КИЕЛІ КІТАПТЫҢ ШЫНАЙЫ ЕКЕНІН КАЙДАН БІЛЕСІҢ?
Ербол, осы айтқандарыңның қисынды екендігіне көзім жетіп отыр. Бірак, мені басқа бір нәрсе алаңдатады. Киелі кітаптың ақиқаттығына әбден көзің жеткендей, одан көп үзінді келтіресің. Өз басым соған сеніңкіремеймін.
Иса соған сенгендіктен, Киелі кітаптың шындықты айтатынына мен де сенемін. Исаның қателесуі мүмкін емес, себебі Ол — Құдайдың рухани Ұлы.
Ал Исаның Киелі кітаптың шындығына сенгендігіне қандай дәлел келтіре аласың?
Себебі Иса көп рет Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларынан үзінді келтіріп, әрдайым оның шынайылығына толықтай сенетін болган. Ол бұған ешқашан шек келтірмеген (Лұқа 11:51; Матай 24:37; Жохан 8:56; Лұқа 10:12; 17:28; Матай 8:11; Марқа 2:25 және Інжіл шарифтің тағы басқа көптеген жерлерінде).
Иса Өзінің қызметінің басында жұртқа мынадай түсіндірме берді: «Мені Таурат заңы мен Пайғамбарлар жазбаларының күшін жою үшін келді деп ойламаңдар: Мен оларды жою үшін емес, толық мағынасында жүзеге асыру үшін келдім. Сендерге шындығын айтайын: аспан мен жер жойылып кетпейінше Таурат заңының бірде-бір әрпі, тіпті бір кішкентай сызығы да күшінен айырылмайды, әуелі бәрі де жүзеге асады. Сондықтан кімде-кім ондағы өсиеттердің тіпті ең кішкентайын да бұзып, басқаларды мұнысына үйретсе, соиың Құдай Патшалығын- дағы адамдардың арасында жолы ең кішкентай болады. Ал өсиеттерді орындап, жұртты соған үйреткендердің Құдай Патшалығындағы жолы үлкен болады» (Матай 5:17-19).
Бірде Иса бірнеше яһуди дінбасыларымен пікір таластырып тұрғанда, Забурдан үзінді келтіріп, оны «Құдайдың сөзі» деп атап, «...Ал Киелі жазбалардың күшін жоюға болмайды ғой» деп қосты. Осы айтқандарымен Иса Өзінің Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларын Құдайдың сөзі деп терең қастерлейтінін білдірді (Жохан 10:35).
Ал Інжіл шариф те? О л Исаниц айқыштағы өлімінен кейін ғана жазылған емес пе?
Иә, солай, оның қалай болғанын қазір айтып берейін.
Иса Өзінің шәкірттеріне Үшбірліктің үшінші Тұлғасы — Құдайдың Киелі Рухының оларға келіп, ой-саналарын жетелейтінін уәде етті: «Ол Менің сендерге айтқан сөздерімнің бәрін естеріңе салып, рухани өмірлеріңе керектің бәрін үйретеді» (Жохан 14:26). Исаның осы айтқандарына сүйеніп, шәкірттері өздерінің Киелі Рухтың жетелеуімен жазғандарын ежелгі Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларымен бір деңгейде болғанын түсінді. Мысалы, Петір елші әріптесі Пауылдың жазған хаттарын сол қасиетті жазбалармен бір деңгейде деп қарастырады (Петір. 2-хаты 3:16). Ал Пауылдың өзі бірнеше рет өзінің таратып жүрген тәлімі мен жазбаларының Құдайдың сөздері (яғни Оның адамзатқа арнаған хабары) екендігін айтқан. (Мысалы, Салониқа. 1-хат 2:13; Қорынт. 1-хат 7:40.)
Пауыл Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларын «Құдай Рухының жетелеуімен жазылған» (Тімоте. 2-хат 3:16) деп сипаттайды. Ал Исаның өз шәкірттеріне берген жаңағы уәдесінен олардың жазбаларының сол ежелгілермен бір деңгейде болатынын түсіндіру қиын емес.
Міне, сен қайтадан қате жіберіп жатырсың. Киелі кітаптың Құдай сөзі екендігін дәлелдеу үшін Киелі кітаптың өзінен дәлел келтіріп отырсың. Бірақ Киелі кітап өзін Құдай сөзі деп айтқаны үшін ғана ол Құдай сөзі болып кетпейді ғой!
Иә, Мұрат, мұның дұрыс. Бірақ менің істеп отырғаным солай емес.
Әрине, соны істеп отырсың! Сен Киелі кітаптан үзінді келтірдің ғой!
Иә, бірақ мен одан үзінділерді Құдай сөзі ретінде емес, жалпы сенуге тұрарлық құжат ретінде келтіріп отырмын.
Сонда екеуінің арасында айырмашылық бар ма?
Әрине, бар. Сен мені «Киелі кітап Құдайдың сөзі, өйткені Киелі кітапта солай жазылған» дейді деп кінәлайсың. Сондай қатені «дәлелдеудегі шеңбер» дейді. Ал мен басқаша — «шеңбер» емес, «түзу сызық» дәлелін келтіріп отырмын.
Інжіл шарифті тек тарихи тұрғыдан ғана дұрыс дейік. Онда Исаның шынымен өлімнен қайта тірілгеніне бұлтартпас нақты дәлелдер келтірілген, соған екеуіміз көз жеткіздік қой. Егер Иса шынымен өлімнен қайта тірілсе, демек Ол Өзін кіммін десе, сол болғаны. Ол Өзін Құдайдан келдім, әрі Құдайдың рухани Ұлымын деген болатын. Өлімнен қайта тірілгені Оның бұл сөзіне дәлел. Демек, Оның айтқанының бәрі де рас, өйткені Құдай бәрін біледі және өтірік айтпайды. Інжіл шарифте Исаның Киелі кітап — Құдайдың сөзі әрі нағыз шындық деп үйреткені туралы сенімді тарихи мағлұмат берілген. Егер Иса шынымен Құдайдың рухани Ұлы болса, онда Оның Киелі кітап туралы айтқандарының да рас болғаны. Сондықтан Исаның айтқанына сай Киелі кітап шынымен Құдайдың сөзі.
Исаның Құдайдың жіберген рухани Ұлы екендігіне сенуіме қандай берік негіздерім болса, Киелі кітаптың Құдай сөзі екеніне де сенетін негіздерім сондай. Ал Исаның Құдай жіберген рухани Ұлы екендігіне сенуіме Оның өлімнен қайта тірілгені мызғымас негіз болып тұр. Оның дәлелдерінің айқын екенін бұрынырақ көрген едік. Сондықтан сенде Киелі кітаптың Құдай сөзі екеніне сенуге мендегідей негіз бар.
Маған түсінікті сияқты, бірақ бәрібір сеніңкіремей тұрмын.
Осы ойды төрт қадамдық дәлелдеме және қорытындыдан тұратын етіп былай бөлуге болады:
-
Інжіл шариф сенуге тұрарлық болған оқиғаларды баяндаған тарихи құжат.
-
Осы сенімді құжаттың негізінде біз Иса Мәсіхтің Өзі айтқандай, Құдайдың рухани Ұлы әрі Құдаймен біртұтас екендігіне сене аламыз.
-
Құдайдың рухани Ұлы болғандықтан, Исаның айтқандарының бәрі нагыз шындық, Ол шындыққа қарсы нәрсеге Өзі де сенбейді, басқаларға да сондайды үйретпейді.
-
Иса Киелі кітапты тек сенімді тарихи құжат қана емес, Құдайдың сөзі, яғни тұтастай сенімді құжат деп үйретеді.
Қорытынды: Иса Мәсіхтің бұлжымас билігінің негізінде сенушілердің Киелі кітаптың толығымен шыншыл әрі оның Құдайдың сөзі екендігіне сенуге қисынды себептері бар.
Мақұл, осы дәлел адамды сендіретін сияқты. Бірақ мен Киелі кітаптың Құдайдың сөзі екеніне әлі де түгелдей сене алмай тұрмын.
Мұрат, бұдан артық дәлел келтіре алмаспын, бірақ тағы бірнеше қосымша себептерді айтуға болады.
Біріншіден, Киелі кітап — ерекше кітап. Басқа кітаптардың ешқайсысы оған ұқсамайды. Оны бір жарым мың жыл бойы қырықтан аса адам үш тілде, үш құрлықта, яки Азия, Африка, Еуропада жазған. Оны жазғандар мамандықтары мен атқарған жұмыстары бойынша алуан түрлі адамдар еді. Ал олардың бәрін таңдап, тағайындап алған — Құдай Тағаланың Өзі. Олардың арасында патшалар мен шопандар, жоғары лауазымды қызметкерлер мен жай диқандар, уәзірлер мен балықшылар, қолбасшылар мен діни қызметкерлер болды. Киелі кітап бізге дүниенің әуелде қалай басталғаны мен ақыр заманда қалай аяқталатыны туралы мәлімет береді. Ол өзін Құдай сөзімін дейді. Оның жаулары сансыз рет көзін құртуға тырысса да, бұл қолдарынан келмеді.
Киелі кітаптың Құдай сөзі екендігіне оның таңғажайып біртұтастығы да көзімізді жеткізеді. Онда жүздеген қиын мәселелер көтерілсе де, ондағы жазбалардың мазмұны бір-біріне сай келеді. Бір адам жазған үлкен кітаптың қарама-қайшылықсыз болуы ілуде бір кездесетін жайт. Он пікірлес дос бірге жазған кітаптың қарама-қайшылықсыз болуы одан да сирек. Замандас болмаған он адам жазған кітаптың мазмұнының бір-бірімен сәйкес келуі таңғажайып керемет болар еді. Бірақ Киелі кітапты түрлі мәдени орталарда тәрбие көрген қырық шақты адам бір жарым мың жыл ішінде жазған. Ендеше Киелі кітаптың мазмұнының керемет біртұтастығын қалай түсіндіруге болады?
Алайда оның біртұтастығы мұнымен де бітпейді. Киелі кітапта басынан аяғына дейін Құдайдың адамзатты құтқару жоспарын қалай жүзеге асырғаны туралы айтылады. Бұл құтқарылу — Иса Мәсіх арқылы болды, ал Ол — бүкіл Киелі кітаптың өзегі. Исаның Өзі де осыны айтқан: «Рас, сендер киелі жазбаларды зерттеп, солар арқылы мәңгілік өмірге ие боламыз деп ойлайсыңдар. Ал олар Мен туралы куәлік етеді! Егерде шынымен Мұсаға сенсеңдер, онда Маған да сенер едіңдер, өйткені ол Мен туралы жазып кеткен. Алайда Мұсаның жазбаларына шындап сенбейсіңдер, ендеше Менің сөздеріме қалай сене аласыңдар?» (Жохан 5:39, 46-47)
Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбалары бізді Исаның келуіне дайындаса, Інжіл шарифтегі «Ізгі хабар» жазбалары Оның өмірі, құрбандық өлімі және қайта тірілуі туралы баяндайды. Елшілердің істері көкке қайтып кеткен Исаның адамзатты құтқаруы жайлы Ізгі хабардың тарай бастағаны туралы мәлімет береді. Құдайдың елшілері Петір, Жақып, Жохан, Пауылдың жазған хаттары Ізгі хабардың мәнісін түсіндіріп, Исаның үйреткен тәлімін айқындайды. Аян кітабы дүниенің ақыр заманға дейінгі тарихын қысқаша сипаттап, Исаның жамандық атаулыны соңында біржола жеңіп шығатынын суреттейді. Сонымен бүкіл Киелі кітаптың басты тақырыбы — Құтқарушы Иса.
Осындай біртұтастығы бар үлкен кітапты жазу адам баласының қолынан келмейді деп ойлаймын. Оны жазған пенде емес, Құдай деу ғана ақылға сыяды.
Мен тағы бір айғақты қысқаша айтып өткім келеді. (Одан да көп қосымша айғақ келтіруге болар еді, бірақ біздің оған уақытымыз шектеулі әрі кейбір айғақтарды ұғындыру үшін түрлі ғылыми кітаптан деректер келтіру қажет.) Қазір назарыңды аударғым келген айғақ — Киелі кітаптың адамдардың өмірін өзгерте алатын зор қуаты. Бүкіл тарих бойынша Құтқарушы Исаға толық сенім артып, Киелі кітапта айтылғанды шындық деп мойындап, оны жиі-жиі оқып, оқығанын көңілге түйетін адамдардың өмірі ерекше өзгерістерге ұшырап отырған. Бұл Киелі кітаптың Құдайдан екенін көрсететін тағы бір күшті айғақ екені күмәнсыз.
Ербол, сен Киелі кітапты мазмұны бір-бірімен сәйкес келеді деп әспеттейсің. Бірақ менің естуімше, Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбалары Құдай Тағаланы кек сақтағыш, әділетшіл, қатаң етіп көрсетсе, Інжіл тариф Оны мейірімді, сүйіспеншілігі мол, кешірімді етіп бейнелейді.
Достым, Інжіл шариф Құдайды қандай кешірімді, рақымды етіп бейнелесе, Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларында да Ол дәл солай кешірімді, рақымды етіп бейнеленген. Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбалары Құдайды қандай әділетшіл, Өзіне мойынсұнбайтындарға тиісті жазаларын тартқызушы етіп көрсетсе, Інжіл шарифте де Ол дәл солай көрсетілген. Ал Киелі кітаптың барлық бөлімдерінен Құдай Тағаланың шексіз әділ, ізгі және рақымға толы екенін көруге болады.
Таураттан біз Құдайдың амор халқының ауыр күнәларына жүздеген жылдар бойы шыдап, оларға тиісті жазаны жібермей келгенін көреміз (Жаратылыс. баст. 15:16). «Мені күнәкардың өлгеніне риза дейсіңдер ме? Керісінше, оның теріс жолынан қайтып, дұрыс өмір сүргеніне ризамын емес пе?» (Езекиел 18:23) деген сөздер Құдайдың тіпті бағынбас, қыңыр адамға да ізгі ниетпен қарайтынын білдіреді. Өзі адамзатқа хабаршысы болуға таңдап алған халқы — Исраил қыңырлық көрсеткенде, Құдай оларға Езекиел пайғамбар арқылы тағы мына хабарын жеткізді: «Жасап келген барлық әділетсіз істеріңе өкініп, олардан бас тартыңдар. Сонда күнәларың сендерді өмір жолдарыңда сүріндірмейтін болады. Ұстанып келген жаман істеріңнің бәрін тастап, жаңа жүрек пен жаңа рухты қабылдаңдар. Әйтпесе, сендерге өліп не бар, уа, Исраил әулеті? Өйткені Мен күнәкардың өліміне риза емеспін, керісінше, теріс жолдан қайтып, дұрыс өмір сүріндер! —дейді Құдай Ие» (Езекиел 18:30-32).
Дәуіт пайғамбар да Құдайдың сүйіспеншілікке толы рақымы туралы білді. Ол: «Мен сиынған едім Тәңір Иеге, Ол құлақ салып маған жауап берді де қорқынышымнан күллі арылтты мені» (Забур жыр. 33:4) деп басынан өткізгенімен бөлісті. Басқа бір жерде пайғамбар былай деді:
«Тәңір Ие болсын шын сүйенішің
Береді Ол ақ тілегін жүрегіңнің.
Тәңір Иеге тапсыр өмір жолыңды
Соған арт өз сеніміңді
Сон да Ол істейтін болады мынаны:
Атқан таңдай жайнатады Ол әділдігіңді
Әрі ісіңнің ақтығын күндей тал түскі».
(Забур жыр. 36:4-5)
Дәуіт пайғамбардың Құдай туралы көзқарасын мына сөздермен тұжырымдауға болады:
«Тәңір Ие әділдік пен адалдықты сүйеді,
Бар дүние Оның мейіріміне кенеледі».
(Забур жыр. 32:5)
Ал енді, Інжіл шарифтің Құдай Тағала туралы берген мәліметін шолып өтейік. Ол, әрине, Құдайдың сүйіспеншілікке толы рақымы жайлы айтады. «Өйткені Құдай адамзатты сондай қатты сүйгендіктен, Өзінің жалғыз рухани Ұлын құрбандыққа берді. Енді Оған сенуші әркім жаны тозаққа түспей, мәңгілік өмірге ие болады» деген керемет хабар туралы бұрынырақ айтқан едім (Жохан 3:16).
Ал Інжіл тариф дәл Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбалары сияқты, теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсуден бас тартатын күнәкарларға Құдайдың жасайтын соты туралы да айтады. Исаның Өзі кейбір адамдардың «мәңгілік азап шегуге» кететінін алдын ала білдірсе (Матай 25:46), Пауыл елші қуғын-сүргін көріп жатқан сенушілерге өздерін ренжіткен адамдардан кек алмай, оны Құдайга қалдыруды ескерткенде, онысын былай деп түсіндірді: «Киелі жазбада Жаратқан Иенің: «Кек алу — Менің ісім, есесін Мен қайтарамын» дегені жазылған ғой» (Рим. хат 12:19). Киелі кітаптың ең соңгы жазбасы «Аянның» аяқ жағында да Құдайға біржола қарсы көтерілгендердің тартатын қорқынышты жазасы туралы айтылған (Аян 20).
Осылайша, Киелі кітаптың негізгі бөлімдері Таурат, Забур, Пайғамбарлар жазбалары және Інжіл шариф Құдайды көрсеткенде де бір-біріне сәйкес келіп, Құдай сөзінің біртұтастығына дәлел болады.
Достарыңызбен бөлісу: |