(Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. — А., 1999. — 124-бет).
Жалпы алғанда, әл-Фараби — Шығыс мәдениетінің алып тұлғасы ол дүниежүзілік өркениетте өзінің қадірлі орнын алады. Оның рухани мүрасы өзінің үлы ізбасарлары ибн-Синаға, Биру-ниге, Жүсіп Баласағүнға және т.б. суалмайтын қайнар болды.
Шығыс Ренессансы туралы сөз еткенде оның тағы бір бас-тауы сопылық бағыт (суфизм) жөніңце айтпай кетуге болмай-ды. Қазақстан жеріндегі үлы ғүламалар Жүсіп Баласағүн, Сү-леймен Бақырғани, әсіресе, Қожа Ахмет Иассауи шығармашы-лығында сопылық сарын үлкен орын алған. Онан соң Ренес-санс идеясын тек Платон мен Аристотельдің шығыстық ізбасарлары қолдады деу де сыңаржақтылық.
Сопылық бағыт ислам әлемінде о баста ресми дінге қарсы оппозициялық қозғалыс ретінде туады. «Суфьң термині араб-тың «жүн шекпенң деген сөзіне орайластырып алынған. Сопы-лар — киім талғамайтын, бар ойы руханилық төңірегіңдегі тақуа адамдар. Сопылық бағыттың тарауының бір себебі, өуелде ой бостандығын шектемеген араб халифаттарыңда X ғасырдан бас-тап фанатиктер күшейе береді, олар Қүранға қарсы деп әр түрлі ағым өкілдерін қуғынға үшыратады. Әсіресе, иран, түрік және үнділердің көне мәдениетінен қалған мүралар Алла сөзіне жат деп жарияланады. Осы қуғын салдарынан Иран, Араб жерлерінен көптеген сопылар (өздерін дәруіштер деп атаған) Түркістан жеріне қарай ағылады. Орта Азияда 300—400 мың дәруіш пайда болды. Сопылар қүдайды парасатпен емес, жүрекпен түсіну керек деп жариялайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мүсылман пірлерінің біріне айналған — Қожа Ахмет Иассауи. Оның ең үлкен жетістігі ғасырлар бойы қалыптасқан бай түрік мәдениетін мүсылман өркениетімен шебер байланыстыруында жатыр.
Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма — «Диуани хик-метң («Ақыл кітабың). Қожа Ахметтің өмірде жасаған бір ерлігі оның 63 жасқа келгеннен кейін, «пайғамбар жасына жеттім, одан
әрі өмір сүру, жарық дүниені көру күнәң деп бар байлығын мүсәпірлерге таратып, өз еркімен жер астыңдағы үңгірде тіршілік етуімен байланысты. Оның пәк өміріне риза болған атақты Аксақ Темір ғажайып Қожа Ахмет Иассауи ғимаратын салдырды. Иас-сауи туралы Ыбырай Алтынсаринның берген бағасын келтірейік: «Муштафид Ғүламалар арасындағы үлықтары төртеу: имам Ағ-зам, имам Мөлік, имам Шафиг, имам Ахмед Ханбал Яссауи. Бүл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп, халыкқа түсіңдіріп бердің. (Мүсылманшылдықтың белгісі. — Алматы, 1991. — 22-бет).
Шығыс перипатетиктері — ақыл-ойды жоғары қойып, трак-таттар жазса, сопылық бағыт мәдениеттің поэзиялық әдісімен өз ойларын насихаттаған. Есімдері әлемге белгілі Омар Хайям, Сағди, Хафиз, Низами, Руми тәрізді ақындар сопылықтың гуманистік идеяларын пайдаланып, ғажайып дастандар жазға-ны белгілі. Олардың қатарында өзінің тиесілі орнын алатын, түрік тілдес халықтардың ортақ өкілі Иассауига тоталитарлық жүйе кезінде мистик ақын деген айдар тағылып, халық мөдениетінен шеттетуге әрекеттер жасалды. Шын мөнісінде, суфийлік ағымды керітартпа мистикалық ілім деу қате.
Философиялық суфийлік ағымның негізін салушыларға әл-Ғазали мен ибн-Араби жатады. Олардың ілімі бойынша, мөдениеттілік дегеніміз жан-жақты жетілген, толыққанды адамды үлгі-өнеге етіп қабылдау. Сопылық бағыттағы тағы бір гуманистік идея — ғарыш пен адамның түтастығы. Кемеңгер, жетілген адам-дар түратын ғарыш мүмкін әлемнің ең жақсысы болып есептеледі. Осы тамаша ғарыш адам арқылы өз шегіне жетеді. Өйткені, адам — ғарыштың нүсқасы. Ежелгі гректердегі микродүние мен макро-дүниенің арасындағы үйлесімділік идеясы араб-парсы-түрік Ре-нессансында да осындай өз көрінісін табады.
Қүдай мен адамның арасыңдағы алшақтықты жоюға үмтыл-ған сопы-шайырлардағы негізгі күш — махаббат. «Диуани хик-меттең Қожа Ахмет дүниенің тірегі деп Адам мен Махаббатты алады. Әл-Фараби өзі іздеген «Қайырымдылар қаласынң махаб-бат пен сүйіспеншілік үстемдік еткен, ақылды ел басы, әділетті заңдары, бақытты түрғыңдары бар «Гүлстаннанң табады. Гүл-станға жетудің жолын халықтағы ізгі қасиеттер мен адам-гершілікті дәріптеп, жамандықтан арылудан көреді:
Ей ғафыл жан, зікірің тыйылмасын, Опасы жок дүние құр жыйылмасын, Жарандардың жан жылуы суынбасын, Жолын тапкан мүратына жетер,*достар. Уа дариға, арманмен өмірім өтті.
Нопсім мені обден-ак бұзып кетті, Жаным кұсы шарлап жүр зоулім көкті, Дидар көрем деген құл тыным таппас, Жүрсе, тұрса зікір сап аузын жаппас, Ондай қүлдың тоні де қаңсып жатпас, Жаратқан Ием нүрын мол қүяр, достар.
Достарыңызбен бөлісу: |