Семинар сабақ тапсырмалары №1 семинар



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата23.02.2022
өлшемі1.19 Mb.
#455698
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Семинар саба тапсырмалары №1 семинар

Электронды ресурстар: 
1.КАБИС.Web-Электронная библиотека Lib.kazmkpu.kz 
http://lib.kazmkpu.kz/
 
2.
sozdik.kz/ru/dictionary/... 
 
3
ustaz-kz.ucoz.com/publ/zha_aly_...  
4
almatykitap.kz/goods/18731.jsp  
5.
v3.kz/index.php?q=...


 
№ 5 семинар
Тақырыбы: балалар фольклорының жанры мен түрлері, құрылым ерекшелігі 
Сабақтың мақсаты: балалар фольклорының жанрлық, құрылымдық сипатын 
талдау. 
Жүргізілу түрі: Талдау, құрылымын салыстыру,қорытынды жазу. 
Тапсырма: 
1.Қазақ фольклорының жанры мен түрлері 
2. Қазақ фольклорының тәрбиелік ықпалы 
3.Ауыз әдебиетінің тарихи даму жолдары
Әдістемелік нұсқау: «Бір минут» әдісін қолдану.
Бұл әдіс оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей 
білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау 
дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен 
байланыстыруға болады.
https://rep.ksu.kz › Zhumageldin_balalar folklori
Қалыптастырылатын дағдылар: 
ақпаратты басқару;
өзін өзі басқару;
ойлау.
Аудиторияны жоспарлау  
Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы 
қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп 
отырған балалардың ортасына қоюға болады.
Жұмыс алгоритмі  
1.Студенттер тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты 
атап көрсетеді. Студенттерге рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.
2. Оқуға берілген уақыттан кейін студенттер «ыстық» орындыққа отырып, бір 
минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.
3. Басқа студенттер мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» 
орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, 
күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай 
жағдай орын алса, уақыт тоқтатылады.
4. Оқытушы наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі 
қажет.
5. Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы студент 
ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан студент балл 
алады.
6. Егер де наразылықтан бас тартылса, онда студент басқа наразылық 
білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер 
студент 1 минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.


7. Қосымша тапсырма ретінде оқушылармен «Тұжырымдамалық карта» 
ойынын ойнауға болады, ойын барысында олар «Бір минут» тапсырмасын 
орындаған кезде алған барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет