Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет254/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   422
реформаларды қолдайды. Ол үшiн Батыс қоғамында пайда болған 
көп жетiстiктер кеңiнен таратылып, қолданылуы қажет. Ол әсiресе 
экономика саласында керек-ақ. Бiрақ, сонымен қатар ұлттық рухани 
құндылықтар жаңа өмiрге бейiмделiп сақталуы қажет. Олай болса, 
оларды бiр-бiрiмен ұштастыру керек. Сонымен қатар, олардың ойынша, 
дiни құндылықтарды жаңа өмiрге сай етiп өзгерту қажет. Құдайға арнап 
құрбандық шалудан бас тартып, оны тек сүйiспеншiлiктiң негiзiнде 
сыйлау қажеттiгiн көрсеткiлерi келедi. Қазiргi өмiрдiң ағымына бес рет 
намаз оқу салты да сай келмейдi. Араб тiлiн меңгермеген көп елдерде 
халық Құранның мазмұнын бiле бермейдi, сондықтан бұл құжат басқа 
тiлдерге аударылып, намаз халықтардың өз тiлiнде өтуi қажет т.с.с.
Шығыс елдерiндегi мыңдаған жылдар iшiндегi философия 
саласындағы қалыптасқан дәстүр – ол сенiм шеңберiндегi ойлау мен 
тебiрену. Сондықтан Шығыс философиясын дiннен бөлiп алып қарау 
тiптi мүмкiн емес.
Ендi Шығыс елдерiндегi дiни-рухани ахуалға келер болсақ, онда 
«Құдай ашылған» дiндермен қатар (христиандық, ислам) «Құдайды 
ашпаған» дiндер де бар (конфуциандық, даосизм, буддизм). Бiрiншi 
дiндерге келер болсақ, ондағы Құдай трансценденттi, абсолюттi, 
кеңiстiк пен уақыттың шеңберiнен ары жатқан мәңгiлiктi. Ол адамзатқа 
өзiнiң «сөзiмен» ашылады.
Екiншi дiннiң түрлерiне келер болсақ, ондағы Құдай – дүние-
нiң рухани алғышарты болғанымен, бiрақ Ол тұлға емес. Құдай – 
болмыстың ең биiк сатысы, табиғаттан бөлiнбеген, бiрақ Ол ұғымның 
тозағына түспейдi, Оны сөзбен жеткiзе алмаймыз. Мұндай жағдай 
Құдай жөнiндегi арнаулы iлiмдi (теологияны) талап етпейдi. Соны-
мен қатар табиғатқа табыну сезiмiн тудырып, оны қайта өзгертуге 
бағытталған iс-әрекеттердi терiске шығарады. Егер христиандық дiн 
Құдай өзi жаратқан жетiлмеген табиғатты тарту ретiнде адамға берiп, 
оны танып-бiлiп, қайта өзгерту, өз мүддесiне жарату, оған өз билiгiн 


359
жүргiзу құқын берген болса, «Құдай ашылмаған» дiндерде табиғатқа 
адам өз билiгiн жүргiзе алмайды, оған табыну қайсыбiр үстемдiктi 
терiске шығарады, адам табиғатқа тиiспей, тек қана өз-өзiн ғана 
өзгертiп, өне бойы жетiлу үстiнде болуы керек. 
ХХ ғ. аяғына қарай дүниедегi ең жас дiн – исламның рухани 
ықпалында өмiр сүрiп жатқан елдерде дiни сананың күрт өсуi 
байқалады. Оның негiзгi себебi осы дiннiң ерекшелiгiнде жатса керек. 
Ислам – тек қана адамның жан дүниесiн баурайтын дiн ғана емес, соны-
мен қатар ол қоғам болмысының әлеуметтiк, саяси, құқықтық сала-
ларын да бақылауға алып отырады. Мысалы, Аятолла Хомейни (Иран 
революциясының көсемi) өзiнiң «Исламдық басқару» деген еңбегiнде 
«Исламдық құқықтық мемлекеттiң» қазiргi Еуропа елдерiндегi құқық-
тық мемлекеттерден артықшылығын Құран арқылы көрсеткiсi келедi. 
Оның ойынша, Еуропа елдерiнде заңдарды шығаратын арнаулы 
мекемелер, заңгерлер, депутаттар т.с.с. бар. «Олардың қол астынан 
шығатын заңдар әрқашанда жетiлмеген, кемелiне келмеген, өйткенi 
әртүрлi әлеуметтiк топтар өздерiнiң мүдделерiн қорғау жолында 
заң қабылдайтын мекемелерге өздерiнiң ықпалын тигiзiп, заңның 
бұрмалануына әкеледi. Сондықтан ол елдегi заңдар оқтын-оқтын 
қайта қаралып, өзгертiлiп отырады. Ал ислам елдерiне келер болсақ
онда қоғамдық қатынастар шариғаттың негiзiнде ретке келтiрiледi. 
Шариғаттың заңдарын адам жасаған емес. Олар Мұхаммед пайғамбарға 
Алланың берген аяты, сондықтан ол кемелiне келген, жетiлген, барлық 
адамдар сыйлайтын, бұлжытпай орындайтын нормалары», – деп 
қорытады А.Хомейни.
Мiне, осындай ғасырлар бойы шариғаттың негiзiнде қалыптасқан 
ислам елдерiндегi қоғамдық сана жаңарту барысындағы біршама 
өзгерiстердi қабылдай алмайды, өйткенi олар шариғаттың көп нормала-
рына қайшы келедi. Олай болса, «дiни фундаментализмнiң» терең түп-
тамырын бiз осы тұрғыдан түсiнуiмiз қажет.
Ал ендi ХХ ғ. ислам ойшылдарына келер болсақ, олардың қозғаған 
негiзгi мәселелерi – ол ислам цивилизациясының ерекшелiктерi мен 
ислам дiнiндегi адам жөнiндегi қағидалар.
Мысалы, Иран философы Сеид Хусейн Наср ислам цивилизация-
сының нышаны ретiнде өзеннiң ағысы емес, Кағбадағы алты қырлы 
тасты көрсетедi. Яғни ислам қоғамы өне бойы өзгерiсте емес, ол тұрақты 
да бiрқалыпты. Алайда Батыста тараған «исламның тұрақтылығы iрiп-
шiрумен тең» деген пiкiрге ол үзiлдi-кесiлдi қарсы шығады. 
Екiншi ерекшелiк – Құдай, ғарыш және адамның бiрлiгi мен 
өзара байланысын мойындау болып табылады. Оның үлгiсi ретiнде 
табиғаттағы заттардың бiрлiгi мен өзара байланысын алуға болады.


360
Үшiншi ерекшелiк – исламның тазалығы, Мұхаммед пайғамбардың 
аяндарының қатаң сақталуы.
Соңғы өте маңызды ерекшелiк – исламның «Алладан басқа Құдай 
жоқ, Мұхаммед – Оның пайғамбары» деген өзектi қағидасы.
Исламның негiзгi қағидаларына тоқтала келе, С.Х.Наср: «Құран 
дегенiмiз – сөзбен, нышандармен берiлген табиғаттың сыры», – деген 
пiкiрге келедi.
Адам мәселесiн талдай келе, өзiнiң «Бiлiм және киелiлiк» деген 
еңбегiнде С.Х.Наср «архирейлiк» және «прометейлiк» адамдарды бiр-
бiрiмен салыстырады. Архирейлiк адам – жер мен аспан арасындағы 
көпiр, ол Құдай алдында жердегi iстерiне жауап беруге тиiстi. Ол 
кеңiстiк пен уақыттың шеңберiнде шектелгенмен, негiзiнен алғанда, 
құдіретті рухани күш.
Ал прометейлiк адамға келер болсақ, ол – жердегi дүниенiң туын-
дысы, оның негiзгi қамы – Құдайды ұмыт қылу. Киелiлiк сезiмдi 
жоғалтып, ол өз табиғатының ындынының құлына айналады. Ол – өз 
қажеттiліктерiн өтеймiн деп табиғатты ойрандатады, ең жоғарғы қазiргi 
технологиялар оның тәкаппарлығын одан сайын өсiредi. Прометейлiк 
адам тарихи Қайта өрлеу заманында дүниеге келедi. Оқтын-оқтын ол 
өз өмiрiне қанағаттанбай, киелiлiктi аңсайды, бiрақ оның бұрмаланған 
табиғаты оған оны жеткiзе алмайды. «Сондықтан Батыс елдерiндегi 
iшiмдiктiң, нашақорлықтың т.с.с. терiс нәрселердiң түп-тамыры осы 
киелiлiктi жоғалтудан пайда болды», – деген пiкiрге келеді С.Х.Наср. 
Ф.Ницшенiң «Құдай өлдi» дегенi прометейлiк адамның рухани өлiмiн 
көрсетедi.
Екiншi Иран философы Али Шари-ати: «Ислам бiрiншi болып 
халықтың тарихтағы, қоғам өмiрiндегi шешушi рөлiн көрсеттi», – деген 
пiкiрге келедi. 
Ал ендi оның адам мәселесiне деген көзқарасын алып қарасақ, 
бiрiншiден, адам табиғат пен табиғаттан жоғары пенделерге қарағанда 
бiрiншi орын алады, өйткенi: 
– оның өзiндiк санасы мен iзгiлiгi бар; 
– екiншiден, оның өзiндiк дербес ырқы, еркi мен таңдауы бар; 
– үшiншiден, ол саналы пенде, ол – оның ең құнды қасиетi; 
– төртiншiден, ол – жасампаз пенде; 
– бесiншiден, адам мұратқа табынады; 
– алтыншыдан, адам – моральдық ар-ұжданы бар пенде. Бiрақ тек 
қана өзiнiң Құдайға деген махаббатының арқасында ол өзiнiң биiк 
дәрежесi мен жетiлуiне мүмкiндiк алады, яғни адам мұратқа сай 
дәрежеге көтерiледi.
А.Шари-Атидiң ойынша, мінсіз адамның үш жағы бар. Олар: ақиқат, 
iзгiлiк, әсемдiк, басқаша сөзбен айтқанда – дүниетану, этика, өнер. 


361
«Құдайдың ырқының негiзiнде адам табиғат жұмағынан, өзiн оятатын 
шөлге түстi», – деп қорытады ойшыл.
Ал ендi мәселенi нақтылай түсiп, ХХ ғ. Шығыс елдерiнiң ұлы 
ойшылдарына келер болсақ, онда үндiлік дiни философ Свами Виве-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет