Хабарламалық жаңалыққа талдау жасалмайды. Онда тек не, қайда,
қашан, не себепті, кімдер қатысқаны, неліктен болғаны қысқа-нұсқа,
нақты хабарлануы тиіс.
Сезімталдық. Тікелей эфирдегі ақпараттар ағыны аясында қандай да
бір жағдайлар болмасын тыңдарманмен арадағы тепе-теңдікті атқару
қажет.
Мəнерлілік. Дұрыс қойылған дауыс ырғағының сақталуын, артық
демнің, қажетсіз дыбыстың естілмеуін қамтамасыз ету.
Алдын ала кесіп пішпеу. Сыни пікір айтқанда, жауап беруге құқылы
адамдарды мейлінше анық айту және сол мәселеге қатысты барлық
көзқарасты толығымен қамту – шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |