Үсенбекова А. Е кестелі биология



бет51/55
Дата26.03.2024
өлшемі219.56 Kb.
#496583
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
кестелі биология

Табиғатта таралуы

Құнарсыз, қолайсыз жерде, тас үсті, шөл-шөлейтте, тундра, орманда кездеседі.
Қажетті жағдай – оттегіге бай, таза ауа, жарық жер. Қараңғыда ыдырап кетеді. 80-100 жыл, кейбірі 600 жыл тіршілік етеді.

Түр саны

26 000 (Антарктидада 350 түрі, оңтүстік полюске жақын жерде 7 түрі бар)

Қыналарды зерттейді

Лихенология ғылымы зерттейді, оның негізін швед ғалымы А.Э.Ахариус қалады.

Қыналар денесін құрайды

Саңырауқұлақ және көк-жасыл балдырлар. Саңырауқұлақ жіпшелері төсемікке орнықтырып, су мен еріген минералды тұздарды сіңіреді, көк-жасыл балдыр фотосинтез түзеді.

Қына түрлері

1.Қабық(қаспақ) – ағаш діңі, тас бетінде өседі. Түсі – сары-қызыл, сұр, көгілдір, сары, қоңыр.
2.Жапырақ қына – орманда ағаш діңі және түбіріне жабысып өседі.
3.Бұта қына – қарағайлы орман төсемігінде кездеседі. Түсі ақшыл-жасыл, ақшыл.
Өкілдері – бұғы қына (талломы тақташа, біз бокал тәрізді),пельтигера, құрттәрізді қына,кладония, цетрария,т.б.

Көбеюі

Өсімді жолмен көбейеді. Қабықшасын жарып саңырауқұлақ жіпшелері мен балдырлар сыртқа шашылады.

Маңызы

1.Қышқыл бөліп тасты үгітіп, топырақтың түзілуіне әсер етеді.
2,Бұғы қынасы бұғылар азығы.
3.Спирт, бояу, қант, лакмус алынады.
4.Кейбір түрі тәтті тағам өнеркәсібінде пайдаланылады.
5.Ауа тазалығының индикаторы (ауада күкірт, т.б. ластағыш кездессе тіршілігін жояды).

Емдік қасиеті

Жерқынаны қайнатып дизентерия ауруына пайдаланады, тыныс жолы мен асқазан ауруына дәрі жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет