Семинарлар 1-семинар. Зерттеуші және психология мен педагогикадағы зерттеу әрекеті


кесте – Зерттеудің тақырыбы, көкейкестілігі және проблемасының өзара байланысы



бет81/103
Дата30.11.2023
өлшемі0.81 Mb.
#485019
түріСеминар
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   103
СЕМИНАРЛАР-1

15 кестеЗерттеудің тақырыбы, көкейкестілігі және проблемасының өзара байланысы







Зерттеу тақырыбы

Зерттеудің көкейкестілігі

Зерттеу проблемасы




Проблеманы шешуге мүмкіндік беретін жаңа білімді бейнелейді.

Қызметтің жаңа мазмұнының, жаңа нормасының немесе жаңа тәсілінің қажеттілігін негіздейді

Зерттеу нәтижесінде түзетілтін қазіргі нормалардың заман талабына сай келмейтінін айқындайды;
Зерттеу барысында түзетілетін қазіргі талаптардың және осыған дейін пайдаланылған тәсілдердің сәйкессіздігін анықтайды.

Орындалған диссертациялық жұмыстың сапасын бағалау параметрлерінің бірі зерттеудің жаңалығы болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы бұл авторға жүргізілген зерттеу қорытындысында алынған ұғымды "бірінші" болып пайдалану құқығын беретін белгі. "Бірінші" ұғымы ғылымда автордың жарияланымдарына дейін мұндай нәтиже болмағандығын айқындайды. Зерттеу егер онымен бұған дейін осы автордан басқа ешкім айналыспаған болса, немесе автор бұрын белгілі нәтижелерден айқын өзгеше ғылыми нәтижелер алған болса, онда зерттеу соны, яғни жалқы болуы мүмкін. Педагогикалық сөздіктерде қарастырылып отырған санатқа төмендегіше анықтама берілген: «жаңалық - бұл ақпарат сапасының (ғылыми зерттеулер нәтижелері) критерийі. Жаңалық критерийі зерттеу нәтижелерінің маңызды тұстарын сипаттайды, яғни бұрын - соңды белгілі емес және дидактикалық ғылым мен практикада бұрын айқындалмаған жаңа теориялық қағидалар және практикалық ұсыныстарды ұсынады.


Жаңалықты айқындауда «анықтау», «айқындалды», «анықталды», «бірегей мәліметтер алынды», «түсінік берілді» және т.б. етістіктер қолданылады. Жаңалық проблеманы қоюда, идеяны және түпкі ойды білдіруде, педагогикалық үдерісті оптималдандыру технологиясы мен барысында, оның жүрісінің тиімді шарттарының табылуында болуы мүмкін. Сонымен қатар, «алғаш рет» және «жаңалық» сөздері мағыналас және егер жаңалық ашылған болса, онда «алғаш рет» сөзінің мағынасы болмайды.
Жаңа нәтижелер кешенді болуы мүмкін (теория, тұжырымдама, жүйелер), бірақ зерттеліп отырған үдерістің жекелеген компоненттерімен байланысты болуы мүмкін (ұғым, фактілер, қызмет тәсілі, генетикалық, функционалдық және басқа да байланыстар және т.б.).
Жаңалықты бағалау көрсеткіштері болып:

  • ғылыми жаңалық;

  • тұтас ғылыми тұжырымдама;

  • жаңа ғылыми тұжырымдаманы толықьырушы жаңа ғылыми идея;

  • белгілі ғылыми тұжырымдама аясындағы жаңа ғылыми идея;

  • сәйкес ғылыми тұжырымдаманы жаңа дәлелдемелермен және фактілермен байыту;

  • жаңа ғылыми көзқарас, проблеманың жаңаша тұжырымдалуын ұсынушы ерекше ғылыми болжам;

  • педагогикалық ғылым құрылымын нақтылау;

  • теорияны негіздеу;

  • жаңа жүйені жасаудың тарихи-педагогикалық анықтамасы және өзге де алғышарттары;

  • түйінді ұғымдардың мәнін ашу және олардың интерпретациясы (құрылымы, атқаратын қызметі, мазмұны);

  • педагогикалық жүйенің мазмұнын негіздеу;

  • ғылыми айналымға заманауи (жаңадан табылған) дереккөздерді (архив материалдары, жылнама) енгізу;

  • үрдісті және педагогикалық феноменнің даму перспективасын анықтау;

  • зерттеу проблемасы бойынша тұжырымдама, теория, әдіснамалық тәсілдерді анықтау.

Педагогикалық зерттеу сапасын бағалаудың келесі параметрі педагогикалық зерттеу нәтижесіне қойылатын талаптар ретінде ұсынылатын сенімділік және зерттеу негізділігі болып табылады. Сенімділік және зерттеу негізділігі көрсеткіштері төмендегіше көрінеді:

  • теория жеткілікті тексерілген фактілер мен мәліметтерге құрылған;

  • тұжырымдама әдіснамалық және фактологиялық негізделіп, ғылыми ізденіс нәтижелері мен нақты материалдарға талдау тұрғысынан дәлелденген;

  • идея әртүрлі зерттеу әдістерін қолдана отырып дәлелденген және нақты әдіснамалық негізге ие;

  • идея практиканы талдаудан, қызмет тәжірибесінен (озат педагогикалық тәжірибені жалпылау) туындайды;

  • зерттеудің кешенді әдістемесі қолданылған, зерттеудің әртүрлі әдістері арқылы алынған өзара тексеру, деректерді сәйкестендіру қамтамасыз етілген;

  • зерттеу нәтижелеріне өзіндік талдау және өзіндік тексеру қолданылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет