Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері


Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерінің даму ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет22/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
жасерекшелик сем

Бастауыш сынып оқушыларының таным процестерінің даму ерекшеліктері 
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілеті.Бастауыш сыныптық кезеңде ойлау 
негізгі функциялардың бір іболып табылады.Осыған байланысты ойлау процестерінің өзі 
қарқынды түрде дамиды және ақыл-ойдан басқа психикалық функциялардың дамуына
байланысты болады. 
Мектепке дейінгі кезеңде байқалған көрнекті образдық ойдац сөздік логикалық 
ойлауға ауысады.Балада дұрыс логикалық пайымдау пайда болады:пайымдай отырып,ол 
операцияларды қолданады.Бірақ олар әлі де формальдық логикалық операциялар 
емес,болжау жоспары бойынша бастауыш сынып оқушысы әлі де ой жүргізе 
алмайды.Операциялар осы жасқа тән, Ж.Пиаженің айтуы бойынша,олар тек нақты 
нәтижелерде қолданыла алады. 
Мектептегі оқыту мынандай образбен құрылады,сөздік логикалық ойлау ерекше 
даму үстінде болады.Егер оқудың алғашқы екі жылында балалар көрнекі құраладармен 
көп жұмыс жасаса,келесі сыныптарда мұндай сабақтар көөлемі азаяды.Көрнекі 
құраладардың оқу-әрекетінде яғни негізгі мектеп пәндерін меңгеруде қажеттілігі 


азаяды.Бұл жас тенденциясына бала ойлауының дамуына сәйкес,бірақ сол уақытта бала 
ақыл ойын біріктіреді. 
Бастауыш сыныптық кезеңнің соңында жеке ерекшеліктер айқындала бастайды: 
психологтар балалардың арасынан «теоретиктер» немесе «ойшылдар» сөздік жоспар 
бойынша оқу тапсырмаларын оңай шешеді,көрнекілікке сүйеніп және практикалық 
әрекеттерді керек ететін «практиктер» және ашық ойлау образы бар «суретшілер». 
Бастауыш сынып оқушыларын оұыту үрдісінде күнделікті тұрмыстық түсініктердің 
негізінде ғылыми түсініктер қалыптасады.Ғылыми түсінік құбылыстарының мазмұны 
танылатын,үрдістер,олардың белгілерімен маңызды жақтарын жалпылап,ойлау әлемінің 
форумдарының бірі.Сөздік логикалық ойлаудың құрылуына өте маңызды ықпал
етіп,олар «бос орында» пайда болмайды.Оларды меңгеру үшін балардың жеткілікті түрде 
дамыған тұрмыстық түсініктері болуы мүмкін. 
Оқу үрдісі кезінде ғылыми түсініктер жүйесін меңгеру,бастауыш сынып
оқушыларының теориялық ойлауының дамуына мүмкіндік береді.Теориялық ойлау 
оқушыға обьектіге байланысты сыртқы көрнекі ойлаудың белгілеріне қарап емес,ішкі 
елеулі қасиеттеріне және қатанастарына қарап тапсырманы шешуге мүмкіндік 
береді.Теориялық ойлаудың дамуы балаға қалай және нені үйретінде білім алады,өз 
беттерінше білім алуға және оларды нақты тапсырмаларды шешуде қолданады. 
Яғни оқу типіне байланысты.Дамыта оқытудың әртүрлі типтері бар. Оқытудың бір 
жүйесін Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов өңдеді.Бастауыш сыныпта обьектілер мен 
құбылыстардың заңды қатынастары жөнінде білім алады,өз беттерінше білім алуға және 
оларды нақты тапсырмаларды шешуде қолданады. 
Теориялық ойлаудың нәтижесі дәстүрлі оқыту бағдарламасына қарағанда өзінің 
бастапқы түрлерін бір жыл бұрын ұалыптастырады.Бір жыл бұрын рефлексия да 
байқалады,балардың өз әрекеттерін сезінуі, дәлірек айтқанда, өзінің міндеттер 
жағдайының нәтижелерімен тәсілдерін талдау. 
Бастауыш сыныптарда оқу әрекетін жүргізу түрі маңызды. Ең тиімдісі-балаларды 
оқу тапсырмасын бірге шешуге,мұғалімнің оқушылардың топ болып бірлесіп жұмысты 
орындауын ұйымдастырып,олардың бір-бірімен жақсы қарым-қтаынаста болуын 
қадағалау.Топтық жұмыс кезінде ақыл-ой белсенділігі жоғарылайды,оқу материалын 
жақсы меңгереді.Өзіндік реттеу дамиды,себебі,балалар бірлескен жұмыстың жүруін 
қадағалайды,өзінің қабілетімен білім деңгейін бағалай бастайды.Басқа психикалық 
функциялардың дамуы ойлаудың даму деңгейіне байланысты болады. 
Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы. Бастауыш сыныптық кезеңнің 
басында қабылдау әлі де жеткілікті түрде жіктелмеген.Кейде бала жазылуы жағынан 
ұқсас әріптер мен сандарды шатастырады.Ой мақсат бағытталған түрде заттарды және 
суреттерді қарай алады,оларға да мектепке дейінгі кезеңдегідей көзге тез түсетін аса 
ашық заттар,негізінен түсін,қалпын және көлемін бөліп қарайды.оқушы объектілердің
сапаларын дұрыс талдауы үшін, мұғалім оны бақылауға үйрететін арнайы жұмыстар 
жүргізуі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет