Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі



бет14/41
Дата29.09.2023
өлшемі370.86 Kb.
#479179
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41
Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы-emirsaba.org

Ес туралы теориялар
Балаларда ес олардың өмірінің алғашқы күңдерінен бастап дамиды. Естің дамуы тәрбие үрдісінде дамып келе жатқан жүйке жүйесінің негізінде, іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде (ойын, оқу, еңбек) іске асады. Ес оқытудың негізгі шарты болып табылады, сонымен катар естің өзі негізінен оқыту және тәрбие үрдісінде дамиды. Бала өмірінің алғашқы айларында есте қалдыру механикалық түрде іске асады. Бұл кезеңде тек қана қозғалыс - ассоциациялық ес байқалады. Ол туралы баланың қозғалысы бойынша түйіндеуге болады. Мысалы, баланы бір-бір жарым айлық кезінде емізу үшін қолға алғанда, әлі де анасының омырауына аузы тиместен сәби сору козғалыстарын жасай бастайды. Шетел психологиясында балалар тек сәбилік кезеңде ғана емес, жалпы 7-8 жасқа дейін есте қалдыруы тек қана механикалық, ал логикалық есті үлкендер меңгереді деген көзқарас кең тараған. Бұл көзқарас әруақытта біз бақылап отырған шындықпен, деректермен толық қарама-қайшылықта екендігін атап өткен жөн. Деректер көрсеткендей, балаларда ойлауы мен тілі бірге дамуымен мағыналық есте сақтау қалыптаса бастайды.
Демек, балалардың мектепке дейінгі кезеңнің алдында және мектепке дейінгі кезенде тәжірибесі әлі де жеткіліксіз. Осыған байланысты олардың ойлауы да жеткіліксіз дамыған. Сондықтан балаларға көптеген нәрселерді механикалык түрде есте қалдыруға тура келеді. Бірақ балаға жақын, материалды есте қалдыру бұл кезеңде мазмұнды сипатта болады. Мысалы, балалар ертегіні бірнеше рет тындай отырып, жеңіл, әрі берік меңгереді, неліктен белгілі кейіпкерлер олай емес, былай әрекет етті деген сұрақтарды жиі қояды. Балалар сөздерді механикалық есте қалдырып қана қоймайды, олар ертегілердің мағыналық мазмұнын түсіне біледі. Ертегілерді тыңдай және есте калдыра отырып, әртүрлі сезімдерді бастан кешіреді. Мұнда балалар ертегілерді оның мазмұнын түсіне отырып, есте қалдырады.
Мектеп жасында оқытуға байланысты логикалық есте сақтаудың шеңбері кеңейеді, есте қалдыратын материал көлемі жағынан әртүрлі, тереңдей және күрделене түседі. Төменгі сыныптың шәкірттері кейде мағыналы материалды түсінбей, механикалық түрде есте қалдырады. Жоғары сыныптың шәкірттері мағыналық есте қалдыруды артық санап, өздері саналы түсінеді. Бірақ олар да кей жағдайда механикалық есте қалдыруды пайдаланады. Мысалы, кейде математикалық аксиомалар мен ережелер, физиканың, химия заңдарының дәл атаулары және т.б. Есте қалдыру алғашқы кезде еріксіз іске асады. Балаларды олар не қызықтырады, не зейінін аударады, сондай заттар мен құбылыстар есте қалды. Балалар көп жағдайда үлкендерден ертегілерді бірнеше рет қайталауды талап етеді. Бірнеше қайталанған ертегіні бала есінде берік сақтайды. Балалардың мектепке баруы мен есінің дамуында елеулі өзгерістер іске асады. Ерік-ті есте қалдырудың мектеп оқушыларының оқу жұмысында орны ерекше. Ол мұғалімнің тапсырмасы арқылы материалды есінде сақтайды. Жоғары сынып оқушыларына есте сақтаудың ерекше тиімді құралдары мен тәсілдерін іздену тән болып табылады.
Мектеп жасында бірінші сыныптан бастап, ерікті қайта жаңғыртуға балалардың қабілеттігі толық жетілген. Оқу материалын қайта жаңғырту белгілі жүйеде тек қана ерікті іске асуы мүмкін. Ерікті қайта жанғыртуға қабілеттілік оқытудың шарты бола отырып, сол уақытта оқыту үрдісінде дамиды және беки түседі, сол сияқты ерікті есте қалдыру, ерікті қайта жаңғырту еріктің, ырықты зейіннің және ойнаудың дамуымен қатар жүреді. Мұғалім өз шәкірттерінің есінің дара ерекшеліктерін білуі қажет: бұл бір жағынан, олардың есінің күшті жақтарына арқа сүйеуге мүмкіншілік береді, екінші жағынан, шәкірттердің есінің әлсіз жақтарын жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс істеуге көмектесер еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет