Семинар сабақтары Зертханалық сабақтар соөж сөЖ 2 15



бет14/23
Дата22.10.2023
өлшемі0.55 Mb.
#481391
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Этнолингвистика, Қ.Ғ.Аронов

ДИАСПОРА (грек. diaspora, орыс. диаспора) - тарихи отанынан тыс, жаңа қоныстану ауданында тұратын қандай да бір ұлт (халық, ұлыс, этникалық бірлік) бөлігі.
Қазақ есімдерімен қатар, қазақтардағы ру, тайпа және туыстық атауладың да этнолингвистикалық сипатына келетін болсақ, қазақ прозасында бұлар да молынан қолданылып, қазақтың мол сөздік қорынан көрініс береді.
Ж.Ж.Жұмағұлова қазақ тілінің ру-тайпалық ұйымдасу ерекшелігін, жалпы қазақ халқының этникалық құрылымының таксономиялық деңгейлерін белгілейтін этно-әлеуметтік дәстүрлі терминдер мен атауларға өте бай екендігін төмендегі мысалдар арқылы көрсетеді: ру, тацйпа,жүз, арыс, алаш, үрім-бұтақ, ел, сүйек, тұқым, жеті ата, аталасжәне т.б.
Ежелгі алаш, жүз, ру, тайпа т.б. этноәлеуметтік құрылым атаулары қоғамдық-иерархиялық қатынастар көрсеткіші ретінде қазақ халқының ғалам бейнесінде рухани-моральдық құндылықтар жүйесінде тұрақталған. өз кезегінде аталған этнолексемалар мен өзге де ата, тек, тұқым, ел, жұртт.б. сынды атауларқазақтілінің фразеологиялық, паремиологиялық қорында, сөз оралымдарында, ақын-жыраулар шығармалары мен эпостық фольклор мәтіндерінде кең көрініс тапқан [13, 3].
Қазақ тіліндегі туыстық атаулар белгілі бір ретпен, адамдардың жасына, туыстық қатынасына т.б. байланысты аталады. Әке, апа, ата, әже, бала, немере т.б.туыстық атаулар барлық тілде де кездеседі. Қазақ тілінде ата этнолексемасының қызметі тек туыстық атауды білдірумен шектелмесе керек. Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігінде ата лексемасының негізгі жеті мағынасы берілген:

  1. Туған әке, өз әкесі;

  2. Үлкен әке, әкенің әкесі, бергі ата;

  3. Адамдардың туыстық, қандастық жігі, ру;

  4. Тегі, нәсілі, шыққан жері;

  5. Ерлі-зайыптылардың қайын әкесі;

  6. Қария, ақсақал (құрметтеу, сыйлау мағынасында);

  7. Ауыс. Бір нәрсенің негізі, басы, түп төркіні;

Осы сөздікте ата лексемасының қатысуымен жасалған жиырма үш тұрақты тіркестер мен фразеологизмдер берілген, мысалы: Арғы ата. Үлкен әкесінің әкесі, баба. Ата жау. Ежелгі дұшпан, нағыз жау. Ата жолы. Ескіден қалған жөн-жоба, әдет, дәстүр. Ата жұрт. Ежелгі мекен. Ата кәсіп. а) атадан келе жатқан шаруашылық, тіршілік; ә) ескі кәсіп, бойға сіңген әдет және т.б. Э.В.Севортянның «Этимологический словарь тюркских языков» атты еңбегінде ата лексемасының түркі тілдеріндегі бес басты мағынасы берілген: әке, келіннің қайын атасы, әке жағынан атасы, шал, қария т.б. [14, 767]
Ал шеше, тәте, қатын, бала-шаға, өкіл әке, шөбере, немене, шөпшек, туажат, аға, ағай, күйеу бала, қалыңдық, жеңге, ене, абысын, құдағи, балдыз, нағашы, жиен, бөле, бажа т.б. тек қазақ тіліне ғана тән атаулар болып табылады.
11 практикалық сабақтың тақырыбы:ХХ ғасыр лингвистикасындағы парадигмалар тоғысы.
Тапсырмалар:
1. Жүйелілік принципі қалай жүзеге асады?
2. Ә.Қайдар енгізген «Адам», «Қоғам», «Табиғат» жіктелім-теориясының негіздері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет