8-МОӨЖ тақырыбы:Ойлау процессіндегі тілдің танымдық (когнитивті) қызметтері (атаулық, құрылымдық, кумулятивтік).
Тапсырмалар: Тақырып бойынша зерттеу материалдарымен танысу, талқылау.
Есеп беру түрі: Ауызша.
МӨЖ тапсырмалары: «Тіл және мәдениеттану», «Тіл және этнография» тақырыптарында эссе дайындау.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы: «Толғанай Т», 2004. – 560 б.
2. Арутюнов С.А., Багдасаров А.Р. зык – культура – этнос. М., 1994.
3. Авоян Р.Г. Значение в слове // философскиций анализ. М., 1985.
4. Вербицкая А. Язык. Культура. Познание. М., 1996.
Тоғызыншы апта
№9 дәріс тақырыбы:Этнолингвистикалық бірліктер.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Этнотілдік деректер
2. Этнотілдің – ұлттық сипаты
Терминдер мен анықтамалар:
ТІЛ САЯСАТЫ – мемлекет, қоғамдық ұйымдар тарапынан жүзеге асырылатын қоғамдағы тілдік жағдаятты өзгертуге немесе тұрақтандыруға бағытталған саяси, əлеуметтік жəне лингвистикалық шаралар жүйесі.
Этнотілдік деректер сан ұрпақ танитын ана тіліміздің қорында мәңгілікке сақталатын сарқылмайтын қазына. Әрине, осы байлықтың кені қазақ ауыз әдебиетінің көне жанры – батырлар жырында, ақын-жыраулардың шығармаларында сақталғаны анық. Өйткені бұл жырларда әр ғасырдың тарихи-әлеуметтік жағдайы, ата-бабаларымыздың елдік, ерлік салты, мәдени, рухани ғұрпы, тағдыры ерекше жырланған. Батырлар жырын қазақ мәдениеті мен дүниетанымының энциклопедиясы деуге болады. Ал ақын-жырауларымыздың жырларының тууы тарихи құбылыс болса, ондағы өте көне дәуірден қалған сөз үлгілерін көптеген ғалымдар өткелек құруға аралық дәнекер болған сөздер деп көрсеткен.
Ал қазақ прзасында этнолингвистиканың қолданылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Белгілі бір тарихи тақырыпқа жазылған шығармалардан ұлттық мәдениетті паш ететін тілдік деректердің бір шоғыры – адамзат тұрмысында материалдық қажеттілікті өтейтін, өзіндік талғаммен дараланатын киім кешектер, жаугершілік заманның куәсі әскери мәнді атаулар мен қолөнер бұйымдары – этнографизмдері т.б. басты орын алатыны белгілі. Жалпы, көркем шығарманың тақырыбына, мазмұнына, суреттелетін оқиғасына байланысты этнолингвистикалық сипат алатын сөздердің қолданылуы әрқалай болып келеді. Қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілері ұрпақтан ұрпаққа қалай ауызша тараса, этнотіл элементтері де солайша атадан балаға мирас болып, осы күнге дейін өз мәні мен маңызын жоғалтпай жеткен. Олардың «қаймағы бұзылмай» сақталуының бір кепілі, әрине, көркем әдебиет болды. Яғни, ұлттық тарихымызды танытып, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан этнотіліміз жазба мұраға айналған көркем әдебиетте кеңінен қолданылып, көркем әдебиетте сақталды. Көркем әдебиеттің міндеттерінің қатарына әдеби шығарманың мазмұны, стилі, пішін, тақырып, идея т.б. құбылыстармен бірге оның этнотілдік, эстетикалық табиғатын түзетіп көркемдік құбылыстарды пайымдау міндеті де жатады. Ал, этнотіл – ұлттық сипаты бар деп танылатын саяси-әлеуметтік, когнитивтік, эстетикалық, руханилық, тұрмыстық қағидалар мен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімінің бағыты деп есептеуімізге болады. Сондықтан да осы тұрғыдан негізгі мақсатымыз – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, халықтың танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау болып отыр. Атап айтқанда, ұлтымыздың тарихы, тұрмыс-салты, ой-өрісі мен эстетикалық талғамдары тек оның рухани байлығы арқылы ғана емес, оның күнделікті тұрмыста қолданған құрал-жабдықтарынан, үй-жиһаздарынан, киім-кешектерінен, әшекей-бұйымдарынан да көрінетіні анық.
№9 практикалық сабақтың тақырыбы: Елтануға қатысты сөздер мен бейнелі оралымдар, қанатты сөздер, ұрандар мен саяси дискустар.
Тапсырмалар:
Мифтендірілген единицалар: архетиптер, мифологемдер, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тыйым, рәсім, жөн-жосындар.
Достарыңызбен бөлісу: |