Семинар-практикумының бағдарламасы: 31 наурыз 2016 ж. 09-00 окж қызметкерлері


Қошқарбайұлы Ш. Шашубай. Шығармалары. — Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2012. - 168 бет



бет6/9
Дата08.11.2023
өлшемі336.5 Kb.
#482688
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
lketanu k taphana yzmet ndeg debi ke st kt basty ba yty seminar praktikumy 4

Қошқарбайұлы Ш. Шашубай. Шығармалары. — Алматы: «Ана тілі» баспасы, 2012. - 168 бет.
Шашубай Қошқарбайұлының бұл жинағына өмірді әнмен өріп, сөзбен әрлеген ақынның шығармашылық мұрасы, сондай-ақ ақын жайындағы естеліктері де енгізілген.


Балқаш аймақтық ақындар антологиясы /Кураст.: Ж.Башар. - Алматы: «Исламнур» баспасы, 2013. - 344 бет.
Бұл антологияда қазақ поэзиясының алтын қорына қосылған арқалы ақындар да, жыр сәйгүліктің жалына енді жармасқан жас дарындар да бар.


«ҚАЛА. ТАРИХ. ТҰЛҒА»
Құрметті әріптестер, бүгін сіздерге «Өлкетану кітапхана қызметіндегі әдеби кеңістіктің басты бағыты» атты көлемді семинардың бөлімі ретінде «Қала.Тарих.Тұлға» атты тақырыпты назарларыңызға ұсынбас бұрын, кітапхана мен өлкетану библиографиясына тоқтала кетсем.
Өлкетану библиографиясына анықтама берерден бұрын, өлкетану әдебиеттері деген ұғымды түсіндіре кетейін. Өлкетану әдебиеті кең салалы әдебиет. Бұған белгілі бір аймақты жан-жақты зерттеуге бағытталған немесе оның физикалық және экономикалық географиясына, геологиясына, тарихына, этнографиясына, топырақтануға не жаратылысына арналып жазылған кітаптар мен мақалалар жатады. Сонымен қатар, белгілі бір қала, аудан, селолар туралы мәліметтер басылған арнаулы ғылыми монографиялар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, анықтамалық басылымдар, осы өлкеге қатысы бар тағы басқа да шығармалар өлкетану әдебиеттерінің негізгі қоры болып есептеледі.
Сөйтіп кітапхана қызметіндегі әдеби кеңістіктің басты бағытына кіретін өлкетану әдебиеттері мен басылымдарына кіретін материалдарды даралай бөлсек: 
1. Жеке шығармалар (кітап, жалғасты басылым, кітапша, плакат, нота, баспа графикасы, бейнелеу өнерінің шығармалары, сурет, атлас, карта); 
2. Жинақтар, журналдар мен газет беттерінде жарияланған материалдар;
3. Өзінің мәні мен мазмұны жағынан бағалы қолжазбалар;
4. Газет қиындыларының тақырыптық папкасы, альбомы т.б. болып табылады.
Осыншама қыруар әдебиеттердің пайдалануға оңай әрі қолайлы болуы үшін, олар бір жүйеге келтірілуі тиіс, өзінің мазмұнына сәйкес топ-топқа бөлінуі қажет. Осыдан барып библиографиялық құралды жасау қажеттігі туады. 
Өлкетану библиографиясы деп белгілі бір өлкеге арналған әдебиеттерді оқырмандарға жеткізуді өзіне мақсат етіп қоятын және өлке туралы жазылған бағалы кітаптар мен мақалаларды насихаттайтын библиографияны айтамыз. Өлкетану библиографиясы жалпы, салалық және тақырыптық библиография болып үш түрге бөлінеді.
Өлкетанудың жалпы библиографиясына өлке өмірінің барлық жағын қамтитын, баспадан шыққан әдебиеттер кіреді. 
Қазір көпшілік, облыстық және ғылыми, балаларға қызмет көрсететін барлық кітапханалар өлкетану тақырыптарына байланысты библиографиялық құралдар шығарып тұрады. Мұндай құралды пайдалана отырып, оқырман өзіне қажетті кітаптарды, мақалаларды тез тауып алады. Жалпы өлкетану библиографиясына сол өлкеге арналған арнайы тақырыптық ұсыныс құралдары да кіреді. 
Өлкетанудың салалық библиографиясына белгілі бір саланың не бірнеше тектес саланы қамтитын әдебиеттер кіреді. Мұнда ғылымның белгілі бір саласымен шұғылданып жүрген оқырмандардың қажеті мен талабы ескеріледі. Мысалға айтып өтсек , егер кітапханамызда бар материалдармен белгілі бір оқырман қанағаттанбаған жағдайда- оған сіз осы тақырыпта қаламыздағы кез-келген мекемеден (мектеп, колледж, т.б.) өзіңіз ақпарат алып, оқырманға бағыт-бағдар бере аласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет