Серік Мырзалы философия оқу құралы


лықтар, «нағыз iшкi рухани тереңдiктi көргендер», – деп қорытады  С.Вивекананда. ХХ ғ. үндi халқының көрнектi саяси қайраткерi, ойшылы Сарве-



Pdf көрінісі
бет256/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   422
лықтар, «нағыз iшкi рухани тереңдiктi көргендер», – деп қорытады 
С.Вивекананда.
ХХ ғ. үндi халқының көрнектi саяси қайраткерi, ойшылы Сарве-
палли Радхакришнан болды. Оның айналысқан негiзгi мәселесi – Үндi 
және Еуропа мәдениеттерiнiң қарым-қатынасы. Оның ойынша, үндi 
халқының мыңдаған жылдар бойы жинаған рухани қазынасы мол. 
Бiрақ бай мұра ешқашанда бiздiң ой-өрiсiмiздi торға қамап тастамауы 
керек. Керiсiнше, ол Батыс мәдениетiмен диалогқа түсiп, оның құнды 
элементтерiн игеруi керек. «Еуропоцентризм» мен «Азиацентризм» 
деген ұғымдар бiржақтылықты көрсетедi, өйткенi дүние жүзiндегi 
бiрде-бiр дiн Абсолюттi айқын бiлдiре алған жоқ. Олай болса, бiрде-
бiр дiннiң басқалардың алдында артықшылығы жоқ.
Үндi елiнiң рухани мұрасын үш құрамдас бөлiкке – дiн, филосо-
фия және психотехникаға бөлiп, оның өзегiн С.Радхакришнан дiннен 
көредi. Оның негiзгi себебi – «абсолюттiк ешқашанда таным арқылы 
жеткiзбейдi, өйткенi бiз шектелген мен салыстырмалыны ғана тани ала-
мыз. Бiздiң шектелген ақыл-ойымыз кеңiстiк пен уақыт, себептiлiктiң 
шеңберiнен шыға алмайды... Ой өрiсi осы салыстырмалы дүниенiң бiр 
бөлiгi ретiнде абсолюттi тани алмайды. Бұл арада ғылым мен логи-
каны, метафизиканы да сәтсiздiк күтедi», – дейдi С.Радхакришнан. Тек 
қана осы дүниедегi болмысқа өз болмысыңмен, жан-тәнiңмен берiлiп 
қана абсолюттi сезiнуге болады. Олай болса, абсолюттiк болмысқа жету 
жолы дерексіз ой өрiсi арқылы емес, өз болмысыңмен соған берiлуде, ал 
философияның шыңына тек қана жан дүниесi таза адамдар ғана жете 
алады.
Адам мен адамзаттың рухани жетiлу мәселелерiмен айна-лысқан 
келесi үндi философы Шри Ауробиндо Гхош болды. Оның ойынша, 
Еуропа мен Үндiстан елдерiнде рухани дамуды тежейтiн көп нәрселер 
бар. Еуропалықтар сыртқы дүниедегi заттарға көп көңiл бөлiп, 
өздерiнiң рухани өмiрiн жоғалтып алса, индустар өмiрге деген күш-
қуаттарын басып тастаған тәрiздi. Шынына келгенде, рухани өмiр 
адамзаттың материалдық өмiрiн өзiне ұқсатып өзгертуi қажет. Бiрақ 
ол неге олай болмай отыр? Осы қиын сұраққа жауап беру үшiн Ауро-
биндо Үндiстан елiндегi мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ахуалға 
көз жүгiртiп, онда мынандай қайшылықты табады: руханияттың 
ерiктi дамуы соған берiлген жеке адамдар арқылы жүрдi де, негiзгi 
халықтың үлесiне енжарлық тидi. Сондықтан қоғамның материалдық 
өмiрi ауыр да ащы құлдыққа айналып, одан қашып құтылудан басқа еш 
амал қалмады. Жеке адамды жетiлдiру iсiмен әртүрлi иога мектептерi 
айналысты, ол үшiн қарапайым өмiрдегi белсендiлiктен құтылып, 


363
тiптi өмiрден бас тарту керек болды. Өз бiлiмiн тарататын ұстаздың 
шәкiрттерi аз болды. Мұндай тәжiрибе ғасырлар бойы созылып, ерекше 
халықтан бөлiнген руханияты таза әлеуметтiк топтың пайда болуына 
әкелiп соқты. Ал мұның өзi материалдық өмiрдiң дамуының түрткiсiн 
жойып, оны тоқыратты. Йогамен айналысатын адамның рухы биiк те 
таза болғанымен, ол қарапайым өмiрден бас тартуға мәжбүр болады, 
оның iшкi ерiктiгi сыртқы өлiммен теңеледi. «Егер ол Құдайды тапса, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет