Семинар сабақтары осөж сөж курс бойынша емтихан сұрақтары Тест тапсырмалары 10. Пән бойынша оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыздандыру картасы 1 глоссарий грамматика грек. «жазу, жазу өнері»


Грамматикалық тақырып. КІРМЕ СӨЗДЕР



бет3/6
Дата16.06.2016
өлшемі486.5 Kb.
#139637
1   2   3   4   5   6

Грамматикалық тақырып.

КІРМЕ СӨЗДЕР


Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер дейміз. Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер енген. Керісінше, қазақ тілінен де көптеген сөздер енді. Мысалы, араб және парсы тілінен енген адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, емтихан т.б.сөздер бар.

Моңғол тілінен ел билеуге байланысты ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық сөздері енген.

Ал орыс тілінен қазақ тілінен жәшік, тәрелке, керуерт, бөтелке, бәтеңке, кәмпит, сөмке т.б.

Латын тілінен: лекция, республика, министр, операция.

Неміс тілінен: орден, штурм, рота, кран.

Француз тілінен: жюри, батальон, дуэль, гарнизон.

Ағылшын тілінен: бокс, вагон, вокзал, митинг.

Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды:

Самолет –ұшақ, вертолет –тікұшақ, коллектив –ұжым т.б.
1 тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты мәтіннен кірме сөздерді теріп жазыңыз.

2-тапсырма. Қазіргі тілімізге басқа тілден енген сөздердің көпшілігі компьютер мен экономикаға қатысты 10 сөзге қосымша жалғап, сол сөздермен сөйлем құраңыздар.
№6сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Өлеңді жаттап алыңыз, түсінгеніңізден жазбаша мәлімет беріңіз.



Өнер – білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды

Айшылық алыс жерлерден

Көзді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды

Білімді жиды жалықпай

Суда жүзді балықтай

Біз болмасақ, сіз барсыз

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Сіздерге бердім батамды-ай. Ы.Алтынсарин

Практикалық сабақ №7

Фразеологизмдер.


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. . Лексикалық мәтінге толық талду жасаңыз, жаңа сөздерді жаттап алыңыз;

  2. Фразеологизмдерден өткенді қайталау, берілген тапсырмаларды орындау.


Әдістемелік нұсқау
Мәтін тапсырмалары

Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыздар.

Мәтіндегі асты сызылған сөздерге түсінік беріңіздер.

Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.



Мақал мен мәтелдер

Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерде халықтың сан алуан өмір құбылыстары қамтылған. Олар ой дәлдігі мен ықшамдылығымен ерекшеленеді, тақырыптары әр алуан болып келеді. Мысалы: Білімді өлмес - қағазда аты қалар, ұста өлмес - істеген заты қалар; Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ; Ағаш тамырымен, адам жол-дасымен мықты т.б.

Мақал мен мәтел бір-біріне ұқсас. Алайда бұл екеуі бір түсінік емес, олардың аз да болса белгілі дәрежеде айырмашы-лықтары бар. Ол айырмашылық ойды түйіндеуден және құрылымы жағынан көрінеді. Мақалдарда тиянақты, тұжырымды ой айтылады, құрылысы жағынан бір немесе бірнеше сөйлемнен құралып келе береді, алдыңғы ой екінші ойдың шарты түрінде көрінеді. Мысалы, мезгілі жетсе, мұз да ерір; тоқпағы күшті болса, киіз қазық жерге кірер, түсі игіден түңілме т.б., ал мәтелдерде аяқталған тиянақты ой айтылмайды, құрылысы жағынан олар сөйлемдік дәрежеде болмай, бірнеше сөздердің тіркесі түрінде де келе береді.

Мысалы, орақ ауыз, от тілді; қой семізі қойшыдан, т.б.

Мақал-мәтелдердің тура және ауыспалы мағынасы болады. Тілде ақын-жазушылар шығармаларынан мақал-мәтел, қанатты сөздер болып кеткен үлгілер көп. Мысалы, Шегірткем бір секірдің құтылдың, екі секірдің құтылдың, үшіншіде тұтылдың (Ы.Алтынсарин.). Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Доссыз ауыз тұшымас (Абай).

Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестердің бір түрі.



Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер

Өнерлі өрге жүзеді.

Өнерді үйрен де жирен.

Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.

Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

Оқыған көп білер.

Ақыл-тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен,



Тіл туралы мақал-мәтелдер

Өнер алды - қызыл тіл.

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.

Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі



Адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер

Адам болар баланың кісіменен ісі бар.

Адам болмас баланың кісіменен несі бар.

Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.

Жақсыменен жолдас болсаң, ісің бітер,

Жаманменен жолдас болсаң, басың кетер.


Бірлік турасында
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

Тірліктің күші - бірлікте.

Бірлік болмай, тірлік болмас.



Ел турасында
Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

Елдің іші - алтын бесік.

Туған жерге туыңды тік.

Өз елім - өлең төсегім.

Отан - оттан да ыстық.

Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.

Жері байдың - елі бай.

Ер намысы - ел намысы.



Мәтін бойынша тапсырмалар

1-тапсырма: Берілген мақал-мәтелдердің тақырыбын анықтаңыздар:



Елі сүйгенге өлім жоқ. Өлімнен ұят күшті. Білім арзан, білу қымбат. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Доссыз өмір - тұзсыз ас. Түйедей бойың болғанша, түймедей ойың болсын.
2-тапсырма: Берілген мақалдардың жалғасын табыңыздар:

Олақ өзгеге сенсе...

Ер жігіт ел үшін туады...

Оқу білім бұлағы...

Асыл тастан шығады...

Ашуың келсе, қолың тарт...

3-жаттығу. Берілген сөйлемдерді аударыңыз.

В окрестностях Кокчетава находится высоченная гора. Стрела, пущенная с земли, не достигает ее вершины. Поэтому прозвали гору «Окжетпес» - не достичь стрелой. Нет человека , который не удивился бы высоте этой горы. Вблизи она похожа на воздвигнутую кладками ступенчатую возвышенность. На ней растут даже сосны и ели, которые невозможно вырастить и при обычных посадках.


4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Сен бүгін үй тапсырмасын орындадаң ба? Қалада үлкен үйлер көп. Алақай, бүгін мен бес алдым! Кешке киноға барасың ба? Сен кешікпей кел. Мұғалім сыныпқа кірді. Әттең, сен келмей қалдың! Тыныш отырыңдар.


5-жаттығу. Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз.

М.Әуезов жиырма жасында «Еңлік-Кебек» трагедиясын жазды. Жүсіпбек Аймауытов – қазақ романдарының негізін салушылардың бірі. Мұстафа Шоқай- Ақмешіттің перзенті. Атасы Темір қайтыс болғаннан кейін Ұлықбек 15 жасында әмірші болады. Кигіз үйдің іші төртке бөлінеді.


Грамматикалық тақырып.

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

Фразеологизмдер – тұрақты тіркескен, құрамындағы сөздердің орындарын ауыстыруға болмайтын, лексикалық толық мағына беретін сөз тіркестерінің бір түрі. Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады. Сондықтан көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Мысалы, ұзын құлақ – хабар (молва, весть, слухи), құлақ салу – тыңдау (слушать), құлағым сізде – тыңдап тұрмын (слушаю Вас), он саусағынан өнер тамған – шебер (мастер на все руки), қой аузынан шөп алмас – момын немесе жуас (тихий, мухи не обидет), қас пен көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быстро) т.б.


Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал-мәтелдер сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады.

Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.

Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада:

Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айталады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
1-тапсырма. Достық, сыйластық туралы айтылатын 10 мақал жазыңыз.
2-тапсырма. Жаттап алыңыз, ситуациялық жағдаят құрыңыз.

Ақ сөйле – говори правду, ақылынан адасу – сходить с ума, ала ауыз болу – быть в разногласии, алып қашты сөз – слухи, арзан қол – дешевый, ат құлағында ойнау – лихо скакать на коне, атар таң көрер күн жоқ – невыносимые условия жизни, ат басын тіреу – остоновиться для отдыха, ата жау – кровный враг, аталы сөз – слово-назидание, атам заманнан – издавна, аты жер жару – стать очень знаменитым, қол ұшын беру – оказывать помощь, аузы ауызына жұқпау – говорить очень быстро, ауызы ауыр – неразговорчивый, аузы берік – держать язык за зубами, аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение, аяғын аспаннан келтіру – побеждать в споре, ашса алақанында, жұмса жұдырығында – добиваться полного подчинения, ауызыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова.


3-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, сұхбатты аударыңыз.

  • Қайрат, сен өзің ақылыңнан адасқансың ба?

  • Неге олай дедің ?

  • Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді?

  • Кімнен естідің ?

  • Бәрі айтып жүр ғой.

  • Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Алмат, аталы сөз бар емес пе? Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды.

  • Қайрат, рас айтасың.

  • Мен аузым берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын. Ал олар айналасын ауызына қаратқысы келеді, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Олар дұрыс жолмен жүрсе игі еді. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. Қайта қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін.

  • Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен!


4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Вожак — самый авторитетный член группы, обладающий даром внушения и убеждения. На других членов группы он влияет словом, жестом, взглядом. Греки во времена Гомера считали, что вожак должен обладать мудростью Нестора, справедливостью Агамемнона, хитростью Одиссея и энергичностью Ахилесса. На протяжении XX в. проводились многочисленные исследования индивидуальных качеств преуспевающих руководителей. Так, американский исследователь Р. Стогдилл предложил следующий перечень качеств руководителя — вожака:

1) физические качества — активный, энергичный, здоровый, сильный;

2) личностные качества — приспособляемость, уверенность в себе, авторитетность, стремление к успеху;

3) интеллектуальные качества - ум, умение принять нужное решение, интуиция, творческое начало;

4) способности — контактность, легкость в общении, тактичность, дипломатичность.

* * *

Тәрбиелік мәнін ашыңыз.

Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кедей өтеді. Ол өтіп бара жатып иіліп бас ұрып сәлем берді. Оған қарсы әлгі үлкен онан да төменірек иіліп сәлем алады.

Қасындағы бай:


  • Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, қайдағы бір кедейге неге сонша иілдіңіз? – деп сұрапты.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім үйренбеген кедей сонша иіліп әдептілік көрсеткенде мен онан да әдепсіз болып қалайын ба ? – депті.

№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мақалдарды қазақшадан орысшаға аударыңыз.
Құс патшасы – бүркіт

Аң патшасы – арыстан


Сөздік

Құс-птица

Аң – зверь
Жалқаулық – жаман ауру

Сөздік

Жаман ауру – скверная болезнь


Жігіт адамға жетпіс өнер де аз

Сөздік

Өнер – ремесел


Жігіт көркі – өнер

Сөздік

Көркі – честь


Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.

Сөздік

Бейнет – трудный

Зейнет – сладкий
Ұстаздан шәкірт озар

Сөздік

Сыйла – почитай


Күш – білімде, білім – кітапта

Сөздік

Күш – сила

Кітапта – в книгах
Орысшадан қазақшаға аударыңдар

Если и золото нашел, пересчитай



Сөздік

Нашел – тапсаң

Пресчитай – санап ал
И вода счет любит

Сөздік

Счет любит – сұрауы бар


Умный честь свою оберегает,

Скупой скот свой оберегает



Сөздік

Оберегает –қорғайды

Умный –ақылды

Скупой- сараң

Скот-мал
Многословие – көп сөз

Молчание – золото



Сөздік

Многословие – көп сөз

Молчание – аз сөз
Говори редко, но метко

Сөздік

Редко –аз

Метко-саз, діл
Молчание от самой большой беды оберегает

Сөздік

Молчание – үндемеген

Большой беды- үйдей пәледен

Избавляет - құтылады



Практикалық сабақ №8

Көнерген сөздер мен неологизмдер.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Көнерген сөздердің анықтамасын жаттап алыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз.


Грамматикалық тақырып.

КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР МЕН НЕОЛОГИЗМДЕР

Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:



  1. Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хат, патша, уәзір, би, аға сұлтан т.б. қазір пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, найза т.б.

2.Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сәукеле, кебеже, күпі т.б.

Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, құран т.б.

Сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар:


  1. қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады;

  2. тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады. Мысалы, космос, космонавт деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұл сөздер ғарыш, ғарышкер болып жаңа сөздер болып есептеліп жүр.


1-тапсырма. Газет-журнал беттерінен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.
2-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.

Қиял, зейін, үнтаспа, мешіт, жолсерік, зейнетақы, жеделхат, дәрісхана, сәукеле.



Әдістемелік нұсқау

1. Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.



  1. Мәтінді азат жол бойынша мағыналық топтарға бөліп,
    жоспар құрыңыз.

  2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып диалог
    құрастырыңыз.

Тақырыбы: "Астана қаласына сапар".

Сапар, жолсерік, кешендер, құрылыс, Есіл өзені, тарихи
маңызды, кең әрі түзу көше, сәулетті ғимарат.

Ауыз әдебиеті туралы

Қазақтың көркем әдебиеті ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді. Ауыз әдебиетінің (фольклордың) өзін екіге бөліп қарайды: бірі – авторлары мүлде белгісіз шығармалар, екіншісі – авторлары шамамен белгілілері. Біріншісіне мақал, мәтел, тақпақ, жұмбақ, ертегі және тұрмыс-салтымызға байланысты (қыз ұзату, шаруашылықтың түрлі саласына қатысты), кейбір көне айтыстар сияқты ұсақ жанырлар жатады. Екіншісіне «Батырлар жыры», «Ғашықтық жырлар» сияқты күрделі шығармалар жатады.



Батырлар жыры – көп халықта бар эпос жанры. Мысалы, көне гректің ақыны Гомердің «Илиада» мен «Одиссеясы», грузинның ақыны Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр», қырғыздардың «Манас» жыры т.б. бұлардың көлемі 20 мыңнан 100 мың жолға дейін жетеді.

Қазақ эпостарының көлемі бұлардай үлкен емес, көбі бір мың жолдан аспайды. Мұнда қара сөз (проза) шағын мөлшерде ғана қатысып, басынан аяғына дейін өлеңмен айтылып, көлемі шағын болып келеді. Қазақ эпостарында табиғаттан тыс мифология жоққа тән. «Батырлар жыры» болсын, «Ғашықтық жырлар» болсын, түгелімен дерлік – драма. Сондықтан болу керек, бұл эпостардың көпшілігі сахнада еркін қойылып жүр. Халқымыздың дүние жүзіне әйгілі батырлар жырына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс», «Қамбар», «Едіге», «Шора», «Баян» т.б. жырлар жатады.

Бұл жырлардың қайсысында болмасын негізінен үш кейіпкер болады. Олар: батырдың өзі, оның сүйген жары және сенімді сәйгүлік тұлпары. Мысалы, «Қобыландыда» - Құртқа, «Алпамыста» - Гүлбаршын, «Қамбарда» - Назым т.б. Аттың жақсысы: «Қобыландыда» - Тайбурыл, «Алпамыста» - Байшұбар, «Едігеде» - Бозтарлан т.б. Театры, киносы жоқ ескі ауылда бұларды жатқа орындайтын шеберлер – жыршылар болған.

Ғашықтық жырларды – лиро-эпостық жырлар деп атайды. Оларға «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан» жырлары жатады. Бұлардың бәрінде де екі жастың сүйспеншілігі баяндалады.

Қазақ көркем әдебиетіне эпикалық жанр ретінде араб, иран, шағатай елдерінен келген қиссалар енген. «Қисса» арабша «баяндау» дегенді білдіреді. Қиссаларда өлең мен қара сөз (проза) араласып келеді.

Қазақ қиссаларында сипатталатын ғашықтар: «Жүсіп пен Зылиқа», «Бәдігүл Жамал мен Сейфілмәлік», «Әміре мен Зияда», «Ләйлі мен Мәжнүн» сюжеттері арабтардан ауысқан да, «Фархат пен Шырын», «Таһир мен Зуһра», «Бозжігіт пен Сақыпжамал» - Орта Азияның өзінде туған кейіпкерлер.

«Батырлар жыры», «Ғашықтық жырлар» және «Қиссалардан» кейін көлемі жағынан көбі әрі әлеуметтік шындықты ашуы жағынан көрнектісі – айтыс жанры. Ақындар айтысы жүйрік аттардың бәйгесімен бірдей болған. Айтыста жеңген ақын рудың намысын қорғағаны үшін сыйлық алған. Ертеде өткен ақындар айтысының дүлдүлі Біржан – Сараны, Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Көкбай мен Әріпті, Әсет пен Рысжанды, Жамбыл мен Құлмамбетті т.б. арада ғасырлар өтсе де, халқымыз есінде сақтап келеді. Айтыстың көне түріне «Жар-жар» («Ау-жар»), «Бәдік» айтыстары жатады. Бұлардың авторлары белгісіз. Айтыстың «Жұмбақ айтысы», «Діни айтыс» дейтін түрлері де бар.

№8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары


  1. Өз мамандығыңызға қатысты тақырыпта шағын эссе жазыңыз.



Практикалық сабақ №9, 10, 11, 12

Стиль туралы түсінік. Стиль түрлері.


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9,10, 11, 12
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Стилистика іліміне сипаттама беру.


Әдістемелік нұсқау
Мәтін тапсырмалары

Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.

Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.

Жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқаша мәтінге конспекті жасаңыздар.


АТА КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР
Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ жауынгер, әнші, күйші, аңшы, кұсбегі – бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген.

Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының өмірінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. «Атадан ұл тумас болар ма, Ата жолын қумас болар ма» деген мақал да сол пікірдің айғағы.

Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылардың немесе Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеуші шешендердің жастайынан елдің салт-дәстүрлері мен заңдарын, аңыз-әңгіме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерін жаттап жадында сақтап, көп білуі - әкелері мен аталарының әсері екені сөзсіз. Көпті көрген қариялар – отбасының, ауыл-аймақтың үлгі тұтар тұлғасы, тәлім-тәрбие мектебі сияқты. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.

Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген жеріне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен жас келінге енелері қонақ күту, ас ұстау, бала күту т.б. мәселелерде ақыл-кеңес беріп үйретіп отырады. «Келіннің жақсы болмағы, қайын ененің топырағынан» деп ененің жас келінге қамқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да «Жақсы ауылға келген келін - келін. Жаман ауылға келген келін - келсап болады» деп текке айтпаған.

Үлкенді сыйлау - біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстыруға, тіпті үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс. Осындай ата дәстүрмізді бүгінгі жастар жадында сақтап жалғастыра білуі қажет.
Есте сақтайтын сөздер

Құсбегі


Бесаспап

Салт-дәстүр

Ас ұстау

Бала күту


Жаттығу тапсырмалары
1-жаттығу. Мына тірек сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыздар,, "Ата-ана" тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

Менің ата-анам, өмір сыйлаған, бақытты болу, шыншыл бол, ата-ананың рұқсатынсыз, ақыл-кеңес, қадірлеу, ана жүрегі, еңбек сүйгіш, адал, қайырымды, еңбектегі табысы, оқу озаты, әдепті болу.


Грамматикалық тақырып.

СТИЛЬ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. СТИЛЬ ТҮРЛЕРІ
Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стилистика – стиль туралы ілім. «Стиль» деп белгілі бір жалпыхалықаралық тілдің ауқымындағы тілдік қатынас құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдерінің қолданылу принциптерін айтамыз. Қазіргі әдеби тілі қолданылуы тұрғысынан бес стиль саласына бөлінеді. Ауызекі, сөйлеу стилі, ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық және көркем. Стильдің бұл тармақтары әуелі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын ауызекі сөйлеу түрі мен кітаби түрі болып ажыратылады.

Ауызекі сөйлеу стиліне тән нәрсе – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы болса, кітаби стильдерге тән нәрсе – хабарлау қызметі болады. Ауызекі сөйлеу стилі әдетте таныс адамдармен еркін әңгімеде қолданылады. Міндеті – қарым-қатынас. Сөздерді, сөйлемдерді таңдауда еркіндік беріледі.

Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама – дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, кітаби сөздер, ғылыми терминдер.

Көркем стиль – көркем шығармаларда жұмсалады. Тілдік тәсілдері нақты, ауыспалы мағыналы сөздер болып, сөйлеу әдетте бейнелі, жанды, әсерлі, сезімді болады.

Публицистикалық стиль – газет, журнал, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет