9-МОӨЖ тақырыбы:Тіл және өлкетану. Тіл және фольклористика.
Тапсырмалар: тақырып бойынша зерттеу материалдарына талдау жасау.
Есеп беру түрі:Жазбаша.
МӨЖ тапсырмалары:Тіл және мифология. Тіл және астрология.
Есеп беру түрі: Жазбаша.
Әдебиеттер (негізгі, қосымша):
1. Абаев В.И. Язык и мышление. М., 1948.
2. Авоян Р.Г. Значение в слове // философскиций анализ. М., 1985.
3. Арутюнов С.А., Багдасаров А.Р. зык – культура – этнос. М., 1994.
4. Арутюнова Н.Д. Язык и мир человека. М., 1998.
5. Шаймерденова Н.Ж, Авакова Р.А. Язык и этнос. – Алматы: Қазақ университеті,
Оныншы апта
№10дәріс тақырыбы:Этнолингвистикалық бірліктер.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Этнолингвистикалық бірліктер.
2. Этнографизмдер
Терминдер мен анықтамалар:
ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ – белгілі бір географиялық немесе саяси-əкімшілік құрылымдағы бір тілдің немесе бірнеше тілдердің жергілікті-əлеуметтік жəне қызметтік қатынасына байланысты өмір сүруі.
Этнографизмдер - ата-бабаларымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның озық үлгілерін көркемдік білім беру саласында ұғымды пайдалану – болашақ ұрпақ тәрбиелеу секілді маңызды іс бағытында қарастырылатын қолөнер бұйымдары атаулары.
Тілдік бірліктердің этнолингвистикалық табиғатын зерттеудің тіл ғылымы үшін маңызды болуының басты себебі - этнос табиғатын танытатын дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, діни психологиясы сияқты ұжымның болмыс-бітімінің ерекшелігін жан-жақты ашып көрсетуге бағыт-бағдар беріп отыратын негізгі салалардың бірі. Әрбір ұлттың лексикасын тану жолындағы тиімді салалардың бірі этнолингвистикалық зерттеулер екендігі белгілі. Осы орайда, тілдік бірліктердің мәдени-танымдық негізін, ұлттық-мәдени семантикасын, мағыналық құрылымындағы лингво-мәдени компоненттерді зерттеу қажеттігі назарға ілінеді. Осы тұрғыдан келгенде, ұлтымыздың көне тарихы мен мәдениетін дұрыс танып-білу үшін алдымен қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты қалыптасқан этноатауларды алуға болады. Олардың қатарына жоғарыда атап өткен құрал-жабдықтар, саймандар, қолөнер бұйымдары секілді т.б. этнографизмдер жатады. Этнографизмдер - ата-бабаларымыздың ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның озық үлгілерін көркемдік білім беру саласында ұғымды пайдалану – болашақ ұрпақ тәрбиелеу секілді маңызды іс бағытында қарастырылатын қолөнер бұйымдары атаулары. Ә.Қайдаровтың «Этнолингвистика» атты еңбегінде «Этнографизмдер дегеніміз - өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданылып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері».
№10 практикалық сабақтың тақырыбы:Тілдің паремиологиялық қоры.
Тапсырмалар:
1. Тілдің фразеологиялық қоры.
2. Эталондар, стереотиптер, символдар.
3. Метафора және тілдік образдар. Тілдік этикеттер.
Достарыңызбен бөлісу: |