Семинарлар 1-семинар: Білім беру мақсатын сипаттау


-семинар: Жеке тұлғаның дамуының инновациялық технологиялары



бет22/46
Дата01.04.2024
өлшемі0.85 Mb.
#497157
түріСеминар
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46
Тұлғаның дамуына арналған білім беру .Семинар

12-семинар: Жеке тұлғаның дамуының инновациялық технологиялары

Оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру – психология, педагогика ғылымы саласындағы, сондай-ақ білімдендіру практикасындағы актуальдық мәселенің бірі. Педагогтер оқушылардың білім алуға деген самарқаулығын, оқуға құлықсыздығын, білуге деген қызығушылығы мен құмарлығының мәз еместігін байқап, оны болдырмас үшін оқытудың тиімді түрлерін ізденіп, түрлі моделдер жасап, окытудың жаңа амал тәсілдерін қоймастан іздестіруде. Осы орайдан оқушылардың атқаратын жұмысына деген бақылауды да күшейтіп, берілген ақпараттық мағлұматты қаншалық меңгергендігіне байланысты интенсификациялауда оқытудың техникалық құралдарын, компьютерлік жүйені де, түрлі психологиялық тәсілдерді де кеңінен қолдануда.


Оқытуға қойылатын мақсатқа жетудегі басты фактор тұлғаның белсенділігін арттыру проблемасына байланысгы. Былайша айтқанда, тұлғаның жалпы дамуы, кәсібилікке әзірлік деңгейі, ақыл-ой жұмысына бейімділігі, оқыту принциптеріне байланысты білімнің мазмұнын, формасын, әдістерін менгерумен, сондай-ақ оқытудың стратегиялық бағдарына үйлесімділігін арттырып, олардың белсенділігін дамытып, берілегін ақпараттың көлемін зорайтумен қатар оған бақылауды жетілдіруді назарда ұстаумен де шарттас. Ал, игерілуге тиісті ілімнің мәнін көтеруде дидактикалық, психологиялық ахуалды дұрыс пайдалану және тұлғаның дербестік деңгейін жетілдіру бір-бірімен іштесе байланысып жатқан мәселе.
Тұлғаның оқудағы белсенділік деңгейінің өрістеуінде оның логикалық дамуы да ескерілуге тиіс. Сондай-ақ, тұлганың жеке басының өзіне ғана тән ерекшеліктерімен қатар оқуға деген ынтасы, мотиві айтарлықтай мәнге ие болады.
Оқытудың дәстүрлі логикасындағы негізгі кезеңдеріне мән берсек, оқушыға олар білуге тиісті материал таныстырылады, ал олар қабылдап, мәнін үғынып, ойлауымен қатар, көңілінде бекіту әрекеттері жалпы тәртіпке саналатыны белгілі. Әдеттегі практикалық іс-әрекетте оқушының белсенділігін көтеру 3 деңгейде қарастырылады:
Қабылдау белсенділігі - оқушының ұғынудағы талпынысын сипаттайды және білімді қабылдауы, еске сақтауы, меңгеру тәсілдерін біліп, үлгіні тұтына алу тұрғысынан қарастырылады.
Интерпретациялық белсенділік – шәкірттің оқылған материалдың мәнін ұғынып, ондағы білімдік түсінікті өзгерген жағдайға үйлесімді пайдалануымен және сол тәсілді жаңғыртып қолдана алуы тұрғысынан ескеріледі.
Шығармашылық белсенділік - оқушынын білімді теориялық жағынан ұғынуға ұмтылып, проблеманы шешуде өзіндік ізденіс танытып, танымдық қызығушылығын жетілдіріп өркендетеді.
Көрсетіліп отырған проблемаға жасалған теориялық талдаулар мен алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер дәлелдеген деректерге сүйенгенде шәкірттердің белсенділігі педагогикалық, психологиялық жағдайға тәуелді екені айқын мәселе. Сонымен қатар оқытудағы белсенділік тұлғаның ұстанған тәсіліне, өзін субъект ретінде көрсете алмауымен қатар, өзіндік "мендік" әрекетіне де байланысты. Осынын бәрін сараптай келгенде тоғысар арнасы тұлғаның оқудағы белсенділігінен бастау алып өркен жаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет