Семинар сабақтарны өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет1/8
Дата27.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
#161134
  1   2   3   4   5   6   7   8

Сиязбекқызы Б., Искаков Қ.Қ., Тлегенов Қ.К.


Экономикалық мамандықтар студенттеріне


«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні

бойынша семинар сабақтарны өткізуге арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ




Шымкент 2010 ж.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Менеджмент» кафедрасы
Сиязбекқызы Б., Тлегенов Қ.К., Искаков Қ.Қ.

«Мемлекеттік және жергілікті басқару » мамандығы студенттеріне «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша семинар сабақтарын жүргізуге арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Оқу түрі : Күндізгі

Шымкент-2010
КБЖ: 65.9(5к) 240я73
ББК: 338.911(075.3)


Құрастырған: Сиязбекқызы Болған., Тлегенов Қ.К., Искаков Қ.Қ.

Әдістемелік нұсқау «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша экономикалық мамандықтар студенттерінің семинар (практикалық) сабақтарын орындауға арналған.

Әдістемелік нұсқау «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша экономикалық мамандықтарға Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартына сәйкес дайындаған типтік оқу бағдарламасына сай жасалған. Шымкет, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2010 ж.

Рецензенттер:

1. М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Салық және салық салу» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к, Бигельдиева З.А.

2. «Менеджмент» кафедрасының доценті, э.ғ.к.Зиямұхамедова С.Х.

Әдістемелік нұсқау «Менеджмент» кафедрасының мәжілісінде талқыланып бекітілді, № ___ хаттама, __ _________ 20___ж.

Кафедра меңгерушісі _________ Құралбаева А.Ш.


Экономика және қаржы факультеттің әдістемелік комиссиясы мақұлдаған, хаттама

№ __ ___ _________ 20___ж.


Төрайымы _________________ Илашева С.А.
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми-әдістемелік кеңесінде (хаттама № ----- «------» -------- 2010ж. ) қаралған және баспаға ұсынылған.

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті

2010 жыл

Мазмұны
1. Түсініктеме ------------------------------------------------------------------


  1. Кіріспе------------------------------------------------------------------------




  1. Тақырыптардың қысқаша сипаттамасы--------------------------------




  1. Семинар сабақтарының үлгілік тізімі-----------------------------------




  1. «Экономиканы мемлекеттік реттеу» проблемасы бойынша кейс




  1. Ағымдағы бақылау сұрақтары -------------------------------------------

7. Тест сұрақтары-----------------------------------------------------------------


8.Ұсынылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------------
9. Қосымшалар -------------------------------------------------------------------

Түсініктеме

Экономиканы мемлекеттік реттеуді күшейтпейінше экономикалық реформалардың нарықтық және әлеуметтік бағыттылығын ойластыру да мүмкін емес екендігін өмір көрсетті.

Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті барынша дамыту үшін құқықтық, экономикалық, интеллектуалдық және ұйымдастырушылық сипатта керекті жағдайларды мемлекеттің ұйымдастыруы мен оған қолдау көрсетуі барысында қалыптасатын қарым-қатынастар пәнді оқып үйренудің негізгі объектісі болып табылатынын атап өту керек. Қазақстанда бұл қарым-қатынастардың айтарлықтай дамуы соңғы 5-6 жыл кезеңіне сай келеді, өйткені жүзеге асырылған экономикалық реформалардың негізгі нәтижелері шаруашылық жүргізудің нарықтық үлгісінің өміршеңдігі мен барынша дамыған жағдайына алып келді.

Осы тұрғыдан қарағанда «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнін оқып үйренудің негізгі бөлігі транзиттік экономиканың проблемалары, нарықтық қатынастар сферасының кеңеюі жағдайында оны мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру мен оның методологиясы бойынша студенттердің жеткілікті білімдері болуын талап етеді. Сондай-ақ алған білімін тереңдетіп, ой түйе алатындай дәрежеге жеткізе алатын құрал- аталмыш пәннен жоғары оқу орындарында лекциялық, практикалық сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар болып табылады..

Әдістемелік нұсқауда берілген тақырыптар «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің типтік бағдарламасына толық сәйкес келеді.

Қазіргі таңда, қоғамымыздың ақпараттық техникалар мен компьютер техникасы, интернет жүйесі дамуына байланысты студенттердің шығармашылық белсенділік мүмкіншіліктері, ғылымға деген көзқарастары арта түсуде. Сондықтан, оқытушы білім беріп қана қоймай , студенттердің шығармашылық белсенділігін, ізденістерін, ой-пікірлерін, заңдылықтарын, ой-өрістерінің дамуына ықпал етуі керек.

Әдістемелік нұсқауда кредиттік технология жүйесі бойынша білім берілетін студентердің өзіндік жұмысының талаптары, міндеттері, тапсырма сұрақтарын әзірлеу, пайдалану шаралары және семинар сабақтарының өтілу әдістері мен қолданылатын әдебиеттер тізімі, жеке жұмыстардың ұйымдастыру тәсілдері қарастырылған.
Кіріспе
Экономиканы мемлекеттік реттеуді күшейтпейінше экономикалық реформалардың нарықтық және әлеуметтік бағыттылығын ойластыру да мүмкін емес екендігін өмір көрсетті.

Кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті барынша дамыту үшін құқықтық, экономикалық, интеллектуалдық және ұйымдастырушылық сипатта керекті жағдайларды мемлекеттің ұйымдастыруы мен оған қолдау көрсетуі барысында қалыптасатын қарым-қатынастар пәнді оқып үйренудің негізгі объектісі болып табылатынын атап өту керек. Қазақстанда бұл қарым-қатынастардың айтарлықтай дамуы соңғы 5-6 жыл кезеңіне сай келеді, өйткені жүзеге асырылған экономикалық реформалардың негізгі нәтижелері шаруашылық жүргізудің нарықтық үлгісінің өміршеңдігі мен барынша дамыған жағдайына алып келді.

Осы тұрғыдан қарағанда «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнін оқып үйренудің негізгі бөлігі транзиттік экономиканың проблемалары, нарықтық қатынастар сферасының кеңеюі жағдайында оны мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру мен оның методологиясы бойынша студенттердің жеткілікті білімдері болуын талап етеді. Сондай-ақ алған білімін тереңдетіп, ой түйе алатындай дәрежеге жеткізе алатын құрал- аталмыш пәннен жоғары оқу орындарында лекциялық, практикалық сабақтарды жүргізуге арналған әдістемелік нұсқаулар болып табылады..

Әдістемелік нұсқауда берілген тақырыптар «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің типтік бағдарламасына толық сәйкес келеді.

Қазіргі таңда, қоғамымыздың ақпараттық техникалар мен компьютер техникасы, интернет жүйесі дамуына байланысты студенттердің шығармашылық белсенділік мүмкіншіліктері, ғылымға деген көзқарастары арта түсуде. Сондықтан, оқытушы білім беріп қана қоймай , студенттердің шығармашылық белсенділігін, ізденістерін, ой-пікірлерін, заңдылықтарын, ой-өрістерінің дамуына ықпал етуі керек.

Әдістемелік нұсқауда кредиттік технология жүйесі бойынша білім берілетін студентердің өзіндік жұмысының талаптары, міндеттері, тапсырма сұрақтарын әзірлеу, пайдалану шаралары және семинар сабақтарының өтілу әдістері мен қолданылатын әдебиеттер тізімі, жеке жұмыстардың ұйымдастыру тәсілдері қарастырылған.



Тақырыптардың қысқаша сипаттамасы
1-тақырып. ЭМР-дің теориялық астары мен оның объектісі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің (ЭМР) объективті қажеттілігі мен оның мәні. Қоғамдық-экономикалық-экономикалық жүйенің типологиясы мен шаруашылық жүргізудің негізгі үлгілері. Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуындағы мемлекеттің рөлі. Мемлекеттің экономикалық ролі жөніндегі мәселелердің негізгі ғылыми бағыттары неоклассикалық және кейнсиандық ағым, монетаризм, институтционализм және т.б., мемлекеттің экономикалық функциясы және оның транзитті экономика жағдайындағы іс-әрекетінің ерекшелігі. Ұдайы өндіріс процесі мен экономиканың циклділігі, оның объективті және субъективті себептері. Экономика мен әлеуметтік сферадағы дағдарыстан шығудағы мемлекеттік іс - әрекеті.

Институционализм және оның негізін салушылар. Күрделі институционалдық құрылымдар және олардың өндіріс пен тауар (қызмет) айналымы тиімділігімен өзара байланысты. Трансакциялық шығындардың мәні. (Нобель сыйлығының лауреаты Р.Коуз) трансакциялық шығындар экономикалық агенттердің мінез – құлқының бейнесі және экономикалық келіспеушіліктер ретінде. Трансакциялық шығындар өсуінің негізгі себептері мен оны төмендетудегі мемлекеттің рөлі. Бұл шығындардың институт құрамын таңдау мен меншіктік құқықтың анықталуына тәуелділігі.

Мемлекеттік реттеудің объектілері: макросфера, экономиканың өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік сфералары мен олардың аймақтық құраушылыры.

Ресурстардың, тауар мен ақшаның толассыз ағымдары және фирмалардың, шаруалар мен үй шаруашылықтарының сәттілігін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі.

ЭМР-дің субъектілері, олардың әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық мүдделері. Бұл мүдделерді бір арнаға бағыттау мемлекеттің маңызды міндеті. ЭМР пәнінің құрылымы және оны оқып үйренудің негізгі тапсырмалары.

2- тақырып. ЭМР-дің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері

Ұдайы өндіріс айналымы және экономикалық құбылыстардың өзара байланысы. Ресурстар динамикасы мен экономикалық өсудің концептуалдық негізі.

Жинтық сұраным мен ұсыным, олардың өзара байланысы. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидасы мен принциптерін негіздеу, олардың өзерімділігі. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдісі мен механизмі.

Макроэкономикалық, институтционалдық, ақпараттық, ресурстық әдістері. ЭМР методологиясы және оны әрдайым жетілдіріп отырудың қажеттілігі. ЭМР әдістерінің құрамы және олардың объектісі мен мақсаттарынан туындайтын басымдылығы.



3- тақырып. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі

Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастырудың теориялық негіздері. ЭМР-ді ұйымдастырудың маңызды теориялық проблемасы- мультипликаторлар таңдауды негіздеу.

Мемлекеттің экономикалық функцияларын құқықтық негізбен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының (ҚР) Конституциясы ЭМР-ді ұйымдастырудың негізі ретінде.

Республиканың өкілетті, заң шығарушы және атқарушы органдарының жүйесі. ҚР экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымы. Халық шаруашылығын басқарудың орталық органдарының негізгі функционалды міндеттері. Аймақтық басқару органдары және олардың әлеуметтік-экономикалық дамуды реттеудегі рөлі.

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі мен оны ұйымдастыру. Меншік және кәсіпкерлік нысандары. Кәсіпкерлік түрлері мен аялары. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру нысандары. Шағын бизнес пен кәсіпкерлікті қолдауды ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету және оның мемлекеттік бағдарламасы.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің мәні, жалпы белгілері, даму тенденциясы және оның қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісіндегі рөлі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзара қатынастарының ұйымдастыру-этикалық астары.

Экономиканы реттеудегі мемлекеттік емес субъектілер: азаматтық қоғам институттары, кәсіби бірлестіктер мен одақтар, ассоциациялар және т.б.

Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудың ерекшеліктері. Экономикада нарықтық қатынастардың дамуы және оны Оңтүстік-Шығыс Азия мен Шығыс Европа елдеріндегі мемлекеттік реттеу. Шет елдердегі жалпы экономикалық және стратегиялық жоспарлау; оның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде нарықтық қатынастардың даму жағдайындағы рөлі. Шет елдердегі экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік механизмдерін қолдану тәжірибесі және оны ҚР-да пайдалану мүмкіндігі.

Қазақстан жағдайында ЭМР-дің шетелдегі тәжірибелерін пайдаланудың мүмкіндіктері мен проблемалары. Нарықтық қатынастарға өтуде Қазақстанда өзінің эволюциялық жолын таңдаудың объективті негіздері.
4- тақырып. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары

Транзиттік экономика: мәні, негізгі мінездемелері және трансформациялық процестердегі мемлекеттің рөлі. Өтпелі кезеңдегі жалпы экономикалық және макроэкомикалық тенденциялары; олардың жүесі: «жұмсақ революция», «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық», «есінен тандыру терапиясы» және т.б. нарықтың дамуына мемлекет тарапынан жасалатын жағдайлар.

Нарық құрылымы. IS-LM үлгісі. Капитал және ғылыми-техникалық жасақтамалар нарығы. Бағалы қағаздар нарығы. Еңбек нарығы.

Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі мен олардың дамуын реттеу әдістері.


5- тақырып. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлкеттік шаралар

Мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыру негіздері мен факторлары және оның әлеуметтік бағытталуы. Қоғамдық өндіріс көрсеткіштер, өсу қарқыны және құрылымдар. Мемлекттің құрылымдық саясатының қажеттілігі мен негіздемесі. Өндірістік бағарламаларды жасақтау принциптері. Макроэкономикалық тұрақтылық және оған қол жеткізудегі мемлкеттік шаралар. Макроэкономикалық көрсеткіштер жүесі мен олардың өзара байланысы.

Экономикалық өсу: факторлары, көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлкет іс-әрекетінің негізгі бағыттары. Экономикалық өсу үлгілерін салыстыру. Ағымдар мен запастар. Өндіріс факторларын тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіштері мен оны ынталандыру жүйесі. Еңбек өнімділігі мен қор қайтарымдылығы деңгейін өлшеуге макроэкономикалық жағынан келу. Мемлекеттің идустриалдық және аграрлық саясатының қалыптасу еркешеліктері. Ұлттық шоттар – халықаралық тәжірибеде қолданылатын баланстық есептеулердің жиынтығы. Салааралық баланс ұлттық есеп жүйесін интеграциялау құралы. Салааралық баланс көрсеткіштерінің экономикалық мағынасы.

Салалардың басыңқылығын анықтаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік астары. Өндірістік күштерді ұтымды орналастыру проблемасы және оны шешу барысында мемлекет мүддесін есепке алу.


6- тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау

Экономикалық болжаудың мәні және ғылыми-методологиялық негіздері. Болжаудың қағидалары мен әдістері. Халық шаруашылығын кешенді болжауды жасақтауды ұйымдастыру және оның теориялық негіздері. Болжаудың жасақталу мерзімі, функционалдық блоктары мен ірілендіру деңгейіне байланысты түрлері. Өсіңкілік қатардың орташа көрсеткіштері, есептеу тәсілдері және статистикада қолданылуы. Өсіңкілік қатарларды талдау тәсілдері: қатарлар дәрежесін салыстыру, бір негізге келтіру, үздіксіздендіру.

Мемлекеттің ұлттық бағдарламалары экономиканың басыңқы бағыттарымен дамуының мемлекеттік стратегиясын іске асыру негізі мен халық шаруашылығы жоспарының құрамды бөлігі ретінде. Бұл бағдарламаларды жасақтау және бекіту.

Аймақтар мен салалардың индикативті және стратегиялық жоспарларының мәні, ғылыми негізі мен белгілері. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау. Бизнес-жоспарды жасау және құру әдістемесі. Стратегиялық жоспарлау методологиясының түсінігі. Экономиканың өндірістік, инфрақұрылымдық, әлеуметтік, салаларының дамуын стратегиялық және индикативті жоспарлау; оның негізгі әдістері.


7- тақырып. Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі.

Экономиканы басқарудың маңызды тапсырмасы –қоғамның ғылыми-техникалық потенциалын арттыру. Мемлекеттің ғылыми-техникалық және инновациялық саясатының қалыптасу негіздері. Ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) әлеуметтік-экономикалық астары мен оның негізгі бағыттары.

ҒТП-ті жеделдету мен оның тиімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі. ҒТП-ке әсер ететін мемлекеттің әкімшілік-құқықтық және экономикалық механизмдері. Ғылыми-зерттеу, жобалау-іздену және тәжірибелі-құрастыру жұмыстарын тікелей қаржыландыру көздері мен шарттары. ҒТП-ті несиелік және салықтық реттеу механизмдерінің маңызы. Болашақта ҒТП-ті жеделдетуді ынталандыру жүйесі мен бағытын таңдау. ҒТП-ті болжаудың ұйымдастыру-әдістемелік астары мен оны бағдараламалы-мақсатты жоспарлау. ҒТП жетістіктерін пайдаланудың мемлекеттік және нарықтық механизмдері. Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыру шараларының жүйесі. Инновациялық үрдіс және инновациялық құрылым. Тәуекелді кәсіпкерлік. Мемлекеттің 2005-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық стратегиясын жүзеге асыру шараларының жүйесі. Негізгі капиталдың жеделдетілген амортизациясының маңызы.
8-тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтк қорғауды мемлекеттік реттеу

Қоғамның еңбек әлеуеті мен демографиялық жағдайы. Еңбек ресурстарының гендерлік және интеллектуалдық деңгейінің маңызы. Еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар жүйесі.

Жұмыссыздықтың түрлері мен негізгі себептері, және оны төмендетудегі мемлекеттің іс-әрекеті. Еңбек нарығының қалыптасу процесі мен оны дамытудағы мемлекет тарапынан келу мәселесі. Еңбек өнімділігі мен еңбек ақы төлеудің өсім қарқының ара қатынасына мемлекеттік әсер етудің механизмдері.

Оукен заңы мен Филлипс қисығы. Инфляция, жұмыссыздық, еңбек ақы және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану проблемалары.

Халықтың әртүрлі топтрын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудегі жалпы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру тәсілдері мен ұйымдастыру-құқықтық негіздері. Күнкөріс минимумы және кедейшілікпен күресу проблемасы. Табысты бөлудің әділеттілігі. Халықтың өмір сүру деңгейін мемлекеттік реттеу қағидалары мен әдістері. Халықтың жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық дәрежесін есептеу. Индекстердің өзара байланыстылығы мен статистикалық қолданылуы. Адам өмірін бағалау индексі, халықаралық индекстерді салыстыру.

Әлеуметтік инфрақұрылымның экономикалық рөлі және оның салаларында нарықтық қатынастардың дамуы. Осы салаларды адамзаттық даму индексінің деңгейімен өзара байланысы.

Әлеуметтк инфрақұрылымның дамуын мемлекеттік реттеу және оның механизмдері. Денсаулық сақтаудың, білім берудің, мәдениеттің даму көрсеткіштері және оларды негіздеу әдістері.
9-тақырып. Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері

Инвестиция және инвестициялық концепция. Мемлекеттің инвестициялық іс-әрекетінің ең маңызды қағидалары. Мемлекеттің инвестициялық саясатының өзгерімділігі мен оны қалыптастыру негіздері.

Инвестициялық ресурстардың негізгі көздері мен оны ұтымды пайдалану проблемалары. Шетелдік инвестициялар мен ішкі инвестициялық ресурстар арасындағы өзара қатынастардың тиімдісін таңдау. Инвестицияға сұраным мен оған ұсыным арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу механизмі.

Шаруашылық субъектілерінің инвестициялық белсенділігін арттырудың рөлі және оның механизмі. Инвестициялық жобаларды бағалау және мемлекеттің инвестициялық іс-әрекетінің ұзақ мерзімді бағдарламаларын жасақтау. Инвестиция салудың басымдық бағыттары мен сфераларын мемлекет тарапынан анықтау. Өндірістік сфера мен инфрақұрылым салаларын бірыңғай дамыту мүдделерін ескерту. Мемлекеттегі инвестициялық тартымдылық, заң актілерін іске асыр, экономикалық реформаларды тереңдету бағытын ұстану, экономикалық байланыстар бойынша мемлекетаралық міндеттердің өз уақытында орындалуын және т.б. инвестициялық ресурстар мен құнды қағаздар арақатынасының мәселелері. Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар операцияларының түрлері. Қаржы инвестициялары және оларды ұтымды пайдаланудағы мемлееттің рөлі.

Мемлекеттің инвестициялық әлеуетін тиімді пайдаланудың қаржы-бюджеттік және ақша-несиелік тетіктері. Инвестициялық-құрылыстық кешеннің негізгі сандық-сапалық көрсеткіштері және оларды негіздеудің әдістемесі. Күрделі қаржының технологиялық және ұдайы өндірістік құрылымы мен оның тиімділігінің көрсеткіштері.
10-тақырып. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі

Жер-экономиканың аграрлы секторындағы негізгі өндіріс құралы ретінде. Ауыл шаруашылығындағы жерлерді тиімді пайдалану проблемасы және оның өндірістің ұйымдастыру-технологиялық негіздерімен байланысы. Аграрлы сектордың көпукладтылығы және ауылдың интеллектуалдық, материалды-техникалық және жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі.

Ауыл шаруашылығының ерекшеліктері және оның салалары дамуының басыңқылығын ғылыми негіздеу. Мемлекеттің аграрлы секторға қолдау көрсету механизмдері мен оның болашақтағы дамуын реттеу. Агроөнеркәсіптік кешеннің секторлары арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстарды нығайтудағы және олардың мүдделерін бір арнаға бағыттаудағы мемлекеттің атқаратын рөлі. Агроөнеркәсіптік интеграция өндірістің тиімділігін арттыру факторы ретінде. Агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындары қызметінің тиімділігіне әсерін тигізетін негізгі факторлар. Өндірісті ұйымдастырудың кластерлік жүйесін енгізудегі мемлекеттің рөлі.

Жерді пайдаланудың экономикалық және экологиялық тиімділігін арттырудағы және егін мен мал шаруашылығын ғылыми-технологиялық қамтамасыз етудегі мемлекет мүдделерінің шеңбері. Ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің жоспарлы көлемін анықтауға мемлекеттік органдардың тигізетін әсері мен қолданатын әдістері. Аграрлы сектор өнімін тиімді өткізу мәселелері мен оны мемлекет тарапынан ынталандыру механизмдері.


11-тақырып. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері

Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы-бюджеттік және оның әлеуметтік-экономикалық рөлі. Экономиканы реттеудің қаржылық механизмдерінің басыңқылығы мен құрамы. Мемлекеттің фискалды саясатын күшейтудің қажеттілігін негіздеу мен оны жүзеге асырудың басты әдістері.

Мемлекеттік бюджет жүйесі мен бюджетаралық қатынастарды жетілдіру проблемасы. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздері мен әдістері. Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы жне оны жабу шаралары. Бюджеттен тыс қорлар және оларды ұтымды пайдалану үрдісіне мемлекеттік ықпал ету механизмдері. Мемлекеттік шығындарды жоспарлау және олардытиімді пайдалану.

Салық алу және бюджетке салықтық түсімдерді көбейту шараларын мемлекеттік ұйымдастыру. Кәсіпорындар төлейтін салықтардың жалпы сипаттамасы. Салық салу механизмі және оларды өндіріс пен ақылы қызмет көрсетуді ұлғайтуды ынталандыру мақсатында мемлекеттің пайдалануы. Салық салудың заңнамалық негізін қамтамасыз ету.


12-тақырып. Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері

Мемлекеттің ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары. ҚР-да ақша-несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің рөлі. Ақша-несие қатынастары мен ақша айналымын реттеудің ұйымдастыру және заңдық негіздері.

Екінші деңгейдегі банкі қызметтерін реттеу және несие ресурстарын ұтымды пайдалану үшін мемлекет қолданатын әкімшілік және экономикалық тетіктер. Макроэкономикалық тұрақтылықты және тепе-теңдікті қолдану мүдделерін ескере отырып жасалған монетарлық саясатты жүзеге асыру әдістері.

Бағаны қалыптастырудағы тенденциялармен және оны құрайтын факторлармен ақша айналымының өзара байланысы. Бағаның құрылу процесін мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері: тіркелген бағалы тарифтарды тербелмелі бағалардың жоғары және төменгі шегін, бағалық субсидияларды белгілеу, амортизациялық саясаттың және салық ставкаларының өзгеруі, тауарларды (ақылы қызметті) мемлекеттің сатып алуын іске асыру және т.б. бағаны мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі және баға құрылымындағы нарықтық механизмнің кемшіліктері.


13-тақырып. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының унитарлығы мен оның әкімшілік-территориялық бөлінуі. Қазақстан Республикасының Конституциясы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы. Аймақтық (облыс, қала, аудан) даму аясындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы және оны жүзеге асыру әдістері.

Шағын және орташа депрессивті қалалардың, әлеуметтік артта қалған аудандардың, облыстардың экономикалық және әлеуметтік дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың іс-әрекеті мен ұйымдастыру құрылымы.

Аймақтық дамудың концепциясы мен мемлекеттік бағдарламасын жасақтаудың рөлі және олардың қажеттілігін анықтау. Өндіргіш күштерді тиімді орналастыруда аймақтық және жалпы мемлекеттік мүдделерді үйлестіру негіздері. Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі. Арнайы экономикалық зоналарды ұйымдастыру негізі, мағынасы мен тиімділігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет