Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі



бет37/41
Дата29.09.2023
өлшемі370.86 Kb.
#479179
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Семинар жинағы Шымкент 2023 1-семинар Семинар сабағының тақырыбы-emirsaba.org

Үй тапсырмасының тақырыбы: Мінез Табиғаты
.


14-семинар
Семинар сабағының тақырыбы: Мінез Табиғаты.
Сабақ жоспары:
1. Мінез туралы түсінік
2. Мінез акцентуациясы
3. Мінез теориялары
4. Мінезді анықтау әдістемелері


Сабақ мақсаты: Студенттердің мінез туралы білімдерін практикалық өмірмен ұштастырып дамыту.


Сабақ түрі: пікірталас сабағы


Қысқаша теориялық мәліметтер:
Мінез –бұл адамның әлеуметтік мінез құлқының ерекшелігі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын сәулелендіреді және жүктелген іске, адамдарға қарым - қатынасынан көрініп тұрады. Мінездің табиғи және әлеуметтік жағы. Мінезді тұтастай алып қарағанда, ол әлеуметтік ортадан алынған әсерлердің өзіндік интеграциясы болып табылады.
Мінездің мәнерлі белгілері:
-Мінез тек қылық пен қимыл қозғалыстардан ғана емес, бет әлпеттен және ымнан да байқалады .
-«Көз-адам жанының айнасы»-деген сөз бар. Шынында да, көз мінез бен темпераменттің кейбір ерекшеліктерін байқатады.
-Мінез адамның сырт қалпынан да байқалады.
-Адамның алшаңдай немесе қысқа адымдап жүруі, тұрысы қолын қандай қалыпта ұстайтындығы да мінезін сипаттайды.
Мінез маңызы. Мінез адам өмірін сәулендіре отырып, сонымен бірге өмір салтына ықпал жасайды.
Мінез құрылымы. Мінез құрылымындағы сенім, Мінез құрылымындағы қажеттілік пен мүдде, Мінез құрылымындағы интеллект, Мінез құрылымындағы ерік, Мінез құрылымындағы сезім, Мінез құрылымындағы темперамент, Мінездегі индивидуалдылық пен типтілік.
Адам мінезіндегі индивидуалдылық. Әр адамның тәрбиесі мен өмірінде индивидуалды жағдайлар орын алады. Жалпы жағдайлардың өздері де нақты жағдайларда өзіне тән индивидуалды формада көрініс береді.
Күнделікті өмірде "мінез" ұғымы әртүрлі мағынада қолданылады. "Мінез" ұғымын айналысқа алғаш рет енгізген ертедегі грек ғалымы және философы Аристотелдің досы (б.з.д. IV-III ғ.) Теофраст болды. "Мінез" гректің сөзі, қазақша "белгі", "бітіс", "ерекшелік" деген мағынада қолданылады.
Теофрастың мінездер туралы шағын трактаты сақталды, онда 30-ға тарта мінез суреттеледі. Теофрастқа дейін Аристотель жеке тұлғаның іс-әрекет немесе тәжірибелік жағын белгілеу үшін "этнос" сөзін пайдаланды, ол "адамгершілік", "әдет", "ойлау бейнесі" мағынасын білдіреді. Бұл термин Аристотелдің "Этика", "Риторика" және "Поэтика" сияқты еңбектерінде жиі кездеседі, демек, осы еңбектерде мінезге байланысты мәселелер көп берілген.
Аристотелдің терминологиясы мораль туралы ғылымда (этика) колданылды.
Әрбір адам кез-келген басқа адамнан өзінің дара психологиялық ерекшелігімен анықталады. Бұл мағынада осы адамға тән белгілер туралы көп жағдайда айта аламыз. Психологияда "мінез" сөзі белгілі мағынада қолданылады. Адамның кез-келген дара ерекшелігін мінез бітісі деп айта алмаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет