Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері


 семинар  1. Жеткіншектің танымдық және жеке басының дамуы



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
жасерекшелик сем

12 семинар 
1. Жеткіншектің танымдық және жеке басының дамуы 
2. Жеткіншектің ересектермен қарым-қатынасының жеке тұлға ретінде 
қалыптасуына тигізер әсері 
3.Х.Ремштидт бойынша жеткіншектік жастағы эмоциялық реакциялар 
 
Жеткіншектің физиологиялық дамуы. Жеткіншектің жас дамуының негізгі міндеті 
тәндік және жыныстық жетілуді психологиялық тұрғыдан меңгеру.Жеткіншек алғаш рет 
өз бойындағы физиологиялық өзгерістерді реттеп, қадағалай алмайтынын 


ұғынады.Биологиялық және психологиялық өзгерістердің тығыз өзара байланысы осы 
жас кезеңінің негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Жеткіншектердің көптеген 
психологиялық мәселелері мен қиындықтарын түсіндіру үшін организмдегі 
физиологиялық хәне биологиялық өзгерістер туралы білімдер қажет. 
Жеткіншек жаста орын алатын пубертатты дағдарыс соматикалық және жыныстық 
функциялардың дамуымен байланысты биологиялық және физиологиялық өзгерістерді
білдіреді. 
Дене өлшемдерінің өзгерісі. Пубертатты кезеңнің алғашқы белгісі бойдың жылдам 
өсуі. Бой өсуінің пубертатты қыз балаларда екі жыл бұрын басталады,бірақ қатты 
өспейді. Ерлер мен әйелдердің бой айырмасын қысымен түсіндіруге болады. 
Жеткіншек 
жастағы 
салмақтың 
өсуі 
сұйектің,бұлшықеттердің,ішкі
органдардың,май тканьдерінің қарқынды өсуімен сипатталатын морфологиялық
өзгерістерге байланысты. Бой өскен сайын дене пропорциясындағы өзгерістер анық 
байқалады. Жеткіншек денесі герерохонды дамиды: бір дене мүшелерінің қарқынды 
дамуы келесілерінің дамуымен сәйкес келмеуі мүмкін. 
Бойдың өсуінің этаптары: қол және табанның өсуі, сан, кеуде, иықтың өсуі, ең
соңында дененің өсуі жүреді. 
Қозғалыс жүйесінің дамуы. Сүйек және бұлшықет өскен сайын күш те көбейеді. 
Жыныстық жетілу кезінде моторикада өзгеріс болады,нәтижесінде қозғалыс
координациясында уақытша бұзылыстар орнайды.Жеткіншектердің ебедейсіз
болатынын себебң осында.Мұның әлеуметтік факторлары – өзінің қозғалыс қабілеттерін 
асыра бағалау,өзіне сенімсіздік , ұяңдық. Биологиялық факторлары біріншіден, моторика 
дамуының реті : бұлшықеттің өсуі-бұлшықет күші –координация .Яғни, дұрыс 
координация бастапқыда болмайды да біртіндеп дамиды. Екіншіден, бойдың жылдам өсуі
негізіндегі дене пропорциясындағы өзгерісте координация төмендетеді.Үшіншіден,түрлі
құрылымдардың өсуі мен олардың өзара әрекеттестігінің арасындағы сәйкес 
келмеушілікті «физиологиялық асинхрониямен» түсіндіруге болады. 
Ішкі органдар жүйесінің дамуы. Ішкі органдар жүйесі де гетереохонды дамиды. 
Дененің үлкеюіне байланысты тыныс алу, қан айналым, ас қрыту және зәр шығару 
жолдары синхронды дамиды. Лимфа жүйесінің өсуі баяулап, жыныстық органдардың
жетілуі қарқынды дамиды. Орталық жүйке жүйесінің дамуы өмірдің бірінші жылдары 
қарқынмен жүреді де пубертатты кезеңнен бастап баяулайды.Қарқынды даму жүрек
жүмысына, өкпе қызметіне және мидың қан айналымына салмақ түсіруі 
мүмкін.Сондықтан да жеткіншектерге тез шаршау, көңіл –күйдің өзгергіштігі
тән.Жыныстық жетілу кезеңінде ми жарты шарларының ассиметриясы толығымен 
қалыптасып бітеді. 
Жыныстық жетілу кезінде эндокриндік жүйеде сапалы өзгерістермен қоса жаңа 
реттеуші механизм пайда болады. 
Бойдың өсуіне гипофездің алдыңғы бөлігінде жасалатын соматотропин әсер етеді. 
Сонымен қатар қалқанша безінің үлесі де зор. Ол дене пропорциясына, шеміршектің
сүйекке айналуына, тіс пен мидың дамуына әсер етеді. 
Жеткіншектің өзіндік сана сезімі және «Мен » бейнесі. Жеткіншек тұлғаларының
негізгі жаңа құрылымдары. Биологиялық және әлеуметтік факторлар дамуға тікелей әсер 
етпейді. Олар даму процесіне ене отырып, қалыптасатын жаңа құрылымдырдың ішкі 
компоненттеріне айналады. Сондықтан да, жеткіншек жасты бір фактор әсерімен ғана 
түсіндіру жеткіліксіз.Л.С.Выготский пікірінше, жеткіншек жасты бір ережемен түсіндіре 
алмаймыз.Ол үшін осы кезеңдегі психикалық дамудың ішкі қозғаушф күштері мен 
қайшылықтары зерттеліп, осы жас кезеңін толық түсінуге мүмкіндік беретін және 
біріктіруші қызмет атқаратын орталық жүйелі жаңа құрылымдар талдануы керек.  
Жас ерекшелік дамуды зерттеген көрнекті ғалым Л.И.Божович жеткіншек жас 
дағдарысын осы жастағы жаңа деңгейдегі өзіндік сана сезімнің туындауымен
байланыстырады. Оның белгісі – өзін тұлға ретінде тану қабілеттері мен 


қажеттіліктерінің пайда болуы.Бұл қажеттіліктер жеткіншекті өзін нақтылауға, өзін 
көрсетуге (яғни, өзінің бойында құнды деп санайтын қасиеттерін көрсетуге) және өзін 
тәрбиелеуге ұмтылдырады. Осы қажеттіліктердің депривацияға ұшырауы жеткіншек жас 
дағдарысының негізін құрайды.
Жеткіншек жастың өткір фазасының жаңа құрылымы- жасөспірімдік сананың 
ерекше формасы- « есею сезімінің » пайда болуы. Бұл- жеткіншек жастың келгендігінің 
психологиялық белгісі. Ескеретін жағдай, жеткіншек жасының басталуының 
физиологиялық және психологиялық көрсеткіштері уақыт бойынша сәйкес келейді:есею
сезімі жыныстық жетілуден ерте басталуы мүмкін.Д.Б.Эльконин анықтамасы
бойынша,есею сезімі жеткіншектердің өзін басқалармен (ересектер мен құрбылары ) 
салыстыруға, еліктеу үлгілерін анықтауға,басқа адамдармен қарым- қатынас жасауға, өз
іс-әрекетін қайта құруға негіз болатын,сананың жаңа құрылымы. 
Есею сезімінің түрлерін Т.В.Драгунова анықтап,зерттеген: 
1.Есеюдің сыртқы белгілеріне еліктеу – шылым шегу, құмар ойындар ойнау, спирттік 
ішімдіктер ішу , ерекше лексикада сөйлеу, киім кию мен шаш қоюда ересектер модасына 
еліктеу, бұлар есеюге жетудің ең жеңіл және ең қауіпті түрлері.Көңілді жеңілтек өмір 
стиліне еліктеу әлеуметтанушылар мен заңгерлер « бос уақытты өткізу мәдениетінің 
төмендігі» деп атайды. Және танымдық қызығушылықтар жоғалып, уақытты көңілді 
өткізуге деген бағдар қалыптасады. 
2.Жеткіншек ер балалардың « нағыз жігіт» қасиетіне ұмтылуы. Бұлар күш, ержүректік, 
батылдық, шыдымдылық, ерік жігер, достыққа адалдық. Өзін тәрбиелеу үшін спортпен 
шұғылдану жолға қойылады.Бір қызығы,қазіргі заман қыздары да осы қасиеттерін
иеленуге ұмтылады. 
3.Әлеуметік ересектік. Көптеген іс-әрекет түрлеріндегі жеткіншек пен баланың 
серіктесуі шартында туындайды, бала ересектің көмекшісі рөлін атқарады. Бұл
қиыншылықты бастан өткеріп жаткан отбасыларда байқалады.Жақындарына қамқорлық, 
олардың жағдайын жасау өмірлік құндылыққа айналады. 
4.Интеллектуалды ересектік. Жеткіншектің бір нәрсені шынайы біліп, істей алуға 
ұмтылысы.бұл мектеп бағдарламасынан тыс танымдық іс-әрекеттің дамуын 
итемелейді.Жеткіншек білімінің мәнді көлемі өз бетінше жұмыстың нәтижесі.Бұл 
оқушылар үшін оқу тұлғалық мінге ие болады. 
Келесі ірі психолог Э.Эриксон жеткіншек жастың негізгі жаңа құрылымы ретінде 
бірдейдікті алды.Ол-өзімен өзі теңдіктің үздіксіз субъективті сезімі. 
Әр жас кезеңінде адамды тура немесе жанамаланған түрде « Мен кіммін ? Мен 
қандаймын? Мен не үшін жаратылдым?» деген сұрақтар мазаландырады.Жеткіншек 
жастың міндеті – осы сұрақтардың жауаптарын жинақтап, өзіндік сана сезімінің тұтастай 
бейнесін қалыптастыру.Бұл кезең ерекшелігі адам саналы түрде әдейілеп,шығармашылық 
тұрғыдан өзінің өмірлік ұстанымдарын қалыптастыра бастайды. 
Жеткіншек өзіндік сана сезімінің қалыптасуын анықтайтын тағы бір маңызды 
құбылыс-эгоцентризм. Д.Эткинд жеткіншек эгоцентризмнің мінез – құлықтық 
көріністерін эксперименттік тұрғыдан қарастырады.Жеткіншектер бұдан сәл ертерек 
қалыптасқан қарапайым эгоцентризмді ығыстыра бастайды. Ерте балалық эгоцентризмді
қоршаған орта құбылыстарын өзінің түсінігі бойынша ғана қарастырады және соны 
жалғыз дұрыс шешім деп түсінеді. Енді жеткіншек құбылысқа деген түрлі көзқарастардың 
бар екендігін түсініп,өзінің қайталанбастығын , даралығын ұғына бастайды. Олардың өзін 
талдауға бағалауға берілетін соншалық, басқалар да оны үздіксіз бағалап жатыр деген 
түсінікте болады.Жеткіншектер өз өмірлерін сахналандырып жібергендей болады:өзінің 
мінез-құлқына, сырт келбетіне,сезімдері мен ойларына,сонымен қатар ойдан құрастырып 
алған аудиторияның реакцияларын, көзқарастарын анықтап, ескерумен болады. 
Жеткіншек эгоцентризмді сыр бөлісетін құрбыларымен тығыз тұлғалық қарым-қатынас 
дамыған сайын баяулап, басылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет