Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет16/55
Дата26.03.2024
өлшемі219.56 Kb.
#496583
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
кестелі биология

Сабақтың қызметі

1.Сабаққа бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекиді.
2.Қоректік заттар сабақ бойымен қозғалады.
3.Органикалық заттарды қорға жинайды.
4.Көбеюге қатысады.



Сабақтың өсу бағыты бойынша түрлері

Тік


Жатаған
(мұртшасы бар)



Шырмалғыш (мұртшасы жоқ)



Өрмелегіш


(мұртшасы бар)

Жабысқақ


Қысқарған



Бидай, терек, жүгері, қайың, емен, секвоя, қарағай, т.б.



1.Құлпынай (қосалқы тамыр дамиды). 2.Асқабақ, қияр, қауын, қарбыз

Құлмақ, шырмауық.

Жүзім, асбұршақ, жабайы бұршақ.



Плющ, жабысқақ қызыл бояу.



Бақ - бақ, жолжелкен, пияз, қырыққабат.



Сабақтың ішкі құрылысы



Сабақтың ішкі құрылысы

Төрт қабаттан тұрады: қабық, камбий, сүрек, өзек.

Қабық

Қабық - сабақтың сыртқы қабаты, өң, тоз, тіннен тұрады.
Өң- түссіз, жас сабақ сыртында болады. Ағашта өң тозға айналады.
Тоз оттегіні өткізеді. Тозда жасымықшалар орналасқан.
Тін сабаққа беріктік қасиет береді. Органикалық заттар тін арқылы қозғалады.

Камбии

Камбий жасушалары көктемде қарқынды бөлінеді (қыста бөлінбейді). Камбий жылдық сақиналар (қабат) түзеді.

Сүрек

Сүректің ұзын, жіңішке жасушалары түтікше құрайды.
Минералды тұздар сабақтың сүрек бөлімі арқылы қозғалады.

Өзек

Өзек сабақтың орталық бөлімі. Жас өркенде жасушалары тірі болғандықтан, органикалық заттар қорға жиналады. Камбиден түзілген жасушалары өзек сәулелерін құрайды, олар сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады.



Сабақтың өсуі



Сабақтың өсуі

Ұзарып өсу
Төбе бүршік арқылы



Жан-жағына жайылып өсу
Жанама бұршік арқылы

Жуандап өсу
Камбий жасушаларының бөлінуі есебінен



Сабақтың түрөзгерістері

Сабақтың түрөзгерістері



Сояу сабақ
Ылғал жетіспегендіктен, қолайсыз жағдайға бейімделуден пайда болған - долана, жабайы алмұрт, жабайы алмада болады.



Шырынды сабақ
Ылғал жетіспегендіктен пайда болған– сүттіген, кактуста да болады.



Сабансабақ – астық тұқымдастарының сабағы. Бұндай сабақ бунақталған, цилиндр тәрізді, бунақтар арасы қуыс, кейбірі өзекке толы болады. Мысалы, бидай, жүгері, қамыс, қарабидай, т.б.
Түрі өзгерген жер асты өркен

Түрі өзгерген жер асты өркен

Тамырсабақ, түйнек, пиязшық жатады.





Тамырсабақ

Жапырақ шығармайтын, буын және буынаралықтан тұратын, ұшында бүршік дамитын көп жылдық жер асты өркен тамырсабақ деп аталады.
Тамырсабақты өсімдіктер: інжугүл, қырықбуын, усасыр қырықжапырағы, жатаған қазтабан, т.б.
Тамырсабақтың түрлері:
1.Буын аралығына байланысты ұзын тамырсабақты, қысқа тамырсабақты болып екіге бөлінеді.
2.Жатаған тамырсабақ – көлбеу өседі (қоңырбас, бетеге, бидайық),
3.Қысқарған тамырсабақ - бүлдірген, шыршай.
4.Шырынды тамырсабақ - қырлышөп, құртқашаш.
5.Түйнек тәрізді - канна өсімдігінде.



Түйнек

Түйнек дегеніміз сабақтың түбіндегі жер асты қолтық бүршігінен дамыған өркен ұшындығы бүршік. Түйнектің бүршік қолтығында жетілмеген жапырақ орнын көзше дейді, жер асты өркенге жанасқан жерін негізі, оған қарама - қарсы жағын төбесі деп атайды. Түйнекті тоз қаптайды. Түйнекті өсімдіктер – картоп топинамур, т.б.

Пиязшық

Пиязшық - шырынды, қысқарған жер асты өркен. Пиязшықтың тығыз жері - түбіртек (қысқарған сабақ). Одан шашақ тамыр шығады. Түбіртек қысқарған сабақ болғандықтан шашақ тамырларын қосалқы тамырларға жатқызады. Төбе, қолтық бұршіктерінен жер үсті өркендер дамиды. Сыртын кебу қабыршақты жапырақ қорғайды, ішкі шырынды жапырақтар қор жинайды. Пиязшықты өсімдіктер - жауқазын, пияз, сарымсақ, сүмбілшаш, лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, қазжуа, бәйшешек, т.б.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет