Көгілдір экрандағы бағдарламаларды көрерменге ұнамды етіп беру
үшін, тележурналистердің төмендегідей қағидаттарды басшылыққа
алғаны жөн:
хабарлардың тілін жақсарту, оларды ықшам, ақпараттық мәні жөнінен
салмақтандыру керек;
редакция алқасы материалдардың стиліне, тақырып ауқымы мен
сапасы мәселелерін тұрақты назарда ұстауы тиіс;
материалдар неғұрлым жаңа әрі өзіндік үні болуы шарт;
тележурналистердің стилі ерекше ықшамдылыққа, нақтылыққа,
қисынға, анық әрі образды тілге құрылуы керек;
ескі дағдылар мен ойлау әдістеріне бой алдырмаған жас, жаңа кадрлар
қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |