Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет19/55
Дата26.03.2024
өлшемі219.56 Kb.
#496583
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
кестелі биология

Гүл диаграммасы

Шартты түрде гүл бөлімдерінің көлденең қимасын бейнелеу.



Гүл серігі



Гүл серігі

Тостағанша жапырақша мен күлте жапырақша гүл серігін құрайды. Гүлсерік 2-ге бөлінеді - жай гүлсерікті және қос гүлсерікті.
Кейбір гүлдер гүлсеріксіз болады, мысалы - тал, шаған, терек, еменнің аналық гүлдері.

Жай гүлсерікті

Жай гүлсерікті гүлдер 2 типі бар:
а)Тек тостағанша жапырақшалары бар – қалақай, қызылша, қымыздық, еменнің аталық гүлдері, қарағаш.
ә)Тек күлте жапырақшалары бар – лалагүл, інжугүл, қызғалдақ.

Қос гүлсерікті

Қос гүлсерікті - тостағаншасы да, күлтесі де болады – алма, өрік, шие, алмұрт, т.б.



Гүлшоғыр



Гүлшоғыр

Гүлшоғыр - сабақ ұшында дамитын, белгілі ретпен орналасқан гүлдер тобы. Оның негізгі сабағы, жанама сабақшалары болады. Негізгі сабағының бұтақтануы бойынша жай гүлшоғыр және күрделі гүлшоғыр болып 2-ге бөлінеді.



Жай гүлшоғыр

Жай гүлшоғыр. Жанама сабақшалары бұтақтанбай ұшы гүлмен бітеді. Түрлері – шашақ, жай масақ, собық, жай шатыр, шоғырбас, себет гүлшоғыры, қалқанша гүлшоғыры.
Шашақ гүлшоғыр- жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтарымен кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағағы қысқарып, ұшындағы гүл ең соңында ашылады. Мысалы, қарақат, мия, қараған, мойыл, қырыққабат, шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ, т.б.
Жай масақ. Жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа сағақсыз кезектесіп орналасады. Мысалы, жолжелкен.
Собық. Негізгі сабағы жуан, жамылғы орама жапырақтары бар. Мысалы, жүгері, калла.
Жай шатыр. Негізгі сабағы қысқарады, дәл ұшынан сағағы ұзын 1-неше гүлдер таралады. Мысалы, пияз, адамтамыр, наурызшешек, ақшұнақ, т.б.
Шоғырбас. Қысқарған, жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады. Мысалы, беде, жоңышқа, т.б.
Себет гүлшоғыры. Негізгі сабағы жуан, оған ұсақ гүлдер орналасып, жиегін орама жапырақтар қоршайды. Мысалы, күнбағыс, бақ-бақ, өгейшөп, гүлкекіре, т.б.
Қалқанша гүлшоғыры. Негізгі сабағында ұзын сағақты гүлдер кезек орналасып, төменгі гүлдер сағағы ұзарып бірдей деңгейде болады. Мысалы, алма, долана, алмұрт, т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет