Семинар тапсырмасы Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, оның зерттелуі мен өзіндік ерекшеліктері Жаттығу. Берілген мәтінге кешенді фонетикалық талдау жа­сау, анализдеу



бет4/6
Дата15.02.2022
өлшемі59.72 Kb.
#455399
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
4-семинар тапсырмасы

Шүғыл дауыссыздарб, п, д, т, ц, г, к, қ, ч.

Ызық дауыссыздар: в,ф, з, с, ж, ш, щ, ғ, х, һ.

Жасалу орнына (дыбыстау мүшелерінің қатысына) қарай дауыссыздар төмендегіше жіктеледі:



Ерін дауыссыздары: б, п, м, у.

Тіс пен ерін дауыссыздары: в, ф.

Тіс дауыссыздары: з, с, д, ж, л, ц.

Тіл алды дауыссыздары: ж, ш, щ, ч, н, р, л, й.

Тіл ортасы дауыссыздары: к, г.

Тіл арты дауыссыздары: қ, ғ, ң, х.

Көмей дауыссызы: һ. 

     Қазақ тілі фонетикасының көлемді де күрделі саласы дауыссыз дыбыстар болып табылады. Дауыссыз дыбыстардың құрамын анықтап, олардың әрқайсысының артикуляциясын тиянақтап шығу қазақ фонетикасының даму тарихымен қатар келе жатыр. Соның өзінде ғалымдар әлі күнге дейін бір тоқтам, бір пікірге келе алмай жатыр.

      А.Байтұрсынұлы өз еңбектерінде қазақ тілінің дыбыс құрамын анықтауға, олардың артикуляциясын сипаттауға көп көңіл бөлген. Сонымен қатар дауыссыз дыбыстарды да жан-жақты жіктеген. Ғалым қазақ тілінде 19 дауыссыз дыбыс бар деп тұжырым жасайды.

      Ал, белгілі ғалым Қ. Жұбанов  «Дауыссыз дыбыстардың бәрі егіз болады да, бір сыңарының дыбысында сол салдырға болар-болмас үн қосылады» деп тұжырымдайды.  Ғалым «болар-болмас үн» деп дауыссыздардың арасындағы айырым-белгіні айтып отыр. Айырым-белгілерге негіз болып отырған дыбыстың негізгі жасалым қалпы екенін бірден түсінуге болады. Олар: жабысыңқы, жуысыңқы, сыбыр, сыбыс т.б.

      Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны шектеулі болғанымен олардың айтылым, жасалым және естілім үлгілерінің саны баршылық. Дауыссыз варианттарының құрамы мен санын фонологиялық және фонетикалық болжам арқылы алдын ала түгендеуге де болады. Қазақ тілі дауыссыз дыбыстарын алдымен дауыс қатынасына қарай бір топтап аламыз. Соның нәтижесінде дауыссыздар үш топқа бөлінеді. Олар өзімізге белгілі-қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар. Әр топқа бірнеше дауыссыздар кіреді.

     Енді осындағы бір топқа кіретін дауыссыздар жасалу орнына қарай жіктеледі. Олар: ерін, тіл ұшы, тіл ортасы, тілшік белгілер. Қазақ тілінде тіл арты дауысыздар жоқ болып шықты.

     Қазақ тілі дауыссыз дыбыстары жасалу тәсіліне қарай жіктеледі. Ол белгілер тоғысыңқы,  жуысыңқы,  діріл  жанама  болып келеді. Тілдің жоғары не төмен жатуының өзі дыбысқа белгілі бір реңк беріп отырады.

     Зерттеушілер назарынан қалыс қалып келе жатқан фонетикалық құбылыстардың бірі - дыбыстардың көмескі белгілері. Қазық тіліндегі үнді дыбыстардың тоғысымы босаң болады. Сондықтан да олар лепсіз айтылады.      Бұл үнді дауыссыздардың негізгі белгілерінің бірі болып шықты.

     Қазық тіліндегі ұяң дыбыстардың тоғысымы орташа леппен айтылады. Бұл ұяң дыбыстардың өзіндік белгісі ретінде көрінеді.

Ал, қатаң дауыссыз дыбыстардың тоғысы күшті болады. Сондықтан  олардың лепті белгісі басым. Олардың осы лепті белгісі әрқашан тұрақты кездесіп отырады.

Еріндік белгінің төрт вариантын байқаймыз. Дауыссыз жай еріндік, яғни ерін бейтарап дөңгеленіп айтылатын дыбыс түрленімдері (ұ,ү тұлғалары) және ерін сүйірленіп айтылатын дыбыс түрленімдері (о, ө тұлғалары) біріңғай жатады. Еріндік артикуляция өте белсенді компонент болып табылады. Тіптен ерін дауыссыз дыбыстың өзіндік төрт вариантпен айтылатынын анықтадық.

    Тіл ұшы белгінің ілгерінді кейінді варианттары анық көзге түседі. Олардың естілім белгілерін де оңай ажыратуға болады.

    Дауыссыз түрленімнің ең көмескі белгілері жоғары-төмен жұбы болып шықты. Олардың модельдегі орнын оңай табуға болады екен, алайда естілім белгілері де оңай ажыратылады.

     Қазақ тілінде «ашық-қысаң» үндестіктің жоқтығы дауыссыз түрленімдегі «жоғары-төмен» белгінің көмескілігінен деп жорамалдауға болады. Керісінше «езулік-еріндік» үндестіктің күштілігі дауыссыз түрленімдегі «ашық-қою» белгінің анықтығынан деп жорамал айтқымыз келеді. Ал, «тіл ортасы-тілшік» белгінің өте айқындығы олардың әрқайсысына жеке-жеке әріп беруге себеп болған екен. Сонда қатаң, ұяң, үнді дауыссыздар тобына ортақ жасалым белгілер бірнеше бола береді.



    Б, в, г, д әріптеріне аяқталған орыс тілінен енген сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталады: клуб-клубқа, актив-активке, педагог-педагогтен, завод-заводты. Сөз соныңда бұл дыбыстар қатаң болып айтылады.
    Айыру (ь), жіңішкелік (ь) белгілері ешбір дыбыс білдірмейді, тек орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Сөздік түбірі жіңішкелік белгіге (ь) бітіп, оған жалғанатын қосымша дауысты дыбыстан басталса, ол түсіріліп, ал оған жалғанатын қосымша дауыссыздан басталса, жіңішкелік белгі (ь) сақталып жазылады: календарь-календары, календарьлық. Медаль-медалы, медальға, медальдан. Бір буынды сөз жіңішкелік (ь) белгіге бітсе, қосымша жінішке түрде жалғанады, ал сөз көп буынды болып келсе, қосымша сөздің соңғы буынына қарай жалғанады: ноль-нольге, нольді; февраль-февральда, сентябрь -сентябрьде, сентябрьден.

    В, ф, ц, ч, щ әріптері орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы: физика, цирк, кофе, борщ, лифт, шифр, цифр, очерк, центнер, циркуль.
Щ әрпі қазақтың байырғы сөздерінен ащы, тұщы ,кеще деген сөздерде ғана жазылады. Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген кейбір жалқы есімдер мен бірен-сараң  жалпы есімдерде жазылады. Мысалы: Фарида, Фатима, Марфуға, саф (алтын), фәни (дүние) т. б.

Қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына немесе ст, сть, зд дыбыстар тізбегіне біткен кірме сөздерге қосымша жалғанғанда, қосар дыбыстың соңғысы немесе соңғы т, ть, д дыбыстары түсіріліп жазылады. Мысалы: металл -метал-ға, класс -клас-тын, грамм -грам-дап, прогресс-прогрес-тік, трест-трес-ке, съезд-съез-ге, поезд-поез-дан, ведомость-ведомос-қа т. б.

     Сонымен, дауыссыз дыбыстардың іргелес түрленімі сөздің табиғи естілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фонетикалық құбылыс.

Қазак тіліндегі қ түбірде дауыстылар коршауында тұрып, осы х-ға жуык (ахьін, жахын, ыхылас, Ахан, ахыл, Жахан счяқты) дыбысталатынын жокка шығаруга болмайды. Ал ч дыбысының диалектілерде (сөз басында челек, чапан, чал түрінде) кездесетіні анық. Сонымен қатар эдеби тілімізде де тш, тж тіркестерін тч түрде дыбысталады. Мысалы: ит жылы, ат шаптырым. Сондай-ақ атса, атсыз, етсіз, кетсе сияқты сөздегі тс дыбыстар тіркесі тц-га жуык айтылады.

Қазак әдебиетіндегі байырғы дауыссыздардың таңбалары тек жуан айтылады: бы, гы, ды, жы, зы, ый, қы, ыл, мы, ны, ың, пы, ыр, сы, ты, үу, шы.

Дауыссыздардың ішінде үнемі жіңішке айтылатын к, г дыбыстары зерттеушіледің назарын эр кез өзіне аударып отырған.

Қазақ арасында болып, олардың айтуын аңдаған П. Мелиоранский бұл (қ, г, к, г) төртеуінің анык естілетінін айтады. А. Байтұрсынұлы алғашкы «Тіл кұралында: «Қ һәм ғ дыбыстары һеш уакытта жіңішкермейді. К һэм г ыбыстары һеш уақытта жуандамайды, яғни жуан айтылмайды. Сондықтан бұл дыбыстар тоң дыбыстар деп аталады» [8], — деп көрсетеді.



  1. Досмұханбетұлы: «Дұрысында қ мен ғ дыбысының жіңішке түрін қ, г қылып таңбалау керек еді. К мен г карыптерін тастау керек едің деуін десе де, жазу тұрғысынан карап, к мен г әріптерін қолдана беру керек»,- деп табады.

Аталған дыбыстардың тіліміздегі ерекшеліктері туралы зерттеуші Ж. Аралбаев: «бұл бір фонеманың аллафондары ғана. Тіліміздің даму барысында дербес фонемага айналған болу керек» дейді.

Оған керісінше, қ мен к-катаң бір (к) фонемага, ғ мен г -ұяң бір (г) фонема деген пікірді 20 жылдай дәлелдеп, айтып келген. Ә. Жүнісбеков казақ тілінде 17 дауыссыз фонема бар деген тұжырымга келді. Мұны мойындайтын болсак, біз де кыргыздар сияқты: қазақ, кіргіз, карга, кыз, жылқы, тагдыр деп жазып, қазақ, қыргыз, қарга, қыз, жылқы деп айтатын боламыз.

Сөйлеу үстінде сөздер бірімен-бірі ұстасып, кірігіп, тұтасып айтылатыны белгілі. Мәселен, бар екен де жоқ екен, аш екен де тоқ екен түрде жазылған, айтуда барекенде (жогекен) ашекенде (тогекен) сиякты түйдектер кұрайды. Бар, аш сөздерінің кұрамындағы жуан, жіңішке р, ш дыбыстары екеннің құрамына көшкенде (ба-ре-кен, а-ше-кен) жіңішкеретін болса, қ-дан бұл байкалмайды, ұяңданғаны болмаса, жіңішкерген сыңай танытпайды: жо-ғе-кен, то-ғе-кен, Жіңішке дауыстының касында жуан қ, ғ тұра алмаса керек. Сонда бұларды жоғ екен, тог екен деп кіріктірмей айтатын шыгармыз (казір бұлай айту нормага айналып барады). Ал енді, күзгі алма, жазғы алма, күзг алма, жазғ алма бола алмайтын шыгар. Жаз-ғал-ма деп кіріктіріп айту жарасымын тауып тұрғанмен, күз-гал-маның күз-ғал-ма болмайтыны несі?

Қазак тілінде га, ка, ко, кы, құ, гы, гұ, қе, ге, қә, гә, гі, қі сияқты әріптер сөз тіркестерінің аралығында кездесе береді. Ал олардың айтылуын ойлап, тігісін жатқызып жүрген жан жоқ.

Көне түркі жазба ескерткіштерінің Енисей, Орхон, Талас жазуларында бұл күнде бір фонема түрде танылатын б, д, й, л, н, р, с, т дауыссыздары екі түрлі таңбаланған: жуан дыбыстар мен қатар келгенде бір баска, жіңішкелермен тіркескенде екінші түрде болған. Бұлардың катарында қ, к, г, г де бар. Жэне соңғы төртеу кейінгі жазулардың көбінде дерлік сақталган. Бұлардың өзгелерден жырылып калып коюы да тегін болмаса керек.

Н. Уәлиев мұны былай пайымдайды: Қ мен к бір фонеманың, атап айтқанда, к фонемасының жуан, жіңішке реңктері. Олай болса, бұлар неге бір гана әріппен таңбаланбайды деген заңды сұрақ қоюға болады. Әрине, к де, қ да бір фонеманың әр түрлі реңкі екені даусыз. Бірақ бұл реңктердің бірі негізгі, екіншісі қосалқы деуге болмайды, к фонемасының к, қ реңктерінің, г фонемасының г, г реңктерінің тепе-тең болуы өзге дауыссыздардан олардын өзіндік ерекшелігі деуге болады» [31].

Бұлар өзге дауыссыздар секілді дауыстылардың ыңғайына қарай жуандап, жіңішкерудің орнына, керісінше, маңайындағы дауыстыларды өзіне икемдейтіні бар: ышқыр (іш құр), Бәйгелді (бай келді), Бәйгісі (бай кісі), Гүләйім (гүл айым), Күләш (гүл аш), Тәшкен (Ташкент), Шімгент (Шымкент), сәудегер (саудагер), көгәл (көк ал).

Буын жігінде келген фонемалардың жуаны жіңішкеріп, жіңішкесі елеусіз түрде жуандап жатса, керісінше қ-ның к-ге, к-ның к-ға өтуі біршама психологиялық дайындықты керек етеді. Сонда гана қ, к, г, г дыбыстарының қатысуымен аралас (жуанды-жіңішкелі) болып жүрген сөздерді үндестікке бағындыруға болады. Мәселен: кәзір/қазыр, кэдір/қадыр, кәлпе/қалпе, қабір/қабыр, кәсит/қасиет, кәнден/қанден, қауіп/қауып, көрек/қорек т. б.

Қысқасы, қ, к, ғ, г дауыссыздардың әзірше қалыптасқан түсінік-түйсік тұрғысынан танып баяндау керек болады. Сонымен казіргі казақ тілінде 25 дауыссыз фонема бар. Ал орыс тілінде мұның саны- 37. Олай болатыны, орыс тілінде дауыссыздардың жуан жэне жіңішке болып келуінде фонемалык касиет бар және олардың дауыстыларға ықпалы күшті болады.

Алайда бұл фонемалық касиет орыс тілінен енген сөздерде байқалмайды, сондыктан олар бас-басына (жуан-жіңішке боп) фонема бола алмайды.

Қазақ тіл мен орыс тіліне ортак дауыссыз фонемалар — он бес: б, г, д, ж, з, й, к, л, м, н, п, р, с, т, ш.

Қазақ тілінде бар, орыс тілінде жоқ дауыссыздар — бесеу: г, қ, ң, у, һ.



Қазак тілінде бұрын болмаған орыс тілінен енген дауыссыздар да бесеу: в, ф, X, ц, ч.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет