-заңдылығы (осы технологияның негізі болып табылатын белгілі бір ғылыми тұжырымдамаға сүйенуі);
-тұтастығы (технологияның сапасын анықтайтын педагогикалық құрылымдық бөліктерінің өзара байланыстылығы);
-басқарылымдығы (диагностикалық мақсат қою, оқу үдерісіне мониторинг жүргізу, қажетті түзету енгізу);
-тиімділігі (білім беру стандарттарымен сәйкестігі, мақсатқа жетудің мүмкіндігі, уақыттың және экономикалық шығындардың үнемделуі);
-өзгелердің де қолдануға мүмкіндігінің болуы [9].
Оқытудың қызметі (функциясы) адами, технологиялық және ізгіліктілік. Оқытудың технологиялық қызметі – бұл «өмір сүру үшін база жасау»; еңбекте, кәсіби қызметте, қоғамдық өмірде, шаруашылықта білік, дағды қалыптастыру; адамдармен қарым –қатынас мәдениетін дамыту т.б. Кәсіби педагогикалық мәдениет аксиологиялық, технологиялық, эвристикалық және тұлғалық компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Кәсіби педагогикалық шеберлік педагогикалық қызметтің жоғары дәрежеде дамуы, педагогикалық технологияларды қолдана білуі, педагогтың адами тұлғасы, тәжірибесі, азаматтық және кәсіби көзқарасы арқылы анықталады. Педагогикалық шеберлік арнайы білім, дағды, әдет, өз қызметінде әртүрлі негізгі әдіс-тәсілдер, амалдарды меңгеруі арқылы қалыптасады. Мұғалім қандай мәселеде болса да ұйымдастырушы, ұстаз, педагогтік қарым-қатынас шебері. Сондықтан, оның бойында мынадай төрт элемент болу керек. Олар: балалардың ұжымдық және жеке әрекеттерін ұйымдастыра білу шеберлігі, сендіре алу шеберлігі, білім беру және қызметінде тәжірибе жинау шеберлігі және педагогикалық техниканы меңгеру шеберлігі. Әсіресе, педагогикалық техниканы, яғни біліктер мен дағдылар жиынтығы – оқушылармен қарым - қатынаста дұрыс жолды таңдай білу, өзінің сезімін, назарын басқара білу, педагогтік тактіні сақтау, әр адамның өзіндік «менімен» санаса білу т.б. Болашақ мұғалім осының бәрін жоғары оқу орны қабырғасында меңгеруі керек.
Ғалымдардың [10] зерттеулеріне сүйене отырып, біз төменде жоғары оқу орнында (оның ішінде біздің де болашақ маман дайындау тәжірибеміздегі) жиі қолданылатын білім беру технологияларын анықтадық ( 1-кесте).
Проблемалық – әрекеттік оқыту технологиясының мәні алдына тек кәсіби білімді меңгеру компонентін ғана емес, оны жүзеге асыру икемділіктерін де меңгеруге бағытталған мақсат қою.
Проблемалық – әрекеттік оқыту технологиясы оқытуда проблемалық және әрекеттік жағдайды кезең-кезеңмен жүзеге асырады. Бірінші кезең – оқытушының қойған проблемалық жағдаятын қабылдап, ой елегінен өткізу. Екінші кезең – қойылған проблемалық жағдаятты шешу әрекеттерінің мүмкіндіктерінің моделін ойластыру және негіздеу (әуелі өздерінің білетін білімдері арқылы, содан кейін жаңа ізденістер арқылы). Үшінші кезең – түзілген модельге сәйкес әрекеті (қабылданған шешімді тағы да бір сараптау). Төртінші кезең-әрекеттің және проблеманы шешудің дұрыстығын талдау. Бесінші кезең-көрсетілген әрекет барысында оқушылардың интеллектуалдық қабілетінің дамуын қамтамасыз ететін ойды талдау, дәстүрлі шешім қабылдаудан, шаблондар мен стереотиптен ойлау әрекетіне шығу
Достарыңызбен бөлісу: |