Егер, филология ғылымдарының докторы, зерттеуші С.
Қасқабасовтың сөзімен айтсақ:
«
Біріншіден
, фольклордың өзі құбылыс, ол өзгермелі.
Фольклорлық
сана, фольклорлық дəстүр, фольклорлық шығарма осының бəрі
тарихта болатын нəрсе, оларды аттап кету мүмкін емес…
Екіншіден
, фольклор адам тіршілігімен тікелей байланысты, оны
болмысының бір бөлшегі. Сондықтан ол адам өмірінің барлық
жағын
бейнелейді, шаруашылығынан, тұрмысынан, əдет-ғұрпынан,
салт-санасынан толық мəлімет
береді…
Үшіншіден
, фольклор тарихи оқиғаларға тікелей де, жанама түрде
де байланысты болады... халық тарихындағы маңызды оқиғаларды
қамтып, солардың негізінде жаңа шығармалар туындап,
тарихи
қайраткерлер жайында əңгімелейді…
Төртіншіден
, фольклор
халықтың өзінің тарихқа қатысын,
көзқарасын танытады,маңызды
оқиғалар мен көрнекті тұлғаларға берген халықтың бағасын, қарым-
қатынасын көрсетеді».
Демек,
фольклор халық өмірінің айнасы, оның ажырамас серігі,
халықтың саналы іс-əрекетінің барысында жасалынған,
тарихпен
ілесе пайда болып отырған объективті дүние. Сондықтан, профес-
сор Б. Кенжебаев:
Достарыңызбен бөлісу: