Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет192/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   422
жиб Баласағұн (1017-1083 жж.) Баласағұн қаласында дүниеге келген. 
Ол қала сол кездегi Қараханид мемлекетiнiң сауда, қолөнер, мәдениетi 
дамыған басты қалаларының бiрi болған.
Негiзгi еңбегi «Құтадғу бiлiг» (Құтты бiлiк) – түрiк тiлiнде 
жазылған алғашқы мәдени-эстетикалық, философиялық дастан. Ол – 
қазiргi түркiтiлдес халықтардың Орта ғасырлардағы тарихы, қоғамдық 
саяси өмiрi, ғылымы мен әдебиетi, әдет-ғұрпы, жалпы алғанда, 
мәдениетi туралы қыруар мол деректер бар туынды.
Ж.Баласағұнның ойынша, дүние жер, су, от, ауадан тұрады. Адам, 
басқа тiршiлiктерге қарағанда, – ерекше жаратылған пенде. Оның 
жан-дүниесiнен өнер, бiлiм, ақыл-ой, көңiл, ұятты табуға болады. 
Соңынан ұлы Абай да осы рухани құндылықтарға үлкен мән берген 
болатын. Әсiресе таным, бiлiм мәселелерiн ойшыл жоғары орынға 
қояды: 
«Бiлiм биiк, ақыл ұлық,
Бiлiмсiздiк – ауру...» – деп қорытады ұлы ойшыл. 
Дастанның арқауы ретiнде төрт қағиданы көрсетуге болады. 
Бiрiншiсi – әдiлеттiлiк, өйткенi мемлекеттi дұрыс басқару үшiн қара 
қылды қақ жаратын әдiл заңдар болуы қажет. Баласағұнның айтуынша, 
кiсiге үш дүние пайдалы: ізгi iс немесе мiнезi түзулiк. Екiншiсi – ұят, 
үшiншiсi – әдiлдiк. Бұл үшеуi арқылы адам шын бақыт табады. Iсi iзгi 
болса, бүкiл халық сүйедi. Iсi әдiл болса, төрге шығады.
Екiншiсi – бақ-дәулет. «Барлық iзгi нәрсені байқап көр», – дейдi ұлы 
бабамыз.
Үшiншiсi – ақыл-парасат. 
«Бiлiк бердi – адам бүгiн жетiлдi,
Ақыл бердi – талай түйiн шешiлдi».
Төртiншiсi – қанағат-ынсап:
«Дүние сүйiктi болғаны үшiн бүкiл айыбы
Саған игiлiк болып көрiнедi, ей, елден асқан қымбаттым!


275
Кiмде-кiм дүниеге көңiл байласа,
Тiршiлiгi оған ауыр тауқымет әкеледi».
Ойшыл осы төрт құндылық – әдiлет, дәулет, қанағат, ақыл – бiр-
бiрiмен үндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетедi деп қорытады.
«Құтты бiлiктегi» «бiлiк» сөзiнiң екi мағынасы бар. Оның бiрi 
«бiлiм» болатын болса, екiншiсi – «билiк ету», «елдi басқару». Соңғы 
мағынада ойшыл: 
«Бек халықты тек бiлiкпен сендiрер,
Барлығын да ақылына жеңдiрер,
Дана келсе елдi ұзақ билегiн –
Заңды ұстап, бұрсын елге бүйрегiң», – дейдi.
Өзiнiң дүниеге деген көзқарасында Ж.Баласағұн рухты бiрiншi 
орынға қояды. Адам – ақыл-парасаты бар ерекше пенде, ақыл адаммен 
қоса жаратылады. Сондықтан дүниеде адам зерттеп бiлмейтiн нәрсе 
жоқ. Адамның ақыл-парасаты құдiреттi: 
«Ақыл – шырақ, қара түндi ашатын,
Бiлiм – жарық, нұрын саған шашатын.
Кiсi ұланы қара жерге қол салды,
Көтердi бәрiн, бiлiмiн ол қолданды».
Өзiнiң шығармасында Ж.Баласағұн имандылық, әдептiлiк, жалпы 
тәлiм-тәрбие жөнiнде де тамаша өсиеттер қалдырды. Оның ойынша, 
адамдардың қарым-қатынасында үш жаман нәрсе бар. Олар: жауыздық 
iстеп, мәмілеге келмей, қасарысып тұрып алу, яғни қазiргi тiлмен 
айтқанда, келiсiмге келмеу; екiншiсi – жалған сөзбен шұғылдану. 
Тiл, бiр жағынан, адамды бiлiкке жеткiзсе, екiншi жағынан, адамды 
өмiрден әкетуi мүмкiн; үшiншiсi – сараңдық: «Дүние жинайды, 
жемейдi, артында қалады», – деп қорытады ойшыл. Жалпы алғанда, 
ойшыл тақуалық өмiр салтын жақтайды. Оны бiз мына сөздерден 
байқауымызға болады:
«Баянсыз дүние қылығын ұқтырады:
Мiнез-құлқы қыз сияқты, 
Сүйiндiредi, бiрақ қолын бермейдi.
Сүюшiнi сүймейдi, киiк сияқты қашады,
Қашқанға жабысады, аяғын құшады...». 
Жоғарыдағы көрсетiлген ұлы бабамыздың ойлары бүгiнгi өзгерiстегi 
Қазақстан қоғамына өзiнiң өзектiлiгiмен пайдалы. Оны әрбiр азамат 
бiлуi қажет. 
Ортағасырдағы ұлы ғұламалардың бiрiне Махмуд Қашқаридi 
(ХI ғ.) жатқызуға болады. Негiзгi еңбегi – Диуани лұғат аттүрiк 
(Түркi сөздерiнiң жинағы). Бұл – қазiргi түркi халықтарының бәрiне 
ортақ мұра. Бұл еңбектен бiз сол кездегi түркi тайпаларының тiлдерi 
мен жалпы мәдениетiнiң деңгейiн ғана емес, сонымен қатар олардың 


276
қоғамдық-экономикалық, әлеуметтiк жағдайын, көне тарихы мен әдет-
ғұрыптары жайында сан алуан мәлiметтер аламыз. «Диуанида» 200-ден 
астам өлең, 300-ге тарта мақалдар, толып жатқан қанатты сөздер, 
29 тайпаның аты аталады, ондағы көптеген жырлардың өте ертеде 
өмiрге келгенiн аңғару қиын емес. Тiл ғалымдарының айтуына 
қарағанда, «Диуанидағы» 875 сөз бен 60-қа жуық мақал-мәтел қазақ 
тiлiнде қазiргi өмiрде сол қалпында қолданылады екен. Кейбiреулерiн 
келтiрейiк:
«Жанжал шықса, ағайын ақылдасар,
Жау келсе, ел тебiренер».
«Бақыт белгiсi – бiлiм мен ақыл», «Әдептiң басы – тiл».
«Күздiң келетiнi жаздан-ақ белгiлi», «Ұлық болсаң, кiшiк бол», 
«Батыр – майданда, ғалым әңгiмеде сыналар», «Кеңестi iс келiсе бередi, 
кеңессiз iс кері кетедi» т.с.с.
М.Қашқари түркi халықтарын бiрлiкке, өз халқын сүюге, халықтың 
бостандығы үшiн жан аямауға шақырады, батырларды мадақтайды. 
«Қаһарланып атылдым,
Арыстандай ақырдым.
Батырын жерге батырдым,
Ендi менi кiм ұстар.
Есiнен дұшпан ауысты,
Басар жолын тауысты.
Ажалменен қауышты,
Сөзге аузы келместен».
Қорыта келе, М.Қашқаридiң шығармалары көне түрiк тайпа-
ларының дүниесезiмi мен дүниетанымымен таныстыратын бiрден-бiр 
құнды құжат екенiн айтып кетудi жөн көрдiк.
ХII ғасырда өмiр сүрген ұлы ойшылдардың қатарына А.Иугнекидi 
(Әдiб-Ахмед Махмуд Жүйнеки) жатқызуға болады. Ол жөнiнде 
«...ақындардың ақыны, даналардың көш басы, гауһардан сөз теретiн, 
одан ешкiм озбады», – деген өлең сөздер қалған. Негiзгi еңбегi – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет