Серік Мырзалы философия оқу құралы


«технологиялық детерминизм»



Pdf көрінісі
бет326/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   422
«технологиялық детерминизм» деп атайды.
Осы тұрғыдан оның алғашқы сатысын аграрлық цивилизация деп 
атайды. Ол алғашқы қауымдық қоғамнан кейін дүниеге келеді. Оның 
өмір сүруі тарихта бірнеше мың жылдарға созылды. Оның негізгі 
сипаттамаларына келер болсақ, халық ауылдарда шоғырланған және 
материалдық игіліктердің бары дерлік сонда өндіріледі. Қалалар әлі 
кішігірім ғана, онда тек мемлекеттік шен иелерімен қатар ақсүйектер 
ғана тұрады. Енді еңбекті ұйымдастыру принципіне келер болсақ, 
ол мәжбүрлік, зорлық-зомбылыққа негізделген: толығынан иесіне 
тәуелді құл мен жартылай тәуелді шаруа, әрине, жақсы өнімді жұмыс 
істеуге мүдделі емес. Сондықтан мемлекеттің күш қолдану мекемелері 
көлемді болып келеді, өйткені оқтын-оқтын езілген таптар көтеріліске 
шығады. Бірақ қоғамды өне бойы қолдың күшімен ұстап тұруға бол-
майды. Сондықтан бұл қоғамның рухани тірегі ретінде бүгінгі таңдағы 
дүниежүзілік діндер пайда болады. Қайсыбір діннің негізгі атқаратын 
қызметі – езіліп, зардап шеккен адамның жан дүниесіне рухани әсерін 
тигізіп, тыныштандыру, қарымына о дүниедегі жұмақты ұсыну болмақ.
Мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген бұл қоғам Жаңа дәуірде 
индустриалдық цивилизацияға ауысады. Бұл қоғамның дүниеге 
келуі, негізінен, машиналық өндірістің пайда болуымен байланысты. 
Олай болса, материалдық игіліктердің пілдей бөлігі қалада өндіріле 
бастайды, ауыл тек шикізат өндіретін дәнекерге айналады. Негізгі 
халық урбанизация үдерісіне түсіп, қала тұрғындарына айналады. Ора-
сан зор мыңдаған жұмысшылар бір жерде шоғырланған зауыттар мен 
фабрикалар пайда болады. Адамдардың бір-біріне тәуелділігі жойылып, 
заңды түрде олардың құқықтары теңеледі. Соның нәтижесінде зорлық-
зомбылыққа негізделген еңбек жойылып, оның орнына экономикалық 
мүдделілік келеді. Бір жағынан, капитал иелері, екінші жағынан, жұмыс 


494
істеу қабілеті, күшінен басқа ештеңесі жоқ адамдар бір-біріне қосылып, 
еңбек үдерісін құрайды. Индустриалдық қоғам өндіргіш күштерді 
бірнеше ғасыр шеңберінде бұрың-соңды болмаған дәрежеге көтереді. 
Өне бойы жаңарып жатқан машиналар мен өндіріс жабдықтарын 
игеру үшін халықты ағарту, білім беру қажет болды. Жалпы алғанда, 
халықтың тұрмыс және мәдени деңгейі анағұрлым биік дәрежеге 
көтеріледі. Дегенмен екі қарама-қарсы мүдделері бар капиталистер мен 
жұмысшы таптар арасындағы қайшылықтар өршіп, әртүрлі таптық 
күрес формаларын тудырады. Ақырында, 350 жыл шамасына созылған 
тез қарқынды индустриалдық даму екі үлкен дағдарысқа келіп тіреледі: 
олар бір-бірімен тығыз байланысты энергетикалық және экологиялық 
қиындықтар болатын.
Аталған дағдарыстардан шығу жолында жаңа компьютерлік техноло-
гиялар дүниеге келіп, энергияны аз пайдаланатын, демек, экологиялық 
жағынан да ұтымды өндіріс ошақтары пайда болады. 
Сонымен, ХХ ғ. 60 жж. біршама индустриалдық жағынан дамыған 
қоғамдар постиндустриалдық (post – кейінгі) сатыға көтеріледі. Оны 
кейбір кезде ақпараттық қоғам дейді. Бүгінгі таңда постиндустриал-
дық сатыға жеткен елдерде 1 млрд. жуық адам өмір сүреді (әдебиетте 
оларды «алтын миллиард» деп атап кеткен). Бұл елдерге Батыс Еуропа 
елдерін, АҚШ, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия, Жапония, 
Малайзия, Сингапур т.с.с. жатқызуға болады. 
Бұл сатыға жеткен қоғамдар қандай сапалық ерекшеліктерге жетті?
Постиндустриалдық мемлекеттердің негізгі институтына универси-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет