Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл


Елдердің экономикалық-экологиялық типтері



бет21/24
Дата24.02.2016
өлшемі2.27 Mb.
#14824
түріСеминар
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

4. Елдердің экономикалық-экологиялық типтері.Шаруашылықтың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мақсатында өндірістің аумақтық-салалық құрылымын өзгерту, жаңа технологиялық енгізу, қалдықтарды өңдеу мен залалсыздандыру шаоалары жүргізілуі қажет. Экономикалық даму деңгейінің әр түрлі болуы елдердің экологиялық проблемаларды шешу мүмкіндігін де түрліше етеді. Іс жүзінде едің экологиялық саясатының нақты экономикалық жағдайға тәуелді болатыны белгілі.

Осы уақытқа дейін табиғи байлықты өте ысырапсыз пайдаланудың салдарынан табиғаттың тепе-теңдігі бұзылады. Әсіресе біздің республикамыз экологиялық аптатты аймақ болып табылатындықтан ғаламдық тұрғыдағы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, табиғаттың тепе-теңдігін сақтау мақсатымен бағдарлама жасау керек.

Жалпы, дүниежүзілік шаруашылықтың қоршаған ортаға тікелей әсер етуінен болатын шығын әлемдік ЖІӨ нің 5-8 0/0 құраса, табиғатты қорғау мен қалпына келтіруге бөлінетін қаржы әлемдік ЖІӨ нің бар болғаны 10/0 ғана құрйды. Әрине бұл көрсеткіш елдер бойынша алшақтық жасайды. Бұл Б.Н.Зимин ұсынған елдердің

экономикалық-экологиялық топтамасынан айқын:



  1. экономикалық дамуы өте төмен деңгейдегі мешеу елдер; мұнда «экологияландыру» ұғымын елде жұмыс істейтін шетелдік кәсіпкерлер есебінен жүргізілетін табиғат қорғау шараларымен ғана байланыстыруға болады. Экологиялық талаптарды орындауға шақыру жергілікті тұрғындар тарапынан қарсылық табуда;

  2. даму деңгейі төмен елдер; мұнда табиғат қорғау шаралары шетелдіктер көмегімен ғана жүзеге асады. Экологияға қарсылық ресми тұрғыда емес, жекелеген аудандардағы наразылық түрінде көрінеді. Бұл топтағы елдер экологиялық шараларға, әдетте ЖҰӨ-нің 0,40/0 ғана жұмсайды;

  3. экономикалық даму деңгейі орташа елдер табиғатты қорғау мен ресурстар байлығын сақтауға қатысты әрекетті қаржыландыруға ЖҰӨ-нің 0,5-1,30/0 –ын бөледі.Экологиякалықшаралар қоршаған ортаға аса қауіпті өндіріс салаларына қатысты ғана жүзеге асырылады;

  4. Экономикалық даму деңгейі жоғары елдер;ЖҰӨ-нің жан басына шаққандағы көрсеткіші орташа 6000 АҚШ долларына тең болатын бұл елдерде экологиялық шарларды қаржыландыру жүргізіледі, бірақ ластану ластану көздерін мүлде жою қымбатқа түсетіндіктен экологиялық проблемалар толығымен шешілмеген;

  5. экономикалық даму деңгейі өте жоғары елдердің өндірісті түгелдей дерлік экологиялық тиімді жаңа технологияларға көшіруге, ластану көздерін залалсыздандыру қаржысы жетеді. Бұл топтағы елдер зиянды кәсіпорындарды дамушы елдер аумағына көшіруде, мұның өзі дүние жүзіндегі экологиялық жағдайы одан әрі нашарлатуда;

  6. табиғатты қорғау мен ресурс байлықтарын сақтаушы технологияларды енгізудің озық тәжірибесі бар елдер қалдықсыз технолгияға толығымен көшкен. Швейцария тәрізді кішігірім елде мүмкін болған бұл тәжірибе шаруашылық құрылымы өте күрделі елдерде қолданыс таба алмайды.

5. Жаңа геоэкологиялық стратегия.Экологиялық апаттың алдын алуға бағытталған шаралары жүзеге асыру табиғатты тиімді пайдалану үрдісінде жаңа көзқарасты талап етеді. Жоғары дамыған елдердің ХХ ғ. 70-жылдарынан бастап ресурс байлықтарын сақтаушы технологияларға көшуі шикізат бағасының артуына және экологиялық талаптардың күшейтілуіне алып келді. Көптеген ғалымдар дамушы елдер жағдайында «батыстық үлгіні» қаз-қалпында енгізу мүмкін еместігін айтады. Бұл елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің әр түрлі болуымен және тұрғын халықтың өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіріледі.Сондықтан дамушы елдердің өзіндік экологиялық саясатының балама жолдарын қарастыруы сөзсіз.

Ресурс сақтаушы және қалдықсыз технологияларды дамушы елдерде жаппай енгізу шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымын түбегейлі өзгертпейінше мүмкін емес. Бұл ақыр соңында еңбек өнімділігінің артуына, өндірістің экологиялық қауіптілігін азайтуға себепші болар еді.

Шаруашылық құрылымын қайта құру байырғы өнеркәсіптік аудандардың мамандану бағыты мен жаңа аудандардың игерілу сипатын өзгертіп, еркін экономикалық аудандардың қалыптасуына, технополистер мен басқа да ғылыми-өндірістік бірлестіктердің пайда болуына апарып соқты. Индустриялық кезеңде басым болған жаппай өндірістің орнын ендігі жерді әр түрлі және сапалы өнімдер жасауға бағдарланған өндіріс алмастыра бастады. Бұл өз кезегінде, алдыңғы қатарлы құрал-жабдық пен өндірісті ұйымдастырудың жаңа үлгілерін пайдалануды қажет етеді. Соның нәтижесінде жаңа индустриялы елдер жетекші дамушы елдерге «экспорттық өндіріс зоналары»қалыптасып дамуда.

Шаруашылықтың құрылымыың түбегейлі өзгеруі қызмет көрсету саласының үлесінің күрт артуына жағдай жасады. Бұл салада жұмыс істейтіндер саны жылдан жылға өндірістен қысқарған жұмыс күші есебінен де өсуде.Әсіресе халықаралық туризмнің бірқатар елдерде жедел қарқынмен дамуы халықтың әлеуметтік жағдайларының жақсаруына, жергілікті жердегі көлік қатынасы мен туристерге қызмет көрсету сапасының артуына алып келді.

6.Тұрақты даму консепциясы.Адамзат өркениеті дамуының материалдық

негізі болып табылатын дүниежүзілік шарушылық қоршаған ортаға зиянды ықпалының ауқымы, ең алдымен, экономикалық даму деңгейімен анықталады.Соңғы онжылдықтырда дамушы елдердің басым көпшілігі қарқынды даму үстінде, бұл өз кезегінде адамзаттың табиғи ортаға әсерін күшейте түсуде. Қазіргі дүние жүзі қауымдастығы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бірлесе шешу қажеттілігін түсінді деуге болады.

БҰҰ-ның 1992 ж Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және даму жөніндегі Дүниежүзіндегі конференциясынды тұрақты даму концепциясы қабылдаған болатын. Бұл тұжырымдама табиғат пен қоғамның өзара үйлесім кездейді, мұндай жағдайда адамзаттың қазіргі сұраныстарын өтеу болашақ ұрпақтардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін шектемейтіндей

болуы қажет. Тұрақты даму концепциясының негізгі тұжырымдары мынадай:

1)адамдар табиғатпен үйлесімді түрде, экологиялық сауаттылық пен салауатты өмір сүру құқығына ие болуы керек;

2)қоршаған ортаны қорғау қоғамның даму үрдісінің ажырамас бөлігіне айналуы қажет, сондықтан оны жеке қарастыру мүмкін емес;

3) қоршаған ортаны жақсарту мен сақтау қажеттілігін қазіргі ғана емес, болашақ ұрпақтың алдына қойылатын мақсаты ретінде қарастыру керек;

4)елдердің даму деңгейлері арасындағы алшақтықты азайту және кедейлік пен қайыршылыықты жою;

5)елдер тұрақты дамуға қол жеткізу үшін өндіріс пен тұтынудың осы мақсатқа кедергі келтіретін мәселелерін мүлде пайдаланбауы немесе шектеуі қажет.

Сонымен тұрақты даму концепциясы өзара тығыз байланысқан 3 құрамдас бөліктің: экожүйелерді пайдалану, тиімді экономика, әділетті қоғамның басын біріктіреді. Ал тұрақтылық принциптері табиғат, экономика және әлеуметтік элементтерді біртұтас жүйе ретінде қарастырад. Географияны тұрақты даму концепциясына қатысты аталған бөліктердің кеңістік таралу заңдылықтарын зерттеумен анықталады. Олардың кеңістік ұйымдасу сипаты өзіндік заңдылықтары және аумақтық айырмашылықтары бар табиғи-аумақтық кешендер түрінде болады. Сондықтан тұрақты даму концепциясын елдердің экология саласында ғана емес, халықаралық қарым-қатынастар жүйесіндегі бағыт-бағдарын да анықтайтын құжат деуге болады.



Бақылау сұрақтары:

1.Ғаламдық экологиялық проблемалар деген не?Неге олар ғаламдық сипат алда?

2.Қоршаған ортаның ластануы қандай экологиялық апаттарға себеп болуы мүмкін?

3.Озон қабатының жұқаруы әсерінен адам денсаулығына қандай зиян келеді?

4.Жоғары дамыған елдердегі экологиялық проблемалардың басты белгілері қандай, неге олар бұл проблемаларды дер кезінде шеше алмайды ?

5.Экономикалық деңгейі төмен елдерде қандай экологиялық проблемалар белең алуы мүмкін?

6.Қазақстанда шешімін таппаған қандай экологиялық проблемалар бар?

7.Ша.руашылықтың аумақтық және салалық құрылымына экологияландыру қалай ықпал етеді?

8.Қазақстанда экологиялық зиянды өндірістер қатарына қандай салалардың кәсіпорындарын жатқызуға болады?

9.Дүние жүзі елдерін қандай экологиялық-экономикалық топтарға бөледі?

10.Қазақстан қай экологиялық-экономикалық топқа жатады?

11.Жаңа геоэкологиялық стратегияның мәнін түсіндір.

12.Тұрақты даму концепциясының мәнісі неде ?
248 -сабақ

Тақырыбы:Энергетика және шикізат проблемалары

Жоспар:

1. Шикізат қорының шектеулігі

2.Энергетикалық проблема

3.Шикізат тапшылығын жою



Сабақтың мақсаты: Энергетика және шикізат проблемаларын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1. Шикізат қорының шектеулігі.Адамзат қоғамының даму тарихы – бұл, ең алдымен, алуан түрлі ресурстарды пайдалану тарихы. Табиғат қоғам дамуының барлық кезеңдеріеде адамның мекен ортасы болумен қатар, оны тіршілігі мен шаруашылық әрекетіне қадетті ресурстармен қаматамасыз ететін шикізат көзі болып келеді. Адамзаттың шикізатты пайдалану ауқымы мен деңгйі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерімен анықталады, яғни шикізат түрлеріне сұраныс жер шарында халық санының өсуімен,өндірістің қарқынды даму мен байланысты жылдан-жылға арта түсуде. Мысалы, соңғы ХХ ғ ішінде жер қойнауынан адамзаттың бүкіл тарихында өндіргенін әлдеқайда көп пайдалы қазбалар алынған. Тек соңғы жүз жылдың өзінде ғана қазба отын түрлерін тұтыну мөлшері 30 есеге жуық артқан. Қазірде адамзаттың жыл өткен сайын артып келе жатқан сұранысын өтеу үшін бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп шикізат қажет. Мұның өзі шикізат пен энергетика проблемасын ауқымы жағынан ғаламдық проблемалар қатарына жатқызуға себепші болып отыр.

Қазірде аса маңызды энергетикалық және минералды шикізат түрлерінің қоры шектеулі екендігі белгілі.

2.Энергетикалық проблема.Энергетикалық ресурстар өндірісінің монополялануы, тұтыну салаларының қарқында дамуы энергетикалық шикізаттың тапшылығына және олардың бағасының күрт артуына себепші болуда. Шикізат түрлерін өндіру және тасымалдау барысында экологиялық талаптарды орындау қажеттілігі энергетикалық проблеманы ушықтырды. Бастапқы энергетикалық ресурстар қатарына жататын мұнай , табиғи газ, көмір, жанғыш тақтатастар, шымтезек, ағаш, су ресурстары қорының шектеулі болуы қалпына келетін не сарқылмайтын балама ресурс түрлерін пайдалануды жеделдетті.

Қазірде дүние жүзінің 40 елінде АЭС бар немесе салынып жатыр, олардағы блоктардың саны 445-ке жетеді.Олардың үлесіне дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының 170/0тиесілі. Кей елдерде АЭС-тердің электр энергиясы өндірісіндегі үлесі басқа энергия көздерімен салыстырғанда басым болды.Мысалы,Францияда 770/0-ға, Литвада 830/0 тең.Осыған қарамастан көп елдерде АЭС салуға қарсы қоғамдық қозғалыстар жұмыс істейді.Олар атом электр станцияларындағы ақаулардың жойқын экологиялық апатқа соқтыру жағын және радиоактивті қалдықтарды қоршаған ортаға зиян келмейтіндей жағдайда жүздеген жылдар бойы сақтауға мүмкіндік беретін қоймалардың жоқтығын алға тартуда.

Балама энергетикалық ресурстарды пйдаланып жұмыс істейтін станциялардың болашағы зор.Бұл олардың қорының қалпыга келу мүмкіндігімен немесе мүлде сарқылмауымен, қоршаған ортаға зиянды әсерінің аздығымен түсіндіріледі. Бірақ мұндай құрылыстарды салу салыстырмалы түрде қымбатқа түсетіндік тен онша кең тарламаған.

3.Шикізат тапшылығын жою.Өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған елдердің шикізат түрлеріне сұранысы дамушы елдер есебінен қамтамамыз етіледі.Маңызды шикізат түрлерінің барлығын дерлік сырттан әкелетін Жапонияны былай қойғанда, салыстырмалы түрде энергетикалық және минералды шикізат түрлеріне бай АҚШ-тың өзі темір кенінің 1/3-ін, бокситтің 900/0 сырттан алады.

Шикізат қорының азаюы геологиялық барлау жұмыстарының кең ауқымда жүргізіле бастауына себепші болды.Соның нәтижесінде Дүниежүзілік мұхит түбінен темірдің , марганец пен мыстың,кобальттың ірі кен орындары табылған.Ал көптеген елдер мұнай мен газды теңіз қайраңдарынан 5-6 км тереңдікте өндіруді үйренді.Соған қарамастан дамушы елдердің жер қойнуында әлі анықталмағаг шикізат түрлері болуы мүмкін.

Шикізат тапшылығы проблемасын шешу үшін қазірде жаңа кен орындарын игерумен қатар, шикізат түрлерін жасанды жаңа материалдармен алмастыру, метал сынықтарын қайта қорытып, пайдалану, қағаз қиқымдарын екінші рет өңдеу сияқты шаралар пайдаланылуда.Мысалы, қазірде өндірісте пайдаланылатын металдардың 300/0 аса қайта қорытылған металл сынықтары болып табылады.

Сонымен шикізат қорының шектеулілігіне, неғұрлым арзан пайдалы қазбалардың болашақта сарқылатындығына байланысты шикізат пен энергияны үнемдеу, ресурс сақтаушы технологияларды көп пайдалану қажеттігі туады.

Бақылау сұрақтары:

1.Шикізат проблемасының пайда болуына қандай факторлар әсер етеді?

2.Неге кей елдерде энергетикалық және шикізат проблемасы болса да, ол ғаламдық сипат алып отыр?

3.Қазақстанда шикізат тапшылығы бар ма?

4.Біздің елімізде балама энергетика қорларын игеру жүзеге асырылды ма?

5. Қосымша деректер пайдаланып, ҚР-ны энергетикалық және шикізат проблемасын шешу жолдарын қарастыр.



11.ОБТӨЖ мәтіндерінің жоспары.



Р/с



ОБТӨЖ тақырыптары


Сағат саны




Бақылау түрі


Әдебиеттер

І-семестр

1

Географияның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


2

Жер - Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,7

3

Тұрған жерді және жүру бағытын компаспен анықтау

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


4

Айнала нысаналау әдісі

1


Тестілік

сауалнама



1,2,3,4,5,6,

7,8


5

Жер бетін жазықтыққа жазып бейнелеу әдістерінің көп түрлілігі

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


6

Карталардың мазмұнын қарай жіктелуі

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


7

План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары

1


ЛЖ.

1,2,3,4,5,6,

7,8


8

Жердің сыртқы құрылысы. Жер қабықтары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


9

Тау жыныстары және минералдар

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


10

Жанартау лардың пайда болуы және құрылысы

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


11

Қатпарлы және қатпарлы – жақпарлы таулар

1


Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


12

М Мұхит түбін зерттеу.

1


Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


13

Атмосфераны зерттеу жолдары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


14

Ауа температурасының жылдық өзгерісі.Көп жылдық орташа температура

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


15

Бұлт және оның түрлері

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


16

Желдің жылдамдығы мен бағытын анықтау

1


Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,7

17

Жерге келетін жарық пен жылу мөлшерінің Күннің көкжиектен биіктігіне және түсу уақытының ұзақтығына байланыстылығы.

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


18

Табиғаттағы су айналымы.Кіші және үлкен су айналымдары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


19

Мұхиттар мен теңіздердің жол қатынасы үшін маңызы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


20

Көлдердің шаруашылық маңызы

1

ЛЖҚ

1,2,3,4,5,6,

7,8


21

Тау мұздықтары мен жабынды мұздықтар


1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


22

Организмдердің әрекетінен топырақтың пайда болуы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


23

Тропиктік және субтропиктік белдеулер

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


24

Таулардағы биіктік белдеулер

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


25

Нәсілдік белгілердің қоршаған ортамен байланыстылығы

1

ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


26

Қазақстан тәуелсіз мемлекет

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


27

Картографиялық проекциялар


1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


28

Жер бедерінің ішкі және сыртқы күштері

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


29

Ауа массалары мен басым желдер

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,7

30

Су массалары. Беткі ағыстардың таралуы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,7

31

Географиялық қабық заңдылықтары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


32

Адамзаттың Еуразия материгін қоныстануы

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,7

33

Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


34

Еуразия жер бедерінің дамуы мен ерекшелігі

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


35

Еуразияның ішкі сулары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


36

Арктикалық және субарктикалық белдеулердің табиғат зона­лары

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


37

Субтропиктік белдеудің табиғат зоналары

1


ЛЖ.

1,2,3,4,5,6,

7,8


38

Солтүстік Еуропа елдері

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


39

Оңтүстік – Батыс Азия елдері


1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


40

Орталық және Шығыс Азия елдері


1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


41

Материктің ашылу және зерттелу тарихы

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


42

Солтүстік Америка материгінің Еуразиядан басты айырмашылығы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


43

Арктикалық шөл зонасы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


44

Канаданың табиғат жағдайы мен халқы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


45

Оңтүстік Америка материгінің жағалауындағы мұхитар

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


46

Оңтүстік Американың пайдалы қазбалары


1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,7

47

Оңтүстік Американың табиғат зоналары


1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


48

Оңтүстік Американың Тынық мұхит жағалауындағы табиғат зоналары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


49

Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер


1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


50

Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

1

ЛЖҚ

1,2,3,4,5,6,

7,8


51

Африканың ішкі сулары

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


52

Африканың табиға зоналары

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


53

Батыс,Шығыс және Оңтүстік Африка елдері

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


54

Аустралия климаты және ішкі сулары

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


55

Тынық мұхит және Мұхит аралдары

1

ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


56

Антарктиданың табиғат жағдайлары

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


57

Қазақстан аумағының уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


58

Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


59

Ұлы Жібек жолы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


60

Қазақстан жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


ІІ-семестр

61

XVI-XIX ғасырлардағы Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


62

ХХғ. 30-40 жылдары Қазақстанда географиялық зерттеулері

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,7

63

Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


64

Жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


65

Аласа таулы өлкелер

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


66

Қазақстанның пайдалы қазбалары.Жанатын пайдалы қазбалары

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


67

Қазақстанның климаты. Атмосфераның циркуляциясы.Ауа массалары

1


ЛЖ.

1,2,3,4,5,6,

7,8


68

Республиканың жазық және аласа таулы бөлігіндегі жауын –шашынның таралуы

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


69

Қазақстанның өзендері

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


70

Тектоникалық көлдер

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


71

Арал теңізі. Балқаш көлі

1


Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


72

Қазақстанның топырақ жамылғысы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


73

Орманды дала және дала зоналары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


74

Шығыс Еуропа жазығы

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


75

Солтүстік Қазақстан жазығы

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


76

Оралдың жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын,табиғат жағдайлары

1


Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,7

77

Жетісу Алатауының жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын, табиғат жағдайлары

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


78

Тянь – Шанның жер бедері мен геологиялық құрлысы, пайдалы қазбаларын, табиғат жағдайлары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


79

Қазақстанның экологиялық проблемалары

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


80

Қазақстан қорықтары

1

ЛЖҚ

1,2,3,4,5,6,

7,8


81

Қазақстанның эканомикалық-геогафиялық жағдайы

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


82

Қазақстан халқының тығыздығы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


83

Қазақстан шаруашылығының құрамы мен құрылымы, өнеркәсіп құрылымы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


84

Қазақстанның энергетика шаруашылығы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


85

Қазақстанның ауыр түсті металдар металлургиясы және жеңіл түсті металдар металлургиясы

1

ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


86

Машина жасау кешенінің маманданулары мен көліктік факторлары

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


87

Қазақстанның құрылыс материалдар өнеркәсібі

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


88

Қазақстанның өсімдік және мал шарушылығы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


89

Қазақстанның жеңіл өнеркәсіптің салалары

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


90

Қазақстанның әлеуметтік инфроқұрылым салалары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


91

Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


92

Қазақстанның Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,7

93

Қазақстанның Батыс Қазақстан экономикалық ауданы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


94

Қазақстанның Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

1


Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


95

Дүние жүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен халықаралық ұйымдары

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


96

Саяси география және геосаясат.Тарихи географиялық аймақтар

1


ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


97

Табиғат ресурстары және олардың түрлерін

1


ЛЖ.

1,2,3,4,5,6,

7,8


98

Дүние жүзінің халқының саны және ұдайы өсуі

1


Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


99

Халықаралық еңбек бөлінісі және дүниежүзілік шаруашылық

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


100

Дүниежүзінің отын – энергетика балансы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


101

Ауыл шаруашылығының маңызы

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


102

Дүниежүзілік шаруашылықта көліктің алатын орнын және маңызы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


103

Дүниежүзілік шаруашылықта халықаралық экономикалық байланыстардың алатын орны

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


104

Ресей Федерациясы. Ресейдің экономикалық –географиялық жағдайы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


105

Ресей шаруашылығы.Өнеркәсібі

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,7,8

106

Ресейдің экономикалық аудандар мен сыртқы экономикалық байланыстары

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,7

107

Беларусь Республикасы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


108

Украинаның физикалық –географиялық орны мен табиғат жағдайлары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


109

Молдова Республикасы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


110

Кавказ елдерінің ішкі айырмашылықтары

1

ЛЖҚ

1,2,3,4,5,6,

7,8


111

Өзбекстан Републикасы

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


112

Тәжікстан Републикасы

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


113

Түрікменстан Републикасы

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


114

Қырғызстан Републикасы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8


115

Еуропа елдерінің шаруашылығының дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орны

1

ЛЖ

1,2,3,4,5,6,

7,8


116

Дамыған капиталистік елдердің құрамына кіретін Ұлыбританияның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


117

Дамыған капиталистік елдердің құрамына кіретін Италияның дүниежүзілік шаруашылықта алатын орны

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


118

Шығыс Еуропа елдерінің өнеркәсіп түрлерін, ішкі экономикалық айырмашылықтары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


119

Шетелдік Азия елдерінің дүниежүзілік шаруашылық географиясында алатын орны

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8

120


Үндістанның шаруашылығының негізгі даму бағыттарын және ішкі айырмашылықтары

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


121

Дамыған капиталистік ел және Азияның жетекші елі – Жапонияның дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орны

1

Жазбаша бақылау

1,2,3,4,5,6,

7,8


122

Американың жоғары дамыған елі АҚШ – тың дүниежүзілік шаруашылық географиясындағы алатын орны

1

Глоссарий

1,2,3,4,5,6,

7,8


123

Африкадағы дамушы елдері

1

Реферат

1,2,3,4,5,6,

7,8


124

Бейбітшілік сақтау проблемасы

1

Тестілік сауалнама

1,2,3,4,5,6,

7,8






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет