Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет10/16
Дата17.06.2016
өлшемі1.74 Mb.
#142608
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

Сабақтың мақсаты: Ауа райының элементтері мен құбылыстарын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Атмосфераның жер бетіне таяу қабаты тропосфераның белгілі бір жердегі белгелі бір қысқа мерзімдік (тәулік, апта, ай) жай күйін ауа райы дейді.Атмосфера қысымы, температура, ылғалдылық ауа райының элементтері; ал жауын шашын, жел, тұман, бұлт ауа райы құбылыстары.

Ауа райының жай күйі тек қана бір белгісіне, айталық, температураға немесе жауын шашынға ғана емес, барлық элементтер мен құбылыстарының жиынтығына қарап анықталады.Мәселен, ауа райына тек қана «салқын» деп анықтама беру жеткіліксіз.Салқын ауа райы желді, бұлтты, жаңбырлы, бұлыңғыр және т.с.с. болуы мүмкін.

Ауа райы уақыт ішінде өзгеріп тұрады.Оның элементтері мен құбылыстарының барлық өзгерісі басқасының да өзгерісін тудырады.Екінші сөзбен айтқанда, ауа райы мүлде басқаша сипат алады.

Ауа температурасының өзгеруі қысымның өзгеруіне, ол желдің сипатына, бұлттылық температураға ықпалын тигізеді және т.с.с.Бұдан ауа райының толық сипаттамасын беру үшін оны түзетін элементтер мен құбылыстарды түгелдкй бақылау қажеттігі туады.

2.Ауа массалры.Ауа райы жер бетіндегі ауаның ауысып отыруына байланысты өзгереді.Ауаның қасиеті қалыптасатын жерінің ерекшелігіне байланысты.Полярлық аймақтардағы ауа күн сәулесінің аз түсуінен қатты салқындайды.Экватор мен тропиктер маңындағы ауа жақсы қызады.Құрлықтың үстүндегі ауа құрғақ , мұхиттың үстүндегі ауа ылғалды болады.Тропосфераның бір бірінен осындай қасиеті (температурасы, мөлдірлігі, ылғалдылығы) жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері ауа массалары деп аталады.Әрбір ауа массасы мыңдаған, тіпті миллиондаған шаршы километр жерді алып жатады.

Олардың қалыңдығы бірнеше км ге барады, тіпті кейде тропосфераның жоғарғы шекарасына дейін жетеді.

Ауа массалары жалпы алғанда бір бағытта ауысады, бірақ олардың әрқайсысының ішінднгі желдер түрлі бағытта соғуы мүмкін.

Ауа массаларының ең алдымен олардың белдеулік орнына байланысты.Пайда болатын ендіктеріне қарай әр жарты шарда 4 түрлі негізгі ауа массасы ажыратылады.

1.Экваторлық ауа экваторлық ыстық белдеуде қалыптасады.Жылдың барлық мезгілінде жылы әрі ылғалды болуымен ерекшеленеді.

2.Тропиктік ауа (солтүстік және оңтүстік жарты шарларда).Жылы және құрғақ ауа түрінде ықпал жасйды.

3.Қоңыржай ендік ауасы (екі жарты шардың да қоңыржай ендіктерінде қалыптасады, тропиктік ауаға қарағанда, салқын, бірақ ылғалды, ал арктикаалық немесе антарктикалық ауаға қарағанда жылы және ылғалды).

4.Арктикалық ауа (оңтүстік жарты шарда антарктикалық ауа) биік ендіктерде пайда болатындықтан суық.

Осы негізгі ауа массаларының әрқайсысы (экваторлықтан басқасы) континенттік (құрлық үстінде) және теңіздік болып бөлінеді.Мысалы, қоңыржай ендіктің континенттік ауасы, қоңыржай ендіктің теңіздік ауасы.Құрлықтың үстінде әр уақытта құрғақ ауа пайда болады (неліктен ?).Теңіздің үстінде қалыптасатын ауа ылғалы мол болуымен ерекшеленеді.Экваторлық аймақта теңіздің үстінде ғана емес, құрлықта да ылғал жеткілікті.Мұндағы батпақты ормандардың теңіздегідей молбулануға мүмкіншілігі бар.Сондықтан бұл өңірдегі теңіз беті мен құрлық үстінде әрі ыстық, әрі ылғалды бірдей ауа қалыптасады.Көпшілік жағдайда экваторлық ауаны континенттік және теңіздік деп бөлмейді.

Ауа массалары бір жерден екінші жерге орын ауыстырып отырады.Соған сәйкес ауа райы түзіледі.Мысалы, қыста біздің жерімізге солтүстіктен арктикалық ауа өткенде аязды ауа райы орнайды.Батыстан, Атлант мұхиты жағынан қоңыржай ендіктің теңіздік ауасы келгенде жылылық түседі және қар жауады.Сондай ақ жазда оңтүстіктен тропиктік ауаныңкелуіне байланысты ауа райының аптап ыстық кезеңі түзіледі.

Ауаның массалары өздерінің қалыптасқан орнынан жаңа орынға ауысқанда бірте бірте жылынады, немесе суынады, ылғалданады, немесе құрғайды.Соның арқасында олардың қасиеті өзгеріп басқа ауа массасына айналады.Еуразия материгіне батыстан, Атлант мұхиты жағынан өтетін қоңыржай ендіктің теңіздік ауасы орасан зор құрлықтың үстінде бірте бірте қоңыржай ендіктің континенттік ауасына айналады.Немесе солтүстіктен келетін арктикалық континенттік ауа жазда оңтүстікке қарай жүрген жолында тез жылынып қоңыржай ендіктің континенттік ауасына айналып кетеді т.с.с.

3.Ауа райын болжау.Ауа райын зерттеу адамның күнделікті тұрмысы мен шаруашылық әрәкеті үшін қажет.Әр адам ауа райы болжамын алдын ала білгісі келеді.Сендер де радиодан немесе теледидардан ауа райы хабарын тыңдап, соған сәйкес киінуге тырысыңдар.Ауа райы болжамынсыз ұшақтар аспанға көтерілмейді.Ауа райының жай күйін алдын ала білу алысқа жүзетін теңіз кемелерінің, автокөліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.Мұндай болжам көктемде егісті уақытында егуге, үсіктен, бұршақтан және т.б. қауіпті құбылыстардан сақтануға мүмкіндік туғызады.Ауа райын болжау бүкіл жер бетіндегі метеорологиялық станса бар.Бүкіл дүние жүзінің метеоролог мамандары бірыңғай Гринвич уақытмен бақылау жүргізіледі.

Адам тұрақты қоныстанбайтын полярлық аймақтарда, биік тау шыңында, ашық мұхиттарда өздері бақылау жүргізіп, нәтижелерін өздері хабарлап отыратын автомат стансалар болады.Олар құралдар мен атмосфераның жай күйін, ауаның температурасын, бұлттылықты, жауын шашынды және т.б. өлшеп отырады.

Атмосфераның жай күйі туралы деректер осымен бірге ауа райы кемелерінен, ұшақтардан, зымырандардан, метеорологиялық Жер серіктерінен келіп түседі.

Бақылау нәтижелері әр мемлекеттің ауа райы қызметі мекмесінде жинақталады.Онда келіп түскен әлденеше жүз мың сандық деректер электронды есептеу машиналарының көмегімен қорытылады.Соның негізінде ауа райы карталары жасалады.Ондай карталарда шарты белгілермен және цифрлармен ауа райының белгілі бір кезеңдегі жай күйі көрсетіледі.

Бұл айтылғандардан картаға ауа массалары, атмосфера қысымы облыстары , жауын шашын және басқалары түсіріледі.Бір тәулікке осындайкаралардың төртеуі жасалады.Оларды бір бірімен слыстыру арқылы салқын немесе жылы ауаның қалай қарай және қандай жылдамдықпен ауысып бара жатқаны анықталады. Соның негізінде қандай температура күтуге болатыны, желдің қай бағытта қандай күшпен соғатыны , жаңбыр немесе қар жаууы, тұман түсу мүмкіндігі және сол сияқтылар белгіленеді.Мұның бәрі ауа райын болжау картасында белгіленеді.

Ауа райы болжамы радио, теледидар, газеттер арқылы көпшілікке хабарланады.Осымен қатар қауіпті құбылыстар жайындағы арнаулы хабарлар (үсік, боран, қалың тұман, дауыл) түрлі мекемелерге телеграфпен дер кезінде жеткізілуі тиіс.

Таяуда ауа райын жергілікті белгілерге қарап шамамен болжауға да болады.

Алдағы ашық, жазда ыстық, қыста аязды ауа райының белгілері

1.Таңертең аспан шайдай ашық, түске қарай будақ бұлттар көтеріледі.Кешке қарай бұлт тарап кетеді.

2.Күннің шапағы шығарда және батарда сарғыш келеді.

3.Күн батқаннан кейін шөпке шық тұрады.Ол таңға жақын көбейе түседі де, күн шығысымен жоқ болып кетеді.Салқын мезгілде шықтың орнына қырау түседі.

4.Жазда күн желсіз тымық.Таңертең баяу жел өседі де, күндіз біраз күшейеді, түнге қарай қайтадан тынады.

5.Кешке және түнге қарай ойпаң жерлер қыраттарға қарағанда салқынырақ.

6.Жаңбырлы лайсаңнан кейін жел бірте бірте саябырлайды, жауын шашын тоқтайды, бұлт сейіледі.Жазда түнге қарай салқындайды.

7.Ауа қысымы жоғарылайды.

Ауа райы бұзылар алдындағы белгілер

1.Будақ бұлттар кешке қарай тарап кетпей, қайта көбейіп, қалыңдай түседі.

2.Ертеңгі және кешкі қарай тарап кетпей, қайта кәбейіп, қалыңдай түседі.

3.Түнгі және күндізгі температураның айырмасы азаяды.Кешқұрым таңертеңгіге қарағанда жылына түседі.

4.Кешке қарай жел тынбайды, қайта күшейеді.

5.Шық және қырау түспейді.

6.Ойпаң мен қырат жерлердегі ауаның температурасы теңеледі.

7.Күн немесе Ай қораланады.

8.Ауа қысымы төмендейді.

Ауа райын шамамен болжау үшін бұл айтылған белгілердің біреуінің ғана байқалуы жеткіліксіз, олардың көпшілігі сәйкес келуі керек.

Бақылау сұрақтары:

1.Ауа райы деген не?

2.Ауа райы неліктен өзгереді?

3.Ауа массалары деген не?

4.Ауа массаларының қандай түрлері бар?

5.Ауа райын зерттеу не үшін қажет?

6.Ауа райы қалай болжанады?

32- сабақ



Тақырыбы: Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері.Жылу белдеулері.

Жоспар:

1.Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы.

2.Жазғы күн тоқырау.

3.Күзгі күн теңелуі.

4.Қысқы күн тоқырауы.

5.Көктемгі күн теңелуі.

6.Жылу белдеулері.

Сабақтың мақсаты: Жердің Күнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері және жылу белдеулерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы. «Жер Күн жүйесі планетасы» тарауынан Жердің жыл ішіндегі Күнді айнала қозғалысын естеріңе түсіріңдер.Жер білігінің орбита кеңістігіне көлбеулігіне байланысты жыл ішінде күн сәулесінің жер бетіне түсу бұрышы өзгеріп тұратыны білесіңдер.Мектеп алаңында гномонмен жүргізілген бақылау нәтижелері неғұрлым Күн көкжиектен жоғары тұрса, соғұрлым күн сәулелерінің түсу бұрышы үлкейе беретіндігін жәнетүсу уақытының ұзара беретіндігін көрсетеді.Соған орай Күннен келетін жылу мөлшері де өзгереді.Күн сәулелері көлбеу түссе, жер бетін аз жылытады.Бұл Күннен ертеңгілік және кешке қарай келетін жылу мөлшерінің аздығынан айқын көрінеді.Күн сәулесі тіктеу түссе жер бетін көп қыздырады.Мұны түс кезіндкгі жылу мөлшерінен ақ байқауға болады.

Енді Жердің Күнді айнала қозғалысы кезіндегі әр түрлі жағдайларымен танысайық.

2.Жазғы күн тоқырау.Солтүстік жарты шарда күннің ең көп ұзаратын уақыты 22 маусым.Мұан кейін күннің ұзаруы тоқтап, тоқырайды да, енді бірте бірте қысқара бастайды.Сондықтан 22 маусымды жазғы күн тоқырауы дейді.Бұл күні Күннің тас төбеден түсетін орны 23,5 с.е тегі паралель.Ал 66,5 ендіктен солтүстік полюске дейінгі полярлық аймақта тәулік бойы Күн батпайды, полярлық күн болады.Оңтүстік жарты шарда керісінше 66,5 ендіктен оңтүстік полюске дейін Күн шықпайды полярлық түн басып тұрады.Полярлық күн мен полярлық түннің ұзақтығы поляр шеңберінде 1 тәуліктен полюстерде жарты жылға дейін созылады.

3.Күзгі күн теңелуі.Жердің орбита бойынша мұнан әрі қарай қозғалысында солтүстік жарты шар бірте бірте Күнге шалқая түседі, күн қысқара береді, тәулік бойы күн батпайтын аймақ тарыла түседі.Оңтүстік жарты шарда, керісінше, күн ұзара да.Күн шықпайтын полярлық аймақ тарылады.23 қыркүйекте тал түстегі Күн экваторда тас төбеден түседі, солтүстік және оңтүстік жарты шарға Күн жылуы мен жарығы тең бөлінеді, бүкіл планетада күн мен түн теңеледі.Бұл күзгі күннің теңелуі.Енді солтүстік полюсте полярлық күн аяқталып , полярлық түн басталады.Бұдан әрә қыстың ортасына дейін солтүстік жарты шардағы полярлық түн аймағы бірте бірте 66,5 с.е ке дейін кеңейе береді.

4.Қысқы күн тоқырауы.23 қыркүйекте оңтүстік полюсте полярлық түн бітіп, полярлық күн басталады.Солтүстік жарты шарға қарама қарсы Күн батпайтын аймақ бірте бірте 66,5 о.с ке жеткенге дейін кеңейе береді.Мұндай жағдай 22 желтоқсанға дейін созылады.Бұл күні оңтүстік жарты шар үшін күннің ұзаруы, солтүстік жарты шар үшін қысқаруы тоқтайды.Бұл қысқы күн тоқырауы 22 желтоқсанда Жер 22 маусымдағы қарама қарсы жағдайға келеді.Күн 23,5 о.е. паралельдің бойына тас төбеден түседі, 66,5 о.е. оңтүстікке қарай жатқан полюс маңы аймағында, керісінше, Күн батпайды.

Полярлық күн мен полярлық түннің полюс жағынан таралуын шектейтін 66,5 ендік паралелі полярлық шеңбер деп аталады.

5.Көктемгі күн теңелуі.Бұдан әрі солтүстік жарты шарда күн ұзарып, оңтүстік жарты шарда қысқара береді.21 наурызда бүкіл планетада күн мен түн қайтадан теңеледі.Күн тал түсте экваторда қақ төбеден түседі.Солтүстік полюсте полярлық күн, оңтүстік полюсте полярлық түн басталады.

6.Жылу белдеулері.Күн тал түсте дәл төбеден түсетін аймақ солтүстік және оңтүстік жарты шарларда 23,5 ендікке дейін баратынын байқадық.Бұл ендіктегі паралельдер солтүстік тропик және оңтүстік тропик деп аталады.

Полярлық күн мен полярлық түн солтүстік және оңтүстік поляр шеңберлерінен басталады.Олар 66,5с.е.пен 66,5 о.е. өтеді.Бұл айтылған сызықтар Жер шарындағы Күннің сәулесі түсетін, жылу мөлшері бір бірінен айырма жасайтын белдеулерді бір бірінен айырып, бөліп тұрады.

Жер шарында 5 жылу белдеулері бар, олар 1 ыстық, 2 қоңыржай және 2суық белдеу болып ажыратылады.

Солтүстік және оңтүстік тропиктердің аралығы ыстық белдеуге жатады.Бұл белдеуге жыл бойы Күн нұры бәрінен де көп түседі де, жылу көп келеді.Бүкіл жыл бойы күн ыстық болады, еш уақытта күн суытып, қар жаумайды.

Солтүстік тропиктен солтүстік поляр шеңберіне дейін солтүстік қоңыржай белдеу, оңтүстік тропиктен оңтүстік қоңыржай белдеу орналасқан.

Қоңыржай белдеулер Күн нұры түсу уақыты мен жылудың таралуы жөнінен ыстық белдеу мен суық белдеудің аралығындағы өтпелі жағдайда болады.Белдеуде жылдың 4 мезгілі айқын көрінеді.Күн ұзақ және тіктеу түсетіндіктен, жазы ыстық.Қыста күн көкжиектен онша биік көтерілмейді де, күн нұрының түсу уақыты да аз болады, сондықтан бұл мезгіл суық, аязды болып келеді.

Әрбір жарты шардағы поляр шеңберінен полюстерге дейін солтүстік және оңтүстік суық белдеулер жайғасқан.Бұл белдеулерге қыста бірнеше ай бойы (полюстерде 6 айға дейін) күн нұры түспейді.Жаздың өзінде Күн көкжиекке түсетіндіктен, жер бетін онша жылытып үлгермейді.Сондықтан қыс қақаған суық, жаздың өзінде жердегі қар мен еріп үлгермейді.



Бақылау сұрақтары:

1.Теллуриді немесе глобус пен шамды пайдаланып, жазғы және қысқы күн тоқырау, көктемгі және күзгі күн теңелу кездерінде Жерге күн сәулелерінің қалай таралатынын байқаңдар?

2.Глобус бойынша Қазақстан қандай жылу белдеуінде жатқанын анықтаңдар?

3.Дәптерлеріңе Жер шарының жылу белдеулерінің сызбанұсқасын салыңдар?

4.Егер Жердің білігі орбита кеңістігінде 60 бұрыш жасап қиылысса, полюстік шеңберлер мен тропиктер қандай ендіктер арқылы өтер еді?

33- сабақ



Тақырыбы: Климат

Жоспар:

1.Климат дегеніміз не?

2.Климаттың ендікке байланыстылығы

3.Климатқа мұхит пен теңіздің әсері

4.Климатқа жер бедерінің әсері

5.Климатқа адамның әсері

6.Жердің климаттық белдеулері

Сабақтың мақсаты: Климат элементтерін және ендікке байланыстылығын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Климат – грекше «еңкіш» деген сөз .Ауа райы және климат деген түсініктер бір-бірімен тығыз байланысты. Кез келген жердің климат жағдайларын оның ауа райының сипатты ерекшеліктері көрініп тұрады. Климат атмосфера қысымы, температура, жауын-шашын, жел, бұлттылық , ылғалдылық және басқа көрсеткіштер мен сипатталады. Олар климат элементтері д.а.



2.Климаттың ендікке байланыстылығы. Жер бетінің климаты алуан түрлі. Айталық, экватор маңының халқы қар жауу, суық түсу дегенді білмейді. Климаты жыл бойы ыстық ,ылғалды. Оған керінше, полярлық аймақтарда жыл бойы қар жатады. Қысы өте суық , жазы да салқын.

Климат түрлі түрлі болуы бірнеше себептерге байланысты.

Жердің пішіні шар тәріздес болғандықтан, оған күн сәулесінің түсу бұрышы ендікке байланысты өзггеретінбілеміз. Түрлі ендіктерде Күннің көкжиектен әртүрлі көтерілуі және түсу уақытының өзгеруі одан келетін жылу мөлшерінің әртүрлілігін тудырады. Бұл өзгеріс Жер шарын жылу белдеулеріне бөлуге негіз етіп алған . Жылу белдеулері бір-бірінен температура мөлшеріне байланысты ерекшеленеді.

3.Климатқа мұхит пен теңіздің әсері. Текқана ендікке, яғни Күннің түсу бұрышына байланысты болған жағдайда әрбір жылу белдеуінің бойында біркелкі климат орын алар еді. Шынында олай емес. Бірғана қоңыржай белдеуді алып қарайық . Белдеудің атлант мұхиты жағалауында қыс жылы, жаз қоңыржай салқын, жауын – шашын көп түседі. Құрлықтың орталық бөлігінің климаты құрғақ , қысы суық , жазы ыстық , бұл климатқа мұхиттар мен теңіздердің үлкен әсері бар екендігін көрсетеді . Осыған сәйкес климат теңіздік және континенттік болып бөлінеді.



Теңіздік климат ауа температурасының тәуліктік және жылдық амплитудасы аз, ылғалды жауын- шашынды, бұлтты және тұманды ауа райының басым болуымен ерекшеленеді. Ұлыбританиа аралдарының климаты осындай.

Континенттік климат жағдайында ауа температурасының жылдық және тәуліктік амплитудасы өте үлкен болады, жауын-шашын аз түседі. Оған материктің ішкі климаты жатады.

Мұхиттан алыстап материктің түпкіріне қарай барған сайын климаттың континенттік белгілері арта түседі.

4.Климатқа жер бедерінің әсері. Сендер биік тау басындағы қардың жаздада ерімейтінін білесіңдер. Біздің еліміздегі Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы , Алтай тауларының басын мәңгі қар мен мұз басқан. Тіпті экватор маңындағы таулардың басында да қар жатады.

Биіктеген сайын таулардағы ауа температурасының төмендей беретіндігі белгілі. Тау беткейі мен жоғары көтерілген ауа салқындап, су тамшыларын бөледі. Содан бұлт үйіріліп, жауын-шашын жауады. Жауын-шашын мөлшері биіктеген сайын арта түседі . Тауға көтерілген сайын атмосфера қысымы төмендей түседі. Бір сөзбен аитқанда , климат тау беткейінде биіктік бойынша өзгереді. Таулы өлкеде ерекше тау климаты түзіледі.

Қара теңіз бен Каспий теңізінің аралығында батыстан шығысқа қарай Кавказ тауы созылып жатыр. Оның биік жотасы қыста солтүстіктен келетін суық ауаны тосып қалады. Сондықтан Кавказды солтүстікте қыс едәуір суық, оңтүстікте жылы болады.

Сарыарқаның таулары аласа келеді, биіктіктері 1000-1500 м шамасында. Дегенмен осы аласа таулардың өзінің климаты маңайындағы жазықтықтардан өзгеше, яғни жауын- шашын көбірек , жазғы температура біраз төмен.

5.Климатқа адамның әсері. Климатқа адамның шаруашылық әрекеті едәуір дәрежеде ықпал етеді. Орманды кесіп азайту жергілікті жер климатының құрғауына апарып соғады. Ал қолдан жасалған орасан зор су қоймалары ылғалды көбейтіп, климаттың континенттік дәрежесін бәсеңдетеді.

Дүние жүзі елдері барған сайын әр түрлі мқсаттарда отынды көп жағуда . Соның натижесінде атмосфера көмірқышқыл газының мөлшері артып бара жатқандығы байқалады. Ғалымдардың шамалауынша, бүкіл жер шарының орташа температурасы ХІХ ғ. Соңынан бері 0,5 С шамасына жоғрылаған. Егер атмосфераның жер бетіне тайау қабатының орташа температурасы 1-2 С-қа артса, Антарктида мен Гренландианың мұз сауыты ери бастауы деген болжам бар. Ондай жағдайда әлемдік мұхиттың көтеріліп. Материктің жағалық ойпаттарын су басады.

Климаттың өзгерісі адамның денсаулығына және шаруашылық әрекетіне қолайсыз әсерін тигізетіні анықталды. Сондықтан қазіргі кезде адамзаттың алдына атмосфераны сақтау, климаттың жағымсыз өзгерістеріне жол бермеу мәселесі қойылып отыр.

6. Жердің климаттық белдеулері. Күннің жарығы мен жылуының тарлуына қарай бөлінетін жылу белдеулері климаттың бірғана элементі- температураның таралу еркшеліктерін ғана көрсетеді. Климаттың жан-жақты сипатына байланысты климат типтері бөлінеді. Оларда Жер шарында белдеулер түрінде таралады. Әр жарты шарда 4 негізгі, 3 өтпелі климат ажыратылады.

Климаттық белдеулер ауа мссаларының таралуына қарай белгіленеді . Әр жарты шардың негізгі ауа массаларына негізгі клдиматтық белдеулер сәйкес келеді. Олар экваторлық, Солт. жане Оңт. жарты шардағы тропиктік, қоңыржай жане полярлық климттық белдеулер.

Экваторлық климат белдеуінде жыл боиы экваторлық ауа басым болады.Бұл белдеуде зжыл бойы ауа температурасы тұрақты. Жылдық жауын-шашын мгөлшері 3000 мм-ге дейін барады. Жауәын шашын булану мөлшерінен артық .

Тропиктік климат белдеуі Солт. жане Оңт. жарты шарларда тұрақталған. Құрлық пен мұхит үстіндегі атмосфера жағдайлары өзгеше. Құрлық үстінде құрғақ, континенттік тропиктік климат қалыптасады. Жылдық жауын- шашынның мөлшері 100-200 мм. Жазы өте ыстық . Шілденің орташа температурасы +35 С, +40 С. Қысы қоңыр салқын. Қаңтарының орташа температурасы +10 С +15С . Мұхиттық тропиктік климат экваторлық климатқа ұқсас келеді .

Қоңыржай белдеудің климаты негізінен қоңыржай ауап масаларының әсерінен қалыптасады. Бұл белдеуді жазы қоңыржай жылы , қысы суық . Жылдық жауаын –шашын материктің ішкі бөлігінде 100 мм-ден теңіз жағалауында 1000 мм-ге дейін. Қоңыржай теңіздік және қоңыржай континенттік климат түрлері ажыратылады.



Полярлық климт белдеуі 70 с.е-тен солтүстікке 65 о.е-тен оңтүстікке қарай орын алады. Климатқа жыл бойы полярлық ауа массаларының әсері тиеді. Жазы салқын орташа температурасы 0 С-тан көтерілмейді. Қысы суық. . Жауын шашын аз түседі , булану жоқтың қасы. Сондықтан жер бетін мұз бен қар басып жатады.

Негізгі климат белдеулерінің арасын өтпелі климаттық белдеулер бөліп жатады. Олар субэкваторлық , субтропиктік жане субплярлық д.а. Бұл өтпелі белдеулерде ауа массалары жыл маусымдары бойынша ауысып отырады. Әт түрлі белдеуг жазда экваторлық жағындағы , қыста полюс жағындағы ауа массалар таралады. Климат жағдайлар соған сайкес өзгеріске ұшырайды.



Бақылау сұрақтары:

1. Климат деген не?

2. Климат элементтеріне нелер жатады?

3.Климаттың географиалық ендіктермен қандай байланысы бар

4. Климатқа мұхиттар мен теңіздердің әсері неден байқалады ?

5. Континенттік және теңіздік климаттың айырмасы неде ?

6. Климатқа жер бедерінің әсері қандай ?

7. Атмосфера мен климатқа адамның шаруашылық әрекеттерінің қандай әсері бар ?

Гидросфера
34- сабақ

Тақырыбы: Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы және оның бөліктері

Жоспар:

1. Жердегі су.

2. Табиғаттағы су айналымы.Кіші және үлкен су айналымдары.

3.Дүние жүзілік мұхит.

4. Мұхит бөліктері

Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы су айналымын және дүниежүзілік мұхиттың бөліктерін қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Жердегі су.Күн жүйесі планеталарының ішінде тек Жерде ғана су сұйық күйде таралған.Мәселен,Шолпанда су тек қана газ күйде,ал Марста тек қана мұз түрінде кездеседі екен.

Жер бетіндегі су гидросфераны құрайды.Оған мұхиттар мен теңіздер,көлдер мен өзендер,бөгендер мен мұздықтар,жер асты сулары мен атмосферадағы ылғал жатады.

Гидросферадағы барлық судың мөлщері щамамен 1,6 млрд км3.Оның 96,5%-ы мұхиттар мен теңіздердегі тұзды су; 1,7%-ы жер асты сулары; 0,06%-ы өзен,көл,батпақ,атмосферадағы су болып табылады.Тұщы судың үлесіне 2,5%тиеді.

Тұщы су барлық тіршіліктің негізі.Оны адам баласы өнеркәсіпте,ауыл шаруашылығында,күнделікті тұрмыста пайдаланады.

Жер бетіндегі тіршілік үшін гидросфераның маңызы өте зор.Су қабығы қоршап жатқандықтан,біздің планетамыздың климаты адам тіршілігіне қолаилы.

Табиғатта су баяу жылынып,баяу суынады.Мұхиттар мен теңіздердің суы жаз бойы күн сәулесінен мол жылу жинайды да,қыста планетамыздың ауасын жылытады.

2.Табиғаттағы су айналымы.Кіші және үлкен су айналымдары.

Күн сәулесінің әсерінен мұхиттар мен теңіздер бетінен жыл сайын 450 мың км3 мөлшерінде су буланады.Жоғарыда көтерілген су булары салқындап,бұлт түзеді.Оларды жел ылғи бір жерден екінші жерге айдап алып барады.Бұлттардан мұхитқа да, құрлыққа да жауын-шашын жауады.Мұхит кіші су айналымы дейді.Құрлық бетіне жауған жауын-шашынның бір бөлігі буға айналып,қайтадан атмосфераға көтеріледі,ал екінші бір бөлігі өзенге,көлге барып қосылады,жерге сіңеді,сол сияқты мұздықтарды да қалыңдата түседі.Үлкенді-кішілі көптеген өзендер құрлық бетімен ағып барып мұхитқа құяды.Жерге сіңген су да жер астымен ағып,мұхитқа қосылады.Мұны үлкен су айналымы дейді.

Сөйтіп мұхиттарға,атмосферадағы,өзендердегі,көлдердегі,мұздықтардағы,жер астындағы сулар үнемі айналымда болып тұрады.

Сонымен қатар жанартау атқылауының нәтижесінде гидросферадағы су мөлшері үнемі артады.4 млрд жыл бұрын жер бетіндегі судың көлемі қазіргіден 70 есе аз еді.Ал болашақта судың көлемі көбеюге тиісті,өйткені мантияда 20 млрд км3 су бар.Ол қазіргі гидросферадағы судан әлденеше есе көп.

Сонымен,судың мұхитқа құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысу процесін дүние жүзілік су айналымы деп атайды.

Табиғаттағы су айналымының маңызы өте зор.Ол гидросфераның жеке бөліктерін біріктіріп қана қоймайды,сонымен бірге гидросфераны,литосфераны,атмосфера мен тірі организмдерді бір-бірімен өзара байланыстырады.

3.Дүние жүзілік мұхит. Глобусты алып қарасақ,жер шарының көпшілік бөлігін су басып жатқанын көреміз.Ол дүние жүзілік мұхит деп аталады.Дүние жүзілік мұхиттың үлесіне бүкіл Жер бетінің ¾ бөлігі немесе 361 млн км 2 тиеді.

Дүниежүзілік мұхит бөлек-бөлек аттары бар жаке мұхиитардан тұрады,бірақ олардың бәрі бір-біріне жалғасып жатыр.

Дүниедүзілік мұхиттың кез келген нүктесінен келесі нүктесіне құрлыққа аяқ баспай жетуге болады ( жарты шарлар картасынан байқап көріңдер ).

Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан құрлық жер материктер немесе континенттер деп аталады. Дүние жүзінде алты материк бар. Олар: Еуразия, Африка,Солтүстік Америка,Оңтүстік Амрика,Аустралия және Антарктида.

Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады ( картадан Гренландия,Мадагаскар,Исландия аралдарын т абыңдар).

Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғынып кіріп жатқан бөлігін түбек дап атайды ( картадан Апенин және Лабрадор түбектерін табыңдар ).

Дүниежүзілік мұхит төр бөліктен тұрады.

Тынық мұхит- Жер шарындығы ең үлкен ( 180 млн км2 ) әрі ең терең мұхит.Көлемі жағынан қалған үш мұхитқа парапар.1520-1521 жылдары Ф.Магелан дүние жүзін айналу саяхаты кезінде осы мұхитты алғаш рет жүзіп өтті. Жүзу кезінде ешқандай дауылға ұшырамағандықтан,саяхатшылар оған «Тынық мұхит » деген ат берді. Тынық мұхит Солтүстік және Оңтүстік Американың батыс жағалауынан бастап Еуразияның шығыс бөлігіне және Аустралия мен Антарктидаға дейінгі аумақты алып жатыр.

Тынық мұхитта бүкіл дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері- Мариан шұңғымасы бар,оның тереңдігі 11022 м.

Атлант мұхиты Тынық мұхитынан екі есе кіші (92 млн км2). Солтүстік және Оңтүстік Американың шығысынан бастап Еуразия мен Африканың батысына және Антарктидаға дейін барады.

Ол солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып кетеді.Атлант мұхиты арқылы батыс және шығыс жарты шарда орналасқан елдерді бір-бірімен жалғастыратын аса маңызды кеме жолдары өтеді. Мұхиттың өн бойы кеме қатнастарына игерілген.

Үнді мұхиты Оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (75 млн км 2 ). Бұл- ең жылы мұхит (жарты шарлар картасынан Үнді мұхитының қандай материктің аралығында жатқанын анықтаңдар). Үнді мұхиты судың таза, көгілдірлігімен де ерекше көзге түседі. Өйткні оның оңтүстік бөлігіне құятын өзен аз.

Солтүстік Мұзды мұхит – мұхиттардың ішіндегі ең шағыны (14 млн км2). Ол Солтүстік Америка және Еуразия жағалауларымен шектеледі. Оның көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады. Солтүстік Мұзды мұхиттың тағы бір ерекшелігі – ол басқа мұхиттарға қарағанда таяз болып келеді. Материктердің шеті мұхит түбіне өтетін жарінде тереңдік 200 м-ден аспайды.Ол әсіресе Еуразия жағалауында жалпеқ өңір құрайды. Мұхитта ірі аралдар көп.

4.Мұхит бөліктері. Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады. Теңіз – мұхиттың суының қасиеті мен жануарлар дүниесі жөнінен оқшауланып тұратын бөлігі. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхитта да кездеседі (мысалы, Соргасс теңізі, Фиджи теңізі). Әдетте, теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су астындағы жоталар бөліп тұрады.

Материкке сұғына еніп жататын теңізді ішкі теңіздер деп атайды (мысалы, Қара теңіз, Жерорта тнңізі. Олар қай мұхиттың бөліктері болып табылады ?). Материктердің маңында орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер дейді. Шеткі теңіздерге – Еуразия жағалауындағы Баренц , Кара , Лаптервер , Жапон , Охот , Шығыс Қытай және т.б. теңіздер жатады.

Шығанақ – мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан шағын бөлігі. Атлант мұхиты Солтүстік Америка жағалауындағы Гудзон , Максика шығанақтарын, ал Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстігіндегі Парсы шығанағын құрайды.

Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері бір бірімен бұғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалары қысып шектеп тұрған енсіз су айдыны. Бұғаздардың ені әр түрлі. Ені ең кең (950км) және терең (5248 м) бұғаз – Дрейк бұғазы; ал ең ұзыны (1670 км) – Мозамбик бұғазы .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет