Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (Силлабус) келесі нормативтік құжаттар негізінде әзірленген:
- Жоғары және жоғарыдан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 31 қазан 2018 жылғы № 604 бұйрығымен бекітілген;
- ДП 042-1.09.2019 ж. «Пәндердің оқу - жұмыс бағдарламасын (силлабус) және ЖОО компоненті/таңдау компоненті оқу бағдарламасын рәсімдеудің құрылымы мен талабы».
1.3 Пәнді оқыту мақсаты
– хроматографиялық бөлу және анализдеу әдістерінің теориялық негіздері мен практикалық қолданылуын оқыту.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері
- Бөлу және анализдеу әдісін дұрыс таңдауды үйрету
- Анализде пайдаланатын үрдістердің физика-химиялық негізін, жалпы химиялық және физикалық заңдылықтарды оқыту
- Студенттердің зерттеулік, практикалық дағдысы мен іскерлігін жетілдіру
1.5 Оқыту нәтижелері
пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі қажет:
білу:
- хроматографиялық бөлудің теориялық негіздерін
- хроматографиялық әдістердің жіктелуі мен негіздерін
орындай алу:
- физика-химиялық үрдістерді түсіндіру
- анализ әдісі бойынша есептеулар жасау
- жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды жасау
дағдысының болуы:
- зертханалық қондырғыларды, аспаптарды, реактивтерді, химиялық ыдыстарды дұрыс қолдануда
- хроматограммаларды талдауда
- анализ нәтижелерін статистикалық өңдеуде
құзыретті болу:
- анализ әдісін таңдауда
- анализ орындау техникасында
1.6 Курстың пререквизиті
«Аналитикалық химия»
«Химиялық сандық анализ»
1.7 Курстың постреквизиті
«Табиғи объектілер анализі»
Дипломдық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |