Семинар сабақтарны өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет8/8
Дата27.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
#161134
1   2   3   4   5   6   7   8

Қайталау сұрақтары:

  1. Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу үшін қандай экономикалық реттеу құралдары пайдаланылады.

  2. Кеден тарифтері деген не.

  3. Кеден баждары туралы әңгімелеп беріңіздер. Мемлекет баждары ел экономикасына қалай ықпал етеді.


15- тақырып. Елдің экономикасындағы өндірістік инфрақұрылымның рөлі және оның дамуын нарық қызметінің жағдайында мемлекеттік реттеу
12.1 Елдің экономикасындағы өндірістік инфрақұрылым, оның құрамы, рөлі

12.2 Көліктік кешеннің дамуын мемлекеттік реттеу
1-сұрақ. Қоғамдық шаруашылық екі салаға бөлінетіні белгілі. Бұрын оларды материалдық және материалдық емес деп немесе өндірістік және өндірістік емес деген салаларға бөлетін. Мұндай тәсіл сақталған. Бірінші сала қоғамдық тұтыну мен жеке тұтынуды қанағаттандыратын өнім жасалатын салаларды біріктіреді, екіншісі - материалдық емес салаларды біріктіреді (көлік, байланыс, сауда, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, ақпараттық, коммуникация, радио, теледидар).

Бөлу дегеніміздің өзі бұл шартты түрдегі ұғым, өйткені халық шаруашылығының барлық салалары арасы үзілмейтін байланыста болады. Бірінші аяның саласы шығарылған тауардың қозғалысын өз уақытында қамтамасыз етуі тиісті, қоғамның зияткерлік ре-сурстарын, өндірістік аяларды құратын, екінші аяның қызмет «көрсетуінсіз» дами алмайды.

Бірінші аяның салалары пайда болып, дамуының арқасында, екінші аяның салалары пайда болып кеңеюде. Оларды бөлу -еңбекті бөлудің әрі қарай тереңдеуінің және осы үздіксіз үдеріс үшін сыртқы жағдай құрудың нәтижесі.

Өндірістік инфрақұрылым - бұл өндіріс үдерісінің тікелей сыртқы жағдайын қамтамасыз ететін салалар кешені. Мұнда жүк көлігі, көтерме сауда, электр-газ және сумен қамтамасыз ету, қойма шаруашылығы, байланыс, ақпараттарды өңдеу; жарнамалық маркетингтік қызмет көрсетудің аясындағы кәсіпкерлік, жалға беру, консалтинг, инжиринг, өндіріс құралы арқылы көтерме сауданы ұйымдастыру (биржалар, аукциондар) кіреді.

Инжиринг - өндіріс, инфрақұрылым объектілерінің мәселелерін өңдеу бойынша, бәрінен бұрын әр түрлі инженерлік қызметтерді коммерциялық негізде ұсыну нысанындағы қызмет аясы.

Әлеуметтік инфрақұрылым - сапалы жұмыс күшінің үздіксіз ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін салалар денсаулық сақтау, білім беру, жолаушылар көлігі, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, демалысты ұйымдастыру, спорт, туризм және т.б.).

Институционалдық инфрақұрылымхалық шаруашылығы дамуының макроэкономикалық реттеуін қамтамасыз ететін салалар кешені мен қызметі ( басқарудың мемлекеттік аппараты, лизингтік және брокерлік фирмалар, сауда үйлері, қорлар, қаржылық және банктік жүйе, ғылыми мекемелердің жүйесі және т.б.)

Экологиялық инфрақұрылым қоршаған ортаны ластанудан қамтамасыз ететін, салалар мен инженерлік құрылысты қоғамдық өндірістің экологиялық даму жағдайын, адамдардың өндірістік қызметінің сыртқы әсерін азайтуды біріктіреді.

Көлік кешенін мемлекеттік реттеудің мәселелерін қарастыруға тоқталамыз.

Оның ұдайы өндірістік үдерісін қамтамасыз ету рөлі өте зор, ол экономиканың, әлеуметтік саланың, мәдениеттің, қорғаныс-саяси жүйенің және басқалардың дамуында маңызды қызмет атқарады. Көліктің экономикалық рөлі оның кез келген өндірістің органикалық тізбегі болып табылатындығында. Оның көмегімен өндіріс орнынан өнімдерді тұтыну нүктесіне жеткізеді. Бейнелеп айтқанда, көлік - бұл мемлекеттің «қан жүргізетін» жүйесі. Өндірістік күштің бесінші бөлігін қамтитын ол, өндірісті үздіксіз жағдайда ұтымды орналастыруға және қоғамдық еңбектің жоғары өнімділігіне қызмет етеді.

Көлік - халық шаруашылығының ірі саласы. Көліктің негізгі қоры халық шаруашылығының барлық қоры көлемінің 30 пайызын құрайды. Республиканың көліктік-коммуникациялық кешені Қазақстанның ЖҰӨ-нің 10 пайыздан артығын құрайды.

Көлік жұмысын сипаттайтын көрсеткіштің негізгі көлемі - жүк тасымалының көлемі. 2007 жылы қаңтарда жүк тасымалының жалпы көлемі 139,9 млн тоннаны қүрады және 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға өсті.

Статистика бойынша көлікте жұмыспен қамтамасыз етілген тұрғындардан жұмысшылар мен қызметшілердің 9 пайызы

тіркелген (200 мың жұмыс орны). Сонымен бірге ведомстволық және қалалық жолаушылар көлігі, сондай-ақ түсіру-тиеу жұмыстарындағы көліктер есептелмейді.

Одан басқа өнеркәсіптің бірқатар салалары жекелей немесе толық көлік үшін жұмыс істейді.

Салалардың бірінші топ бөлімшелеріне - жанармай өнеркәсібі, энергетика, металлургия, орман шаруашылығы және көптеген басқа да салалар кіреді. Тәжірибе жүзінде тұтастай көлік үшін жұмыс істейтін салалардың екінші топтар бөлімдеріне локомотивтік және вагон құрылысы өнеркәсібі, елеулі дәрежеде автомобиль, кеме құрылысы, ұшақ құрылысы өнеркәсіптері және басқалар енеді. Осыны есептегендегі көлік пен көлік үшін жұмыс істейтіндердің барлық үлесті салмағы халық шаруашылығында жұмыс істейтіндерден 20 пайызға асады.

Көптеген барлық жүктің бағасындағы көлік шығындарының үлес салмағы 15-40 пайызды құрайды, ал алыс аудандарға тауарларды жеткізу бойынша көлік шығындары өндіріс пунктіндегі бағадан бірнеше есе асады.

Көліктің әлеуметтік қызметі ең алдымен, адамдардың еңбек және тұрмыстық жағдайына байланысты жол жүруін қамтамасыз етуде. Көлік мысалы, көптеген адамдарға демалыс аймақтарына тұрғындардың денсаулығын сақтау және жақсарту мүмкіндік туғызады. Көлік туристерді тасымалдауда өте үлкен жұмыстар орындайды.

Қазіргі уақытга көліктің кез келген түріне келесі талаптардың кешені ұсынылады:


  1. Толық және өз уақытында халық шаруашылығының және тұрғындардың тасымалда қажеттілігін қанағаттандыру.

  2. Жұмыстың одан да гөрі мүмкін жоғары үнемділігін қамтамасыз ету және тасымалдың өзіндік құнын азайтуды қамтамасыз ету.

  3. Көлік құралдары мен айналымдық құралдардың айналымдылығын тездету мақсатында жүктерді жеткізу мерзімін қысқарту.

  4. Жолға шығару пунктінде, жол бойында және бару пунктінде жолаушылар үшін комфорт (ыңғайлылық) деңгейін көтеру.

2-сұрақ. Біздің республикада Президент 1994 жылы 21 қыркүйекте қол қойған «ҚР көліктері туралы» Заңы көлік қызметін мемлекеттік реттеу мен басқару негізін құрайды. Бұл заңға сәйкес көлік қызметін мемлекеттік реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, салық салу, кредиттеу және баға белгілеу, инвестиция жүргізу, бірегей әлеуметтік және ғылыми-техникалық саясат, Қазақстан Республикасының заңдарын көлік кәсіпорындарының орындауына бақылау арқылы жүзеге асады.

Заңда мемлекеттік органдар көлік кәсіпорнының шаруашылық қызметіне араласуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңында карастырылған жағдайдан тыс қызметкерлерді басқа жұмыстарға тартуға құқығы жоқтығы көрсетілген.

Көлікті басқаруды Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі жүзеге асырады. Үкімет бұл ведомство белгілі бір қызметтер жүктеген. Олардың ішіндегі кейбірін атаймыз: көліктің барлық түрінің дамуының мемлекеттік бағдарламасын және тұжырымдамасын әзірлеу, инвестициялық және ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясат, кадрларды оқыту мен дайындау, болжамдар және республика мұқтаждығы мен тұрғындардың тасымалындағы мемлекеттік тұтыну қажетін өз уақытында сапалы қамтамасыз ету.

2007 жылы ҚР-ның 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы қабылданды.

Республиканың бүгінгі көлік кешені – бұл көлік жүйесі, көлік желісі, жалпы қолдану көлігі және жалпы қолдануда жоқ көлік тәрізділерден тұратын үлкен организм, үлкен шаруашылық.

Бұл түсініктердің мазмұнын қарастырайық.

Көлік жүйесі туралы айтқанда, көліктің әр түрлі кешендері түсініледі. Бірақ көліктің әр түрі белгілі бір әкімшілік-шаруашылықтық өз дербестігі болады, оның барлығы өзара байланысты және оның әр түрі тасымал үдерісіне елеулі ықпал көрсетеді. Мысалы, Қазақстан - ірі көлік жүйесі бар еуроазиялық аймақтағы жол айрықтарында орналасқан транзиттік мемлекет. Қазақстан арқылы тәжірибе жүзінде барлық бағытқа шығатын, Орынбор - Ташкент, Түркістан - Сібір темір жолы, трансқазақстандық темір жолында Петропавл - Мойын-ты - Шу жолы салынған.

Көліктік желібұл республиканың кейбір аймақтарының елді мекенін байланыстыратын, барлық жол қатынастарының жиынтығы. Көліктік желі белгілі бір аумақ пен көлік күшінің әлеуетті қызмет көрсету деңгейін сипаттайтын, маңызды элементтерінің бірін көрсетеді. Қазақстандағы ішкі бірігу мен республиканың ішінде көліктік қызмет көрсету деңгейі төмен. Әр түрлі елді мекендер арасындағы байланыс жоқ.

Жалпы қолданудағы көлік (немесе магистралды көлік) іс жүзіндегі заң жағдайына сәйкес жолаушылар мен жүк тасымалының барлық түрін жүзеге асыруы тиіс. Ол темір жол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе кеңістігіндегі, өткізбелі құбыр тасымалы және қалалық қоғамдық көліктердің барлық түрін қосады. Жалпы қолданудағы көлік мемлекеттің бірегей көлік жүйесінің негізін құрайды және мемлекеттің тасымалдағы негізгі қажетін қамтамасыз ететін, дербес «көлік өнеркәсібін» көрсетеді.

Жалпы емес пайдаланудағы көлікке жеке меншіктегі, тек өзінің ведомствосы үшін тасымалды орындаушы ведомстволық көлік кіреді. Мұнайды, мұнай өнімдерін және газды қотаруға арналған, өткізбелі құбыр тасымалы ерекше орын алады және нақты жағдайда халық шаруашылығының барлық салаларының мүддесі үшін пайдаланылады.

Біздің республикада теңіздегі көліктен басқа көліктің барлық аталған түрлері бар. Елдің географиялық жағдайына байланысты теңіз көлігі енді қалыптасуда. Республикада «Ақтау» деп аталатын бір ғана теңіз порты бар.

Егер республиканың көлік кешенінің даму керсеткіші туралы айтар болсақ, онда барлығынан бұрын, тасымалдың жалпы (жүктерді жіберу) және жүк айналымының (м/км) көлемі тәрізді, елеулі көрсеткіштерін бөліп көрсетеді.

Республикадағы көліктік машина құрылысының, жылжымалы құрамды, локомотивті, қосымша бөлшектерді шығарудың болмауы, көлік құралдарының моральдық және техникалық тозуына әкеледі. Қазақстан көліктердің қосымша бөлшектерін және 100% жылжымалы құрамды, материалдарды, толықтыратын бөлшектерді сырттан алады. Теміржолды меншікке беру проблемасы әр түрлі елде әр қилы шешіледі: мысалы, АҚШ-та елдің барлық теміржолының үлкен үлесін құрайтын, бірінші санаттағы барлық жолдар жеке компанияға қарайды; Жапониядағы мемлекеттік теміржолдың қатал дағдарысы 80-жылдары олардың толық жекешелендірілуіне әкелді; Италияда тәжірибе жүзінде барлық теміржол мемлекеттің меншігінде, олардың үлесіне барлық теміржол тасымалының 98 пайызы келеді; Германия мен Францияда теміржолдар 100 пайызға мемлекеттік меншік болып табылады және мемлекеттің демеу қаржысына ие.

Біздің республикамыздың жағдайында теміржол жүйесін жаппай жекешелендірудің бірнеше себептерге байланысты қолайсыз:


  1. Жекешелендірудің кез келген түріне тартылған капитал, кез
    келген қазақстандық консорциум үшін қалайда үлкен болады және бәрінен бұрын, жол жүйесін тез арада шетелдіктер иеленеді, ал мұның өзі маңызды стратегиялық активтер үшін қажетті емес.

  2. Теміржолдар Қазақстандағы өзінің кейбір қызмет аясында
    табиғи монополист болып қала береді және егер олар жекешелендірілсе, онда мемлекеттің қатаң басқаруына тап болып, оларда коммерциялық пайда алу үшін нақты еркіндік өте аз қалады.

  3. Теміржолдар жолаушылар секторында маңызды әлеуметтік
    міндетті орындайды, өйткені мемлекет осы міндеттерді
    жүзеге асыруда жауаптылықты және жолаушылар тасымалында әлеуметтік шығындарды мойнына алады, ол жеке иелердің пайдасын қаржыландыруға тиіс емес.

4. Егер мемлекет қазіргі уақытта теміржол арқылы мектептерді, ауруханаларды және т.б. тиімді қамтамасыз етпесе, оны жекешелендіру теміржол жұмысшыларын көптеген жеңілдіктерден айырады, өйткені бірде-бір жеке меншік компания негізгі әлеуметтік құқықтарға кепілдік бере алмайды.

Теміржол көлігінің қандай салалары жекешелендірілуі мүмкін? Меншіктің әр түрлері болуы мүмкін бе?

Іс жүзіндегі кірме теміржолдар, негізгі магистральдан тарамдалған және тұйық жолдар тиеу-түсірудің, жөндеу жұмыстарының үлкен кешендері, қосымша бөлшектерді, тұтас машиналар мен тетіктерді, магистральды жолдардың сенімді қызмет істеуі үшін материалдарды дайындау мен жеткізілімі жекешелендіріледі.

Экономиканың рыноктық құрылымы кезінде теміржол үшін барлық қажеттілердің кімнен сатып алынатыны маңызды емес, ең бастысы - бағасының төменділігі,сенімділігі және стандартқа сәйкестілігі.



«Экономиканы мемлекеттік реттеу » проблемасы бойынша кейс

1. “Химфарм” АҚ-ның өндірістік шаруашылық қызметі
Оңтүстік Қазақстан облысы бірінші ірі өндірістік кәсіпорын – Шымкент фармацевті зауыты, қазіргі “Химфарм” АҚ 120 жыл толып отыр. Емдік шөп цитварлы полынь немесе дермене деп аталатын шөп өткен ғасырда орыс саудагерлері Н. Иванов және Н. Савинковтың көңіл аударған еді, олар тек медициналық шикізатты тасуға ғана емес, оны сол жерде өңдеуді қолға алды.

1882ж Шымкент сантонин кәсіпорынның негізі қаланды. Шымкент қаласында саудагерлер Иванов және Савинковтармен сантонинды зауыттың негізі қаланды. Ол Түркістан аймағындағы ұзақ уақыт бойы біегей және ірі өндіріс орны болып есептелінді. Бұл кәсіпорынның пайда болуына Сырдария облысы Шымкент уезді территориясында, құрамында глистке қарсы құрал-сантонин бар цитварлы полына немесе дермененің көбеюі себепші болды.

1917-1991-дәрмек субстанциялары өндірісі ЧХФЗ-CCСР аумағындағы ірі субстанция өндірісі.

1993-кәсіпорынды “Химфарм” АҚ қайта құрды. 1997-бірінші кезекте қатты түрдегі дәрі-дәрмек шығару цехтарын іске қосу, ішкі және сыртқы қолдануға арналған голенді препараттар және ерітінді өндірісін бастау;

1998-вакумды толтырумен ампуладағы инъекционды ерітінді өндірісі негізделді, түрлі-түрлі таблетка шығару бойынша екінші кезекті қатты дәрі-дәрмек формасындағы цехтар шығарылды.

2000 – қатты дәрі –дәрмек формасындағы қабықпен қапталған түйіршік шығарудың үшінші кезекті шығаруы. Ампулаға инемен толтыру және ыдысқа антибиотикті стерильді себелеу арқылы инъекциалы ерітіндінің өндірісін меңгеру. 2002 – капсул шығару бойынша қатты дәрі-дәрмек формалы цехтың үшінші сызығын енгізу. 2003 – халықаралық стандартқа көшу; ISO 9001:2000 өндріс облысында сапа стандартын енгізу. ERP “Галактика” ERP автоматты басқару жүйесін енгізу, жыл сайынғы Erns + Young компания аудитін жүргізу.

2004 – Жаңа препараттар енгізу Альмолокс Aizs Авиценнаа бальзам 250 мл, Амоксициллин капсулы 250 мг және 50 мг, Атенолол 50 мл, түйіршік және ампуладағы Диклофеник Каптоприн 25 мг, Кларисан 10 мг, Метоклапрамид таблетка және ампуладағы, Пентоксифилин 100 мг, Тромбокард 50 мг, Цефалексин 250 мг, Цефотаксим 1 г, Ципрофлоксацин (Салфлок) 250мг.

Қызметі:


  • 20 га аймақта;

  • 4 өндірістік және 6 қосалқы цехтар;

  • 700 астам жоғары дәрежелі қызметкерлер;

  • қазіргі заманға сай батыс Европалық құралдар;

  • бір айға өндіріс қуаты:

- 10 млн түйіршік қорапталған;

- 17 млн ампула;

- 2 млн стерильді ұнтақ флокондар


  • 1,8 млн ерітінді, сироп, тұнба флокондары;

  • 1,2 млн дәрі-дәрмек субстанциялары.

1883 ж. – бірнеше корпустан құралған, оларда негізінен сантонин өндірісі механизмі жинақталған завод жабықтала бастады.

1885 ж. – кәсіпорын алғаш рет 189 пұт сантонин өнімін берді.

1992 ж. – кәсіпорын алғаш рет техникалық морфин шығара бастады.

1923-1929 ж. –бұрынғы кеңестер одағында алғаш рет махоркадан никотин алу өндірісі жолға қойылып, бірінші бес жылдықта химфарм заводты реконструкциялау және кеңейту жолға қойылды. Жоспарда сантонин және техникалық мофин өндірісі дамуы қатарластырылуымен қатар, сонымен қатар жаңа өнім шығару, жеке лағанда, кодеин, анабазин, дармин және персикті лайды игеру қарастырылды.

1931 ж. – Анабазин-сульфат өндірісі негізі қаланды. СССР-дің кезінде заводта жаңа цехтарды іске қосу бағдамалары жасалып, ол 70-тен астам түрлі субстанция шығару ассортиментінің санын өсуіне әкелді.

Мемлекеттік химика-фармацевтикалық кәсіпорын бұрынғы кеңестер одағы аймағында ірі субстанция өндіруші болып есептелінетін және Ресей, Беларусь, Украина, Болгария және Балтық жағалауы республикаларының шикізат базасы болып табылады. Кәсіпорынның жан-жақтылығын қазіргі таңда Орта Азиядағы нарко-құрамы бар препараттар шығару және сақтауға лицензиясы бар бір ғана кәсіпорын екендігін білуге болады.

Кеңес өкіметі жылдарында жүргізілген экономикалық саясат Орта Азия және Қазақстан Республикасы аймағында СССР-дің фармацевті кәсіпорындарының барлығы 3% ғана шоғырлануына әкелді. Олардың негізгі мамандануы жартылай фабрикаттар шығарумен айналысатын. 1980 жылға дейін Қазақстан Республикасы аумағында дайын дәрі-дәрмектер шығарылмаған.

1993 ж. – кәсіпорын Химфарм Акционерлік қоғамы болып қайта құрылды (шаруашылық субъектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі 25 желтоқсан 1993 жылдан). Заводта субстанция шығару бойынша орта монтажды, өсімдік шикізаты және химиялық синтезді қолданумен өндірістің үш цехы жұмыс істеді.

1996 ж. – Кәсіпорын Химфарм Акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді (заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркеу куәлігі №2728-1958-АО (И/У) 23 қазан 1996 жылдан) 1 215 556 дана атаулы жай акция (жарғылық капиталдың 80% ). Мемлекеттік акция пакетін басқаруға шетелдік инвестор - фирма «Dorna DALE Ltd » (Дублин қаласы) берілді, ол кәсіпорынды дайын дәрі-дәрмек құралдарын шығаруға көшуге бағдарлама жасап және оны іске қосты. Капитал салымының 15 млн АҚШ долларынан астамы қазіргі құрал алуға, негізінен Германдық және итальяндық құрал алуға жұмсалынды.

1997 ж. – Айына қуаттылығы 3,5 млн қорап қатты дәрі-дәрмек түріндегі өндіріс цехтары бірінші кезекте іске қосылып, медициналық спирт және «Ордабасы» емдік бальзамы өндірісі реттелді. Медициналық спирт шығарудың жалпы қуаттылығы тәулігіне 20000 л жеткізу арқылы, Қазақстандық барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінің сұранысын қанағаттандыруға әкелді.

1998 ж. – Айына вакумды толтырылған 1-2 мл көлемдегі 1,2 млн қуаттылықтағы ампуладағы инъекциялық ерітіндіні шығарудың алғашқы сызығы бекітілді.

Айына қуаттылығы 1 млн қорап түрлі-түсті қатты түрдегі дәрі-дәрмек шығарудың екінші кезектегі цехтары іске қосылды.

Айына жалпы қуаттылығы 1,9 млн флакон ішкі және сыртқы қолдануға арналған галенді препараттар және стерильденбеген ерітінді шығарудың 4 сызығы іске қосылды.

2000 ж. – Айына қуаттылығы 1 млн қорап іште ерігіш қабығы бар қатты дәрі-дәрмек шығару цехтарының үшінші кезеңі енгізілді. Айына қуаттылығы 2,1 млн флакон стерильді антибиотикті шашу цехтары тұрғызылды. Айына қуаттылығы 1,4 млн қорап, көлемі 1-2-5 мл ампулаға шприцпен толтыру арқылы инъекциалық ерітінді шығарудың екінші сызығы бекілді.

2002 ж. – Айына қуаттылығы 1,2 млн капсулаға дейін жететін капсулды дәрі-дәрмек препраттарын шығару сызығы жөнделді. Кәсіпорын өз алдында Қазақстандық дәріханалар және емдеу-сауықтыру мекемелерін халықаралық сапа стандартының талаптарына сай келуін қамтамасыз ету міндетін қойды. Қазіргі кезеңде кәсіпорын номенклатурасы 200-ден астам түрлерін есепке алады.

Жыл сайын кәсіпорында әр түрлі дайындау стадияларында болады. “Химфарм” АҚ Қазақстандағы белгілі және медициналық тәжірибеде кең қолданылатын препараттар тізімінің 80% астам түрін шығарады.

50% жуық препараттар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі бекіткен “Өмірлік қажетті және маңызды дәрі-дәрмек құралдар тізіміне” енгізген.

“Химфарм” АҚ базасында ҚР Индустрия және сауда министрлігі Стандартизация, метереология және сертификациялау комитетімен аккредиттелеген 3 бөлімшеден тұратын аналитикалық, микробиологиалық және токсикологиялық сынақ лабораториясы жұмыс істейді.

“Химфарм” АҚ – Қазақстандағы жаңа препараттарды енгізу және сынау, технологиясы және талдау методикасы және нормативті –техникалық құжаттау орталығы бар, онда Қазақстан ғалымдарымен және ТМД ғалымдарымен біріге отырып 10 астам препараттар өңделіп және өндіріске қойылған бірден бір кәсіпорын.

“Химфарм” АҚ тек Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелге де белсенді түрде экспорттайды. Болгария Глауцин гидромид субстанциясын, Цитизинді, ал Ресей термосисса экспортын, муколтинді стып алады. Дайын дәрі-дәрмек преараттары Қырзыстан, Өзбекстанға экспортталынады.

Қазіргі күнде “Химфарм” АҚ – 13 негізгі және көмекші цехтар, 5 қойма корпусы, гарсас, 20,01га аумаққа орналасқан.

Кәсіпорынды ары қарай дамыту және жаңа өндіріс құруға қажетті инфрақұрылым және еркін аудандар бар. “Химфарм” АҚ Ғылыми – зерттеу лабораториясы, техникалық сапа бөлімі, ОКЛ (орталық – кәсіпорын лабораториясы) бар. Бұл өз күшімен жаңа өнім түрін шығаруды дайындау, жобалау және меңгеруді жүргізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын жоғары маманданған кадрлармен жабдықталған. 2005 жылдың 1 қаңтарға кәсіпорын жұмысшы саны 842 адамды құрайды.

2004 жылы орташа тізімдік саны 935 адам.


Химфарм” АҚ бойынша 2003 жылғы өнімді сату көлемі бойыншы қаржы нәтижесі

1 кесте


Аты

Өлшем бірлігі

Саны

Соммасы,

мың тенге



Таблеткаланған дайын дәрі-дәрмек құралдары

қорап

72470957

781120

Ішкі және сыртқы қолдануға дайын дәрі-дәрмек құралдары галенді, сироптар, ерітінділер

флакон

13289410

417087

Дайын дәрі-дәрмек құралдары амулироваланған қор

қорап

14376656

477167

Инъекцияға стерильді антибиотиктер

флакон

5286831

114224

Субстанциялар

кг

5838

54583

Этильді спирт

мың литр

4,5

894

Басқалары







90062

2003 жыл бойынша барлығы







1935137

Химфарм” АҚ бойынша 2004 жылғы өнімді сату көлемі бойынша қаржы нәтижесі

2 кесте

Аты

Өлшем бірлігі

Саны

Соммасы,

мың тенге



Таблеткаланған дайын дәрі-дәрмек құралдары

қорап

58442852

829579

Ішкі және сыртқы қолдануға дайын дәрі-дәрмек құралдары галенді, сироптар, ерітінділер

флакон

11905442

369995

Дайын дәрі-дәрмек құралдары амулироваланған қор

қорап

151572193

527559

Инъекцияға стерильді антибиотиктер

флакон

11834107

287780

Субстанциялар

кг

1581818

51797

Басқалары







16552

2004 жыл бойынша барлығы







2232261



Шығын құрылымы

3 кесте


Аты

2003 жыл

2004 жыл

Материалдар

914959

64,3%

944196

61,61%

Есептелінген еңбек ақы

91743

6,4%

86708

5,66%

Тұтас еңбек ақы













Тікелей үстем шығындар













ҚҚС және акциз

62409

4,4%

72917

4,76%

Электроэнергия, су

8162

0,6%

27594

1,80%

ЦЗЛ, бу құны т.б.

44411

3,1%

29317

1,91%

Жалпы цехтар шығындары:













Жалпы цех материалдары

29919

2,1%

45676

2,98%

Қосалқы жұмысшылардың есептелген еңбек ақысы

49256

3,5%

57500

3,75%

Негізгі құрал құрамы және жөндеу

8498

0,6%

9280

0,61%

Электроэнергия, жалпы цех қажеттілігі суы

3795

0,3%

46701

3,05%

Көмекші цех қызметі және басқа шығындар

100772

7,0%

77206

5,04%

Негізгі құрал амортизациясы

108813

7,7%

135343

8,83%

Барлығы:

1422737

100%

1532438

100%

Химфарм” АҚ негізгі экономикалық көрсеткіштері

4 кесте

Баптардың аты

2001

2002

2003

2004

Өнім сату

1148945

1442209

1935137

2232261

Өнімнің өзіндік құны (негізгі құрал МЕА тозуынсыз)

(569749)

(841392)

(1207326)

(1325656)

Өнім сату шығыны

(51985)

(33641)

(81312)

(126023)

Әкімшілік шығындары

(115684)

(172374)

(250784)

(243261)

Барлық операциялық шығындар

(737418)

(1047407)

(1539422)

(1694940)

Қорытынды

411527

394802

395715

537321

Амортизация және тозуы

(264817)

(135629)

(132967)

(145268)

Қорытынды

146712

259173

262748

392053

Онжылдық ішінде фармацевті кәсіпорын дайын дәрі-дәрмек өндіріс үшін Украина және Ресеймен шартқа тұрды. Қазіргі кезде 200-ден астам дәрі-дәрмек шығарып, оның ішінде ампулада шығара бастады. Оның ішінде тек Қазақстанның оңтүстігінде шығарылатын дәрілер де бар. Мысалы, солодко тамыры сиропы, оның рецептін академик Махмуд Ирисметов жасаған. “Бронхолитин шалфей сиропын” шымкентіктерден Өзбекстан және Ресей сатып алады. Жүз жылдан астам кәсіпорын фармацевтік субстанция шығарумен мамандырылып, Ресей, Украина, Болгария және Балтық жағлауындағы республикаларының шикізат базасына айналған.

Кәсіпорын “Донаделла Лимитед” ирланд фирмасының басқаруынан алынған соң, өзгерісті түбірінен қайта жаңартып, дайын дәрі-дәрмек шығаруға беттеді. Одақ ыдыдағаннан кейін, Қазақстанда бірде-бір кәсіпорын дәрі-дәрмек шығарған жоқ. Болмайтын дәрінің өзін тапшы ақшаны жұмсап, тасымалдауға мәжбүр болды. Сондықтан, кәсіпорын біріншіден дәрі шығаратын цех тұрғызудан бастап, 1996 жылы бұл желі іске қосылды. Сонымен кәсіпорында “Ордабасы” емдік бальзамы менмедициналық спирт шығарылуын игеріле бастады. Екі жылдан кейін кәсіпорын конвейерінен мөлшері бір және екі миллилитрлік алғашқы инъекциялық ерітінділер шыға бастады. Мұның соңынан түрлі-түсті дәрілер шығарыла бастаған. Кәсіпорын 25 атаулы препараттар шығарылуын меңгеріп, олардың көбісі аса қажет екені дәлелденген. Былтырғы жылдың аяғында 500 шиша бактериясыздандырылған үгілген антибиотиктер шығаратын цех соғылды. Үшінші кезекте тұрған қабыршақты қолданумен жабынған, қабатталынып нығыздалған және драже түрінде шығарылатын дәрі-дәрмек цехы іске қосылды. Кәсіпорында шығарылатын өнімдердің спасын тексеретін арнайы жүйе енгізілген және аккредетивті микробиология және сынап білетін лаборатория мен вивария жұмыс істейді. “Химфарм” АҚ Қазақстандағы жаңа дәрі-дәрмектерді, технологияларды, талдау әдістері енгізілген және апробацияланған орталығы бар кәсіпорындардың бірі. Соңғы жылдары республика және ТМД елдерінің ғалымдарымен бірлесіп жұмыс істей отырып, өндіріске оннан астам препараттар зерттелініп енгізілген. Қазір май мен тюбиктағы линимет сияқты өнімдердің жаңа түрлерін ойлап шығару мен меңгеру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорында 140-тан астам атаулы өнімдердің тізімі бар. Қазір Қазақстанда 300-дей адам өміріне қажетті дәрі-дәрмектердің 70 шақты атаулысы шығарылады, сондықтан да, мемлекетіміздің қауіпсіздігін толық қамтамасыз ете алмайды. Мәселені шешу жолы - өмірге қажетті дәрі-дәрмектерден тускен кіріске салынатын салықты алып тастау. Бұл осы дәрі-дәрмектердің өндірілуінің өсуіне жағдай жасар еді. Осы жол көршілес Ресейде өтті. Әлемдік тәжірибе айғағы бойынша, фармацевтік өндіріс өзінің көтерілуінің алғашқы кезеңінде арнайы мемлекеттік жеңілдік жүйесісіз дами алмайды.

Дәрі-дәрмек препараттарының бірлестік қорын құрып, республикамызда шығарылатын дәрі-дәрмектерді орталықтандырылып жеткізілуін іске асыру керек. Мысалы, Ресейде дәрі-дәрмектік құрама қоры құрылған. Кез келген дәрі-дәрмектердің жеткізілуін заңға қайшы келмейтін, өз елінде өндірушілер арасында жабық тендер өткізу арқылы шешуге болады. Егер мемлекеттік органдары өздерінің фармацевтикалық өнеркәсіптерінің дамуына құштар болса, шетелдер әкелуге тыйым салу керек, әлемдегі кейбір елдердегідей мұндай айлалар, нарықтық экономиканың көзқарастарынан бас тарту емес, керісінше бұл өзіміздің нарық өтімінің қозғалуына мумкіндік беретін нарықтық экономиканың бір механизмі.



Кейс сұрақтары:


  1. “Химфарм” АҚ-ның қызметін сипаттаңыз, болашақта кәсіпорын алдында тұрған мәселелер?

  2. “Химфарм” АҚ-ға қандай стратегиялық таңдау беруге болады?

  3. “Химфарм” АҚ-ның даму стратегиясының ерекшеліктері.

  4. Нарықта кәсіпорын өнімдері қандай орын алады?

  5. “Химфарм” АҚ нарыққа жаңа өнім шығару стратегиясы бойынша ұсыныстар беріңіз.

  6. “Химфарм” АҚ қызметін талдай отырып, оның күшті және әлсіз жақтарын атаңыз.

  7. “Химфарм” АҚ инвесторлық-инновациалық іс-әрекеттерінің даму жолдары.

  8. Кәсіпорын өнімінің сатылуы және сату болжамын жасаңыз.

Ағымдық бақылау сұрақтары
1 -Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5,6


2 -Тақырып. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


3-Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен ұйымдастыру негіздері

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


4 –тақырып. Елдің әлеуметтік экономикалық дамуын жоспарлау, бағдарламалау және болжамдау

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


5-тақырып. Экономиканы реттеудің қаржылық – бюджеттік әдістері

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


6- Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі тетіктері

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


7- тақырып. Инвестициялық үрдістерді мемлекеттік реттеу және құрылымдық саясат

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


8- тақырып. Экономиканың индустриалдық секторын мемлекеттік реттеу

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


9 - тақырып. Экономиканың аграрлық секторының дамуын реттеудегі мемлекет қызметі

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


10 - Тақырып. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6



11- тақырып. Аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


12 - тақырып. Елдің экономикасындағы өндірістік инфрақұрылымның рөлі және оның дамуын нарық қызметінің жағдайында мемлекеттік реттеу

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


13 - тақырып. Еңбек нарығын, жұмыспен қамтамасыз етуді және елді әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


14 - тақырып. Әлеуметтік инфрақұрылым және нарықтық экономика жағдайында оның дамуын мемлекеттік реттеу

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


15- тақырып. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс – шаралар жүйесі

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


16 - тақырып. Сыртқы экономикалық іс – әрекетті мемлекеттік реттеу

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


17- тақырып. Мемлекеттің экономикадағы рөлі туралы түсінігінің даму тарихы

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


18 -Тақырып: Экономикалық өсу мәні, факторлары, көрсеткіштері

Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6


19-Тақырып.Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5


20 - Тақырып. Ғылыми техникалық процестердің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің ролі

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5


21-Тақырып. Қазақстан Республикасының жалпы ұлттық нарығын мемлекеттік реттеу механизмдерінің жүйесі

Ұсынылатын әдебиеттер:1,2,3,4,5



Курс бойынша жазбаша жұмыстар тақырыптары


  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

  2. Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесі

  3. Мемлекеттік реттеу нысандарының жалпы сипаттамасы

  4. Экономиканы болжау және стратегиялық жоспарлау

  5. Нарыққа көшу жағдайындағы Ұлттық Банктің функциялары

  6. Нарық жағдайындағы инвестициялық саясат

  7. Экономиканы реттеудің қаржы бюджеттік әдістері

  8. Экономиканы ақша несиелік реттеудің негізгі механизмдері

  9. Экономикалық өсуді мемлекеттік ынталандыру

  10. Ғылыми техникалық прогрестің бағыттары және оны жетілдірудегі мемлекеттің рөлі

  11. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу

  12. Бәсекелік ортаны қалыптастыру және монополияны реттеу

  13. Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеу және халықты әлеуметтік қорғау

  14. Экологиялық реттеу бойынша мемлекеттік іс шаралар жүйесі

  15. Аймақтардың әлеуметтік экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

  16. Қазақстандағы жұмысбастылықты реттеу жағдайы

  17. Көліктік жүйе дамуы мен оның реттелуі

  18. Әлеуметтік сфера дамуының реттелуінің сұрақтары

  19. Мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат

  20. Аймақтық дамудың реттелуі

  21. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және реттеу

  22. Табиғи монополия өнімінің бағасын реттеу

  23. Мемлекеттің антимонополиялық саясаты

  24. Жекешелендіру облысындағы мемлекеттік реттеу

  25. Кедендік-бажды реттеу

  26. Ақша-несие саясаты – ЭМР құралдары ретінде

  27. Экономиканы салықтық реттеу

  28. Мемлекеттік бюджет- ЭМР реттеу құрлдары

  29. Экономикалық жүйелер мен оның мемлекеттегі рольі

  30. Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі

  31. Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдары

  32. Қазіргі экономикалық жағдайлардағы еңбек нарығы

  33. Қазіргі монетарлық саясат: функционалдық тенденциясы мен дамуы

  34. Мемлекеттік басқару жүйесінің теориясының құрылуы

  35. Мемлекеттің экономикалық жүйесіндегі өндірістік ресурстардың мағынасы

  36. Нарық жағдайындағы экономиканы басқарудың жіктелуі мен әлеуметтік-экономикалық маңызы

  37. ҚР әлеуметтік-экономикалық саясаттың инновациялық қызметінің жүзеге асуы

  38. Экономикалық қауіпсіздік: маңызы, критерийі, формасы

  39. Экономикалық қауіпсіздік деңгейі бағасының әдістемелік аспектілері

  40. Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі мен оның Орталық-Азиялық аймақ экономикасының интеграциясы

  41. Жұмысбастылық қозғалысының құрылымы мен деңгейі

  42. Қазақстан экономикасының трансформациялық процесі

  43. Экономиканың нарық модельіне көшуі мен оның экономикалық жүйелер трансформациясына әсері

  44. Жер қойнауын қолданудың лицензиялық маңызы

  45. Инвестициялық қызметті реттеудегі экономикалық механизм

  46. Табиғатты қолданудың ұтымды экономикалық механизмі

  47. Кіші агроөнеркәсіптік бизнес дамуы

  48. Мемлекеттегі экономикалық жүйелерде біріккен кәсіпкерліктердің ерекшеліктері

  49. Инновациялық кәсіпкерлік пен кіші бизнесті мемлекеттік қолдау

  50. Шетел мемлекеттеріндегі индикативті жоспарлау

  51. Индикативті жоспарлаудағы ұлттық болжамдар

  52. «Қазақстан-2030» стратегиясы

  53. Экономика жағдайындағы индикативті жоспарлаудың маңызы мен мәні

  54. Макроэкономикалық тепе-теңдік модельі

  55. Қазақстандағы нарықтық реформа

  56. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің атқаратын рольі

  57. ҚР-дағы қаржыны мемлекеттік реттеу

  58. Аралас экономика кезеңіндегі мемлекеттік реттеу.


Реферат тақырыптары

  1. Қазақстандағы институционалдық реформалар

  2. Аралас экономика моделі және мемлекеттің жаңа экономикалық рөлі

  3. Мемлекеттің экономикалық қызметтерінің дамуы

  4. Мемлекеттік реттеу тұжырымдамасының мәні мен қағидалары

  5. Аграрлық сфераны мемлекеттік реттеу елдің экономикалық қауіпсіздігінің кепілі ретінде

  6. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің теориялық және тәжірибелік аспектілері

  7. Өтпелі экономикада жұмыспен қамтуды реттеудің мәселелері

  8. Қазақстанның аймақтық рыноктарының ерекшеліктері

  9. Аймақтарды мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері

  10. Аймақтардың дамуын қамтамасыз етудің кластерлі тәсілі

  11. Табиғатты пайдалануды ұйымдастырушылық құқықтық және экономикалық реттеу

  12. Тәуекелді «венчурлық» кәсіпкерлік индустриалды инновациялық бағдарламаның бір бағыты ретінде

  13. Мемлекет пен ірі бизнес: әлемдік тәжірибе

  14. Экологиялық реттеу – реттеудің ұлттық моделінің міндетті бөлімі

  15. ҚР шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі

  16. Кедендік реттеу: мақсаттары, құралдары, болашағы

  17. Экономикалық өсуді тұрақтандыру жағдайындағы ақша – несиелік реттеудің ерекшеліктері

  18. Қазақстандағы қор рыногын белсенді етудің мемлекеттік іс шаралары

  19. ҚР қазіргі өнеркәсіптік саясат

  20. ҚР инвестициялық саясаты: басымдықтардың өзгерісі

  21. ҚР әлеуметтік саясаттың мәселелері мен болашағы

  22. Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері

  23. ҚР қазіргі бюджет саясаты

  24. Қазақстанның салық жүйесі: тенденциялары, ерекшеліктері, болашағы

  25. Бәсекелік ортаны қалыптастырудың мемлекеттік бағыттары

  26. Ғаламдану жағдайындағы Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты

  27. Шетелдегі ЭМР әдістері мен қазіргі концепциялары

  28. Экономикалық жүйелердің негізгі элементтерінің өзара әсерлесу механизмі

  29. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі ЭМР генералдық мақсаты

  30. ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспары

  31. Отандық экономикада шетел мемлекеттерінде ЭМР құралдарының тәжірибесін қолдану

  32. Ұлттық валюта курсының айырбастауын реттеудегі мемлекет қызметі

  33. Әлеуметтік сфераға мемлекеттік бюджеттің шығындары

  34. Шетел мемлекеттеріндегі ұлттық шоттар жүйесінің салыстырмалы талдауы

  35. Экономиканың айқын секторының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламалар

  36. ҚР-дағы АӨК субъектілерінің несилендіруі – ЭМР маңызды құралы ретінде

  37. ҚР-дағы мемлекеттің инвестициялық саясатының басымдылықтары

  38. ҚР-дағы бағалы қағаздар нарығының құрылуының келешегі

  39. Кадрлық мамандардың дайындығы- ЭМР теориясының негізі

  40. Аралас экономикадағы мемлекеттің экономикалық функциялары

  41. Монополияға қарсы реттеу

  42. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау

  43. Баға қалыптастыруды мемлекеттік реттеу

  44. Мемлекеттік дирижизм

  45. Экономиканы реттеудің объектілері

  46. ЭМР субъектілері


8. «ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ» пәнінен тесттік тапсырмалар
1. Мемлекет, адамдардың табиғи құқықын қамтамасыз ететін, ұйым сияқты, қарастырады:

A) меркантилистер;

B) монетаристер;

C) кейнсиандар;

D) либералистер;

E) физиократтар.

2.А.Смитта саясатқа деген табиғи бостандыққа жатпайтындар::

A) жұмыс күшін шектеу;

B) жерді сату бостандығы;

C) үкіметтік регламентацияның өндірістік жойылуы;

D) сыртқы сауданың бостандығы;

E) тауарларды өткізу және шығаруға шеек қою.

3.Мемлекеттік инвестицияларды секвестирлеу жолы арқылы бюджет тапшылығын қысқарту, мемлекеттік сектордағы өнім бағасын көтеру, бұл :

A) меркантелистер;

B) монетаристер;

C) либералистер:

D) кейнсиандықтар;

E) физиократтар.

4.Болжамдаудың процесі мен объектісі өзгеруінің тенденцияларының амалдар арқылы бөлінеді:

A) трендтік және нормативтік;

B) нормативтік және факторлық;

C) генетикалық және нормативті;

D) трендтік және факторлық;

E) барлығы дұрыс.

5. Болашаққа, өткенге және бүгінге бағытталған ұлттық болжамдаудағы қадам:

A) трендтік;

B) факторлық;

C) генетикалық;

D) нормативтік;

E) альтернативтік.

6. Мемлекет дамуына жатпайтын әлеуметтік-экономикалық принцип:

A) мақсатты бағытталған;

B) ұзындық;

C) кешендік;

D) варианттылық;

E) маңыздылық;

7.Инвестицияларға жататындар:

А) жеке салаларға ұзақ мерзімді ақша салу формасындағы шығындар

В) өндіріс шығындары

С) негізгі және айналым қорлары

D) кәсіпкерлік немесе басқа қызметке бағытталған, интеллектуалдық және мүліктік құндылықтардың барлық түрлері; нәтижесінде не пайда, не әлеуметтік маңызға жету

8.Қайта құрылу құрылымы келесі мақсаттарды қамтиды:

А) бұрынғы салалардың өзгеруін

В) өндірістің түбірлік техникалық модернизациясын

С) бәсекелік жағдайдағы өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етуін

D) экономикадағы жаңа құрылымның құрылуын

Е) барлығы дұрыс.

9.Өзінің есептік ставкасын өзгерте отырып, Ұлттық Банк қандай мақсаттарға ие болады:

A) мемлекеттік бюджеттердің абысының көтерілуі

B) шетел капиталының экспансиясынан мемлекеттің экономикасын қорғауды

C) циклдық ауытқулардың жұмсарту

D) төлем балансының теңестірілуі

E) баға тұрақтлығы

10. Потенциалдарды қамтамасыз ететін блоктарға жатпайтындар:

A) демографиялық;

B) еңбектік;

C) өндірістік;

D) ғылыми-инновациялық;

E) әлеуметтік-инфрақұрылымдық.

11. Мемлекеттің дағдарыс жағдайын көтеру мақсатында өз әсерін тигізетін функция, бұл:

A) ұлттық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

B) заңдық-реттеуші

C) тұрақты

D) үйлестіретін

E) әлеуметтік бағытталған.

12. Макроэкономикалық жоспарлау объектісіне мыналардың қайсысы жатады:

A) ұдайы өндірістің кеңеюі;

B) макроэкономикалық меншік ассоциациясы;

C) экономиканың өсу динамикасы;

D) халықаралық интеграция;

E) экономиканың әлеуметтік бағыты.

13. Девальвацияның жағымды жақтарына жатпайтындар:

A) валюталық тәуекелдердің төмендеуі;

B) ұлттық валютада нөмірленген мемлекеттік қарыздың құнсыздануы;

C) ішкі бағалар деңгейінің төмендеуі;

D) арзан тауарлардың импортының азаюы;

E) кәсіпорынның экспорттық-бағытталған экономикасын бекіту.

14. Девальвацияның жағымсыз жақтарына жатпайтындар:

A) бағаның көтерілу мүмкіндігі;

B) арзан импорттық тауарлардың қысқартылуы;

C) мемлекеттік қарызға қызметтің арзандауы;

D) халықтың өмір сүруінің төмендеуі;

E) инфляция.

15.Тікелей салықтарға жатпайтындар:

A) резидент-азаматтардың табысына салынатын салық;

B) корпорация табысына салынатын салық;

C) өзіндік құнға салынатын салық;

D) меншікке салынатын салық;

E) әлеуметтік салық.

16.Нақты емес салықтарға жатпайтындар:

A) жер салығы;

B) үй салығы;

C) промысловый;

D) табыс салығы;

E) жан басы салығы.

17. Олардың экономикалық мінез-құлықтарын мақсатты қайнар көзден қаржыландыратын және орындалатын функция арқылы институционалдық бірліктің жиынтығы - бұл:

A) сектор;

B) сала;

C) шаруашылық субъект;

D) корпорация;

E) резидент.

18. Экономикадағы есеп беру кезіндегі резиденттердің бірліктік өндірістік қызметінің нәтижесі аталады:

A) аралық қажеттілік;

B) шығару;

C) жалпы қосылған құн;

D) жалпы ішкі өнім;

E) трансферттер.

19. Өндіріс процесіндегі есеп берудің толық немесе трансферттік қажеттіліктер, тауарлардың құны мен қызметін аталады:

A) аралық қажеттілік;

B) шығару;

C) жалпы қосылған құн;

D) жалпы ішкі өнім;

E) трансферттер

20.Мемлекеттік емес секторға жатпайтындар:

A) қазыналық кәсіпорын;

B) орталық банк;

C) бюджеттік сектор;

D) корпоративтік сектор;

E) жергілікті кәсіпорын.
Дұрыс жауаптар:

Сұрақ нөмері

Дұрыс жауап

Сұрақ нөмері

Дұрыс жауап

1

А

11

В

2

А

12

А

3

B

13

Е

4

Д

14

С

5

С

15

А

6

В

16

Е

7

С

17

Д

8

С

18

Е

9

Е

19

Д

10

А

20

Е


Аралық бақылауға арналған тапсырмалардың нұсқалары

1-тапсырма. Төменде атап өтілген мемлекеттік реттеу әдістерінің қайсысы экономикалыққа, ал қайсысы—әкімшілікке жатады:


  1. Медициналық препараттар өндірісіне лицензия беруді тоқтату;

  2. есептік мөлшерлемені өзгерту;

  3. ең төмен резервтердің мөлшерін өзгерту;

4) қаулының қабылдануына сәйкес қоғамдық тамақтану кәсіпорындары мүгедектер мен зейнеткерлерге жеңілдікпен қызмет көрсетуді міндетті жүзеге асыру;

  1. негізгі капиталды жеделдетіп амортизациялық есептен шығаруға рұқсат беру;

  2. жеке меншік капиталдың тиімсіз салаларда мемлекеттік реттелуін жүзеге асыру;

  3. қосылған құнға салық енгізу;

  4. тауарлар мен қызметтерге белгіленген баға орнату.

2-тапсырма. Төменде атап өтілген мемлекеттік реттеу әдістерінің қайсысы тікелейге, ал қайсысы -жанамаға жатады?

1) бағаларды жоспарлау;

2) ең төмен және ең жоғары бағаны белгілеу;


  1. акциздердің қатаң мөлшерлемелерін енгізу;

  2. индикативтік жоспарлау;

  3. табиғи ресурстардың бөлігін оларды коммерциялық пайдаланудың кез келген формасына жол бермейтін деп консервациялау (сақтау);

  1. өндірістік қызметтің белгіленген түрлеріне тыйым сала отырып, табиғи зоналарды бөлу;

  2. экологиялық зиянды технологияларға тыйым салу;

  3. еңбекақының ең төмен деңгейін анықтау;

9) жұмыссыздық жөнінде жәрдемақыны анықтау;

10) экспортты лицензиялау;

11) мемлекет тарапынан тауарлар импортын бақылау;

І2) міндетті резервтердің нормаларын өзгерту; ,

13) банкаралық кредиттің мөлшерлемесі;

14) Орталық банктің құнды қағаздардың орталық рыногында мемлекеттік облигациялармен операциялар жасауы;

15) мемлекеттік бюджет шығындарының құрылымын белгілеу;

16) мемлекеттік борышты басқару;

17) салық жеңілдіктерін беру, мақсатты бағдарламалар әзірлеу және оларды жүзеге асыру;

18) мақсатты тауарлық кредит беру;

19) коммерциялық банктерге мақсатты кредитпен кепілдіктер

беру;


20) шетелдік тікелей инвестициялар;

21) валюта бағамын реттеу;



  1. кедендік салық салу;

  2. квота енгізу;

  3. мемлекеттік облигациялар бойынша пайыздар.

3-сұрақ. Кейнсиандық теориялық тұжырымдамада және монетаризм тұжырымдамасында ақша-кредит саясатының қандай әдістері пайдаланылады?

  1. шаруашылықтың жай-күйіне қарамастан ақша массасына
    ықпалы;

  2. жұмыспен қамтуды көбейтуді, инвестициялық сұранысты ынталандыру үшін айналымдағы ақшаның мөлшерін арттыру
    (қосымша ақша эмиссшсының ұсынысты және өндірісті дамытудағы ынталандырушы рөлі);

  1. пайыздық мөлшерлемемен айла-шарғы жасау;

  1. коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын
    реттеу;

  1. бағалы қағаздар рыногындағы операциялар;

  2. есептік мөлшерлемені реттеу.


4-сұрақ. Кейнсиандың теориялық тұжырымдамада және монетаризм тұжырымдамасында бюджет-салық саясатының қандай әдістері пайдаланылады?

1) салықтардың мөлшерлемелерін өзгерту;



  • жұмыссыздықты төмендетуге және әлеуметтік шиеленісті шешуге себеп болатын пайдасыз кәсіпорындарды қаржыландыру үшін пайдаланылатын бюджеттің кірісін арттыру мақсатыида мөлшерлемелерді көтеру;

  • өндірісті ынталандыру үшін салық мөлшерлемелерін төмендету;

  1. кәсіпкерлерге салық жеңілдіктерін беру (инвестициялардың өсуін

  2. тежейтін жоғары салықтар);

  3. мемлекеттік шығындарды қысқарту, сұранысты қолдау және

  4. ауқымды әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бюджетті

  5. пайдаланудан бас тарту;

  1. бюджет арқылы ұлттық кірістің қомақты үлесін қайта бөлу;

  2. бюджет есебінен пайдасыз кәсіпорындарды қаржыландыру (жұмыссыздықты және әлеуметтік шиеліністі төмендету үшін);

  3. ) бюджетті теңгеру:

- рецессия кезеңінде бюджет пен тапшылықты жинақтау;

- экономикалық өркендеу кезеңінде бюджет пен артылып қалуды жинақтау;

- бүкіл экономикалық кезең бойы бюджеттің балансы.

5-сұрақ. Мына сөздерге түсініктеме беріңіздер:

«Мемлекет ұлттық кірісті әлеуметтік теңсіздік жойылатындай етіп қайта бөле алады».

'- «Егер үкімет кәсіпкерлерді экономиканың белгіленген салаларына күрделі қаржы жұмсалымын арттыруға шақырса, онда инвестициялар күрт көбейеді».

«Егер мемлекет бөлшек тауар айналымында доллар мен еуроның қатысуын көтермелесе, онда қазақстандық теңге түрақты болады және күрделі қаржы жұмсалымы өседі».



б-сұрақ. Мына тапсырмаларды жазбаша орындаңыздар:

  1. Мына ұғымдарға анықтама беріңіздер: салық жүйесі, салық салу
    объектісі, салық базасы, мөлшерлеме және салық ауыртпалығы;

  2. Салық жинаудағы проблема туындау себептерін атаңыздар.
    Олар қалай шешіледі?

3. Негізгі салықтар түрлерін атап өтіңіз, оларды өндіріп алу тетігі туралы айтыңыздар.

4. Жанама салықтар туралы айтыңыздар. Қосымша құн салығы


қалай есептеледі?
7-сурақ. Экономикалық әдістер. Мына сурақтарға жауап жазыңыздар:


  1. Мемлекетік бюджет деген не?

  2. Ел бюджеті жөнінде қандай көрсеткіштер бойынша айтуға бо-
    лады ?

  3. Мемлекеттің табысы мен шығысын кім әзірлейді, бекітеді, орындайды және бақылайды?

4. Бюджеттік субсидиялар деген не? Мемлекетте олардың алатын
орны қандай?

5. Мемлекеттік бюджеттен ауыл шаруашылығына қолдау қалай


көрсетіледі?

8-сұрақ. Экономикалық әдістер. Ұсынылған сұрақтарға жазбаша жауап құраңыздар:


  1. ЭМР-дің қандай құралдары ақша-кредит саясатына жатады?

  2. Сіздер монетаризм тұжырымдамасын қалай түсінесіздер.

  1. Елде ақшаны кім шығарады, эконамиканың қалыпты жұмыс істеуі үшін қанша ақша қажет?

  2. Банк пайызын мемпекеттік реттеу қажеттілігі неден туындайды?

  3. Орталық банк белгілейтін пайыздық мөлшерлемелер елде жалпы
    қабылданган болып табылады?

9-сурақ. Әкімшілік әдістер. Ұсынылған сұрақтарға жазбаша жауап құраңыздар:


  1. Әкімшілік реттеу құралдары деген не? Олар эконамикалық
    құралдардан немен ерекшеленеді?

  2. Қайсыбір әкімшілік реттеу құралын қолдану мүмкіндігі қалай
    айқындалады?

  3. Дағдарыс; соғыс; шетел державаларының басып алу; соғыстан
    кейін экономканы қалпына келтіру кезеңінде ЭМР-дің әкімшілік
    құралдары қолданьшан мысалды келтіріңіздер.

10-сұрақ. Ұсынылған сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша жауап құраңыздар:


  1. Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу үшін қандай эконамикалық
    реттеу қуралдары пайдаланылады?

  2. Салық төлеушілердің-сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың
    негізгі тобын атаңыздар;

  1. Кеден тарифтері деген не?

  1. Кеден баждары туралы әңгімелеп беріңіздер. Мемлекет оларды
    неге өндіреді? Кеден баждары ел эконамикасына қалай ықпал
    етеді?


Ұсынылған әдебиеттер


    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы

    2. ҚР азаматтық кодексі

    3. ҚР салық кодексі

    4. «ҚР транспорты» заңы

    5. Ақбашев Б. Управление, собственность и государственное регулирование экономики. – Российский экономический журнал. 1993

    6. Алейбеков М. «Новая концепсия налогового- ценного регулирования» комментарии к законодательству.

    7. Иохансен Л. Очерки макроэкономического планирования. Учебное пасобие в 3- томах- М: Прогресс.

    8. Ихтанов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттудің қажеттілігі мен мағынасы.

    9. Мамыров Н.К. Ихтанов Ж.О. Государственное регулирование эконимки в условиях Казахстана. (Теория. Опыть. Проблемы)

    10. Аттапханов К.А. Фискальная система государства: Роль и вопросы совершенствования. А. Ғылым 1999г.

    11. Владимирова Л.П. Прогнозирование и планирование в условиях рынка. М-2000г.

    12. Государственная экономическая политика: Опыт перехода к рынку. Под.ред. Сидоровича А.В. М.-98г.

    13. Государственное регулирование рыночной эконоимки. Под.ред. Петрова Р.П. С-Петербург- 99г.

    14. Государственное регулирование экономической деятельности. А.Аганов и др. М -98г.

    15. Елемесов Р., Жатқанбаев Е. Государство ирынок. Учебное пасобие. А. -97г.

    16. Есиркепов Т.А. Приватизация государственной собственности в республике Казахстан в условиях перехода к рынку. А -99г.

    17. Илиясов К.К., Идрисова Э.К. Налоги развитых зарубежных государствах. А -97г.

    18. Ихтанов Ж.О., Сансызбаева Г.Н. Планого- финансовые механизмы государственного регулирование экономики. А. -98г.

    19. Калиев Г.Аграрная реформа в Казахстане: история, современность,перспективы. А-98г.

    20. Карагусова Г. Теневая экономика: тендеции развития. Москва : Атамұра . 2001.

    21. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента, денег. М -1999г.

    22. Кошанов А.К. и др. Формирование государственного предпринимательства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. А. -2000г.

    23. Куватов Р.Ю. Экономика и проблемы переходного периода. А. -1997г.

    24. Мамыров М.К. Проблемы развития экономики и образования в Казахстане. А. Дәуір, 1998г.

    25. Мамыров М.К., Ихтанов Ж.О Государственное регулирование в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы. Учебное пасобие. А. -1999г.

    26. Мамыров М.К., Саханов А.Н., Ахметова Ш.С. Государство и бизнес. А.-1999г.

    27. Мамыров М.К. Эффективность инвестиций в промышленном производстве монография. КазГАУ. Алматы: Экономика, 2001г.

    28. Молдабеков К.С. Распределение доходов и бедность в переходной экономике. Алматы, 2000г.


Сиязбекқызы Б., Искаков Қ.Қ., Тлегенов ҚК..

Экономикалық мамандықтар студенттеріне


«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні

бойынша семинар сабақтарын өткізуге арналған


Әдістемелік нұсқау
_____.______.2010 ж баспаға ұсынылды

Қағаз форматы XxY 1/16

Баспа қағазы. Офсеттік баспа. Көлемі 5 б.т.

Таралымы _________дана. № ________тапсырыс


© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университетінің баспасы

М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспахана орталығы, Шымкент қаласы,



Тауке хан даңғылы, 5






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет