Мәдениет және тіл.
Дискурс-тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мәдени-тілдік контексті.Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүиетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-әрекеттің нақты тілдік шындығын айтады. Ф. де Соссюрден бастап қазіргі француз функционалистеріне дейінгі классикалық лингвистика тілді қоғамның барлық мүшелеріне ортақ, түсінікті константты (өзгермейтін) құрылым деп қарастырады. Біріншіден, тілде бір нақты нәрсені білдіретін белгі және сол нәрсенің өзі бірін-бірі анықтайды., екіншіден сол тілді қолданатын тілдік ұжым мүшелері үшін тілдік белгілердің бәрі бір мағынаға ие, үшіншіден, осы жоғарғы айтылғандардың нәтижесінде тіл қоғамның барлық әлеуметтік топтарына бірдей қызмет етеді.
Тіл-бәрімізге ортақ, бәріміз осы тілде сөйлесеміз, бір-бірімізді түсінеміз.Өмірдегі сөз саптасымызға жіті көңіл бөлетін болсақ, онда мынаны байқаймыз - әрбір сөз өзінің нақты заттық, бұйымдық мазмұнынан басқа көптеген уақытша, өзгермелі идеологиялық мағынаға да ие екен.
Рухани болмыс- мағыналы белгі, таңба болмысы.Өйткені, белгі қашанда ,,материалдықң, ,,заттық,, белгі. Белгілік шығармашылықтың жемістері- өнер туындысы, ғылыми жұмыстар, діни рәміздер, салт-дәстүрлер және т.б. бәрі адамды қоршаған шынайы әлемнің материалдық заттай бөліктері. Олардың басқа заттардан ерекшелігі оның мағынасында, мәнінде, өзіндік құндылығында.
Жалпы, ұғыну мәселесі ХХ ғасыр философиясындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды десек болады. Осы мәселеге сонау Ф.Шлейермахерден , В. Дильтейден бастап М.Хайдеггер, Х.Г.Гадамер сынды ойшылдар көп көңіл бөліп, біраз тер төкті. Түсіну мүмкіншілігі туралы айтылған біраз көзқарастарды қарастырып өткеніміз жөн. В. Дильтей өзінің міндетін гуманитарлық ілімнің ерекшеліктерін, немесе сол В.Дильтейдің кезіндегі Германияда қалыптасқан терминология бойынша, ,,рухани ғылымдардың, өзіндік ерекшеліктерінң түсіндіру деп білді.
Адамды түсіну үшін оның дүниетанымын, көзқарасын, идеалдарын, яғни рухани әлемін білу қажет. Ал ол жаратылыстану ғылымдары сияқты көзге көрініп тұрған нәрсе емес, сондықтан оны танып білу, зерттеудің де өзіндік ерекшеліктері бар. Осы тұста бізді қызықтыратын ұғыну, түсіну мәселесі көтеріледі.
Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Введение в культурологию. В 3-х томах. М.,1995.
3. Габитов Т. Культурология. А.,2001
4. Габитов Т. М. Мәдениеттануға кіріспе. А.,2001
5. Гуревич П.С. Культурология.Учебное пособие.М.1996.
6. Гуревич П.С. Культурология . Уч.пособие. М.1996.
7. Радугин ., Радугина .Культурология М.,1999.
8.Багдасарьян. Культурология. М.,1998.
9.Ғабитов .,Алимжанова. Мәдениеттану. Оқу құралы. А.2003
10.Тимошинов В.И. Культурология. Учебное пособие. М.2003.
11.Алтаев Ж., Ғабитов Т.Х. Философия және мәдениеттану. А.,2001.
12.Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. А., 2001
13.Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану негіздері. А., 2003
14.Тимошинов В.И. Культурология: Восток и Запад. А., 2001
15.Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. М., 1977
Достарыңызбен бөлісу: |