8 - тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
8.1 Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу.
8.2 Жұмыспен қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеудің бағыты мен негізгі әдістері
8.3 Кедейлік және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасы
1-сұрақ. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарын қарастырайық.
Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.
Қазіргі заманғы еңбек рыногы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып, мемлекеттік араласу объектісі болып табылады. Сонымен бірге басқа тауарлардың рыногы тәрізді, іштен (жұмыс бе рушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттелетін болды.
Бұл үдерісте мемлекеттің рөлі екі жақты. Бір жағынан, мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек рыногында дербес субъект ретінде көрінеді. Екінші жағынан, мемлекет төреші (арбитр) - жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мэселелерді реттеумен айналысуы тиіс.
Еңбек рыногының басқа рыноктардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оның әлеуметтік табиғаты болады.
«Еңбек рыногы - жұмыс күшіне сүраныс, оған қажеттіліктің болуы, екінші жағынан - жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама-қарсы келетін сала» (Лившиц).
Еңбек рыногы - бұл рынок экономикасы құрылымының құрамдас бөлігі. Ол басқа да рыноктармен: шикі материалдар, халық тұтынатын тауарлар мен қызметтер, тұрғын үй, бағалы қағаздар және т.б. рыноктармен қатар қызмет етеді.
Еңбек рыногында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші ретінде, екінші тарап (сатып алушы) - жұмыс берушілер: кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.
Еңбек рыногы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жүзеге асады.
Еңбек рыногында жұмыс күшінің құны бағаланады, оны жалға алу талаптары, оның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек ету жағдайы, кәсібінің өсу мүмкіндігі, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігі анықталады.
Еңбек рыногы - бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар - салалар мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуінде.
2-сұрақ. Жұмыссыздық деп халықтың жеке және қоғамдық
қажеттерін қанағаттандыратын және кіріс әкелетін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті түсініледі. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық, ұйымдастыру, әкімшілік-құқықтық әдістер қолданылады.
Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары (жолдары) мыналар болып табылады:
• жұмыс орындары жүйесінің дамуын реттеу;
• жұмыс орындарына сұранысты реттеу;
• мемлекеттің білім беру және қызметкерлерді кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін дамытуға мемлекеттің қатысуы.
Баланстық құрылым жүйесі жұмыспен тиімді қамтуды қамтамасыз етудің әдістемелік құралы болып табылады, оның құрамына еңбек ресурстарының балансы мен оларды тиімді пайдалану балансы; халық шаруашылығының аялары мен салалары бойынша нақты еңбек шығындарының бөліну сипатын бұдан да нақтырақ көрсететін еңбек балансы; шаруашылық қызметтің салалары мен аялары бойынша қажетті сипаттайтын жұмыс орындарының балансы кіреді.
Еңбек ресурстарының балансы (үлгілік кұрылым).
Барлык еңбек ресурстары, оның ішінде:
1. Экономикалық белсенді халық - жұмыс күші, халықтың тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігі. Оған халык шаруашылығында жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар жатады.
2. Экономикалық белсенді емес халық - халықтың дәл осы уақытта қоғамдык өндірісте жұмыс істемейтін еңбекке жарамды бөлігі.
Бұрын айтылғандай, экономиканың кез келген саласының проблемаларын, оның ішінде жұмыспен қамту проблемаларын шешетін бағдарламалық-мақсатты тәсілдемеде бастапқы тармақ ретінде даму мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі іс-шаралар белгіленуі тиіс. Мемлекет халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын жасауда, онда еңбек ресурстарының сапасын арттыру, жұмыс күшінің бәсекеге жарамдылығын көтеру көзделген.
Жұмыспен қамту деңгейін арттыру және тиісінше жұмыссыздықты қысқарту жөніндегі іс-шаралар:
-
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
-
жеке кәсіпкерлікті ынталандыру және халықтың өзін-өзі
жұмыспен қамтуын көтермелеу, шағын бизнесті дамыту;
-
жетіспейтін мамандықтар мен кәсіптер бойынша қайта
даярлау және кәсіби даярлау;
-
жұмыспен қамтудың икемді нысандарын пайдалану;
-
жаңа жұмыс орындарын құру арқылы кәсіпорынның өзінде
жұмысқа орналастыру;
-
тұрғындарды жұмыспен қамту мүмкіндігі жөнінде ақпараттандыру, бос орындар жәрмеңкелерін, ашық есіктер күндерін және т.б. өткізу.
Мемлекет атынан жұмыспен ұтымды қамтуды қамтамасыз ету мәселелерімен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаменттері айналысады. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес қызметтің міндетіне мыналар кіреді:
-
жұмыс күшіне сұранысты және ұсынысты талдау әрі болжау;
-
еңбек нарығының жай-күйі жөнінде ақпарат жинау және ұсыну;
-
бос орындарды және жұмысқа орналастыру мәселелері
жөнінде өтініш жасайтын азаматардың есебін жүргізу;
-
жұмысқа орналасу мен жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері, мамандықтар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы мәселе және жұмыспен қамтуды, қамтамасыз етумен байланысты басқа да мәселелер бойынша кеңес беру;
-
жұмысқа орналастыру жөнінде қызмет көрсету;
-
жұмыссыздарды тіркеу, жәрдемақы төлеуді қоса алғанда оларға көмек көрсету, халықтың түрлі топтарын әлеуметтік қорғау шараларын қарастырған жұмыспен қамту бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру; халықты жұмыспен қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
- азаматтарды кәсіби оқытуды және қайта оқытуды ұйымдастыру.
Мемлекеттік органдар қызметтерді тегін көрсетеді. Сонымен бірге еңбек нарығында коммерциялық бюролар, жеке агенттіктер мен лицензиясы болса, ақылы негізде жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметтер көрсететін басқа да ұйымдар жұмыс істейді.
Жұмыссыздықты сипаттайтын негізгі керсеткіштер: жұмыссыздық деңгейі, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі, жұмыспен қамту қызметі органдарында тіркелген, материалдық көмек тағайындалған жұмыссыздардың саны.
Мемлекет тарапынан жұмыссыздық проблемасына жете назар аударылады. Бұл әрқашанда осылай болған және көз жетерлік келешекте де қандай да болмасын тубегейлі өзгерістер орын алуы екіталай.
Кейнсиандық жұмыспен қамту теориясының қорытындыларына сәйкес, нарықтық экономика жағдайында толықтай жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, әрі оған кепілдік беретін тетік жоқ.
Бұдан басқа, нарықтық жүйе өзін-өзі реттейтін жүйе болып саналмайтыны және жоспарлы әрі мақсатты мемлекеттік реттеуді қажетсінетіні жөніндегі негізгі ереже осы теорияның қорытындысының бірі болып табылады.
Алайда мемлекеттің араласуы жұмыспен қамту, еңбекке қабілетті әрбір азаматты жұмыс орнымен қамтамасыз ету мәселелерін шешеді дегенді білдірмейді.
Егер ағымдағы жұмыссыздық табиғи жұмыссыздық дең-гейінен төмен түсіп кетсе, мемлекет ешқандай да реттеу жүргізе алмайды. Демек, еңбек рыногына жасалатын кедергілерді доғару кажет, «толық жұмыспен қамтылуды» орнатудың бос эурешілік әрекеттерін тоқтату керек.
Мәжбүрлі жұмыссыздықтың технологиялық, құрылымдық, өңірлік, кезеңдік және басқа да түрлеріне мемлекет енді басқаша қарай бастады. Міне, осы жерде ол жұмыссыздық деңгейін табиғи норма деңгейіне дейін төмендете отырып, өз ретгеу элеуетін толық түрде іске асыра алады.
Алайда, мұны ұйымдастыру оңай шаруа емес. Себебі мем-лекеттің жұмыспен қамту саласына араласуда ықпал етудің барлық әдістерін түгел қолдануға қүқығы жоқ. Негізгі талапты былайша қалыптастыруға болады: реттеу әдістерінің кез келгенін қолдану олардың өз тиімділігін сақтай отырып, инфляциялық қатынастың бейтарап болған жағдайында немесе олар болмағанда ең төмен иифляциялық салдар тудыратын болса ғана мүмкін. Кері жағдайда, экономика құлдыраудың кері шеңберіне түседі.
Мемлекет адамдардың жү.мыс іздеуге кетіретін уақытын қысқартып, бос жұмыс орындары туралы ақпаратты ұйымдастыруда және жетілдіруде осы шартты толық сақгайды.
3-сұрақ. Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес экономиканың инфляциялық үрдіс- бағдарламасы 1996-1998 жылдарға есептелген болатын.
Бұл бағдарлама мыналарға негізделген:
-
микрокредиттеу жүйесін енгізу;
-
шағын және орта бизнесті дамыту;
-
еңбекті көп қажет ететін салаларды басым дамыту және
оларға шетел инвесторларын, ріттық капиталды белсенді
тарту;
-
қоғамдық жұмыстарды дамыту, ең алдымен жол салу және
ағаш отырғызу;
-
жеке кәсіпкерліктің даму жолындағы әкімшілік кедергілерді алып тастау;
-
қызмет көрсету және туризм салаларын серпінді дамыту;
Жұмыспен қамту қызметінің аумақтық бөлімшелері жұмыспен қамту проблемасын шешуде жыл сайын халықты жұмыспен қамту бағдарламасын және ақы төленетін қоғамдық жұмыстар бағдарламасын әзірлейді. Мәселен, 2004 жылы Талдықорған қаласында қоғамдық жұмыстарға - 1450 адам, соның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа - 1247 адам жіберілді. (Қоғамдық-пайдалы жұмыс түрлері қаланы жинауға және тазалауға, оны абаттандыруға, үйде әлеуметтік көмек көрсетуге және тағы сол сияқты жұмыстарға байланысты - барлығы 15 түрлі қызмет). Еңбекке ақы төлеуге кеткен шығындар 35740,7 мың теңгені құрады.
Жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу әдістерінің бірі - жұмыссыз азаматтарды кәсіби дайындау, олардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау.
2004 жылы Талдықорған қаласында 19 сала бойынша кәсіби оқыту және қайта дайындау ұйымдастырылды; қаланың жеті оқу орнында 541 адам оқыды.
Әлеуметтік инфрақұрылым және нарықтық экономика жағдайында оның дамуын мемлекеттік реттеу
8.2.1 Әлеуметтік инфрақұрылымның құрамы. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру
8.2.2 Әлеуметтік саладағы жағдайды жалпы бағалау
8.2.3 Әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу әдістері мен құралдары
1-сұрақ. Әлеуметтік инфрақұрылым нені білдіретінін есімізге түсірейік. Әлеуметтік инфрақұрылым сапалы жұмыс күшінің үздіксіз ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін салаларды (денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамактандыру, демалысты ұйымдастыру, спорт, туризм және т.б.) біріктіреді.
Әлеуметтік саясат жөнінде жұмыссыздар мен кедейлерді әлеуметтік қорғау мәселелері қаралғанда «Жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты және еңбек нарығы» тақырыбында сөз қозғалған. Алайда, әлеуметтік саясат - бұл халықты әлеуметтік қорғау ғана емес, оған өндіріс саласының көптеген аспектілері де (жұмыс күнінің ұзақтығын, ең төмен еңбекақыны, еңбекті қорғауды белгілеу және т.б.) кіреді.
Әлеуметтік қамтамасыз етуге көмектің қандай түрлері жатады? Ең алдымен, оған халықтың жеке кірісі мен күнкөріс көзі жоқ не олардың мөлшері шектелген, жеткіліксіз жекелеген көбінесе еңбекке жарамсыз топтары мен санаттарына көрсетілетін материалдық қолдаудың, ақшалай көмектің сан алуан түрлері енеді.
Бақытсыздыққа тап болған, табиғи және әлеуметтік апаттардан, зілзалалардан зардап шеккен адамдарға жәрдем көрсету әлеуметтік экономиканың ерекше саласын құрайды.
Қоршаған ортаның адамдардың тіршілік ету қабілеті мен өмір сүру сапасына әсер етуін сипаттайтын экологиялық экономика да әлеуметтік экономикаға жатқызылуға тиіс.
Қызметі бірінші кезекте адамның, отбасының қажетін қанағатгандыруға бағытталған және әлеуметтік сұраныстарды көздейтін экономика әлеуметтік бағдарланған деп аталады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында (1-бап): Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - деп айтылады.
Мемлекет, егер ол әлеуметтік болып табылса, әлеуметтік саясатты жүргізуге тиіс.
Әлеуметтік саясаттың мәніне және оның негізгі бағыттарына анықтама берейік.
Ең алдымен, әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі саясатының
әлеуметтік және ұлтаралық саясат кіретін бағыттарының бірі
болып табылады. Әлеуметтік саясаттың мақсаты қоғам мүшелерінің қажетін бұдан да толық қанағаттандыру, олардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Әлеуметтік саясат - мемлекеттің халықтың өмір сүру деңгейін өзгертуге, қоғамдағы әділдікті қолдауға, нарықтық экономиканың жағымсыз салдарын бейтараптандыруға; халықты әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталған іс-шараларының жиынтығы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты азаматтардың барлық дерлік қажетін емес, олардың өздері объективтік жағдайлар салдарынан қамтамасыз ете алмайтындарын ғана қамтамасыз етуді көздейтініне назар аудару қажет.
Әлеуметтік саясаттың маңызы адамдардың өз проблемаларын өздері шешу үшін ғана оларға жағдай жасауға негізделеді.
Дені сау және еңбекке жарамды адамдардың негізгі көпшілігі өздерінің негізгі тіршілік ету қажеттерін өздері қамтамасыз етуге тиіс. Қоғам, мемлекет және оның институттары тарапынан осы адамдардың бөлігіне жұмысқа орналасу, олардың еңбек және конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғауда көмек көрсетілуі мүмкін.
Осылайша, әлеуметтік саясат тек еңбекке жарамды азаматтардың өзін-өзі қамтамасыз ету және сонымен қатар еңбек жасына жетпеген немесе еңбекке жарамсыз жасқа жеткен және қоғам мен мемлекеттің қамқорлығын қажет ететіндерді нысаналы қамтамасыз етудің тиісті үдерісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Мемлекеттің мақсаттары жөнінде мәселе қаралатын теориялардың ішінен біздің мемлекеттік құрылымның тәжірибесі мен қоғам менталитетіне толық шамада жауап беретін әлеуметтік мемлекет теориясы баса назар аудартады. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды және құқық бұзу оқиғаларын қоспағанда, («мемлекет - түнгі күзетші» теориясы) мемлекет қоғамдық өмірге араласпауы тиіс деп айтылатын бұрын болған тұжырымдамаға қарама-қарсы болып табылады.
Әлеуметтік мемлекет теориясының мәні мемлекет таптан тыс болады, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіреді, олардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етеді. Осы теорияға сәйкес қазіргі заманғы құқықтық мемлекет мемлекеттіліктің дамуының жаңа кезеңі болып табылады. «Классикалық либерализм» дәуірінің құқықтық мемлекеті жеке адамның мүдделерін қоғам мүдделерінен жоғары, экономикаға араласпау идеологиясына негізделген және құқықтық тәртіпті қорғау қызметін ғана атқарған. Мемлекетті бірте-бірте әлеуметтендіру адамның лайықты өмір сүруі мен еркін дамуын қамтамасыз етуді элеуеттік мемлекеттің бағдарламалық мақсаты деп таныған жаңа тұжырымдаманың бекітілуіне арқау болды.
2-сұрақ. 2007 жылға дейінгі (2005-2007 жж.) әлеуметтік реформалар бағдарламаларын іске асырудың негізгі бағыттарын қарастырайық.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп ұсынған бағдарламаның мақсаты жауапкершіліктің мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің арасында бөлінуі, қаржылық жағынан тұрақты, экономикалық тиімді, сонымен бірге әлеуметтік жағынан әділетті әлеуметтік қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін құру болды. Реформалау жоспарын сараптауды БҰҰ ДБ-ның, ДДҰ-ның және Әлемдік банктің өкілдері жүргізді.
Әлеуметтік қамтамасыз етудің көп деңгейлі жүйесін қалыптастыру әлеуметтік саясат жүргізудегі жаңа тәсіл деп танылады.
Бірінші деңгейге негізгі әлеуметтік төлемдер (қарттыққа байланысты мемлекеттік зейнетақы төлемдері; мүгедектерге немесе асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақылар; жерлеуге төленетін мемлекеттік жәрдемақылар) жатады. Бұл төлемдер әлеуметтік қолдаудың ең төменгі деңгейін қамтамасыз етеді және еңбек өтілі мен еңбекақыға қарамастан төленетін болады.
Екінші деңгей 2005 жылы міндетті әлеуметтік сақтандырудың (МӘС) енгізілуімен байланысты. МӘС жүйесіне қатысушылар негізгі әлеуметтік қауіп-қатерлер (еңбек ету қабілетінен, асыраушыдан, жұмыстан айрылу) туындағанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру төлемдерін алатын болады.
Үшінші деңгейде жұмыс беруші мен қызметкердің жауапкершілігі қарастырылады. Ең төменгі есептік көрсеткіш келмеске кетті. Енді негізгі әлеуметтік индикатор ретінде күнкөрістің ең төмен деңгейі қабылданды. Ол нені білдіреді?
Күнкөрістің ең төмен деңгейі - бұл бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс, ол ең темен түлынушы қоржынының қү_нына тең.
Қазіргі уақытта тұтынушы жиынтығының сұрыпталымы 20-дан 43 атауға дейін кеңейтілді. Сондай-ақ «өнім — қызметтер» арақатынасы да өзгерді. Алғашқылардың үлесі 60%-ға дейін төмендеді, енді басқа тауарлар мен қызметтердің үлесі 30-дан 40%-ға дейінді құрайды.
Соңғы жылдары халықтың кірісі өсті, бұл тұтынушылар шығынының мөлшері мен құрылымының да өзгеруіне әкеп соқтырды. Қоржын ет, өсімдік және сүт тағамдары, сондай-ақ көкөніс және жеміс сияқты түрлі пайдалы өнімдермен толықгы.
Халықтың жан басына шаққанда азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тұтынудың арақатынасы орташа 50%-ға 50%-ды, ал табысы аз үй шаруашылықтарында - 60%-ды 40%-ға құрайды. Бұл күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшерін анықтау әдістемесін қайта қарау үшін негіз болды. Азық-түлік емес бөлік 1617-ден 2680 теңгеге дейін едәуір артты (2004 жылдың қыркүйегінің бағалары бойынша). 2005 жылы жаңа әдістеме бойынша күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері 7000 теңгеден асты, ал 2006 жылы -7,5 мыңды (немесе7525, дағдарысқа түзету қосылады) құрады.
-
жылдан бастап негізгі зейнетақы енгізілді. Ол адамның еңбек етуіне және еңбек етпеуіне қарамастан төленеді. Осы шешім кез келген мемлекеттің өркендеп дамуы мен тұрақтылығы жасы келгеннен кейін немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істей алмайтын және өз бетімен кіріс ала алмайтындарға қамқорлық жасау қабілетін білдіруіне байланысты қажет болды.
-
жылы қарттыққа байланысты негізгі зейнетақы 3000 теңгені құрады. Сонымен бірге зейнетақы жинақтау жүйесіне толық көшкен 1998 жылға дейін қажетті еңбек өтілі бар азаматтарға ынтымақты (үлестірмелі) зейнетақы төлеу сақталады.
Келешекте үлестірмелі жүйедегі зейнетақыларды арттыру саясатын жалғастыру жоспарлануда.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің екінші деңгейі - зейнетақы жинақтаушы қорлардан төлем төлеу, ал үшіншісі ерікті және кәсіби зейнетақы сүлбаларының дамуымен байланысты.
2007 жылы негізгі әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері 8861 теңгені; зейнетақының ен төменгі мөлшері - 7236 теңгені; еңбекақының ең төмен мөлшері - 9752 теңгені қү_рады. 2007 жылдың ақпанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 45699 теңгені құрады және өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 25,3%-ға, іс жүзінде 16,1%-ға өсті. Атаулы еңбекақының өсуі экономикалық қызметтің барлық түрлерінде байқалды. Денсаулық сақтау қызметкерлерінің еңбекақысы 49,9%-ға, білім беруде - 27,8%-ға, өнеркәсіпте - 24,7%-ға, ауыл шаруашылығында -23,9%-ға, құрылыста - 22%-ға, мемлекеттік басқаруда - 18,7%-ға өсті. Бала туу жөніндегі біржолғы жәрдемақыдан басқа (15АЕК) тұрмысы нашар отбасындағы 18 жасқа дейнгі балаларға ай сайын жәрдемақы төлеу енгізілді, отбасының кірісіне қарамастан 1 жасқа дейінгі баланы күту жөніндегі ай сайынғы төлемдер енгізілуде.
Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне ықпал ететін өмір сапасының ұлттық стандартын қамтамасыз ету болып табылады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес (2008 жылғы ақпан) зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай және сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны (2010-2012 жылдары) 2,5 есеге арттыру қамтамасыз етілуге тиіс.
Жүктілік пен бала туу жөнінде міндетті сақтандыру енгізіліп, әйелдер сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін декреттік демалыста болатын кезеңде олардың зейнетақы жинақтауларына қосылады. 2010 жылдан бастап төрт және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшері өсірілетін болады, тұрғын үй мәселесін шешуге жәрдем көрсетіледі.
3-сұрақ. Әлеуметтік саясатты іске асыру үшін мемлекеттік реттеудің түрлі әдістері қолданылады.
Құқықтық реттеу - мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде қабылданатын құқықтық кесімдер мен нормативтік
құжаттар, олардың қолданылуы меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындарға таратылады.
Қаржылық - кредиттік реттеу — қаржы ағындарын басқару жөніндегі тұтқаларды пайдалану.
Осы әдісті іске асырудың негізгі нысаны мемлекеттік бюджетте солардың есебінен бюджеттік салалар - әлеуметтік орта салалары қаржыландырылатын баптарды бөлу. Қаржылық реттеудің басқа нысаны - солардың есебінен әлеуметтік саланың тиісті салалары қаржыландырылатын бюджеттен тыс әлеуметтік: зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларын құру.
Жекешелендіру, яғни әлеуметтік сала кәсіпорындарын жеке меншікке беру, эдетте шектелген.
Мақсатты бағдарламалар - «Қант диабеті», «Мигрант», «Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес» сияқты ең өткір әлеуметтік проблемалар бойынша әлеуметтік бағытталған бағдарламалар. Олар да мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.
Әлеуметтік саясат құралдары - әлеуметтік кепілдіктер, стандарттар, тұтыну бюджеттері, еңбекақының ең төмен мөлшері және табалдырықтық әлеуметтік шектеулер.
Әлеуметтік кепілдіктерде мемлекеттің азаматтардың алдындағы да, азаматтардың мемлекеттің алдындағы міндеттері мен жауапкершілігі де бекітілген: мысалы, мемлекеттік бюджеттен отбасы мен балаларды қолдау бағдарламасын іске асыруға, білім беру мен мәдениет кызметтерін дамытуға қаржы басымдық тәртіппен бөлінеді.
Әлеуметтік стандарттар - Конституцияда тегін берілуге кепілдік берілген әлеуметтік қызметтердің нысандары мен мөлшерлерін әзірлеу. Әлеуметтік стандартгар қаржы нормативтерін белгілеу үшін қажет, мысалы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің қаулысымен халық басына шаққанда күнкөрістің ең төмен деңгейінің мөлшері белгіленеді.
Ең төменгі тұтыну бюджеті - әлеуметтік саясаттың маңызды элементі. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, кірістер реттеледі, ол әлеуметтік төлемдерде есептеледі.
9-тақырып. Мемлекеттің инвестициялық саясатын қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері
9.1 Инвестиция және инвестициялық концепция
9.2 Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау
9.3 Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері
9.4 Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы
1. Инвестицияны 2 тұрғыда қарастырамыз:
Инвестиция-1)Капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы
2)Кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің обьектілеріне жұмсалған мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрлері.
Инвестициялық концепция мына берілген үш бағыт арқылы жүзеге асырылады:
1)мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;
2)ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;
3)шетелдік инвестициялар тартумен тиімді пайдалану механизмі арқылы.
Инвестициялық ресурстардың негізгі көздерін ұтымды пайдалануда келесі көзқарастарды жүзеге асыру керек:
-
инвестициялық қорларды тек қана экономиканың құрылымыдық өзрегістерінің ғана емес, сонымен қатар республиканың экономикалық тәуелсіздігінің негізі болып саналатын халық шаруашылығының басыңқы бағыттарын дамытуға жұмылдыру;
-
халық шаруашылығы салаларының өндірістік қорларын тезірек жаңартуға мүмкіндік беретін жеделдетілген өтелім саясатын іс жүзінде, нақты жүзеге асыру керек;
-
басыңқы салалар мен өндірісітерді қаржыландыру республиканың экспорттық потенциалының көлемі мен тиімділігін жоғарылату мақсатында жүргізу керек.
Жоғарыда көрсетілген шаралар әлеуметтік- экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімдік кезеңдерін қамтитын стратегиялық жоспарлар жасау кезінде ескерілуі тиіс.
Осы жоспарлардың құрамында ұлттық және аймақтық басыңқылар бойынша жасалатын бағдарламалар мен тығыз байланысқан, арнаулы мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар жасалынады.
2. Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау.
Экономика құрылымы деп енбекті жалпы бөлуді сипаттайтын, сондай-ақ, өнімдердің айналымын сипаттайтын, олардың өзара байланысы, өндірістік ресурстары және ұдайы өндіріс үдерісін көрсететін, оның түрлі салаларының қатынастары түсініледі.
Экономика құрылымы – ЖІӨ -дегі (ВВП) (салалық тәсіл) кейбір салаларының үлесі.
Егер нарық экономикасының әр түрлі кесіндісін қарасақ, онда аумақтық, атқарымдық, әлеуметтік құрылымын бөліп көрсетуге болады.
Атқарымдық құрылым әр түрлі қажеттіліктегі ЖІӨ - ді (жеке тұтыну, мемлекеттік тұтыну), өндіріс факторының кесіндісінде бөлуді сипаттайды.
Әлеуметтік құрылым әлеуметтік секторға - жеке, корпоративтк, мемлекеттік, үй шаруашылығы секторына бөлшектеуді көрсетеді.
Салалық құрылым үш денгейден тұрады - макроэкономикалық, салааралық және өндірістік.
Қазақстан экономикасы белгілі болғандай, бұрынғы КСРО шаруашылық байланыстарының нақтылы сипаттарымен және бай табиғи ресурстарының болуы есебінен, шикізаттық бағыт басымдық жағдайда дамыды. Кешегі күнге дейін мұндай саясат дамудың ілгерілеу сипатын қамтамасыз етті. Алайда, өсу көрсеткіші кандай да болмасын айтарлықтай болғанымен, тек шикізаттық факторды пайдалана отырып, республика экономикада тұрақты онды нәтижелерге жете алмайды.
Қалыптасқан құрылымды жете түсіну үшін, оны пирамида нысанында көрсету қажет (сурет). Оның негізін республикадағы барлық өндірістің 50 пайыз үлесіне келетін, базалық, кен өндіруші сала құрайды.
Экономиканың қалыптасқан құрылымы
Ғылымды қажет ететін салалар
|
|
Машина жасау, ХТТ өндірісі
|
|
|
Мұнай-химия өнеркәсібі
|
|
Табиғи
|
шикізатты бастапқы өңдеу
|
салалары
|
Кен өндіруші
|
салалар, ауыл және орман
|
шаруашылығы.
|
Әрі қарай табиғи шикізатты, құрылыс және басқа да материал дарды (25 пайызға жуық) бастапқы қайта өндеу енеді. Ақыр соңында жаппай өнім өндіретін машина құрылысы салалары (5 пайызға төңірегінде). Ең биікке жақын болған сайын, елдің экономикасында үлесі өте аз, көбірек технологиялық тұйықталған және ғылымды қажетсінетін өндіріс көп болады.
Мұндай жағдай неге қалыптасқанын түсіну үшін, жоспарлы шаруашылықтан мұра болып қалған экономика құрылымын қарастырған жөн.
Оның алты сипаттамасын белгілейміз:
1. Өндірістік құрылымның «қиғаштығы» өндіріс құралдары өндірісінің пайдасына.
2. Көптеген салалардың техникалық және технологиялық мешеулігі.
3. Өндірістік қорлардың тозуының жоғарылығы.
4. Ғаламдық балансталмау.
5. ӘӨК –ге (ВПК) жұмсалатын (кем емес елдің экономикалық әлеуетінің жыл сайын 2/3-нен) үлкен шығындар. Оны ұстауға жыл сайын ҰТ-тың 18-20 пайызы жұмсалды, нәтижесінде көліктік, энергетикалық, акпараттық, коммуналдық және әлеуметтік құрылымдардың жағдайы кері кетті.
6. АӨК (АПК) құрылымының терең деформациялануы (бүгінде оның көптеген салалары дағдарысқа ұшыраған).
Одан басқа, объективті факторлардың ықпалы субъективті факторлардың әрекетімен күшейді (басқарудың барлық деңгейінде кәсіптік шеберліктің және құзыреттіліктің төмендігінен), нәтижесінде жаңартпашылдыққа, бәсекелестік күреске және тұты-нушылық сұранысты қанағаттандыруға қабілетсіз, шектен тыс ауыртпашылықты құрылым қалыптасты.
Экономиканың қалыптасқан құрылымы көп жағдайда, қаржылық ресурстардың, бағытталуына «міндетті». Мысалы, 2002 жылғы 9 айдың ішінде республиканың экономикасына шетел инвестициясының ағымы 3,5 млрд долларды құрады. Сонымен бірге, шетел инвесторларының үлесіне 31,4 пайыз, отандық - 60,3 пайыздан келді. Инвестициялар негізінен кен өндірушісалаларға (1,7 млрд долл), жылжымайтын мүлік операцияларына (0,5 млрд долл), көлік және байланыс (0,4 млрд до лл) және өңдеуші салаға (90,3 млрд долл) бағытталды.
Мұның барлығы - елдегі салалық және аймақтық құрылымдарды өзгерту мен қалыптастыру бойынша үйлесімділікке ықпал етуде, салалық өнімнің әр түрлі өндіру арасындағы қатынастарға ықпал етудегі мемлекет іс-әрекетінде құрылымдық-инвестициялық қайта құру қажеттілігі туындатты.
Сонымен бірге, экономиканың құрылымын, оның бәсекелестік қабілетін дамытуға және қазіргі заманғы технологияны қажетсінетін өндірісті жетілдіру бойынша міндеттер тұрды.
Әртараптандыру ғылымды қажетсінетін, жоғары технолоғиялық және бәсекелестікке қабілетті өнімдердің пайдасына, қызмет үлестерін көтеруге және соңында құны болатын, тауар өндіруге, ЖІӨ құрылымының өзгерістеріне бағытталуы тиісті.
Индустриалдық саясатты әзірлегенде негізгі назар шикізат ресурстарын қайта өндеуге байланысты салаларды дамытуға, яғни мұнай-химиядағы, металлургиядағы, машина құрылысындағы; тұтыну тауарларын және құрылыс материалдарын өндірудегі төртінші және бесінші технологиялық қайта жасауды құруға аударылатын болады.
Сонымен бірге экспорт және импорт орнын толтыратын, шикізаттық емес бағыттарды құру басты мақсат болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |