Семинар Деректану


«Ауыз əдебиеті тарихи фактілерді негізге ала



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата22.03.2023
өлшемі0.58 Mb.
#471004
1   2   3   4   5
Семинар Деректану

 «Ауыз əдебиеті тарихи фактілерді негізге ала 
отырып, оны ақындық қиял арқылы құбылтып жырлайды, суреттеп 
көрсетеді. Кейде асырып, кейде өзгертіп елестетеді. Сондықтан ауыз 
əдебиетін тарихтың өзі, оның документі деуге болмайды»
- деген ой 
айтқан.


Кеңес үкіметі жылдарындағы 
фольклор ісі


Кеңес өкіметі жылдарында 
С. Сейфуллин, М. Əуезов, Л. Соболев,
Ə. Марғұлан, С. Мұқанов, В. Жирмунский, Қ. Жұмалиев, Н. Смирнова,
Е. Ысмайлов, М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Е. Тұрсынов, Р. Бердібаев,
С. Қасқабасов, Б. Уахатов
т.б. өз еңбектерінде фольклорды дерек
көздері ретінде қарастыруға жəне пайдалануға мүмкіндік беретін əр
түрлі деректанулық ойлар айтты. Аталған авторлардың еңбектерінің
бірінде фольклордың түрлік, жанрлық ерекшеліктері, сақталу форма-
сы туралы айтылса, екінші бір еңбектерде олардың пайда болуының
алғышарттары, деректік маңызы, объективтілігі мен субъективтілігі
т.б. туралы айтылған.
Мысалы, М. Əуезов «Уақыт жəне əдебиет» атты еңбегінде:
«Халық арасында əлде бір батырдың қоштасуы жəне соны жоқтауға
байланысты таралған өлең-жырларды алғашқыда бір ақын жинап,
басын құрауы, сөйтіп тұңғыш эпостық дастанның тууына негіз
қалануы ықтимал»
деп, эпостық дастандардың тұрмыс-салт
жырларының негізінде пайда болуы мүмкін екендігі туралы болжам
айтады. Ұлы əдебиетші өзінің бұл ойының негiзсiз емес екендігі
туралы
 «Батыр жорыққа аттанарда айтылатын қоштасу жыры, ол
қалыңдық əкелгенде айтылатын үйлену салт жыры, ол өлгенде
жанкүйерлері жылап-сықтап айтатын жоқтау жыры сол батыр
жайындағы эпостық жырдың негізін құрамауы мүмкін емес»
– деп,
оған «Ер сайын» жырынан нақты дəлелдер келтірген.


Белгілі əдебиет танушы ғалым, Қ. Жұмалиев: «Тарихи оқиғаның ізі, сəулесі 
болып əдеби мұралар туып отырады. Олардың
кейбіреулері оқиғаның жалпы, ұлы сорабын сақтаса... кейбіреулері
күні кеше ғана болып өткен, ізі суымаған тарихи оқиғаның негізінде туды. 
Бұлардың ішінде айтылатын оқиға да, қатысушы адамдардың іс-əрекеттері де 
тарихи шындыққа жақын, қиял-ғажайып оқиғалар мейлінше аз. Осы жағынан 
қарап, алдыңғы əдеби нұсқаларды
эпостық жырлар деп атасақ, соңғысын тарихи жырлар деп атаймыз.
Бұл екеуінің негізі бір, екеуінің де түбінде тарихи оқиға жатады»
деп, əдеби мұралардың ерекшелігін, эпос пен тарихи жырлардың
ортақ белгілері мен айырмашылығын көрсеткен.


Батырлар жыры мен тарихи жырларды зерттеу ісімен ұзақ жылдар бойы Е. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет