ҚҰТҚАРУШЫ ИСА ТУРАЛЫ ЕСТІМЕГЕНДЕРМЕН НЕ БОЛАДЫ?
Ербол, егер мен болашақта Исаға сенуге шешім қабылдайтын болсам, Оның бір пәк қыздан туғанына да сене алатын шығармын. Алайда басқа бір сұрақ мені қатты толғандырады: Киелі кітаптың тәлімі туралы ешқашан естімегендер іие? Сол естімегендері үшін ғана Құдай олардан бас тарта ма?
Мұрат, мұны неге сұрадың?
Сұраған себебім, егер Киелі кітапта Құдай Иса туралы естімегендерді қабылдамай, сол үшін ғана тозаққа жібереді делінген болса, онда мен бұндай тәлімді сенуге тұрарлық деп ойламаймын.
Неліктен сенуге тұрарлық емес деп ойлайсың? Сеніңше, бұл пікірің Киелі кітаптағы тәлімнің шынайылығына көзімізді жеткізген нақты дәлелдерді жоққа шығара ала ма? Әлде сенің болжамың рас болған күнде сол дәлелдер өтірік болып шыға ма?
Жоқ, бұл қисынды болмас еді.
Онда неге сондай сұрақ қойдың?
Себебі адамды Иса туралы естімегені үшін ғана соттай салатын Құдайды қастерлей аламын деп ойламаймын.
Жақсы. Бұл мәселе Киелі кітаптағы ілімнің дұрыс-бұрыстығына емес, тек өзіңнің осы ілімнің шындығын мойындап, Құдай Тағаланы қастерлеп, сүюге дайын болуың мен болмауыңа байланысты. Соны үғыну маңызды.
Мына сұрағың бір өте жақсы жайтты аңғартады. Сені адамдардың тағдыры бейжай қалдырмайды екен. Бұл көзқарас сүйіспеншілік деп аталады. Құдай оны құптайды.
Оның Өзі де адамдарды сүйеді. Киелі кітапта бұл туралы: «Ол бізге төзімділік танытуда: ешкімнің де тозаққа түсуін емес, барлық адамдардың теріс жолдан қайтып, күнәларына өкініп, арылуын қалайды!» деп жазылған (Петір. 2-хаты 3:9). Озің көріп отыргандай, Жаратқан Ие де барлық адамдардың Өзіне қайта оралып, татуласқанын қалайды.
Саған шындықты бүкпей айтып жатырмын: Киелі кітапта бұл сұраққа анық жауап берілмеген. Ғасырлар бойы сенушілер осы сұраққа мынадай жауап беріп келді. Өз басым оны жақсы жауап деп ойлаймын, бірақ Киелі кітаптың сенің сұрағыңа беретін жауабы нақты осы десем, дұрыс болмас еді. Менің түсінігімше, мұнда адамның түпкі ниеті өте маңызды. Егер біреу шын жүректен Құдайдың еркін орындағысы келгенмен, Иса туралы естуге мүмкіндігі болмаса, Жаратқан Иенің Өзі бір шешімін табар деп ойлаймын. Тек бұның нақты қай жол арқылы болары маған анық емес.
Иса: «Соның (яғни Құдайдың) еркін орындағысы келген әркім осы ілім Құдайдан ба, әлде Мен өз бетіммен сөйлеп тұрмын ба, соны білетін болады» (Жохан 7:17) дегенде, осыған да меңзеген болуы керек. Басты мәселе біреудің шынымен Құдайдың еркін біліп, оған бағынғысы келу-келмеуінде.
Құдайдың қабылдайтын шешімдері әрқашан дұрыс, әділ де әділетті (Елшілер. істері 17:31). Ол ешкімді ешқашан себепсіз, бекерден-бекер жазаламайды. Сондықтан егер Иса туралы естімегені үшін біреуді жазалау әділетсіз болса, Құдай бұны істемес еді деп нық сенемін.
Киелі кітапта айтылғандай біз тіпті, Иса туралы естімей-ақ, Құдай туралы, өзіміз және күнә туралы біле аламыз. Себебі Құдайдың бар екені, Оның құдіреті мен әділдігі туралы адам өзін қоршаған табиғатқа қарап біле алады. (Рим. хат 1:19-20). Біз ұшы-қиыры жоқ әлемді еске алып, оны жаратқан Құдайдың Өзі шексіз құдіретті де әділетті екендігіне көз жеткіземіз.
Киелі кітапта Құдайдың әділдігі қоятын негізгі талаптарды әрбір адам өз ар-ұжданы арқылы біле алатыны туралы да айтылған (Рим. хат 2:14-15). Демек, күнә жасаған адамдардың бәрі соған кінәлы: бұның дұрыс емес екенін білмеп едім деп айта алмайды.
Киелі кітапта Исаның тек Оған сенетіндердің ғана емес, бүкіл дүниенің де күнәлары үшін өлгені туралы жазылған (Жохан 3:16; Жохан. 1-хаты 2:2). Исаның құрбандық өлімі сол туралы естіген адамдардың күнәларының жазасын өтегені сияқты, естімегендердің де күнәларының өтемі. Киелі кітап, сондай-ақ, мынаны да білдіреді: кімде-кім теріс жолдан мүлдем қайтып, Құдай жолына түсіп, Исаға сенсе, сол адам Исаның әділдігіне бөленеді. Иса туралы естімеген кісі өзінің күнәкар екенін мойындап, Құдайға сенетін болса, Құдай Иса туралы естіп, Оған сенгенге Исаның әділдігін сыйлағанындай, сол кісіге де Исаның әділдігін сыйлайды деп ойлаймын.
Егер біреу шын жүрегімен Құдайды біліп, Оның еркін орындағысы келсе, онда Құдай керемет жасап, оған Иса туралы естуге мүмкіндік бере алады деп те сенемін. Лұқа елші осындай ниетті Корнел деген кісі туралы баяндайды. Корнел ешқашан Иса туралы естімеген болатын. Бірақ ол Құдайға сиынып, Онымен татуласу үшін не керек болса, соны көрсетуді сұрап жүрген еді. Құдай оның мінажатына құлақ асып, Иса туралы Ізгі хабарды айтсын деп Петір елшіні жіберді. Елші оған осы хабарды жеткізгенде, Корнел Исаға Құтқарушым және Ием деп сенді (Елшілер. істері 10). Кім біледі, мүмкін, қазір саған да солай болып отырған шығар?! Мүмкін, Құдай сенің Өзінің еркіне сай өмір сүруге деген жүрекжарды қалауыңды білгендіктен, Иса туралы Ізгі хабарды естуге осы мүмкіндікті беріп отырған да шығар?
Әйтеуір, кімде-кім Құдайды шын жүректен білгісі келіп, Оны іздесе, Құдай сол адамға осы мақсатына жетуіне қажетті білімнің бәрін береді деген пайымдау Киелі кітаптағы тәлімге сәйкес деп сенемін. Өз басым Құдай адам баласын бір жайттарды білмегені үшін ғана тозаққа жібереді деп ойламаймын.
ТОЗАҚ ШЫНЫМЕН БАР ДЕП СЕНЕСІҢ БЕ?
Ербол, сен жаңа ғана тозақ туралы айтып қалдың. Сен шынымен соған сенесің бе?
Мұрат, ал сен тозақты не деп ойлайсың?
Түсінгенімше, тозақ — ешқашан бітпейтін жазаның орны. Шынымды айтсам, сенің бұған неге сенетініңді түсінбеймін.
Сенетін себебім, Иса оны бар деп айтқан (Матай 5:22, 29-30; 10:28; 11:23; 16:18; 18:9; 23:15,33; Лұқа 10:15; 12:5; 16:23). Иса Өзінің жер бетіндегі қызметінің соңғы кезеңіңде шәкірттеріне Құдайдың барлық адамдарды соттайтын қиямет күнінің болатыны туралы тәлім берді. Сол күні Исаның жолына шын жүректен түскендер Құдаймен бірге өтетін мәңгілік және қуанышқа толы өмірге ие болады да, ал Оған мойынсұнудан бас тартқандар «мәңгілік азап шегуге кетеді» (Матай 25:46).
Құдайдың сүйіспеншілігі мол дейсің, онда қалайша, О л адамды тозаққа жібере алады? Бұлай етсе, Оны енді қалай «ізгі», «жақсы» дей аласың?
Құдайдың ізгі, сүйіспеншілігі мол екендігін түсінгенің жақсы. Құдай шынымен ізгі болса, Ол ешбір жамакдыққа төзе алмайды. Сондықтан Иса арқылы ақталып, ізгі болғандар ғана Онымен мәңгі-бақи тығыз байланыста бола алады. Ал Исаның ұсынған әділдігін қабылдағылары келмегендер Құдайдан мәңгі-бақи ажырауды өздері қалап алып отыр. Сондықтан олардың тозаққа түсуі Құдайдың емес, өздерінің жасаған таңдауы. Сонымен тозақ — таңдау еркіндігінің салдарларының бірі. Құдайдан түбегейлі ажырап, тозаққа түскен адам сөзбен айтып жеткізуге болмайтын азапқа душар болады, себебі шынында адам мәңгі-бақи Құдаймен тығыз байланыста болу үшін жаратылған.
Олай болса, Құдай қалайша оларға осындай таңдау еркін бере алады?
Бұрынырақ мен Клайв С. Льюис деген ойшыл жазушының айтқан бір пікірін келтірген едім. Оның өзі көптеген жылдар бойы Құдайға сенбеуші, атеист, кейін агностик болып, ең соңында Исаға сенімін артқан адам. Льюис те тозақ ұғымы туралы коп ойланып, дағдарған. Ол бір еңбегінде былай деп жазған:
«Адамдардың барлығы құтқарылады» деген тұжырым шындыққа сай деп айта алуым үшін мен бар иелігімді қияр едім. Бірақ ақыл-санам маған: «Олар қалай құтқарыла алады: өз еріктерімен бе, әлде еріктеріпен тыс па?» деген сауал қояды. Егер «өз еріктерінен тыс» десем, онда «Адамның өзін біреуге бағыштауы қалайша оның өз еркінен тыс болады?» деген жаңа сұрақ туындайды. Ал егер «өз еріктерімен» деп жауап берсем, оида санамда «Егер олар құтқарылғылары келмесе ше?» деген сауал пайда болады.
Сонымен біз адамның таңдау бостандығын мойындайтын болсақ, тозақтың да бар екенін жоққа шығара алмаймыз.
Мейлі, бұнымен де келісуге болар. Бірақ мұңың бәрі маған тіптен ұнамайды.
Маған да. Алайда маған ұнамайтын нәрселер көп қой.
Ербол, мен бұны енді түсіне бастаған сияқтымын. Бірақ маған мына бір ой маза бермейді. Иса сондай ұлы болған болса, онда неге Ол бүкіл дүниені билейтін патшалығын орнатпай, керісінше, Өзі айқышта өлді? Және Иса Құдай болған болса, неге Өзін өлтіруге жол берді? Өзін айқышқа бұйырған адамдарды неге тоқтатпады?
Мұрат, егер Иса қаласа, айқыштан Өзін құтқара алар еді. Бұл күмәнсыз (Жохан 18:4-6; 19:11; Матай 26:53). Бірақ Ол олай еткісі келген жоқ. Керісінше, Өзінің айқышқа шегеленіп, дүниенің күнәларын Өзіне жүктеуге тиіс екендігін Иса қызметінің ең басынан бастап айтқан болатын. Себебі Исаға бүкіл жер бетінің патшалық билігіне қол жеткізу мақсат емес еді. Оның мақсаты — адамдарды Құдаймен татуластыру болды. Бұл жаугершілікпен емес, құрбандық арқылы жүзеге асатын іс еді.
Достарыңызбен бөлісу: |