Жас өспірімдердің физиологиялық тәуелділік белгілері: бақылаудың болмауы,
әуестенуін тежей алмауы, ішімдікті қабылдаудан өзін ұстай алу мүмкіндігінің
жоқтығы
және т.б жағдайлар оларды аддиктивті мінез-құлыққа әкеледі. 17 жас дағдарысы
үйреншікті мектептік және ересек өмірдің қиылысу кезінде пайда болады. 17 жас
дағдарысын қатты уайымдағандарға өзіндік әр түрлі қорқыныштар тән. Өзінің және
туыстарының алдындағы жауапты таңдау, осы уақыттағы маңызды жетістік – енді үлкен
салмақ.
Жаңа өмірлік жағдай оған бейімделуді қажет етеді: маңызды екі факторға
бейімделуге көмектеседі. Отбасының қолдауы, өзіне-өзі және сана-сезіміне сенуі.
Жасөспірімдік кезеңдегі әлеуметтік ситуациялардың дамуы ( үлкен сынып
жасындағы сияқты ) , бұл кезеңде 16-17 жаста ойланған жоспарлар жүзеге асырыла
бастайды. Таңдауларының кейбірі
сәтті қанағаттанарлықтай болса, кейбірі қателіктерге
толы таңдауларға жетелейді. Бұл кезде жіберілген қателік мектептердегі екілік емес,
мұнда жылдарды жоғалтып, бәрін қайтадан бастауға тура келеді. 19-20 жастағы жастар өз
өміріндегі негізгі қиындықтарды бұрын болмаған жауапкершіліктің пайда болуымен
байланыстырады. Сонымен қатар олар өз жастарын бағалайды, өйткені бұл жас жаға
мәселелермен қатар жаңа кең мүмкіндіктер ұсынады. Жас өспірімдік шаққа өмір
жолының негізгі үш
нұсқасы тән, бұл жоғарға оқу өмірдің стилі және жоғары оқу
орындырына түсу мотивін анықтайды. Ата-анасы оқуға жетелеп апарып оқуын төлеп
қойса оның балалық шағы жалғаса бермек, өмірлік таңдауы айқындалмай оқу әрекеті
өнімсіз болады. Ол дәрістер кітапханада болудан гөрі жаңа достармен араласып сол
деңгейде көңіл көтеруді жөн көреді. Отандық және шетел зерттеулері көрсеткендей ,
некеге отыру жасы қаншалықты
кіші болса, соншалықты айырылысу мүмкіндігі де көп
болады. Әсіресе екіқабат болу себебінен, сонымен қатар ерте үйленген құрбыларына
еліктеу үстінде олардан қалмау, өз мүмкіндігін жіберу және жалғыз қалмау үшін
құрылған отбасылар осал болады.
Ішімдікті қолдану эффектісі жан-жақты: көңіл-күйді көтереді, босаңсу, рахат алу
эффектісі, армандау сферасынан кету, қиялдауға ұмтылады,
шындықтан, шешім
шығарудан қол үзу.
Жасөспірімдердің аддиктивті мінез-құлқының дамуында мотивация маңызды рөл
атқарады.
Атарактикалық мотивация – эмоциялық жайсыздықты, мазасыздықты, көңіл-күйдің
түсу құбылысын жою үшін немесе соны жеңілдету мақсатымен ішімдікті қабылдауға
ұмтылу.
Субмиссивтік мотивация – қоршаған ортаның пікіріне тәуелді болудан және
бағынудан құтылу үшін, адамдарды ренжіткісі келмей, ішімдікті қабылдауы.
Гиперактивациямен мінез-құлық мотивациясы – ішімдікті қозу үшін пайдаланатын
аддиктивті тұлға.
Жалған мәдениеттілік мотивациясы – қоршаған ортада сирек және қымбат ішімдік
сусындарын ұстап, жариялап, яғни « таңдаулы талғаммен» әсер етуге ұмтылу.
Девианттық мінез-құлық – қоғамда қабылданған
құқықтармен адамгершілік
нормаларға қарсы келетін жағымсыз қылықтар жүйесі.
Жасөспірімнің психологиялық тәуелділігі – есірткіні қабылдауға ұмтылу және сол
арқылы әсерленген сезімін қайта бастан кешіру немесе психолошиялық жайсыздық
құбылысын жою.
Кешендік аддикция. Жас өспірімдер ішімдікті еш уақытта жалғыз қолданбайды.
Ц.П.Корленко, Н.В.Дмитриеваның зерттеулерінде кешенді аддикция ішімдіктік және
ішімдіксіз бөлімдерден тұрады. Аддикцияның ішімдіктік бөлімі сана түбіндегі ойға
жақын, санадан ығыстырылған және оған жиі көңіл қоймайды. Аддикцияның бұл
формасы жасырын болып табылады. Олар өздерін ашық жарияламайды. Мұндай
компаниялардағы психологиялық жағдай ішімдік әрекетімен байланысты суперэго
бақылауынан кетуге
және кедергілерден құтылуға, жеңілденуге байланысты болады. Ал
аддикцияның ішімдіксіз бөлімі уақытын топтарда, компанияларда өткізуге ұмтылады. Жас
өспірімдер уақытын бірігіп өткізу үшін белгіленген орынға жиналады, бұдан жалпы
қызығушылықтары қалыптасады.
Жасөспірімдердің темекі тартуға әсер ететін психологиялық факторлар – құмарлық,
эксперимент жасауға,күшті болып көрінуге, « мерзімінен бұрын » ересек болуға
қажеттілігі.
Жасөспірімдердің темекі тартуға әсер ететін әлеуметтік факторлар – қоршаған орта,
ата-аналарынан, үлкен аға-апаларынан алған үлгілері, құрбыларының қысым жасуы,
маңызды тұлғалардың ( оқытушы және т.б ) көрсеткен үлгісі.
Қоғамнан қашу – тағы бір жас өспірімжасындағы организациялық нұсқасы. Жас
өспірім жұмыс істеу немесе оқу жолын таңдауы мүмкін: релегиялық секторлар,
өз-өзіне
нарцистік ауыртпашылықтар тілеу және т.б егер жаман ой бойын билеп алса жұмыста
оқуда артта қалады. Бұл нұсқаны саналы өмірдің таңдауы деп айтуға болмайды. Қандай да
бір жағдайда өз-өзін анықтау тапсырмасы шешілмейді және көптеген ізденіс сәтсіздікке
ұшырайды немесе ауасыз кеңістікте болумен тең. Балалық шақ бітті, үлкен деп өзіңді
сезінбейсің немесе не істеріңді білмейсің. Көңілсіздік, жаңа ляззат алуға талпыныс,
бұлыңғыр өмірді ұмытып, еңбек етуге қызықпаушылық.
Достарыңызбен бөлісу: