдеу климат жағдайларының тұтысығымен ерекшеленеді. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер.

Негізгі географиялық белдеуледің аралықтарын өтпелі белдеулер бөліп жатады. Өтпелі белдеулерге «суб» ( латынша – кіші, таяу) деген сөзщ қосылып айтылады.

Субэкваторлық – экваторлық пен тропиктік белдеулердің; субтропиктік – тропиктік пен қоңыржай белдеулердің; субполярлық (субарктикалық, субантарктикалық) – қоныржай мен полярлық бөлдеулердің аралығын бөледі.

Әр географиялық белдеу географиялық зоналар жиынтығынан тұрады. Зоналар ондағы басым өсімдік жамылғысының аиымен аталады.



4.Экваторлық белдеу. Экватолық екі жағын бойлап созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі тараулымен ерекшеленеді.

Жазда да, қыста да температура үнемі жоғары, яғни 25-30*С. Жауын-шашын жыл бойы біркелкі таралады (жылына 2000-3000 мм-ден, тауларда 10000 мм-ге дейін). Күн сайын, әдетте түстен кейін нөсер жаңбыр құйып өтеді. Жылу мен ылғалдың молдығы өсімдітердің қаулап өсіп сан алуан жанурлардың мекендеуіне қолайлы. Белдеудің көп жерін экваторлық (тропиктік) ұдайы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар зонасы алып жатыр.

Орман қалың өсетін алуан түрлі мәңгі жасыл өсімдіктерден тұрады . 1 га жерде ағаштың жүздеген түрі кездеседі. Ең биік ағштар 50-60 м-ге дейін барады. Олар жарыққа жеткенде, тек ұшар басында ғана бұтақтанады. Қалған жері ағаш діңі, бұтағы, жапырағы иін тірескен қараңғылықта қалатындықтан, сидам келеді.Мұнан төмен қарай ағаштар тағы да 5-6 қабат құрайды. Ағаш діңдерінің аралықтарындағы аз ғана саңылауды шырмалып, өрмелеп өсетін лианалар алады. Жуандығы адам білегіндей ғана кейбір лианалардың ұзындығы 300 м-ге дейін барады. Ағаш діңі мен бұтақтарын эпифиттер( грекше эпифит-өсімдікке жабысқан ) басып жатырОлар қоректі ауадан алады не ағаштың сөлін сорып күнелтеді. Күн сәулесі ағаштың түбіне жетпейтіндіктен мұнда бұта аз, шөп өсімдік де жоқтың қасы.

Экваторлық ұдайы ылғады ормандарда түрлі пальма, діңі қатты темір ағаш,жеміс тамаққа пайдаланатын нан ағашы, шокалад ағашы өседі.Өсімдік сияқты жануарлары да биіктік қабаттарға бөлініп таралған. Ағаштарда быжынаған бунақденелілер, ағаш бақалары, жыландар, шиқылдаған құстар қаптап жұреді. Оларға маймылдардың бақырған үні қосылады.

Экваторлық белдеуде жер бетіне түскен өсімдімдік қалдықтары мен жануарлардың әлекселрін быжынаған құрт-құмырсқалар мен мйкроорганизмдер әп-сәтте жоқ қылады.қарашірік жиналмай, шайылып кететіндіктен топырағы құнарсыз келеді. Әсімдік тамыры топыраққа тек бекуі үшін ғана кіреді.

5.Субэкваторлық белдеу. Экваторлық ауаны қыста торпиктік ауа ауыстыратын әңірде жыл екі маусымға, яғни жоңбырлы жаз бен құрғақ жылы қыс маусымдарына бәлінеді. Белдеудің құрғақ маусым 2-3 айға ғана созылатын аудандарында ауыспалы ылғалды ормандар әседі. Бұл ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормандарда экваторлық ұдайы ылғалды ормадарға қарағанда ағаштар біраз аласарып аралары ашылады соған байланысты онда бұта және шәп әсімдігі кәріне бастайды.Ағаштың кейбір түрлері құрғақшылық маусымда бойындағы суды аз буландыру үшін жапырағын тастайды.

Құрғақ кезең 5-6айға созылатын жерлер саванналы болып келеді (саванна оңтүстік Америка үндістерініғң тілінен алынғансәз.саванна деп әр жерінде жекенемесе шоқ-шоқ ағаш пен бұта кездесетін, кәбінесе шәп басқан алқапты айтады

Саваннаның әсімдігі ұзаққа созылатын құрғақшылққа бейімделген шәптері жапырағы қатқыл жіңшке,тікенкті астық тұқымдастардан тұрады олардың бйік болып әсетіні соншалық,кей жерледе арасынан атты адам кәрінбейді. Ағаштары аласа,тікенекті,діңдері су жинауға ыңғайлы жуан болып келеді (баобаб,шәлммек ағаш.т.б.

Әсемдіктің бітік әсуі сан алуан жануардың тіршілігне қолайлы әсіресе Афри ка саванналары жануарларға аса бай. Мұнда неше түрлі киік, зебр жираф,піл үйір-үйірімен жүреді шәп қоректі жануарларды арыстан, қабыылан. Гепард,т.б. жыртқыштар аулайды. Олардан қалған әлекселер қорқауларға артығымен жетіп жатады .

Ауыспалы ылғалды ормандары мен саваннаның қызыл түсті топырағы құнарлы болғандықтан, ол барған сайын егіншілікке кеңінен пайдаланылуда. Қазіргі кезде саваннаның кәлемі қысқарып,табиғи қалпында аз сақталып отыр.

Бақылау сурақтар:

1.Географиялық қабық деген не?

2.Географиялық қабыққа атмосфера мен литосфера неліктен түгелдей кірмейді?

3.Географиялық қабықтың баска Жер қабықтарынан басты айырмасы неде?

4.Табиғат компонеттеріне нелер жатады?

5.Табиғат кешені калай түзіледі?

6.Географиялық белдеулерді атаңдар?

7.Экваторлық белдеулердің өсімдіктер мен жануарлар дүниесін атаңдар?

8.Субэкваторлық белдеулердің өсімдіктер мен жануарлар дүниесін атаңдар?

44- сабақ



Тақырыбы: Тропиктік және субтропиктік белдеулер.

Жоспар:

1. Тропиктік белдеу.

2. Субтропиктік белдеу.

Сабақтың мақсаты: Географиялық белдеулер мен зоналарды қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Тропиктік белдеу. Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 20-30 градус ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан. Африкадағы атақты Сахара шөлі осы зонаға кіреді.

Троптиктік шөл зонасының климаты өте ыстық әрі құрғақ. Ауаның температурасы 58 градусқа дейін көтеріледі, ал топырақ беті 90 градусқа дейін қызады. Жауын- шашын барлық жерінде 100 мм-ге жетпейді. Сахарада кейде бірнеше жыл бойы қатарынан тамшы тамбайтын кездерде де болады.

Өсімдік өте сирек, кей жерлерде мүлде өспейді. Әсіресе сазды жане тасты шөлдер сұрықсыз болып келеді. Аздаған өсімдіктер ежелгі өзен арналарын, жартастардың жарықтарын, тас қорымдарының шеттерін сағалайды.

Шөлдеріде әр түрлі жыландар, кесірткелер, бунақденелер көп болады. Ірі жануарлар мен құстар оазистердең маңында ғана кездеседі.

Материктердің шығыс бөліктерінде ж а п ы р а қ т а с т а й т ы н ы л ғ а л д ы т р о п и к т і к о р м а н д а р мен қ ұ р ғ а қ т р о п и к т і к о р м а н д а р таралған.

Ылғалды ормандар жауын-шашын ы мол, бірақ ылғалды жане құрғақ маусымдар алмасып келетін жерлерде өседі. Ағаштар құрғақ кезеңде жапырағын түсіреді. Мәңгі жасыл өсімдіктер көбінесе төменгі қабатта өседі.

Құрғақ ормандар ағаштар сирйді. Аустралияның шығысындағы эвкалипті ормандары ерекше көзге түседі.

Климат одан әрі құрғай түскен жағдайда орманның орны т р о п и к т і к с а в а н а л а р алады.



2.Субтропиктік бедеу. Солтүстік жане Оңтүстік жарты шарлар 30-40 градусқа ендіктерде, тропиктік белдеу мен қоңыржай белдеудің арасында орналасқан. Ол тропиктік белдеуден температураның маусым бойынша үлкен мөлшерде өзгеруімен ерекшеленеді. Дегенмен барлық айлардың орташа температурасы оң болып келеді (4 градустан 20 градусқа ). Сондықтан өсімдік жыл бойы тоқтаусыз өседі. Белдеудегі барлық материктердің климаты батыс, шығыс жане ішкі бөліктерінде бір-бірінен елеулі түрде өзгешеленеді. Мұхитқа жақын жатқан батыс бөліктерінде жазы құрғақ, қысы ылғалды субтроптиктік құрғақ континенті климат, ал шығысында жауын-шашын жазда мол жауатын муссондар климаты қалыптасқан.

Осы айтылған климат түрлеріне жеке табиғат зоналары сәйкес келеді. Субтропиктік белдеу ауспалы ылғалды, мәңгі жасыл ормандар, қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар жане шөлдер мен шөлейттерге бөлінеді. Олардың бәрінің ортақ белгісі қысының жылылығы, көпшілік бөлігінде ыстық жаз, қоңыржай салқын қыс маусымдарының айқын бөлінуі болып табылады.

А у с п а л ы ы л ғ а л д ы м ә ң г і ж а с ы л о р м а н д а р з о н а с ы Еуразияның шығысында кең таралған, сонымен бірге Солтүстік Американың оңтүстік шығысында жане Бразилияда сақталған. Бұл ормандар қысы құрғақ, жазы жаңбырлы муссондық климатпен байланысты.

Қ а т қ ы л ж а п ы р а қ т ы м ә ң г і ж а с ы л ы о р м а н д а р м е н б ұ т а л ар жазы құрғақ Жерорта теңіздік климат жағдайына бейімделген өсімдік түрлерінен тұрады. Олар құрғақшылық кезеңнің өзінде де жапырағын тастамай, бүкіл жыл бойы мәңгі жасыл қалпын сақтайды. Жапырақтары шағын, өте қатты, жылтыр келетіндіктен, өсімдік суды аз буландырады.

Субтропиктік белдеу ормандарының табиғаты адамның шаруашылық әрекетіннен қатты өзгерген. Қазіргі кезде табиғи ормандар оталып, олардың орнынцитрус егістері, бақтар, жүзімдіктер басқан.

С у б т р о п и к т і к ш ө л д е р мен ш ө л е й т т е р барлық материктерде тұтас бір өңіріді құрайды. Субтропиктік шөлдер табиғат жағдайлары жөнінен тропиктік шөлдердің тікелей жалғасы болып табылады.



Бақылау сұрақтары:

Кескін картаға тропиктік және субтропиктік белдеулерді белгілеңдер.

Картадан жер шарындағы аса ірі тропиктік шөлдерді табыңдар.

3. Жапырақ тастайтын ылғалды тропиктіктік ормандардың ерекшілігі неде?

4. Тропиктік құрғақ ормандардың ерекшеліктері немен байланысты?

5.Субтропиктік белдеу қандай зоналардан тұрады. Олар қандай заңдылыққа сәйкес таралған?

45- сабақ

Тақырыбы: Қоңыржай, субполярлық және полярлық белдеулер

Жоспар:

1.Қоңыржай белдеу.

2.Субполярлық белдеу

3.Полярлық белдеу



Сабақтың мақсаты:Географиялық белдеулер мен зоналарды қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Бұл белдеу солтүстік жарты шарда аса кең аумақты қамтиды, оңтүстік жарты шарда аз орын алады (картаға қарап себебін анықтаңдар. Ол үшін Жер шарында құрлықтың орналасуына назар аударыңдар). Бұл белдеуге климат жағдайларының жыл маусымдары бойынша айқын өзгеріп тұруы тән. Соған сәйкес басқа табиғат құбылыстары да маусым бойынша өзгереді (өзендер мен көлдердің қатуы және мұзының еруі, өсімдіктердің өсіп-өнуі, жануарлар тіршілігіндегі және адамның шаруашылық әрекетіндегі өзгерістер).

Қоңыржай белдеу шөл, дала және орман зоналарынан тұрады. Олардың аралықтарын шөлейт пен орманды дала әтпелі зоналары бөледі.

Шөл Азияда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада таралған. Әсіресе Азияның орталық бөлігінде көп жерді қамтиды. Шөлдің табиғат жағдайлары барынша қатал. Жазғы ыстық кейде + 50° С-қа жетеді, ал құмның беті +80° С-қа дейін қызады. Оның есесіне қысы едәуір суық. Аяз - 30° С-қа дейін барады.

Шөлдің тіршілікке ең қолайсыз жағы - ылғалының тапшылығы. Жылдық жауын-шашыны 200 мм-ден кем, ал кей жерлерде 100 мм-ге де жетпейді. Оның есесіне буланушылық (буланушылық деп нені айтады?) түсетін жауын-шашыннан ондаған есе артық. Кей жылдары жерге бір тамшы жаңбыр тамбайтын шөлдер де бар. Шөл өсімдігі мен жануарлары ылғалдың жетіспеушілігіне жақсы бейімделген. Көптеген өсімдіктердің жапырағы тікенекке айналған (оның қандай мәні бар?), тамыры өте тереңге кетеді. Көктемгі ылғалды пайдаланып қалу үшін бірнеше аптада тез өсіп жетілетіндері де бар.

Шөлде жусан мен сораң өсімдік түрлері, әр түрлі бұталар өседі. Ағаш өсімдігінен құмды шөлде ак сексеуіл өседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет