Семинар Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата24.12.2023
өлшемі0.82 Mb.
#487818
түріСеминар
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
жасерекшелик сем

Жас өсіпірімдердің тұлғалық даму стадиясы. Балаң жастық – дүниетанымның 
қалыптасуындағы шешуші кезең. Әлбетте, дүниеге көзқарастың негіздері анағұрлым
ерте, балалық кезден қаланады. Мұның өзі белгілі бір адамгершілік әдеттерді, 
нұсқауларды, жағымды, жағымсыз жайларды әс жүзінде меңгеруден басталады, бұлар 
кейіннен ұғынылып, мінез-құлықтың белгілі бір нормалары мен принциптеріне
айналады. Алайда дамуының біршама жоғары сатысында ғана онда бұл принциптерді 
белгілі бір тұтас жүйеге жинақтау қажеттігі келіп шығады; ол оған айналысындағы
дүниені түсініп қана қоймай, оны бағалауға, оған деген өз қатынасын анықтауға 
мүмкіндік береді. Бұл дүниетанымдық ізденістер айналадағы дүниенің қайсыбір жағын 
немесе өзінің мінез-құлқын болсын біршама асыра бағалаулаумен қатар жүреді. 
Дүниетанымның қалыптасуының бірінші көрсеткіші – дүниенің неғұрлым жалпы
принциптеріне, табиғат пен адам болмысының әмбебап заңдарын танып білуге деген 
ынтасының өсуі. Мұның өзі кейде « пәлсапа соғу » түрінде болса да, жас өспірімдердің 
де осы кезде қалыптасқан бытыраңқы мәліметтер мен фактілердің жиынтығын қорытуды
барынша қажетсінушілік болады. 
Балаң жастық – әлеуметтік белсенділіктің едәуір артатын кезеңі. Жас
өспірімдердің субъективтік критерийлері алуан түрлі, олардың ішінде – білім алуды 
аяқтау, өз алдына еңбек өмірін бастау, әке-шешесінен материялдық тәуелсіздік, 
азаматтық, кәмелеттік,әскерде қызмет атқару,үйлену, тұңғыш баласының тууы бар
сондықтан адам өзінің ересек болғанын бірден емес,біртіндеп сезінеді. 
Жас өспірімдердің оқу істері көп болса да, олар оған қанағаттанбай, қоғамдық
пайдалы еңбекке ұмтылады, оны практикалық пайдасына қоса, өзін орнықтырудың 
маңызды құралы деп біледі. 
Жас өспірімдердің қоғамдық белсенділігінің өз психологиялық ерекшеліктері бар.
Жастық шаққа тән романтизм жастарды көбінесе үлкен істерді қолға алуға 
ұмтылдырады, үлкен істің ұсақ-түйектен құралатынын олар сырттан көмек болмайынша
әлі біле бермейді. Бірақ үлкен қоғамдық бастамалардың нәтижесі көбінесе бірден емес, 
ұзақ уақыт өткеннен кейін барып көрінеді. Ал жастарға өз еңбегінің нәтижесін міндетті 
түрде өзі көріп, сезінуі керек. Егер ондай нәтижелер болмаса, оңай басталған елігу дәл 
осылай тез басылып, оның орнын немқұрайылық басады. 


Жас өспірім қыздар мен балдардың есеюін жасанды түрде тежеу оларда
инфантализм, немқұрайылық пен жауапсыздық сезімін туғызады, мұның өзі ересек 
адамда ерекше қауіпті болатын сапалар. Үнемі қамқорлыққа дағдыланған жас өспірімдер 
тіпті қажет болғанның өзінде жауапкершілікті өзіне ала алмайтын болып шығады. Кейде 
мұндай жайттар бұзақылықтарын, терең ирроционалдық қарсылықтарын туғызады. 
Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым, ол ерекше компоненттер ретінде.
В.С.Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, 
екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз « менін » ұғынуды, үшіншіден, өзінің
психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-
адамгершілік бағалаулардың белгілі бір мезгілде қалыптаспайды. 
Дүниетанымның қалыптасуы мен өмірлік ұстанымдар. Талай рет айтылып 
жүргендей жас өспірім тек балалар әлеміне ғана емес, үлкендер әлеміне де жатады. Содай-
ақ, бұл кезде олар есеюі процесінде болып қана қоймай, өздерін үлкендер секілді ұстайды, 
тіптен үлкендер қатарында деп санауға болады. Әлеуметтік орнын анықтау процесі секілді 
есеюі процесі көп түрлі, көп өлшемді. Мұнда кедергі болатыны, жас өспірімнің өмір 
жолын таңдауында кездесетін қиындықтар мен кедергілер, еңбекке жіне моральдық 
мойындауына деген қарым-қатынасы болып табылады. 
«Әрбір жастық кезеңде ерекше гүлдену кезеңі болады» деп жазды И.А.Бунин. Яғни 
жаңадан бітпес, ұзақ та қызықты кезең басталғандай болып көрінеді. 
Көптеген кездесулер, оқиғалар және қызықтың барлығы осы алдағы уақытта секілді
болып көрінеді. Оның қандай да бір істі бастауға деген құлшынысы болып табылады. 
Әлеуметтік өзін-өзі анықтау және өз орнын іздеу – дүниетаным қалыптасуымен
тығыз байланысты. 
Дүниетаным – әлемге түгел көзқарас өмірлік философия мен оның барлық
білімінің бағасы мен қорытындысы. Дүниетанымның танымдық бағыты белгілі бір нақты 
маңызды білімді үйрену жіне тұлғаның абстрактылы теориялық ойлай алу қабілеттілігі 
болып табылады. Дүниетаным – логикалық білімдер жүйесі ғана емес, сонымен қатар
адамның әлемге деген көзқарасын білдіретін ұстанымдар жүйесі. Жастық шақ – 
дүниетаным қалыптасуындағы шешуші кезең. Дәл осы кезде оның танымдық және 
эмоционалды – тұлғалық алғышарттары дамиды. Ерте жастық шақтағы дүниетанымдық
көзқарастар көбіне қарама-қарсы болып келеді. Әр түрлі қарсылыққа толы көптеген 
ақпараттар бозбаланың қабылдауында түрліше қабылданады. Үлкендер жағы бұндай 
кездерде бірден оқу мен тәрбиенің жетіспеушілігінен алға тартады. Шындығына 
келгенде, бұл ерте жастық шақтағы тән қасиет. Өмірдің мәнін іздеу қанағаттанбаушылық
сезімінен туады. Адам қандай да бір маңызды іспен шұғылданып жүрген болса, онда 
бұндай сұрақ тумас еді. Артқа оралу, құндылықтарға сыни көзқарас барлығы өмірдің
мәнін іздеуге байланысты туады. Міне, сондықтан да бұл мәселеге өзін қызықтыратын 
шығармашылықпен айналысу, қанағаттанушылық нағыз тосқауыл бола алады. Алайда, 
бұдан «артқа оралу» және « өзіндік талдау» - адам психикасының ауытқушылығы деп 
түсініп, одан тез арылу керек деген көзқарас қалыптаспау керек. Өзінің өмір жолын және
қоршаған әлеммен қарым-қатынасын сыни бағалай отырып, тұлға өзін
шығармашылықтың субъектісі ретінде сезінеді. Өмірдің мәні туралы сұрақ ерте жастық 
шақта барлығына ортақ болады. Жас өспірімдер болашақ туралы айтқанда ең алдымен 
өзінің жеке басына қатыстыны айтады. Жалпы, болашақ үшін еңбектену, оның тез арада
нәтиже беруін күту – адамның моральды психологиялық кемелденуінің негізгі көрінісі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет