«КІТАПХАНАДАҒЫ ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСЫ: БАСТАМАЛАР, ӘДІСТЕМЕЛЕР, ЖЕТІСТІКТЕР»
Семинардың мақсаты – кітапханалардағы өлкетану жұмыстарын жетілдіру, білім беру жүйесінде және жеке тұлғаны тәрбиелеуде өлкетану білімдерін насихаттау, өлкетануды дамыту арқылы мәдени-тарихи танымды қалыптастыру. «Өлкетану өзінің туған жеріңді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке деген қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді»,- деп академик Лихачев Дмитрий Сергеевич айтқан екен. Өлкетану кітапханалық қызметі - белгілі бір жер туралы ақпараттарды жинау мен таратуға бағытталған кәсіби қызметтің бір бөлігі болып табылады. Бұл қызметтің бағыты – өлкетану қорына қолжетімділікті қамтамасыз ету, белгілі бір аймақ туралы ақпараттарды тарату.
Өзіндік тарихы жоқ өлке болмайды. Адамзат алдында тұратын ұлы міндет - өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өлкеміздің тарихы мен өнерін жинақтап зерттеудің мол тәжірибесі негізінде болашақ ұрпақты тәрбиелеудің қажеттілігі арта түсуде. Әсіресе, туған жеріміздің саңлақтарымен өткізілген кештер мен кездесулер, танымдық сабақтар - туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін оятумен қатар, өз ата-бабаларын мақтан етуге шақырады. Балқаш қаласындағы танымал әдебиет, мәдениет, өнер иелерімен, спортшылармен таныстырудың, яғни, кіші отанға деген махаббат пен азаматтық борышты өтеуге баулудың маңызы зор. Бөлімнің алға қойған мақсаты – кітапхана пайдаланушылары үшін өлкетану құжаттарын жинақтау мен сақтаудың кешенді ақпараттық жүйесін құру, өлкетану ақпараттарының насихатталуы мен сақталуын қамтамасыз ету, жастардың бойында туған өлке тарихына деген қызығушылықты қолдау және дамыту.
Семинар барысы онлайн режимде жүргізілді. Ақпараттық-библиографиялық бөлімі ОКЖ сайтындағы «Өлкетану» бөліміне жауапты болғандықтан, өлкеге қатысты бар мәліметтермен толықтырылып отырады. Өлкетану бөлімі 4 бөлімнен тұрады:
Балқаш өңіріне арналған аңыздар
Балқаш өңіріне танымал есімдер
Мультимедиялық топтамалар
ТБД «Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке»
Сол мақсатта мынандай істерді қолға алудамыз: - Өлкетану құжаттарының қорын қалыптастыру және толықтыру; - Мәліметтер және ақпараттар қорын құру (электрондық, тақырыптық папкалар, аудио-бейне және т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: |