Семинар-практикумының бағдарламасы: 31 наурыз 2016 ж. 09-00 окж қызметкерлері



бет7/9
Дата08.11.2023
өлшемі336.5 Kb.
#482688
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
lketanu k taphana yzmet ndeg debi ke st kt basty ba yty seminar praktikumy 4

Тақырыптық библиография өлкенің халық шаруашылық және мәдени құрылыстарына арналған әдебиеттерді қамтитындықтан, оқырмандарды әдебиеттің жалпы және салалық түрлерімен, нақты түрлерімен және жеке проблемаларымен таныстырады. 
Өлкетану библиографиясына сол өлкеге тікелей байланысы бар ғылым мен еңбек, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің өмірбаяндық материалдары да кіретінін ескеру қажет. Мұның өзі екі түрлі формада жүргізіледі. 
Біріншісі - өлкетанудың библиографиялық сөздіктері. Мұндай библиографиялық құралға белгілі бір салада еңбек етіп жүрген адамдар: жазушылар, ғалым зерттеушілер, өлке зерттеушілер т.б. кіреді. 
Екіншісі - өлкетану библиографиясы. Мұны екінші дәрежелі библиография немесе библиографияның қайнар көзі деп те атайды. Библиографияның мұндай түрлеріне көрсеткіштер, библиографиялық сөздіктер, шолулар, кітапқа қосымша тізімдер кіреді. 
Жергілікті баспа библиографиясы. Библиографияның бұл түрі өлкетану библиографиясына мүлде ұқсамайды. Бұл еңбек жергілікті баспадан шыққан барлық әдебиеттер библиографиясын (кітап, кітапша, журнал, газет, листовка) қамтиды. Жергілікті мерзімді баспасөз беттерінде басылатын материалдардың көлемі жыл сайын ұлғаюда, ал оның ішінде өлкетану тақырыбына арналған материалдар да аз емес. Жергілікті баспаның библиографиясы деп сол жергілікті баспадан шыққан әдебиеттердің тізімін мазмұнына, тақырыбына қарамастан түгел жазып шығуды (описание) айтады. Қазіргі заман ағымына байланысты баспалардың шығарып жатқан прайс-лист (баспадан шыққан кітаптардың тізімі) атауға да болады. 
Соңғы жылдары өлке тарихына, әдебиетіне, мәдениетіне, Қазақстан жерін мекендеген басқа ұлт өкілдерінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріне деген қызығушылық өсуде. Міне, осындай сұраныстарды қанағаттандыруда кітапханалық өлкетанудың ролі зор.
Өлкетану библиографиясы – ол белгілі бір тарихи немесе өмірбаяндық және библиографиялық деректерді анықтау үшін құжаттарды, кітап және баспасөз деректерін жүйелі түрде іздестіру. Осы кітаптарға ғылыми сипаттама жазу, библиографиялық көрсеткіштер құрастыру. Кітапхана қызметкерлері өлке тарихынан мәлімет беретін деректерді жүйелі түрде анықтап, жинақтап, ол жайында ретроспективті, ағымдағы және ұсыныс көрсеткіштерін, атаулы күндерге арналған күнтізбелер құрастырады, өлкетану тақырыбы бойынша мыңдаған оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандырады. Қазіргі уақытта кітапханалардың мүмкіндіктері біршама өсті. Кітапханалардың ақпарат-библиографиялық бөлімдерінде кітапхананың өлкетану қорлары (ресурстары) және де қаланың басқа да мекемелері жайында ақпараттар жинақталады. Замана ағымына байланысты көптеген облыстық кітапханалар жаңа технологиялармен (компьютерлермен) жабдықталған. Оларда «Елтану» және «Облыс» жайында жазылған кітаптар мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардан жазбалар енгізіп, қор құрылған. Осы жазбалардың, яғни жинақталған қорлардың арасында оқырмандар кітап және журналдар теңізінде еркін бағдар ала алады. Әрине оның бәрін кітапханашылар «Рабис бағдарламасына» салып, толықтырып отырады.
«Сырлас» кітапханасында «Жеке-дара ақпарат беру картотекасы» жұмыс істейді. Оған әр тақырыптарда ізденіс, ғылыми тұрғыдан дайындалатын оқырмандар тізімі мен тақырыптары көрсетілген. Сол тақырыптар бойынша жаңа материалдар болса тез арада ақпараттап отырамыз. Бұл да өлкетанудағы ақпараттау жолдарының бір қыры деп танимын. Мысалы, айтар болсам - №2,7,8 мектеп оқушылары мен ұстаздары дайындаған «Балқашта өсетін емдік шөптер», «Менің қаламның ұстаздары», «Амангелдімен бірге болған батыр» т.б тақырыптар.
Кітапханамызда «Тұлғалар», «Елеулі даталар», «Балқаш тарихы» т.б картотекалар толықтырылған.
Әрбір оқырманға өлкетану жайлы ақпараттарды жеткізудің ең бір тиімді жолы библиографиялық көрсеткіштер, естеліктер, ақпарат-библиографиялық материалдар, дайджестер, күнтізбелер құрастырып шығару. «Сырлас» кітапханасы өз істерінде мемлекеттік саясатты, идеологияны, ақпараттық жетістіктерді және тұрғындарға кітапханалық қызметті дамыту мен сақтау жөніндегі бағдарламаларды үнемі іске асыруда. Кітапхана қызметінің мақсаты өз аймағы көлемінде әмбебап құжаттардың толық жинағын мүмкіндігінше қалыптастыру, сақтау, оны пайдалануды ұйымдастыру болып отыр. Кітапханаларда жүйелі түрде оқырман конференциясы, байқаулар, семинар-тренингтер, кеңестер, практикалық сабақтар, көмектер, дөңгелек үстел, іс-тәжірибе трибуналары және көптеген көпшілік іс-шаралардың белсенді түрлері мен әдістері қолданылу керек. Сондықтан ақпарат көздерінің қоғамға пайдаланылуын ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық мекеменің бірі – қаламыздағы кітапханалар (оның ішінде «Сырлас» кітапханасы тек қана мемлекеттік тілдегі кітапхана болып табылады).
Енді «Қала.Тарих.Тұлға» бөлімін ашатын болсам.
Бүгінгі күні «Сырлас» кітапхана-филиалында «Тәуелсіздік таңымен нұрланған Қазақстан» атты көркем безендірілген, үлкен кітап көрмесі дайындалған. Мынадай бөлімдерден «Ұлт жоспары- Қазақстандық арманға бастайтын жол», «Ұлы дала елі -ұлы арман жолында», «Қазақстан – 2050», «Президент жолдаулары», «Экспо-2017» тұрады. Көрме күнделікті назар аударарлық жаңа материалдармен толықтырылып отырылады.
«Отандық өнімді қолдаймыз» тақырыбында Балқаш қаласының кәсіпкерлері, эксперт сарапшы, кеңесшілермен және жастардың қатысуымен үлкен экспресс мінбе өткізілді. Мақсаты, елімізде шығып жатқан өнімді пайдаланып, кәсіпкерлеріміздің еңбектеріне қолдау көрсетуді насихаттау және жастардың болашаққа деген сенімдерін арттырып, кәсіптеріне ден қойып оқуларына жөн сілтеу. Биылғы жылы ЮНЕСКО көлемінде Ә.Бөкейхановтың -150 жылдығы аталып өтілуде. Осыған орай «Алаш көсемі - Әлихан Бөкейханов» атты оқырмандар конференциясын өткізілді.
«Тіл бірлігі - ел бірлігі» жобасы бойынша Тілдер орталығымен бірлескен бұрыш ұйымдастырылған. Кітапханаға келген басқа ұлт өкілдеріне Балқаш туралы, адамдары, еңбектері жайлы кітаптарды көрсетіп, ардайым өлкетану көрмесіне шолу жасап отырамыз, мақалалармен таныстырамыз. Кітапханада бар ақпарат құралдарды көрсетіп, тапсырыстар түсіруге ынталандарамыз, кеңес, сұхбаттар береміз. Мысалы, кітапханамызға жазылуға келген оқырмандарға Республикалық «Игілік» журналында жарық көрген қаламыздағы №15 мектеп лицей директоры, ұстаздары жайлы мақаланы оқуға ұсынып, С.Кәукербековтің кітаптарына назар аудартамыз. Бүгінгі таңдағы көпшілік болып қолға алынып отырған тіл мәселесі, тілдің беделін көтеру, оның салмағын арттыру жолында кітапханашылар көптеген жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, ана тілімізде ұйымдастырылған кітап көрмелері, әңгімелер, тарихи сабақтар, кездесу кештері т.б. Кітапханада қазақ тілін үйреніп жүрген басқа ұлт өкілдеріне әдебиет таңдауда кеңес беру жұмысын үзбей жүргіземіз. Сол сияқты қазақ халқының салт-дәстүрін, бабалар тарихын насихаттауда «Сәукеле» клубының да үлесі зор.
Өткен 2015 жылы «Сырлас» кітапханасының мерейлі - 25 жылдығына арналған және Балқаш қаласы телестудиясының - 50 жылдығына орай, телестудияның тұңғыш дикторы, журналист, ұстаз Г.Қызылбаеваның жинаған материалдарынан әдістемелік-кітапнамалық құралдар дайындалды.
Аты аңызға айналған дарабоз батыр, шешен, би болған өңіріміздің батырларының бірі, қаламыздың 1 мөлтек ауданына есімі берілген Жидебай батыр Қожаназарұлына арналған әдістемелік-кітапнамалық құрал үлкен ізденіспен жасалды. Асыл сөз маржаны зергерлерінің бірі, балқаштық ақын, композитор Шашубай Қошқарбайұлының туғанына -150 жылдығына «Алмас тілді Шашубай» атты әдістемелік-кітапнамалық құрал және диск (электронды нұсқасы) оқырмандар назарына ұсынылып, көпшілік көңілінен шықты.
«Туған өлкем, қандай көркем» үлкен кітап көрмесі қаламыздың табиғаты, болашақтағы көркеюін уағыздаса, «Шұғылалы Балқаш тарихы», «Өңір тұлғалары» «Ақын-сазгерлері», «Шежіре тарқатушылар» атты бөлімдерден тұратын «Сырлы да қазыналы Балқаш» көрмесін қосымша деректермен толықтырып отырамыз. Шежіре тарқатушылар С.Ихласбековтың «Тамырды тану», Қ.Томпиевтың және атақты сыншы, профессор, академик Б.Майтановтың кітаптарының электронды нұсқасы сайтқа енгізілді. Өлкеміздің тарихы мен өнерін жинақтап зерттеудің мол тәжірибесі негізінде болашақ ұрпақты тәрбиелеудің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе, туған жеріміздің саңлақтарымен өткізілген кештер мен кездесулер, танымдық сабақтар туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін оятумен қатар, өз ата-бабаларын мақтан етуге шақырады. Қаламыздағы танымал әдебиет, мәдениет, өнер иелерімен, суретшілермен және спортшылармен таныстырудың, яғни, кіші отанға деген махаббат пен азаматтық борышты өтеуге баулудың маңызы зор. Назарларыңызға рахмет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет