Семинар пән: «Информатика» Тақырыбы: «Ақпаратты өңдеудің әдістері: ақпаратты танып білу, сақтау ақпаратты беру. Ақпаратты кодтау»



бет2/2
Дата11.09.2023
өлшемі133.5 Kb.
#477147
түріСеминар
1   2
«Ақпаратты өңдеудің әдістері ақпаратты танып білу, сақтау ақпаратты беру. Ақпаратты кодтау» тақырыбында семинар-сабақ

Ақпарат және басқару
"Ақпарат" және басқару түсініктерінің бірігуі XX ғасырдың 40-жылдары Н.Винердің кибернетиканы ашуына мүмкіндік туғызды. Кибернетика тұңғыш рет техникадағы, қоғамдағы және тірі организмдердегі ақпараттық процестердің ортақтығын көрсетті. "Ақпарат" ұғымын қолдану биология, нейрофизиология, генетика ғылымының дамуына маңызды ықпал етті. Н.Винер жанды, жансыз, жасанды жүйелердегі басқару жүйелерінің көптеген ортақ белгілері бар екені жөнінде ой айтты. Ұқсастықтарды айқындау - басқарудың жалпы теориясын жасауға жетеледі. Бұл идея мәселелерді шешетін компьютерлер пайда болғаннан кейін ғана шешіле бастады. Кибернетиканы жеке объектілерді (станоктарды, кәсіпорын құрылғыларын, автомобильдерді, т.б) басқарудан бастап, тұтас кәсіпорын салаларын, банк жүйелерін, байланыс жүйелерін, тіпті адамдар қоғамдастығын басқарудың аса күрделі жүйелеріне дейін күрделірек дәрежесі әр түрлі автоматтық немесе автоматгандырылған басқару жүйелерін жасау және пайдалану саласында қолданбалы информатика ретінде қарастыруға болады.

Пән: Информатика
ІІ бөлім. Компьютер-ақпаратты өңдеу құралы
Курс тақырыбы 2.1. Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы
Сабақтың тақырыбы №3. Ақпаратты өңдеудің әдістері: ақпаратты танып білу, сақтау ақпаратты беру. Ақпаратты кодтау
2. Ақпаратты кодтау

Ақпаратты белгілі - бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрау депте айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиты 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы; 1 - құрылғыда тоқ бар, ал 0 жоғын, немесе 1 - жоғары кернеу, 0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп атайды. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын котты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ кодталады. Символдарды кодттау кобинациаларының жиынтығын кодтау кестесі деп аталады.


ASCІІ коды.
Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код - ASCLL коды – американдық апарат алмасудың стандарттық коды.
Кодтау кестенің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады; стандарты, баламалы.
Стандартты бөліктегі – бірінші 128 символдар, 0 - ден 127 - ге дейінгі коттар; Цифрлар, латын алфавитінің әріптерімен компютер жумысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі - 128 - ден 255 - ке дейінгі кодтар алфавиттер (орыс, қазақ) Ондық, екілік, оналтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі бойынша кодтауға болады.
Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әреект түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналадар жіберу.
Сигнал аналогтық (үздіксіз), дискретті(үзілісті) болуы мүмкін. Аналогдық сигналдарға мысалдары: Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері, музыкалық нота нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез - келген сақталатын берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі - бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 байт = 8бит;
1 кбайт(килобайт) = 1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) = 1024 кбайт;
1 гбайт(гигабайт) = 1024 мбайт;
Код – ақпаратты ұсынуға арналған шартты белгілер жүйесі.
Кодтау – ақпаратты жеткізу үшін, өңдеуге, сақтауға ыңғайлы алфавит арқылы құпиялап жазу.
Кері кодтау/ декодтау / – кодталған ақпаратты түсінікті тілге аудару



Зағип жандар мен саңырау, сақау жандардын да өз әліппесі болады .


Мысалы: Брайль әліппесі көзі көрмейтіндер қолданады онда әр таңба инемен тесіліп жазылған тәрізді болады,оны қол саусағымен оқиды.
Саңырау,сақаулар тілі – тіл таңбалары белгілердің көмегімен ұсынылады.
Алғашқы телеграфка қолданылған Морзе әліппесі, бұл нүкте және сызықша арқылы оқылады.Ал кемеде жалауша әліппесі қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет