Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл



бет18/24
Дата24.02.2016
өлшемі2.27 Mb.
#14824
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24

Бақылау сұрақтары:

1.Отын – энергетика өнеркәсібі мұнай тапшылығына байланысты отын –энергетиканың қайсы түріне негізделген.

2.Тас көмірдің аса ірі кен орындары қай жерлерде шоғырланған.

3. Машина жасау өнеркәсібінің ірі орталықтары

4.Чехияның шаруашылығында сыртқы экономикалық байланыстардағы сауда әріптестеріне қайсы елдер кіреді.

Шетелдік Азия елдері

236 -сабақ

Тақырыбы:Шетелдік Азия елдері

Жоспар:

1. Шаруашылығының негізгі даму бағыттары

2. Аймақтардың шаруашылық мамандану салалары

Сабақтың мақсаты: Шетелдік Азия елдерінің дүниежүзілік шаруашылық географиясында алатын орнын қарастыру

Теориялық мәлімет:

1.Азияның орасан зор аумақты алып жатуы, табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігі, тарихи – мәдени дамуының ерекшеліктері оның экономикалық кеңістігінің ала- құлалығына әсерін тигізді.Азияның экономикалық кеңістігін кейбір ғалымдар бейнелі түрде адамға теңейді. Оның аяқтарын табиғи – ресурстық мүмкіншіліктері аса мол Қытай мен Үндістан, Ресей құраса, алдыңғы қатарлы ғылыми – техникалық жетістіктердің сынақ алаңына айналған Жапонияны Азияның басы деуге болады. Қазіргі заманғы өнеркәсіп өнімдерін шығаруға маманданып, жедел дамып келе жатқан жаңа индустриялы елдер Азияның қолдары қызметін атқарса, тұтас организмнің тыныс – тіршілігі белгілі дәрежеде осындағы ірі қаржы орталықтары мен мұнайды сыртқа шығаратын елдерге тәуелді болады.

Экономикалық кеңістіктің ала – құлалығына Азия елдерінің басым көпшілігінің кезінде Батыстың дамыған мемлекеттерінің отары болғаны да себепші. Бұрынғы отарлардың әлі күнге дейін өз метрополияларымен экономикалық байланыстары күшті. Азия аумағында біртұтас көлік жүйесінің жасалмауына тарихи себептермен қатар, өте күрделі табиғи жағдайлар (биік таулар, шөлдері) да кедергі болуда. Соңғы онжылдықтарда Жапония мен Қытайтың әлемдік экономикадағы маңызының күрт артуы Еуропа мен Тынық мұхит аралығындағы теңіз көлігі қатынасын одан әрі жандандыра түсті.

Азияның экономикалық кеңістігінде әлеуметтік – экономикалық дамудың бірнеше айрықша үлгілері бар. Дамудың әрбір үлгісінде дәстүрлі және қазіргі заманғы элементтер өзіндік үйлесімін тапқан.

1. Жапондық немесе шығысазиялық даму үлгісі Жапония мен Шығыс Азияның жаңа индустриялы елдерінің экономикасына тән. Мұнда нарықтық экономика жағдайында міндетті түрде басшылыққа алынатын ұстанымдар бар. Елде экономиканы қатаң түрде мемлекеттік тұрғыдан реттеу, экспортқа бағдарлану, шетелдік күрделі қаржыны кеңінен тарту және сыртқы нарыққа шығатын ірі ұлттық монополиялардың құрылуы көрініс тапқан. Шығыс Азия елдерінде мұнымен қоса, жергілікті халықтың ұзақ уақыт бойы философиялық, діни және адамгершілік құндылықтар негізінде қалыптасқан еңбекке деген дәстүрлі көзқарасы есепке алынады. Шығыс Азия халықтарына тән айрықша еңбексүйгіштік, еңбек тәртібінің қатаң сақталуы, төзімділік пен ұқыптылық, материалдық қажеттіліктің шектеулі болуы экономиканы ұйымдастыру және басқару ісіне өте қолайлы. Бұл елдерде білім беру және мамандарды дайындау ісіне айрықша көңіл бөлінетіндіктен еңбек ресурстарының кәсіби шеберлігі де өте жоғары.

2. Қытайлық немесе дамудың үшінші жолы деп аталатын үлгі орталықтан басқарылатын нарықтық экономика мен ескі саяси жүйенің айрықша ұштасуымен сипатталады.

3. Сыртқа мұнай шығаратын елдердің даму үлгісі Оңтүстік – Батыс Азияда орын алған. Оған ел шаруашлығының мұнай өндіру мен өңдеудің негізінде қалыптасуы тән болды. Дамудың осы үлгісі тән елдерде біртіндеп ұлттық шаруашылық кешені күрделеніп, мұнай химиясы мен энергияны көп қажет ететін салаларды өркендету бағыты басымбола бастады.; өндірістік емес сала (қаржы жүйесі, білім беру, туризм және т.б.) қазіргі заманғы сипат алған.

4. Басқа даму үлгілері арасында ирандық үлгі көзге түседі.. Оның негізінде жергілікті табиғат ресурстарын (ең алдымен мұнайды) игеру, мемлекеттік монополия, экономиканың қатаң орталықтандырылуы, шаруашылықтың милитаризациясы жатыр. Иран қоғамында діни басшылықтың үстемдігі мен исламның айрықша орны даму үлгісінің әлеуметтік бейнесін айқындайды.

Халықаралық еңбек бөлінісіне Азия елдерінің өзіндік орны бар. Олар дүниежүзілік нарыққа металлургия, кеме және автомобиль жасау дәстүрлі салалардың ғана емес, ғылымға негізделген жаңа салалардың (электр техникасын жасау, электроника және т.б.) өнімдерін; ауыл шаруашлығы өнімдерін (шай, табиғи каучук,джут, тропиктік және субтропиктік дақылдар, дәм – татымдық қоспалар) шығарады.

Бақылау сұрақтары:


  1. Оңтүстік Батыс Азия елдерінің шаруашылық географиясы

  2. Оңтүстік Азия елдерінің шаруашылық географиясы

  3. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің шаруашылық географиясы

  4. Шығыс Азия елдерінің шаруашылық географиясы

  5. Азияның экономикалық кеңістігіне тән басты ерекшеліктерді атаңдар.

  6. Азия елдерінің даму деңгейіне қандай факторлар әсер еткен?

  7. Қазақстан жағдайында азиялық даму үлгілерінің қайсысын басшылыққа алған тиімді?

237 -сабақ



Тақырыбы: Үндістан

Жоспар:

1. Шаруашылығының негізгі даму бағыттары

2. Ішкі айырмашылықтары

Сабақтың мақсаты:Үндістанның шаруашылығының негізгі даму бағыттарын және ішкі айырмашылықтарын қарастыру

Теориялық мәлімет:

Жерінің ауданы- 3 млн 288 мың км2

Халқы – 1095,7 млн адам

Астанасы – Дели

Мемлекет құрылымы- федерациялық республика

Мемлекет басшысы – президент

Заң шығарушы органы – екі палаталы парламент (сансад)

Мемлекеттік тілі – хинди және ағылшын тілдері

Ұлттық валютасы – үнді рупиясы

1.Үндістан экономикасында дәстүрлі ауылдық және қазіргі заманға сай ауыл шаруашылығы, ескірген өндіріс және жаңа да жақсы жабдықталған кәіпорындар қатар дамуда. Мемлекеттік сектор ел экономикасында шешуші маңызға ие. Жер қойнауындағы байлықтар, темір жол көлігі, аймақ шаруашылықтары, байланыс, суландыру құрылыстары, аса ірі банктер мен ауыр өнеркәсіп салаларының кәсіпорындары мемлекет меншігінде. Ал жеңіл өнеркәсіп орындарының көпшілігі, ашина жасау және металлургия зауыттарының бірқатары ұлттық жеке меншік капиталдың қолында. Шетел монополиялары мұнай өңдеу және химия өнеркәсіптерінде өз позицияларын сақтап отыр. Олардың әрекеті үкімет тарапынан бақыланады

Ұлыбританияның отары кезінде Үндістанда өнеркәсіп орындары тек бірнеше ірі қалаларда (Калькутта, Мумбай, Мадрас) шоғырланған болса, қазір және кәсіпорындар барлық штаттарда бар. Көптеген жаңа қалалар пайда болды, өнеркәсіп ареалдары қалыптасты. Өнеркәсіптің даму қарқыны ауыл шаруашылығынан басып озды.

Өнеркәсіптің аса маңызды салалары бар. Олар : болатқұю, мақта- мата, машина жасау, тау – кен өндіру, мұнай өндіру, мұнай өңдеу, фармацевтика, электроника, энергетика, химия өнеркәсібі. Халыққа қызмет көрсету сектроы жоғары қарқынмен дамуда.

Экономикалық негізгі проблемаларына инфляцияның қарқынды өсуі және мемлекеттің айтарлықтай сыртқы қарызы жатады. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония.

Қазіргі кезде Үндістанда ауданаралық географиялық еңбек бөлінісі жақсы дамыған, штаттар арасында экономикалық байланыс жүйесі кен әрі күрделі

Минералды шикізаттарға бай солтүстік – шығыс штаттарда, Дамодар өзенінің аңғарында ауыр өнеркәсіптің ірі ауданы пайда болды. Сонымен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібінің негізі болған күріш егісі, джут және шай өндірісінің барлығы дерлік осы жерлерде шоғырланған.

Солтүстік – батыс штаттарда кенді шикізат пен отын жоқтың қасы. Сатледж өзенінде салынған қуатты Бхакра – Нангал су электр станциясының қуатын пайдаланатын, металды аз жұмсайтын машина жасау кәсіпорындары бар.Мұнда металл солтүстік – шығыс штаттардан әкелінеді. Ал Бхакра –Нангал бөгені бидай мен әр түрлі техникалық дақылдар өсіретін суармалы жерлерді кеңейтуге ықпал жасады. Бұл штаттарда Үндістанның өзге штаттарымен салыстырғанда техниканы көптеп пайдаланатын капиталистік шаруашылықтар көп.

2.Ең ірі өнеркәсіп орталығы – Дели қаласы. Атқаратын қызметі мен сыртқы

сипатына қарай Дели қаласы Жаңа және Ескі Дели болып бөлінеді.

Жаңа Делиде іскер орталық пен ауқатты бай адамдар тұрады. Мұнда еуропалық стильмен салынған кварталдар орналасқан.

Батыс және Орталық штаттарда тары тұқымдастар мен мақта өсіріледі. Мұнда мақта мата өндірісінің өнеркәсіп кешені қалыптасқан. Соңғы кезде мұнай кен орындары ашылуына орай мұнай өңдеу және мұнай химиясы өнеркәсібі қалыптасуда. Мумбайдың аса зор қала агломерациясында түрлі профильді машина жасау зауыттары орналасқан. Сонымен қатар электротехникалық кәсіпорындар мен елдегі тұңғыш атом реакторы салынды.

Оңтүстік штаттар күріш, көкөністер мен кокос жаңғағын өсіруге маманданған. Мадрас қаласындағы кәсіпорындар ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығарумен айналысады. Бангалор және өзге де ішкі қалаларда көлік машиналарын жасау, станок жасау зауыттары бар.

Бақылау сұрақтары:

1.Үндістанның өнеркәсібінің аса маңызды салалары.

2. Ұлыбританияның отары кезінде Үндістанда өнеркәсіп орындары қандай ірі қалаларда болған.

3.Ең ірі өнеркәсіп орталығын атаңыз

4.Үндістан халқының орналасу ерекшеліктерін анықтап, оның себептерін түсіндіріңдер.

5.Үндістан халқының урбандалу дәрежесіне, үлкен қала агломерацияларының пайда болуына не әсер етті?

6.Үндістан өнеркәсібінің салалаық құрылымы қандай?
238-сабақ
Тақырыбы: Азияның жетекші елі – Жапония

Жоспар:

1. Шаруашылығының қалыптасу кезеңдері мен жалпы сипаттамасы

2. Сыртқы байланыстары

Лекция мақсаты:Дамыған капиталистік ел және Азияның жетекші елі – Жапонияның дүниежүзілік шаруашылықтағы алатын орнын қарастыру

Теориялық мәлімет:

Жерінің ауданы -372,2 мың км2

Халқы –128 млн адам

Астанасы – Токио

Мемлекеттік құрылымы – конституциялық монархия

Мемлекет басшысы – император

Үкімет басшысы – премьер – министр

Заң шығарушы органы – парлмент

Мемлекеттік тілі – жапон тілі

Ұлттық валютасы – жапон йенасы

1.Екінші дүниежүзілік соғыстан әлсіреп шыққан жапония экономикасы соғыстан соңғы жылдары қарқынды өрлеу кезеңін басынан кешірді. Шикізатпен қамтамасыз ететін және тауарларын сатып алатын отарларынан айырылған Жапония алдында әскери мақсатқа маманданған шаруашылығын бейбіт өмірге лайықтап қайта құру міндеті тұрды.

Жапон экономикасы ХХ ғасырдың 50- жылдарының ортасында қалпына келді. Бұл қаржылық тұрақтану және шаруашылық құрылымын толығымен қайта құру жағдайында жүрді. Әсіресе өнеркәсіптің жаңа салаларын дамытуға көп көңіл бөлінді, олардың күрделі өнімдері бәсекелестік төмен жағдайда неғұрлым қымбат бағамен экспортқа шығарыла бастады.

Жапон экономикасының ХХ ғасырдың 50-70 жылдары жоғары қарқынмен дамуына ішкі және сыртқы экономикалық жағдайдың қолайлы үйлесу басты ықпал етті. Атап айтқанда: 1) елде мамандану деңгейі жоғары әрі көнбіс, салыстырмалы түрде арзан жұмыс күшінің болуы; 2) аталған кезеңде дүниежүзілік нарықта шикізат пен отын бағасының арзан болуы; 3) шетелдердің ең соңғы ғылыми – техникалық жетістіктерін сатып алып, жергілікті жағдайға тиімді түрде бейімдеу; 4) әскери шығындардың өте төмен болуы; 5) қаржылық қорды экономиканы дамытуға жұмылдыру; 6) мемлекет тарапынан экономиканы реттеудің күшті жүйесінің қалыптасуы.

ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап дүниежүзілік нарықта шикізат пен отын бағасының күрт өсуі энергия мен шикізатты көп қажет ететін салалардың үлесін азайтып, ғылымды көп қажет ететін өндірісті ұлғайтуға себепші болды. Өндірістік және өндірстік емес салалардың барығын дерлік қамтыған электрондандыру, кешенді автоматтандыру, роборт техникасын енгізу мүлде жаңа материалдар мен ең соңғы тенологияларды пайдаланумен қатар жүрді. Елдің экономикалық қуатының артуы қаржының жинақталуымен, халықаралық есептесулерде иенаның кеңінен пайдаланыла бастауы, жапондық өнеркәсіп- қаржы топтарының нығаюымен қатар жүрді.

Жапония дүние жүзіндегі АҚШ – тан кейінгі екінші өнеркәсіп алыбы болумен қатар, аса маңызды қаржылық орталыққа айналып, постиндустриялық даму кезеңіне өтті.

1990 жылдарда елдегі қызмет көрсету саласының жиынтық ішкі өнімдегі үлесі 60 пайыз шамасында болды. Экономикадағы сапалық құрылымдық өзгерістер елдің сырты экономикалық байланыстарының сипатына және дүниежүзілік экономикалық кеңістіктегі орнына тікелей ықпал етті. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі аса жоғары дамыған елдердің жетлігіне енетін Жапония АҚШ, Батыс Еуропа елдерінің, Қытйдың экономикалық бәсекелесіне айналды. 2003 жылы ЖІӨ көлемі 4 трлн 245 млрд АҚШ долларын құрады.

Жапон экономикасының қозғаушы күші болған өнеркәсіп постиндустриялық кезеңде де өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен Жапония ХХ ғасырдың 70- жылдарынан бері дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады. Қазіргі кезде өнеркәсіптің жиынтық ішкі өнімдегі үлесі 38% шамасында, елдегі жұмыспен қамтылғанднрдың 1/3-і өнеркәсіпте жұмыс істейді. Қазіргі кезде Жапонияда өнеркәсіпке қатысты ғылыми жобалар мен бағдарламаларға көп қаржы бөлінеді. Елде 20-ға жуық технополистер жасалу үстінде, ғылым қалаларында университеттер, ғылыми-зерттеу мекемелері және ғылымға негізделген өндіріс орналасады.

Жапон өнеркәсібінде жалпы саны 800 мың шамасындағы кәсіпорындар жұмыс істейді, олардың арасында ірі өнеркәсіптік-қаржылық топтардың құрамына енетін бірлестіктердің маңызы зор.

Ел өнеркәсібінің құрылымында дәстүрлі және жаңа салалар үйлесім тапқан. Жапония өндірістік роботтар, сандық бағдарламалар арқылы басқарылатын станоктар, кеме жасау, микропроцессорлардың кейбір түрлерін жасаудан дүние жүзінде алдыңғы орын алады. Сонымен қатар Жапония жеңіл автомобиль, электроника мен электр технкасын жасауда, жоғары сапалы болат балқытуда әлемдегі жетекші орнын сақтап келеді.

2. Сыртқы сауда көлемі жөнінен Жапония дүние жүзінде АҚШ пен Германиядан



Бақылау сұрақтары:

1.Жапон экономикасы қай ғасырда және қай жылы қалпына келді

2.Жапон экономикасының ХХ ғасырдың 50-70 жылдары жоғары қарқынмен дамуына қандай жағдай ықпал етті.

3.Жапон өнеркәсібінде қанша және қандай кәсіпорындар жұмыс істейді.

4.Жапонияның шикізат пен отын тапшылығына қарамастан жоғары дамыған елге айналуын немен түсіндіруге болады?

5.Жапония өнеркәсібінің салалақ құрылымы мен шоғырлану сипатын атаңдар.

6.Жапонияның ауыл шаруашылығы мамандануына қандай факторлар әсер етті?

7.Жапонияның сыртқы экономикалық байданыстарының географиясына және сипатына қандай факторлар әсер етеді?

239 -сабақ

Тақырыбы: Азияның жетекші дамушы елі – Қытай

Жоспар:

1. Шаруашылығының негізгі даму бағыттары

2. Ішкі айырмашылықтары және экономикалық аудандары

Сабақтың мақсаты:Азияның жетекші дамушы елі – Қытайдың шаруашылығының негізгі даму бағыттары және ішкі айырмашылықтарының дүниежүзілік шаруашылық географиясында алатын орнын қарастыру

Теориялық мәлімет:

Жерінің ауданы- 9 млн 600 мың км2

Халқы – 1314 млн адам

Астанасы – Пекин

Мемлекет құрылымы- социалистік мемлекет

Мемлекет басшысы – ҚХР – дың төрағасы

Заң шығарушы органы – халық өкілдерінің Бүкілқытайлық жиналысы

Мемлекеттік тілі – қытай (хань) тілі

Ұлттық валютасы –юань
1.Қытай халық республикасы жарияланған 1949 жылдан бәрі , әсіресе 1979 жылы басталған реформасы мен ашық саясатына байланысты Қытайдың экономикалық құрылыста қол жеткізген жетістіктері дүние жүзі мемлекеттерінің назарын өзіне аударып келеді. Реформа жылдарында Қытай мемлекеті өндіргіш күштердің одан әрі азат етілуіне және мемлекеттің біріккен қуатының айтарлықтай өсуіне қол жеткізді. Бірқатар аса маңызды өндірістік және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі абсолюттік көрсеткіштер бойынша Қытай дүние жүзінде бірінші орынға шықты. Егер азық – түлік тауарларын алатын болсақ, онда ҚХР астық, ет, құс, жұмыртқа, судағы кәсіпорын өнімдері, өсімдік және жануар майларын өндіруден әлемде алдыңғы орында. Отын , өндіріс құралдары мен құрылыс материалдары саласында көмір өндіруден Қытай бірінші орында. Халық тұтынатын тауарларға келетін болсақ, онда ҚХр мақтадан, жүннен жасалған маталарды өндіруден, киім тігуден, велосипед, кір жуу машиналары, телевизор және шыныдан тұрмыстық заттар жасаудан дүние жүзінің барлық елдерінің алдында. Одан өзге болат, түсті металдар қорытудан,химиялық талшық, шұға кездемесін, химиялық тыңайтқыштар өндіруден, электр энергиясын өндіруден қытай әлемдік аса ірі өндіргіш күштер арасынан орын алды. Қазіргі Қытай тек қана өзінің техникалық күштеріне арқа сүйей отырып, ауыр индустрияның ірі тау –кен, энергетикалық, металлургиялық, химиялық, автомобиль, кеме жасау кәсіпорындарына кешенді құрал – жабдық өндіруге шамасы жетеді. Сонымен қатар білім беру, ғылым және мәдениет салаларында да үлкен жетістіктерге жетті.

1949 жылдан кейін өнеркәсіп , банк, көлік, сыртқы сауда мемлекет қарамағына алынған болатын. Аграрлық реформа помещиктер табын жойды, шаруалар жер алды. 1958 жылға қарай шаруа қожалықтары түгелдей дерлік кооперативтерге біріктірілген еді. ҚХР шаруашылықты қалпына келтіруді аяқтап, экономикалық құрылысқа кеңінен кірісті.

2.Өнеркәсіп 2,3 есе өсті және құны жағынан ауыл шаруашылығы өндірісінен асып түсті. Қазіргі заманғы индустрияның негізі қаланды. Солтүстік және батыс провинцияларда жаңадан ірі өнеркәсіп аудандары мен орталықтары пайда болды. Жұмысшы табының саны өсті. Социалистік елдер , оның ішінде әсіресе Кеңестер Одағы Қытай Халық Республикасына зор көмек қолын ұсынды. Қытай КСРО- дан мөлшері 1,8 млрд сомнан астамнесие, ең жаңа техникалық құжаттар алды. Кеңес Одағы ҚХР – ға 260 тан аса ірі өнеркәсіп орнын салуға мамандар дайындауға көмектесті.

1960-1970 жылдардағы ҚХР – дың сыртқы және ішкі саяси бағыты халықаралық қатынаста болсын, ел экономикасында болсын қолайсыз зардаптарға әкеліп тіреді. ХХ ғасырдың 70 жылдарының ортасынан бастап ҚХР дың жаңа басшылары біртіндеп елдің ішкі және сыртқы саясатын өзгертті. Ауыл шаруашылығын, жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытуға, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бұрынғыға қарағанда көбірек көңіл бөліне бастады.

Ауыл шаруашылығында шаруалардың жеке бастамларын ұлғайтуға бағыт алды. Өнеркәсіптің бір бөлігі шетел капиталын қатыстыру арқылы дамуда. 1980 жылдары ҚХР өнеркәсібі жоғары қарқынмен дамыды. Осы жылдары бірқатар шетелдермен сауда- экономикалық, ғылыми – техникалық және мәдени байланыстары ойдағыдай дами бастады.

ҚХР өнеркәсібінің құрылымында ауыр индустрияның маңызы зор. Ауыр өнеркәсіп салаларының ішінде отын- энергетика , әсіресе елдегі энергияның негізгі көзі есептелетін тас көмір, мұнай өндіру маңызды рөл атқарады. Басты бассейндері: Солтүстік – Шығыс пен Солтүстік және Солтүстік – Батыс Қытайда. Көмір өндіру жұмысы шахталық және ашық әдіспен жүргізілді. Мұнай өнеркәсібі Солтүстік – Батыстың шөлдері мен тауларында( Шыңжан, Қарамай), Қызыл бассейнде (Сычуань провинциясы), сондай –ақ елдің солтүстік- шығысында, шығысында қалыптасып келеді.Электр энергиясы көбінесе Солтүстік - Шығыс пен Солтүстік Қытайда, сол сияқты теңіз жағаларындағы ірі қалаларда орналасқан ЖЭС – та басымырақ өндіріледі.

1979 жылдан бастап Қытай өнеркәсібі тұрақты түрде жоғары қарқынмен дамуда. Бүгінде Қытай ұшақ, кемелер мен автомобильдерді ғана жасап қоймай, жердің жасанды серіктерін, өнеркәсіп үшін қазіргі заманға сай жабдықтарды жасай алады. Қытайдағы экономикалық инфрақұрылымның негізі ХХ ғасырдың 50 жылдары Кеңес Одағының көмегімен қаланған болатын. Алайда реформалар саясатын жүргізудің басталуына байланысты Қытай өнеркәсіпке айтарлықтай шетел инвестицияларын тартты, оларды ескі кәсіпорындарды және түрлі салалардағы қазіргі заманға сай жаңа кәсіпорындарды құруға бағыттады. Бүгінде Қытайда тәуелсіз, айтарлықатй толыққанды индустриялы кешен құрылған. Олардың техникалық деңгейінің сипаты жеткілікті дәрежеде.

Қара металлургия кәсіпорындары Қытайдың Аньшань, Тайюань, Пекин, Тяньцзинь, Шанхай, Ухань, Баотоу, Паньчжихуа, Үрімші, Цзюцюан, Чунцин, Чэнду, т.б. қалаларда орналасқан. Елдің 21 металлургиялық кәсіпорындары әрқайсысы жылына 1 млн. т- дан астам болат қорытатын қуатқа ие. Егер Қытай ХХ ғасырдың 50 жылдары болаттың 1400 –дей сорты балқытылып, прокаттың 20 мыңнан астам түрі шығарылады.

Солтүстік – шығыста және басқа аудандарда түсті металлургия зауыттары (мыс, қорғасын, алюминий, магний) бар. Оңтүстікте оңтүстік –батыста түсті металдар кені өндіріледі, мыс, қорғасын, вольфрам, қалайы және сурьма қорытылады.

Машина жасау және электронды өнеркәсіп салалары шаруашылық салаларының ірі масштабты базалық саласына жатады және онда маңызды орын алады. Қазіргі кезде Қытайдың машина жасау және электронды өнеркәсібі шаруашылығының барлық салаларын түгелдей жоғары сапалы кешенді жабдықтармен қамтамасыз етуге шамасы жетеді. Машина жасау және электронды өнеркәсіптің өнімдері экспортқа шығарылатын тауарлардың негізгісіне айналып отыр.

Қытайдың энергетикалық өнеркәсібінің бастысы- көмір, мұнай және электр энергиясын өндіру. Осы салалар бойынша ҚХР әлемдегі алғашқы орныдарды иемденеді. Қазіргі кезде Қытайда Ресей компанияларының қатысуымен елдегі атом энергетикасының бастауы болатын Линьюнган атом электр станциясы салынуда.

Авиациялық және ғарыштық өнеркәсіп саласының бастауы ХХ ғасырдың 50 жылдарында салынған болатын. Бүгінде бұл салада жойғыш – ұшақтар, бомбалаушы, барлаушы ұшақтар, пассажирлік және көліктік ұшақтар мен тікұшақтар жасалады.қытай өндірісінен шыққан азаматтық ұшақтар дүние жүзінің 10- нан аса елдері мен аймақтарына шығарылады.

Мақтадан, жүннен және жасанды талшықтардан мата оқу және бояу, тоқыма мата, киім – кешек дайындау, т.б. өндіріс салалары кіреді. Қазіргі кезде жібек, тоқыма заттар және дайын киім Қытай экспортының аса маңызды бөлігі болып табылады.

Жеңіл өнеркәсіп 44 саланы қамтиды және 200 мың түрлі тауар шығарады. Оларға қағаз, тұрмыстық машиналар, ас тұзын, тамақ өнімдерін, тұрмысқа арналған силикаттар, электр жарықтандырушы аппаратуралар, тұрмыстық химия өнімдерін, тері бұйымдарын, көркем бұйымдарды, тұрмыстық электр құралдарын, темекі және т.б. өндіру жатады. Қытай жеңіл өнеркәсбінің көптеген тауарлары: фарфор, сағат, шамадан, былғары бұйымдары, әсіресе аяқкиім, ойыншық, металл бұйымдар, шамдалдар, көзілдірік т.б. әлемнің 100 – ден астам елдері мен аймақтарына экспортқа шығарылады.



Бақылау сұрақтары:

1.Қытай дүние жүзінде қандай өнімдер өндірудегі абсолюттік көрсеткіштер бойынша бірінші орынға шықты .

2.Қайсы жылдар аралығында ҚХР – дың сыртқы және ішкі саяси бағыты халықаралық қатынаста болсын, ел экономикасында болсын қолайсыз зардаптарға әкеліп тіреді.

3.Қытайдың энергетикалық өнеркәсібінің бастысы

4.Авиациялық және ғарыштық өнеркәсіп саласының бастауы нешінші жылдары салынған және бүгінде бұл салада қандай заттар дүние жүзінің қандай елдері мен аймақтарына шығарылады.

5.Қытай халқының урбандалу дәрежесіне, қала агломерацияларының пайда болуына не әсер етті?

6.Қытай шаруашылығының даму ерекшеліктері қандай? Оған қандай факторлар әсер еткен?

7.Қытайдың өнеркәсіп құрылымының қалыптасуы мен дамуына табиғат ресурстары қалай әсер еткен?

240 -сабақ

Тақырыбы: Азиядағы жаңа индустриялы ел – Корея Республикасы

Жоспар:

1. Шаруашылығының негізгі даму бағыттары

2. Сыртқы экономикалық байланыстары

Сабақтың мақсаты: Азиядағы жаңа индустриялы ел – Корея Республикасының дүниежүзілік шаруашылық географиясында алатын орнын қарастыру

Теориялық мәлімет:

Жерінің ауданы – 99,6 мың км2

Халқы – 48,3 млн адам (2004ж.)

Астанасы – Сеул

Мемлекеттік құрылымы – республика

Мемлекет басшысы- президент

Заң шығарушы органы- парламент

Мемлекет тілі – корей тілі

Ұлттық валютасы – вона

1.Корея түбегінің оңтүстігінде орналасқан Корея Республикасының құрамына Жапон және Сары теңіздегі 3 мыңдай ұсақ аралдар енеді. Бұл аралдардың тек 400 – ден астамында ғана тұрақты қоныстар бар, ең ірі сі- Чеджудо аралы. Жағалау бойымен континенттік қайраң жолағы созылып жатыр, мұнда судың тереңдігі 100 м- ден аспайды. Жағалау барлық қорына бай, соңғы жылдары мұнда мұнай барлау жұмыстары жүруде.

Ел аумағының 70 пайызға жуығын аласа таулар алып жатыр. Гранитті жартастар мен кішігірім сарқырамалар таулы өңірге айырықша сән береді. Сейсмикалық жағдай көршілес Жапониямен салыстырғанда тұрақты, ел аумағында сөнбеген жанартаулар жоқ және күшті жер сілкінулер болмайды. Кішігірім жазықтар елдің батысы мен орталығында және өзендердің сағасында орналасқан, олар көбінесе күріш егуге пайдаланылады. Корея жері пайдалы қазбаларға кедей; тек вольфрам кенінің дүниежүзілік маңызы бар. Сонымен қатар кварң, каолин, алтын мен темірдің, мырыштың шағын кен орындары кездеседі.

Елдің экономикалық өркендеуі ХХ ғасырдың 60 жылдарында арнайы мемлекеттік экономикалық саясат негізінде басталды. Ең алдымен, корей кереметіне үкіметтің экспорттық салаларды дамытуға бағдар алуы, халыққа кәсіби білім беруді жақсартуға бағытталған шаралар, халықтың еңбексүйгіштігі себепші болды. АҚШ тарапынан көрсетілген қайырымдылық көмек айрықша жеңілдіктерге ие болған жапон капиталының ел экономикасына келуі Кореяның өркендеуіне өзіндік әсерін тигізді. 60- жылдарда Корея Респбликасы шетелдерге, ең алдымен, мұнайлы араб елдеріне құрылыс қызметін экспорттай бастады. Корея құрылысшылары бұл елдерде салыстырмалы түрде арзан бағаға қазіргі заманғы жолдар мен көпірлер, қонақүйлер мен порттар сала бастады. Соның нәтижесінде ел қазынасына қосымша қомақты қаржы түсті.

1970 жылдарда машина жасау өнеркәсібіне, құрылыс пен мұнай химиясын дамытуға айрықша көңіл бөлінді. Сырттан әкелінетін шикізат негізінде жұмыс істейтін металлургия зауыттары салына бастады. Ауыл шаруашылығының ұлттық табыстағы үлесі 35 пайыздан 46 пайызға қысқарып, керісінше өңдеуші өнеркәсіп үлесі 20 пайыздан 43 пайызға дейін артты. Экономикадағы түбегейлі құрылымдық өзгерістер басында ел халқына уақытша қиындықтар туғызды. Бірақ мемлекет тарапынан жоспарлы түрде басқарылған бұл қайта құрулар ақыр соңында Кореяны Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің деңгейіне жеткізді.

Кеме жасау ел өнеркәсібінің жетекші саласына айналды. Елдегі басты кеме жасау орталығы Пусан болып табылады. Корея Республикасы жеңіл автомобиль жасаудан дүние жүзінде бесінші орын алады. Қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда жылына 2,2 млн жеңіл автомобиль жасалады. Аса ірі автомобиль компаниялары- “ Хундай”, “ Дәу” және “ Киа” (1999 жылдың соңында “ Хундай Мотор” компаниясымен қосылып кетті). Корей автомобильдері, негізінен, Азия елдеріне шығарылады. 1980 жылдардың ортасынан бастап “ Хундай” компаниясы шағын “ Пони Эксел” автомоибльдерін АҚШ – қа да сатуда. 1995 жылдан бастап “ Самсунг” корпорациясы да автомобиль шығара бастады.

Елде өнеркәсіптің металлургия саласы күшті дамып, қазіргі кезде дүние жүзінде алтыншы орынға шықты. Корея Республикасы дүние жүзінде өндірілетін болаттың 4 пайызын береді, электролиттік мыс, мырыш, қорғасын және құйма алюминий өндіруден де көзге түседі. Бұл саладағы аса ірі ПОСКО концерні дүние жүзінде жетекші орын алады. Жедел дамыған мұнай химиясы 1980 жылдардың соңында ішкі сұранысты толығымен қамтамасыз ететін дәрежеге жетті. Қазіргі кезде ел дүниежүзілік мұнай химиясы өнімдерінің 5 пайызға жуығын береді.

Соңғы онжылдықта ғылымды көп қажет ететін өнеркәсіп салалары (электроника, электр техникасын жасау) дами бастады. Ғарыштық күрделі техника жасау игеріле бастады; 2003 жылы Корея Республикасында 8 ғарыштық серік жұмыс істеді. Бұл салада бірнеше ғылыми – зерттеу орталықтары мен тәжірибелік зауыттарды біріктіретін “ Корея Аэроспейс Индастриз” компаниясы жетекші орын алады. Сонымен қатар телекоммуникация, байланыс құралдарын жасау жедел қарқынмен дамуда. Қазақстанның байланыс жүйесін жетілдіруде қазіргі заманғы кореялық сандық телефон станциялары кеңінен қолданыла бастады. Дүние жүзінің көптеген елдерінде “ ДЭУ”, “ Самсунг”, “ LG” компанияларында жасалған тұрмыстық техника үлкен сұранысқа ие. Кореяда жоғары дамыған елдердегі тәрізді “ ғылым қалашықтары” қалыптасу үстінде. Мысалы, Тәдок қаласында 3 университет пен 60 – тан астам ғылыми – зерттеу институттары шоғырланған. Соңғы жылдары компьютерлік бағдарламалар, биоинженерия, ақпараттық экономика саласында ғылыми зерттеулерге жеке меншік күрделі қаржы көп бөліне бастады.

1997 жылғы Азияның дамыған елдерін түгел қамтыған экономикалық дағдарысқа кейін Корея Республикасын “ Азия жолбарысы” деп атайтын. Бұл қысқа уақыт аралығында артта қалған елден дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуымен байланысты болды. Ғалымдар елдегі экономикалық дағдарыстың бірнеше себептерін атайды: қаржы жүйесінің экономикасымен байланыссыз, бақылаусыз дамуы; елдегі саяси күштердің экономикаға басым ықпал етуі; экономикалық құрылымы мен шығарылатын өнім түрлерінің Шығыс Азияның басқа елдерінікіне ұқсас болуы және т.б. Халықаралық валюта қорының несиесі және шағын кәсіпкерлікті қолдауы нәтижесінде 1999 жылдың соңына қарай ел экономикасы қалпына келе бастады.

Соңғы онжылдықта Корея Республикасының сыртқы қарай дүние жүзінде он екінші орынға шықты. Мысалы, дүниежүзілік экспортының 95 пайызын дайын өнімдер (кеме, электрон бұйымдары, тұрмыстық техника мен автомобильдер) құрайды.

Басты сауда әріптесі –Қытай, оған жалпы сауда айналымының едәуір бөлігі тиесілі.

Халықаралық экономикалық ынтымақтастық аясында Корея Республикасы 1989 жылы құрылып, 24 елді біріктірген аса ірі Азиялық – Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына (АПЭК) енеді.

Қазақстан аумағында жұмыс істейтін кореялық және бірлескен қазақ – корей кәсіпорындарының саны 2005 жылы 247- ге жетті. Олардың қатарында аса ірі “ Самсунг”, “ LG” компанияларының қатысуымен құрылған кәсіпорындар бар. Корея мен Қазақстан арасындағы қарым – қатынастар тек экономикалық бағытта ғана емес, әлеуметтік – мәдени тұрғыдан да өркендеуде; Қазақстанда 100 мыңнан астам корейлер тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет