ЕНДЕШЕ СЕНУШІЛЕР НЕГЕ ДҮНИЕНІҢ КӨПШІЛІГІ ЕМЕС?
Ербол, бұл айтқандарың маған түсінікті. Бірақ мынаны айтшы: егер Құдайга сенудің дұрыстығын дәлелдейтін деректер сен айтқандай сондай көп болса және сенімнің өзі сондай жақсы нәрсе болса, онда неге сенушілердің саны сондай аз?
Мұны неге сұрадың?
Егер Киелі кітаптың тәлімі шынымен ақиқат болса, онда оған өте көп адам сенуі керек қой.
Оған сенетіндердің саны саған әсер ете ме сонда? Сенер-сенбесіңді соған қарап анықтар ма едің?
Бұл менің шешіміме қатты әсер етер еді.
Мұрат, алайда бұның дұрыс емес, олай болмауы керек!
Неге?
Себебі шындықты дауыс беру арқылы анықтауға болмайды. Біз шындықтың нағыз ақиқат екеніне соған сенетін адамдарды санап емес, дәлел келтіріп, қисынға жүгініп көз жеткіземіз. Бұрын бүкіл адамзат жерді шар тәріздес емес, жалпақ шеңбер екен деп ойлайтын еді. Ал жер бұдан жалпақ шеңбер болып кетті ме?
Әрине, жоқ.
Олай болса, бір нәрсеге сенетін не сенбейтін адамдардың саны соның ақиқат-жалғандығын анықтамайды.
Жарайды, солай-ақ болсын. Бірақ маған бәрібір қызық — Киелі кітаптыц тәлімін ұстанушылар дүниеде неге соншама аз?
Ербол, ендеше алдымен, санақ жүргізіп көрейік. Киелі кітапты ұстанушылар сен ойлайтындай аз болмай шығуы мүмкін.
Әрине, өздерін белгілі бір дін жолын ұстаиушылармыз дегендердің бәрі бірдей соны шын жүректен істемей ме, жоқ па, мұны нық айта алмаймыз. Дүние жүзі халқының шамамен үштен бірі, яки 32 пайызы, өздерін Исаның жолымен жүретіндерміз дейді. Одан кейінгі орынды мұсылмандық алады, оны дүние жүзі халқының 17 пайызы ұстанады. Одан кейінгі үшінші орынды үнді діні (индуизм) алады — 13 пайыз, буддашылық пен даошылық — 8, конфуцийшілік — 5, рухтарға сиыну (анимизм) —- 3, ал басқа діндер — 2 пайыз. Дүние жүзі халқының қалған 20 пайызы өздерін ешқандай дінге жатқызбайды. Осылайша біз Исаның жолын ұстанушы- лардың қауымдары дүниеде ең көп тараған сенім жолы екенін көріп отырмыз.
Бірақ дүниенің үштен екісі өздерін Исаның жолымен жүрушілерміз деп атамайды, атайтындарының да бәрі бірдей сондай емес. Шынымен Исаның ізбасары болу үшін адам жеке өзі Исаға Құтқарушы Ием деп сеніп, өзін Оған бағыштауы керек. Сонымен адамдар неліктен Исаиың жолына көбірек түскен жоқ деп сұрасақ, соның бірнеше себебі бар.
Мысалы, көп адамдар Исаның жолы туралы әлі де дұрыс естімеген. Сондықтан олардың бұл жолда еместігіне таңғалуға болмайды. Ал кейбір басқа адамдарға Исаның жолы тым қарапайым болып көрінеді. Құдаймен татуласу үшін адам Исаға Ием және Құтқарушым деп мойындаса жетіп жатыр дегенді олар қабылдамайды. Оның жолымен жүргісі келетін адам жас баладай кіші- пейіл болу қажет деп Иса үйретсе де, олар Құдайдың кешіріміне еңбек сіңіріп жеткілері келеді. Ал Киелі кітап адам құтқарылуға еңбек пен игі істер арқылы емес, Құдайдың рақымы арқылы ғана жетеді деп үйретеді. Өзінің ізгі істерін бетке басып мақтануды ұнататын кісілерге бұл мүлдем ұнамайды. Сондықтан да, Пауыл елші айтқандай, сенушілердің арасында, «табиғи тұрғыдан қарағанда араларыңда даналар, билік иелері, асыл туғандар көп емес еді» (Қорынт. 1-хат 1:26). Бұл сөз ақылды адамдар сенуші болмайды дегенді білдірмейді, қайта, өз ақылына мақтанатындар сенуші бола қоймайды дегенді білдіреді. Себебі олар осыншама қарапайым ілімді қабылдауды өздеріне лайық емес деп санайды.
Адамзат тарихындағы алдыңғы қатарлы ойшыл ғұламалардың арасынан да Исаға сенетіндер болып отырған. Бірақ олар көп оқығандарына сеніп, өр көкірек те тәкаппар болып кетуден бойларын аулақ ұстаған.
Бірқатар адамдар Киелі кітаптың тәлімін дұрыс түсінбегендіктен қабылдамайды. Басқаша айтсақ, олар шынымен бұл тәлімнен емес, өздері білетін тәлімнің жалған қалпынан бас тартады. Соның кесірінен олар Исаның шынайы тәліміне назар аудармай келеді. Олар оны: «Ананы істеме, мынаны істеме, анау болмайды, мынау болмайды!» деген тыйым салатын қатаң ережелердің жинағы, ал Исаға сенетін адам кейін тақуаға айналып, өмірдің бар қызығынан айырылып, зеріктіретін күй кешуге тиіс болады деп ойлайды. Бірақ бұндай түр Исаның шынайы жолынан мүлдем басқаша.
Исаны Құтқарушым деп мойындаған адам шын мәнінде азат болады. Иса Өзі азаттыққа жеткізген адамдарды «шынымен азат» болады деген (Жохан 8:36). Ол адамды құрсаулап алған жаман әдеттерінен азат етеді. Сондай адам ғана Құдайдың жоспарына сай өмір сүре бастайды. Құтқарушы Иса былай деген: «Мен адамдар шынайы өмірге ие болсын және өмірі рухани игілікке толы ағыл-тегіл мол болсын деп келдім» (Жохан 10:10).
Кейбір басқа адамдар өздерін тым кінәлы сезінетіндіктен сенуші болмайды. Жаман нәрсені көп істеген, Құдай енді мені кешірмейді деп ойлайтындар аз емес. Бұл өте өкінішті жайт, өйткені Киелі кітапта Құдайға шын жүректен мойынсұнып, Одан күнәларымды кешіре гөр деп сұраған әркім міндетті түрде кешіріледі деп ашық айтылған. Құдай кешіре алмайтыи күнә жоқ. Тек адамның сенбеушілігі ғана оның жұмаққа жетуіне кедергі болады. Ал Құдай тағайындаған Құтқарушы Исаға сенуден бас тартқан адамның болашақтан қандай үміті бола алады?
Өзге кейбіреулер ұстанып келген белгілі жаман әдеттерінің кесірінен Исаға сенуден бас тартады. Себебі олар Исаға сеніп мойынсұнатын болса, сол жағымсыз әдеттерінен қол үзуге мәжбүр болатынын түсінеді де, мойынсұнудан бас тартады. Иса бұндай адамдар туралы былай деген: «Ал соттың мәні мынадай: «Құдайдың Нұры» жерге келді, бірақ адамдар Одан гөрі түнекті жақсы көрді, себебі олардың істері жаман еді» (Жохан 3:19).
Ал менменшіл басқа адамдар өз күштеріне ғана сенеді. Сондайларға Исаның тәлімі өте қарапайым болып көрінеді. Адам тек теріс жолдан қайтып, Исаның құрбандық өлімінің арқасында Құдай күнәларымды кешіріп рухани тазартады дегенге сенім артуға тиіс. Бірақ іс жүзінде бұл оңай емес. Ол үшін біз Құдайдың алдында толығымен тізе бүгіп, күнәкарлығымыздың кесірінен Құдайды өз күшімізбен ешқашан риза ете алмайтынымызды мойындауымыз керек. Менменшіл адамға бұл мүлдем оңай емес. Көп адамдар Исаға сенуден дәл осы себептен бас тартады.
Тағы біреулер осы тәлім қисынсыз, сондықтан сене алмаймын дейді. Бірақ олардың күмәнданатын тұстарына жете жауап берсең де, олар бәрібір сенгілері келмейді. Олармен қайтадан сөйлессең, кейде сол баяғыда қойып, тиісті жауабын алған сұрақтарын қайтадан қоя бастайды. Демек, сондай адамның Исаның тәліміне сенбеуінің шын себебі — өзінің өркөкіректігінен бас тартып, бүкіл тағдырын Құтқарушы Исаға тапсырғысы келмеуі. Пауыл елші сондайларды «әділетсіз істері арқылы шындықты аяққа басады» деп сипаттаған (Рим. хат 1:18).
Тоқ етерін айтсақ, шындық пен өтіріктің арасын сенетін адамдардың санына қарап ажыратуға болмайды деп тұжырымдауымыз керек. Бұндағы басты сұрақ мынау: «Ал сен өзің не істейсің? Исаның тәлімінің шынайы екенін дәлелдейтін көптеген жайттардың басын ашып алған соң, сенің Исаға беретін жауабың қандай болады?»
Достарыңызбен бөлісу: |