Семинардың мақсаты: Телехабардың сөйлеу тілін және телевизия журналистерінің шеберлігін талдау, пікір алмасу


Бұл – əр тележүргізушінің өзіндік сөз қолданысы, сөз саптау ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата02.01.2022
өлшемі388.78 Kb.
#453294
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
8-Семинар. Телехабардың сөйлеу тілі

    Бұл бет үшін навигация:
  • «лид»
Бұл – əр тележүргізушінің өзіндік сөз қолданысы, сөз саптау ерекшелігі. 

2.  Диктор  хабарланатын  жаңалықтардың  легімен,  ретімен  таныстырады. 

Мұны  тележурналистика  саласында  «лид»  деп  атайды.  Басқаша 

қорытынды жаңалықтардың кіріспе бөлімі деп атауға болады. Өйткені 

бұл  бөлімде  берілетін  маңызды  жаңалықтардың  тақырыбы,  реті 

жөнінде  мәлімет  беріледі.  «Жаңалықтарды  жүргізуші  мәртебесі 



күнделікті  экраннан  өтіп  жатқан  өзекті  хабарлама  арқылы 

айқындалады». 

«Жаңалықтардың  молдығынан  көрермендердің  көпшілігі  бүгінде  хабардың 

алдында  берілетін    «лидке»  көңіл  аударып,  сол  арқылы  өзіне  керекті  деген 

тұстарға  ғана  назар  салады.  Іскерлік  және  саяси  бағытты  ұстанған 

телеарналар  жаңалықты  беру  кезінде  шыншыл,  әділ,  бейтарап  бағдарды 

ұстанады».  Тележаңалықтардағы  «лид»  баспасөздегі  жаңалықтардың 

«тақырыпатына»  сәйкес  келеді.  Демек,  егер  газетте  қандай  да  бір  мәтін 

тақырыбының  атауы  «тақырыпат»  түрінде  жазылып  берілсе,  ал  «Хабар» 

телеарнасының  қорытынды  жаңалықтарының  тақырыбы  «лид»  түрінде 

хабардың  басында  хабарланады.  Бұл  теледидар  арқылы  таралатын 

қорытынды жаңалықтардың ерекшелігі болып саналады. Соған сәйкес «лид» 

мәтіні  қысқа  әрі  нұсқа  1–2  ғана  сөйлеммен  тұрады.  Мысалы,  Нуриддин 

Бидосов  көрермен  қауыммен  амандасып  болғаннан  кейін,  кіріспе  бөлімді 

бастайды: «Алдымен, бүгінгі күннің басты оқиғаларына қысқаша тоқталып 

өтсек ...». 

Телехабарлар  тілін  зерттеу  барысында  жаңалықтардың  мәтіні  алдын  ала 

дайындалатындығы  және  оның  тікелей  эфирден  берілу  барысында  диктор 

сөзімен  бірдей  болмайтындығы,  Internet  жүйесінен  алынған  мәтін  мен 

эфирден  берілген  жаңалықты  бейнетаспа  жазып  алу  арқылы  салыстырудың 

нәтижесінде көз жеткіздік. Бұқаралық коммуникацияға дейінгі кезеңде алдын 

ала дайындалған мәтін тікелей эфирде диктор сөзі арқылы біршама өзгеріске 

ұшырайды, бірақ мазмұны сақталады. «Құрылымы күрделі сөзден гөрі қысқа, 

дәл,  нақты  айтылған  сөз,  теңеу,  астарлы  сөз  т.б.  әлдеқайда  дәл,  орынды 

сезіледі.  Көптеген  мәселе,  фактінің  ішінен  маңызды  дегенін  айту,  онда  да 

жан-жақты емес, бір қырын айту, жаңа нәрсе туралы сөз ету, мәлім нәрсенің 

беймәлім  тұстарына  тоқталу,  жаңаша  пікір  білдіру  адресатпен  арадағы 

диалогтің  үзілмеуін  қамтамасыз  етеді.  Сөзге  диалогтік  сипат  беру  тәсілі 

қолданыла отырып, өз пікірін ортаға салғанда, екі жақта ынталылық танытуға 

тиіс.  Ынталылық  болғанда  диалог  болады.  Сөзге  диалогтік  сипат  беру 

дегеніміз  –композициялық  жақтан  монологтік  сөздің  сөйлеу  тілі 

құрылымына  тән  элементтерді  пайдаға  асыру,  кәдеге  жарату  болып 

табылады. Бұл тыңдаушы, көрерменнің жауап реакциясына қозғау салу үшін 

пайдаланылатын тәсіл, тілдік- стильдік құралға жатады». 

 

Бұл  мамандық  зеректікті,  ой  алғырлығын  талап  етеді.  Ол  үшін  диктор  сөзі 



телехабарлардың тілдік табиғатына сәйкес болуы қажет, тілдің орфоэпиялық 

нормаларын  сақталып,  ауызша  сөйлеу  тілінің  интонациялық  ерекшеліктері 

назардан  тыс  қалмауға  тиісті.  Диктор  сөзі  адресатқа  түсінікті,  ұғынықты 

болатындай,  құлаққа  жағымды  естілетін  дауыспен  айтылуы  қажет.  Əрбір 

сөзді  орфоэпиялық  нормаға  сәйкес  айтып,  әрбір  сөйлемді  өзіндік 

интонациямен  дауыстап,  бір-бірін  шебер  байланыстырып,  тұтас  мәтін  етіп 

шығаруы  керек.  Дауыстағы  әрбір  екпін,  әрбір  кідіріс  тыңдаушының 



қабылдауына  әсер  етеді.  Бір  ғана  сөздің  өзі  дауыс  ырғағына  қарай  әртүрлі 

әсер қалдыруы мүмкін. Дегенмен,  К.Д.Кирия айтқандай, «дикторский талант 

заключается  не  только  в  неповторимом  голосе,  в  неподражаемых 

интонациях, но и в глубоком знании языка, в бесконечном уважении к нему». 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет