Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі



бет22/41
Дата29.09.2023
өлшемі370.86 Kb.
#479179
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы-emirsaba.org

Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажетгілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көрумен ғана емес, сонымен қатар есту, т.б. сияқты процеспен байланысты. А.С.Пушкиннін «Полтава» атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың даусын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз.
Ерікті қиялдың келесі түрі - шыгармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасауымен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрінісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады. Сондықтан да қайта жасау қиялы және шыгармашылық қиялдың арасында айқын шекара жоқ. Жаңадан жасалған қиял кезінде көруші, оқушы немесе тыңдаушы берілген образды өзінің шығармашылық қиялының іс-әрекетімен толтырып отыруға тиіс.
Қиялдың ерекше түрі - арман. Қиялдың бұл түрінің мәні -жаңа образдарды жеке өзінін жасауы. Арманнын шығармашылық қиялға қарағанда бір қатар айырмашылыктары бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсесін жасай бермейді. Арманда адамды өзіне тартатын, өзі тырысатын белгілі бір тілек жатады. Екіншіден, арман - шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процесі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау, табу т.б. түріңдегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді.
Ырықсыз пассивты қиял сана іс-әрекеттерінің әлсіреуі, бұзылуы кезінде түс көруден байқалады. Пассив қиялдың айкын көрінісі адам жоқ объектілерді қабылдайтын галлюцинация болып табылады,
Қиялдагы образды қайта жасау механизмі.
Қиял процесі барысында дүниеге келетін образдар іштен пайда болмайды. Олар біздің өткен тәжірибеміз негізінде, шынайы өмірдегі құбылыстар туралы түсніктер негізінде қалыптасады.
Образдарды жасау екі негізгі этапта жүреді. Бірінші этапта әсерлердің немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді. Басқаша айтқанда, бірінші этап өмірден алған өз әсерлерімізді анализ жасаумен сипатталады. Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді.
Бұл образдармен екі негізгі тип жасалуы мүмкін. Біріншіден, бұл образдар жаңа үйлесімдер мен байланыстарға қойылуы мүмкін. Екіншіден, бұл образдарға мүлдем бөлек жаңа мағына берілуі мүмкін. Қай жағдайда болмасын абстракцияланған образдармен синтез деп айтуға болатын операциялар жасалады. Бұл операциялар қиял образдарын жасаудың екінші этапы болып табылады.
Синтездің қарапайым формасы агглютинация болып табылады, яғни жаңа образды қиялда бір объектінің қасиетін екіншісіне қосу арқылы жасау. Агглютинацияға мысалы: кентаврдың образы, қанатты адам, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет