адамдармен араласа бастайды. Қарым –қатынастың бұл түрі үлкен адаммен баланың
тікелей қатысуымен жүреді. Ситуативтік байланыс әсіресе өзіммен бірге қасында
отырған адамға жақын және түсінікті болып келеді. Ал бірақ түсінбеген адамға бұл
әрине түсініксіз болып табылады. Ситуативтілік баланың тілімен әр түрлі болып
табылады. Айналадағы қоғаммен арласа отырып және айналадағы дүниеге деген
қызығушылықтан балада контекстік байланыс пайда бола бастайды. Контекстік
байланыс ситуацияны
толықтай бейнелей айлады
Жоспарланған функция. Мектепке дейінгі кезең жақындаған сәтте баланың сөзі
алдын ала жоспарланған және оның практикалық мінез - құлқына айналады. Осыған
сәйкес екінші функциялық сөз қалыптасады. Бұл функцияны орындау баланың ойлау
қабілетімен бірге жүреді. Баланың ойлау қабілеті оның балалық шағында
практикалық іс - әрекетімен байланысты. өзіне байланысты айтылған және іс -әрекет
кезінде пайда болатын байланыс эгоцентрикалық байланыс деп аталады. Мектепке
дейінгі кезеңде өзгеріп отырады. Онда практикалық іс- әрекетке дейін ой пайда
болыды. Жоғарғы мектеке кезеңге келгенде бұл байланыс өте жиі өте байқалады.
Гегер бала осы кезеңде ешқандай адаммен араласпаса,
онда ор жұмысты ішінен
орындайды. Эгоцентрикалық байланыс ішкі және сыртқы байланыстың аралық түрі
болып табылады.
Экспрессивтік функция – жоғарғы деңгейдегі жануарларға арналған ең көне
гететикалық функция болып табылады. Эмоционалды функцияның барлығы оның
барлық жақтарын қамти отырып, экспрессивттік функцияға қызмет атқарады.
Экспрессивті функция автономды функциядан бастап, барық функцияға ұқсас болып
келеді.
Сенсорлық даму. Мектепке дейінгі кезең баланың сенсорлық даму кезеңі болып
табылады .Қозғалмалы заттарды тани отырып,
бала заттың формасын, түрін түсін,
салмағын, температурасын дұрыс ажырата алады. Ол музыканы тыңдай отырып,
дыбыстың жоғарылығын, әуенді ажыратуды үгренеді . Сенсорлық даму екі жақты
байланысты қарастырады. Сенсорлық эталон адамның тарихи даму кезеңінде пайда
болған Табиғатта көптеген әр түрлі түстер мен формалар бар солардың негізінде
адам қоғамдық өмірдегі заттарды ажыратуға мүмкіндік алды.
Мектепке дейінгі балалардың танымдық процестерінің дамуы.
Сезімдердің қалыптасуы. Баланың жаңа іс-әрекетке қосылуы. (тазалық, оқу мен
еңбектің элементтері). Бала дамуындағы ойынның рөлі (Штерн, Адлер, Д.Эльконин)
Ойынның басқа іс-әрекеттерден ерекшелігі. Баланың мектепке психологиялық дайындық
мәселесі.
Мектепке дейінгі кезеңнің соңындағы балалардың анатомо-физиологиялық
ерекшеліктері. Алты жасар баланың жеті жасар баладан айырмашылығы. Мектепке
дейінгі баланың мектепке оқуға дайындығын анықтайтын
психологиялық және мінез-
құлықтық ерекшеліктер.
Балада алғашқы жылдары сөздің және процестердің дамуы жүреді. Дәл осы кезеңде
балада тілдің құбылыстары, өзіндік ортақ лингвистикалық мүмкіндіктер пайда бола
бастайды, бала шындықтағы бейне жүйесіне ене бастайды. Балалық шақта тілдің дамуы
екі негізгі бағыта жүреді: біріншіден, интенсивті түрде сөздік қор жинақталады және
қоршаған ортада адамдар пайдаланатын, сөйлейтін тілдің морфологиялық жүйесі
меңгеріледі; екіншіден, тіл танымдық процестердің құрылымын қамтамасыз етеді (зейін,
қабылдау, ес, елес, ой).
Ауызша және жазбаша тіл. Осыған сай сөздік пен грамматикалық тілдің
құрылымының дамуы және танымдық процестер өмір жағдайы
мен тәрбиеге тәуелді
болады. Бұл жерде индивидуалдық вариациялар өте жоғары, әсіресе ол тілдің дамуында
өте жоғары болып келеді. Енді баланың тілдік пен танымдық процестеріндегі анализге
тоқталайық.
Ойлаудың дамуы. Психикалық денсаулығы жақсы баланың танымдық белсенділігі
болады. Баланың әр нәрсеге қызығушылығы оның айналадағы заттарды білуге негізделеді.
Қарым-қатынаста белсенді болған сайын, бала сұрақтарды да көп қоя бастайды. Бала
барлық затқа қызығушылық тудыруы мүмкін: мұхит қандай тереңдікте болуы мүмкін
және ондағы жануарлар қалай тыныс алады? қанша мың шақырымда жер шары
орналасқан? неге таудағы қар ерімейді және төменгі жағы еріп кеткен?
Бала білімге құмар, ал білімді игеру көптеген «неге?», «қалай?», «не себептен?» деген
сияқты сұрақтар арқылы жүзеге асады. Ол сұраққа нақты жауап табуы қажет. Қандай да
бір тапсырмалар туындағанда бала оны өзі шеше алады. Бейнелі түрде ойлау – бастауыш
мектеп кезеңіндегі ойлаудың ең негізгі түрі болып табылады, әрине, бала логикалық түрде
ойлай алады.
Бастауыш мектепте баланың ойлау қабілеті эгоцетризммен ерекшеленеді. Ж. Пиаже
көрсеткендей, баланың ойлау қабілеті алты-жеті жасында орталықпен немесе айналадағы
заттардың қабылдауымен жүреді. Мысаы, балаға ұзындықтары әр түрлі үш
таудың
суретін көрсетіп, оған өзіне жақын ,таныс таудың суретін тап деп айтса, ол бұл
тапсырманы өте оңай шешеді. Ж. Пиаженің шешіміне сәйкес, балалық шақтың ойлау
қабілетінің құрылымы бұл – «орталық» болып табылады.
Зейін, ес, қиялдың дамуы. Оқу іс-әрекеті жоғары психикалық функциясының – зейін,
ес, қиялдың дамуын талап етеді. Зейін, ес, қиял бастауыш сынып оқушысында дербестікке
ие болады – бала оқу іс-әрекетінде көңіл бөлуге, көрген немесе естігенді есте сақтауға
бұрын қабылаған
нәрсені көз алдына елестетуге, арнайы іс-әрекеттерді меңгеруге
үйретеді. Егер мектепке дейінгі кезеңде ойын іс-әрекеті еркін дамудың сандық
өзгерістерге мүмкіндік туғызса, бастауыш мектеп жасында оқу іс-әрекеті баладан арнайы
әрекеттерді меңгеруді талап етеді. Бірақ алты-жеті, он-он бір жастағы балада танымдық
процестер бала қатты ағынмен жағдайда немесе өзіндік қозумен арнайы ұйымдастырғанда
туындайды. Әдеттегі жағдайда балаға жоғары адамзаттық психикасы көлемінде өзінің
психикалық функциясын ұйымдастыру қиынға соғады.
Зейінің дамуы. Баланың танымдық белсенділігі, қоршаған ортаны тексеруге, оның
зейінін қызығушылығы басылғанша зерттелетін объектіге бағытталып ұйымдастырылады.
Алты-жеті жастағы бала еш алаңдамай екі-үш сағат ойнай алады. Тура осылай өнімді іс-
әрекетпен де (сурет салу, әр түрлі заттарды жасау) ұзақ уақыт айналыса алады. Бірақ
зейінді жұмылдырудың мұндай нәтижелері – баланың айналысатын ісіне қызығушылық.
Егер бала өзіне ұнамайтын іспен айналысса, тез шаршайды, өзін бақытсыз сезінеді.
Ересек бааның зейінін ауызша нұсқалардың көмегімен ұйымдастыра алады. Оларға
орындалуы тиіс іс-әрекетті есіне салып, іс-әрекет тәсілдерін көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушысы белгілі дәрежеде өз іс-әрекетін жоспарлай алады.
Жоспарлау балалардың зейінін ұйымдастырады.
Естің дамуы. Мектепке дейінгі кезең – естің интенсивті дамуының кезеңі. Осы
кезеңде ес Осы кезеңде ес – психикалық фунцияның жетекші танымдық процесі. Шын
мәнінде мектепке дейінгі кезеңде бала ана тілін жақсы меңгереді.
Бала маңызды деген
оқиғаларды есте сақтайды. Мектепке дейінгі балалық шақ адамға бүкіл өміріне
жетерліктей естеліктер қалдырады.
Есте сақтау сәтті ойынның басты шарты болып қалыптасқанда немесе бала әрекетін
жүзеге асыу мәнін иеленгенде, ол өлеңдерді т.б. жақсы есте сақтайды. Бала есте сақтау
тәсілдерін санлы түрде пайдалана алады. Ол есте сақтау керек затты қайталап, түсінуге
тырысады.
Қиялдың дамуы. Бастауыш мектеп жасында бала өз қиялында әр түрлі
ситуацияларды құрастыра алады. Бір затпен екінші заттың орын басуының қалыптасуы,
қабылдау іс-әрекетінің басқа түрлеріне ауысады.
Оқу іс-әрекеті жағдайында балаға мағыналы іс-әрекетерді қабылдауға мүмкіндік
беретін арнайы талаптар қояды. Мұғалім сабақ үстінде әр түрлі ситуацияларды елестетуді
ұсынады. Бұл оқу талаптары қиялдың дамуына мүмкіндік туғызады, бірақ олар арнайы
құралдармен қуаттануды талап етеді. Бұл шынайы құралдар, схемалар, макеттер, белгілер,
графикалық бейнелер т.б. заттар болуы мүмкін.
Алты-жеті жастағы балалар сұйықтың бағанасы және сақталу саны туралы дұрыс
болжам жасады. Бірақ бала сұйықтың өзгеру деңгейін дұрыс болжап, одан кейін сұйықтың
сақталу санын жоққа шығаратын өтпелі кезең болып табылады.
Мұндай зерттеулерден Ж.Пиаже мынадай қорытынды жасады:
алдымен қиял
статикалық түрде ішкі елестету жағдайымен шектеледі; қиялдың дамуына байланысты
бала алғыр және жігерлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: